24092014

Page 1

24 саєат №186 (28409) 24 ҚЫРКҮЙЕК СƏРСЕНБІ 2014 ЖЫЛ

● Мемлекет мерейі

Табыстыѕ ќиын маршруты Ќазаќстанныѕ «ќўрлыќтыќ тўзаќтан» ќалай шыќќаны жайында Таяудағы екі бірдей Жезқазған – Бейнеу жəне Арқалық – Шұбаркөл темір жолының іске қосылуы, сондай-ақ, алдағы Қазақ стан – Түрікменстан – Иран магистралының пайдалануға берілуі біздің еліміздің көлік стратегиясының шешуші сатысын тиянақтайды. Осының арқасында Қазақстан уақыт пен кеңістіктің кең ауқымды нарығында айрықша орынды иелене білді. Дəурен АБАЕВ,

Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі – баспасөз хатшысы.

«Ќўрлыќта ќамалєандар»

Əлемде теңізге шығу мүмкіндігі жоқ 48 ел бар. Олар əлемдік тауар айналымының елеулі үлесі – шамамен 90 пайызы келетін теңіз саудасы мүмкіндігінен кесіліп қалған. 50 мыңнан астам кемелерден тұратын халықаралық сауда флоты өзіміз айтатын жаһандық нарықты қалыптастырады. Ықпалды британдық экономист Пол Кольер өзінің «Төменгі миллиард» атты кітабында теңізге шығу мүмкіндігінің болмауын оларды сарылуға душар ете отырып, мемлекет дамуын тежейтін басты «тұзақ тардың» бірі ретінде айқындаған. «Құрлықта қамалған» елдерде «алтын миллиардқа» қарама-қайшы «төменгі миллиард» деп аталатын адамзаттың ең кедей тобының 40 пайызы өмір сүреді. (Соңы 2-бетте).

Динара БІТІКОВА,

«Егемен Қазақстан».

Үкімет отырысының қорытын дысына арналған баспасөз мəслихатына Ұлттық экономика вице-министрі Марат Құсайынов, Ауыл шаруашылығы вицеминистрі Арман Евниев жəне Білім жəне ғылым вице-министрі Т.Балықбаев қатысты. Отырыстың күн тəртібінде қаралған бірінші мəселе – ауыл шаруашылық тауарларын

өндірушілерді субсидиялау тетігін жетілдіру жайында М.Құсайынов баяндады. «Үкімет отырысы барысында министрлікпен мүдделі мемлекеттік органдарымен жəне Қазақстанның Ұлттық кəсіпкерлер палатасымен бірлесе əзірленген ауылшаруашылық тауарларын өндірушілерді субсидиялау тетігін жетілдіру бойынша келісілген шаралар айтылды», деді ол. (Соңы 4-бетте).

Астана мен Вашингтон қатынастардың барлық салаларын қамтитын Қазақстан мен АҚШ арасындағы стратегиялық əріптестікті одан əрі нығайту жəне кеңейту бойынша жұмыс істеуге мүдделі. Бұл туралы Нью-Йоркте өткен кездесу барысында Қазақстанның Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов пен АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы Джон Керри мəлімдеді. Сұхбаттастар екіжақты қатынас тар күн тəртібіндегі кең ауқымды мəселелер кешенін қарастырып, қатынастардың қарқынды дамуын атап өтті. ҚазақстанАмерика қатынастарының энергетика, ядролық таратпау, өңірлік жəне жаһандық қауіпсіздікті нығайту мəселелерінде өзара сенімді ықпалдастықтың берік негізінде құрылғаны көлденең тартылды. Кездесу барысында америкалық компаниялардың

Қазақстанның энергетика секторын дамытудағы жетекші рөлі аталды, басқа салаларда саудаэкономикалық ынтымақтастықты кеңейтудің мол мүмкіндіктері туралы да айтылды. Е.Ыдырысов «Қазақстан-2050» Стратегиясына сай республиканың экономикалық даму ахуалы мен болашағын сипат тап, Н.Ə.Назарбаев алға қой ған дамыған 30 мемлекеттің қата рына кіру мақсатына жету АҚШ-пен жəне

өзге де шетелдік серіктестермен өзара тиімді ынтымақ тас тыққа зор мүмкіндік тудыратынын атап өтті. Осы тұрғыда Е.Ыдырысов пен Дж. Керри Қа зақстан ның Дүниежүзілік сауда ұйымына (ДСҰ) кіруі бойынша келіссөздердің тезірек қорытындыла нуының маңыз дылығына тоқталды. Сұхбаттастар, сонымен қатар, халықаралық саясаттың өзек ті мəселелерін, соның ішінде Орталық Азиядағы, Ауғанстандағы, Украинадағы жəне Иран ядролық бағдарламасына қатысты жағ дайды талқылады. Бұған қоса, Ұлы Жібек жолын қайта жаңғырту жобалары шеңбер інде көлік байланыстарын

● Орақ-2014

Зырянда зыєырєа ораќ тїсті Кенді Алтайдың кіндігінде орналасқан Зырянның ертедегі аты Көктас деседі. Таулы қырат қыртысындағы қазынасы жақпар-жақпар көк тас болып көрініп жататын ауданның табиғаты да көркем, жері де шұрайлы. Аудан халқы өнеркəсіппен бірге ауыл шаруашылығымен шұғылданады. Өткен сенбіде аудандағы жиын-терін науқанымен танысуға мүмкіндік туды. Думан АНАШ,

«Егемен Қазақстан».

Биыл Зырян ауданында егістік көлемі 73 мың гектарды құрады. Жаздық бидай 36 мың гектарға егіліпті. Аудандық ауыл шаруашылығы жəне ветеринария бөлімінің басшысы Сəуле Қойшыбаеваның айтуынша, бүгінде күздік бидай толығымен жиналды. Зыряндық диқандар гектарына 30 центнерден өнім алып отыр. Бұл – Глубокое мен Шемонайха сынды көрші орналасқан аудандарға қарағанда көбірек. Дəнді дақылдар гектарына 22,8 центнерден жиналды. Жиын-терін көлемі жылдағыдан жақсы. Тіпті, кейбір шаруа қожалықтары 30 центнерден өнім алуда. Ауданда жем-шөптік дақылдар көлемі де өсіп отыр. Сондай-ақ, рапс гектарына 17 центнерден жиналуда. Ал картоп 5 пайызға, көкөніс 7 пайызға көбейіп, ауданды қамтамасыз ете бастады. Суретті түсірген Ғылымбек СƏБИТОВ.

(Соңы 9-бетте).

дамыту мəселелері қарастырылды. Е.Ыдырысов АҚШ Мемлекеттік хатшысының тікелей қатысуымен қол жеткізілген Ауғанстандағы президент сайлауынан кейінгі жағдайды реттеу бойынша келісімді қолдап, Қазақстанның бұл елдегі тұрақтану үрдісіне одан əрі көмек көрсетуге дайындығын растады. Е.Ыдырысов Украинадағы шиеленіс жағдайының үстіміздегі жылғы тамызда Минскідегі саммит барысында қол жеткен келісімдерге жəне қыркүйекте қол қойылған Минск меморандумына сəйкес бейбіт жолмен реттелуін қалайтындығын растады. (Соңы 2-бетте).

Бүгінгі нөмірде:

Сəлем ы с а н а ѕ і д сґз

Ақпарат агенттіктерінің материалдары негізінде əзірленді.

«БҐБЕК». ТЕЛЕМАРАФОН. 5-бет СЫН САЄАТТА

7-бет «БƏРЕКЕЛДІ, ЌАЗАЌТАР, ЖАСАЙ БЕРІЅДЕР!»

л ў б л ў Б 14-бет

11-бет

Кїлесіѕ. Кейде кїрсінесіѕ...

Тапсырмалар тиянаќталды

Америкамен ќарым-ќатынас артады

9-бет

Кеше Үкіметтің кезекті отырысында Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау барысындағы бірқатар мəселелер қаралды. Бұл жөнінде Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мəлім болды.

 АҚШ əскери-əуе күштерінің ұшақтары Сирия аумағындағы «Ис лам мемлекеті» қарулы жасағының шептерін бомбалады. Бомбалауға Сауд Арабиясы мен Біріккен Араб Əмірліктерінің əскери-əуе күштері де көмектесті. Енді «Ислам мемлекетінің» жасақтары америкалықтардан Сирия аумағын бомбалағаны үшін кек қайтармақ. Кектің қандай жолмен қайтарылатыны белгісіз.  Түркия мектептерінде мұсылман орамалы – чаршаф тағып жүруге рұқсат берілді. Бұл жерде əңгіме мемлекеттік білім беру мекемелеріндегі жоғары сынып оқушыларына қатысты болып отыр. Ал жеке діни мектептерде оқушы лар бұрынғысынша оқу орындарының ішкі ережелеріне бағынатын болады. Израиль əскерилері ƏлКунейтра қаласы маңында Сирия ұшағын атып түсірді. Олардың сөздеріне қарағанда, ұшақ елдің əуе кеңістігін бұзған. Ал ұшқыштың тағдыры туралы ешнəрсе айтылмайды. Шекараны МиГ-21 жойғыш ұшағы бұзған-мыс. Соңғы рет Израиль əскерилері Сирия ұшағын 1989 жылы атып түсірген екен.  Алжирдің шығысында француз азаматы ұрланды. Оның аты-жөні – Эрв Гурдель. Исламистер французды Париждің Сирия аумағындағы «Ислам мемлекеті» шептерін бомбалауға қатысқаны үшін ұрлағанын, егер Франция осы əрекетін дереу тоқтатпаса, Гурдельді өлтіретінін мəлімдеп отыр. Франция тарапына ойлануға 24 сағат уақыт берілген.  Шотландия премьер-министрі Алекс Салмонд Лондонды Шотландия ның тəуелсіздігі туралы референдумға қатысушыларды алдады деп айыптады. Оның сөзіне қарағанда, Шотландияның тəуел сіздігіне қарсы дауыс бергендер Лондонның өңір өкілеттігін кеңейту туралы берген уəдесінен бас тартқаны үшін ашулы көрінеді. Омар Гонзалес Ақ үйдің аумағына кіріп кеткен болатын. Оның көлігінен 2 балта мен мачете жəне 800 оқ табылған еді. Ал өзінен тек қайырмалы пышақ қана шығыпты. Ақ үйдің қоршауынан қарғып өткен Гонзалес ғимаратқа кіреберісте ғана қолға түскен. Енді оған тыйым салынған аймаққа суық қарумен кірді, президентке қатер төндірді деген айып тағылып отыр.  Брюссель полициясы екі күдіктіні қолға түсіріп, Еурокомиссияның штабпəтеріндегі терактінің алдын алды. Бірнеше ай бедерінде Бельгия мен Нидерландтың құқық қорғау органдары Брюссель мен Гаагадағы исламистерге қарсы бірқатар алдын алу операцияларын жүр гізіпті. Бірнеше адам қамауға алынған. Жоғарыдағы екі күдікті солардың қатарынан екен.  Тəжікстанда президент резиденциясында күзетші болып жұмыс істейтін мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкері Раджабали Махмұдов сиыр ұрлады деген айыппен қамауға алынды. Істі Қорғантөбе əскери гарни зонының соты қарап жатыр екен. Енді ол 4 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін.  Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) соңғы мəліметіне қарағанда, Эбола безгегінен қаза тапқандар саны 2800 адамға жеткен. Қатерлі вирусты жұқтырғандар саны – 5765 адам. Қазіргі таңда Эбола ДДҰ үшін аса ірі халықаралық проблемаларының біріне айналып отыр.


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.