Бїгінгі нґмірде:
№208 (28431) 24 ҚАЗАН ЖҰМА 2014 ЖЫЛ
Дїниежїзілік банк – Ќазаќстанныѕ стратегиялыќ серіктесі
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Дүниежүзілік банк тобының басқарушы директоры жəне операциялық мəселелер жөніндегі директоры Шри Мульяни Индраватиді қабылдады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. Кездесу барысында Қазақстан Республикасы мен Дүниежүзілік банк тобы арасын дағы, соның ішінде 2014 жылы мамырда қол қойылған Серік тестік туралы негіздемелік жаңа келісім аясындағы ынты мақ тастықты күшейту мəселелері талқыланды. Сонымен қатар, тараптар Қазақстан мен əлемдік қоғам дастықтың алдында тұрған түрлі экономикалық сын-қатерлерді қарастырды. Нұрсұлтан Назарбаев
Дүниежүзілік банк Қазақстанның стратегиялық серіктесі екенін, онымен біздің еліміз тəуелсіздік алған кезеңнен бері ынтымақтасып келе жатқанын айтты. – Сіздің банктің бағалауы бойынша, Қазақстанда бір кездері 35 пайыз болған, табысы күнкөріс шегінен төмен халықтың үлесі 3 пайыздан төмен көрсеткішке дейін қысқарды. Біз мұны үлкен жетістік санаймыз, – деді Нұрсұлтан Назарбаев. Ш.Индравати өз кезегінде
Қазақстанның өңірлік жəне жаһандық ықпалдастық саласындағы ілгерілеуін атай отырып, біздің елі міз су жəне энергетика ресурс тарын пайдалануды өңірлік реттеу мəселесінде маңызды рөл атқаратын болады деп үміттенетінін жеткізді. – Қазақстан мен Дүниежүзілік банк арасындағы ынтымақтастық өте табысты жүзеге асырылуда жəне ол эко номиканы əртараптандыруға, орнықты даму бөлігіндегі ілгерілеуді күшейтуге атсалысуға бағытталған. Серіктестік туралы негіздемелік жаңа келісімге қол қою жəне осы келісімнің аясында түрлі халықаралық ұйымдардың жұмысын үйлестіру біз үшін өте маңызды, – деді Ш.Индравати. Қазақстан Дүниежүзілік банк тобына 1992 жылы қосылды. Сол уақыттан бастап, 41 жобаны жүзеге асыру үшін жалпы мөлшері 6,8 миллиард доллар ұсынған Дүниежүзілік банк еліміздің даму мəселелері жөніндегі ірі серіктесіне айналды.
––––––––––––––––––– Суретті түсіргендер С.БОНДАРЕНКО, Б.ОТАРБАЕВ.
Ынтымаќтастыќты арттыратын ќадамдар Кеше Премьер-Министр Кəрім Мəсімов Астанада өткен Қазақстан мен Жапония арасындағы Экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссияның 5-ші отырысына қатысты. Динара БІТІКОВА,
«Егемен Қазақстан».
Комиссия отырысын Кəрім Мəсімов сөз сөйлеп ашып берді. Ол өз кезегінде он жылдық келіссөз дер нəтижесінде Қазақстан мен Жапония үкіметтері Инвестицияларды өзара қорғау туралы келісімге қол қоятынын атап өтті. «Бұл – екі ел үшін де маңызды оқиға. Аталған келісім еліміздегі жапондық компанияларға инвес тициялардың қауіпсіздігі кепілдігін береді», деді ПремьерМинистр. Сондай-ақ, Үкімет басшысы ағымдағы жылы Қазақстанда шетелдік инвесторларға қосымша мүмкіндіктер, оның ішінде салықтық жеңілдіктер беретін заң қабылданғанын еске сала отырып, бұл жапондық кəсіпкерлерге де үлкен мүмкіндік болатынын алға тартты.
«Екі елдің экономикасы бірбірін толықтырып тұр. Жапония ең озық технологияларға ие, ал Қазақстан табиғи ресурстарға бай əрі халқы еңбекқор. Бұл орайда, өзара қарым-қатынасымызды дамытуға негіз бар деп есептеймін», деп толықтырды сөзін Үкіметі басшысы. «Менің ойымша, бұл артықшылықтар бізге атом өнеркəсібі саласындағы əріптестікте үлкен синергия береді. Сонымен қатар, автомобиль шығаруда да жетістіктерге қол жеткіземіз. Бұл салада қазірдің өзінде нақты мысалдар бар», деген ПремьерМинистр, сонымен қатар, əріптестік аясындағы ғарыш саласы мен ауыл шаруашылығын дамыту жəне басқа да көптеген бағыттар бойынша қол жеткізілген біршама жетістіктерді тілге тиек етті. Сондай-ақ, жапон
инвестицияларын қолдау бойынша келісімдер осы елдің компанияларына Қазақстанға инвестициялар құюда қосымша кепілдіктер мен қауіпсіздік үшін мүмкіндіктер беретінін жеткізді. «Тағы бір айта кетерлігі, өздеріңіз жақсы білесіздер, Қазақстан Президенті осы жазда бірқатар елдер мен Қазақстан арасындағы визалық қатынасты алып тастауға шешім қабылдаған болатын. Осы мемлекеттердің қатарында Жапония да бар. Менің ойымша, бұл жақсылықты сіздер бүгін біздің елімізге келгенде жақсы сезінген шығарсыздар, өйткені алдын-ала виза алудың қажеті болмады. Жапонияның бизнесмені немесе турисі Қазақстанға атбасын тіреп жатса, құжат ресімдеу жұмысын тез арада аяқтай алады», деді Премьер-Министр. Үкіметаралық комиссияның 5-ші отырысында еліміздің Инвестициялар жəне даму министрі Əсет Исекешев те сөз алды. (Соңы 2-бетте).
Адамзат ертеѕі «таза» энергетикаєа тəуелді Кеше Тəуелсіздік сарайында «Болашақ энергиясы: қоршаған ортаға таралатын СО2 мөлшерін азайту» атты халықаралық форум өз жұмысын бастады. Сонымен бірге, бұдан бұрын газетімізде хабарланған ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесіне қатысушылардың 1-ші жиналысы өзінің жұмысын жалғастырды.
Жылқыбай ЖАҒЫПАРҰЛЫ, «Егемен Қазақстан».
«Болашақ энергиясы: қоршаған ортаға таралатын СО2 мөлшерін азайту» атты халықаралық форум «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясының көрме қарсаңында өткізіп отырған негізгі тақырыптық шарасының бірі болып табылады. Екі күндік форум «Астана ЭКСПО-2017» көрмесінің негізгі тақырыбы «Болашақ энергиясы», оның ішінде көмірқышқыл газдарының ауаға таралу мөлшерін азайту, тиімді технологияларды
енгізу жəне жалпыға бірдей энергия қуаттарына қол жеткізу сияқты бөлімдер бойынша тың ғылыми жобаларға жол ашпақ. Форумның басты мақсаты ЭКСПО-2017 көрмесіне арналған стратегиялық контентті даярлау, оның ішкі мазмұнын барынша байыту болып табылады. «Болашақ энергиясы» атты əлемдік тақырып аясында халықаралық үнқатысуды қалыптастыру да форумның күн тəртібіне қойып отырған негізгі міндеттерінің бірі. (Соңы 5-бетте).
Ўлытау тґріндегі ўлаєатты əѕгіме 3-бет «Мемлекеттік тіл – меніѕ тілім!..» 4-бет Ысмайыл Гаспыралы: Шыєыс пен Батыс їйлесімі 6-бет Жарияланбаєан соєыс жауынгерлері 12-бет
● Индустрия игілігі
«Триумфтыѕ» триумфы Елбасының «Қазақстан-2050» Стратегиясында инновациялық ізденістерге айрықша көңіл бөлінгені белгілі. Біздің зауытымыз бұл талапқа іспен жауап беруге ұмтылуда. «Триумф» компаниясы жаң а ав стриялық техн олог и яда поливинилхлоридтен «Asian profile technology» сауда маркалы пішіндері мен терезе алды тақтайшаларын шығарады. Зауыт еуропалық өндірушілердің, яғни Австрияның «Greiner Extrusion GmbH» жəне Германияның «Krauss Maffei Berstorff» ультразаманауи машиналарымен жабдықталған. Біздің өнімдеріміздің барлығы «Bearlocher» Германия компаниясымен бірлесе отырып жасақталған əдіс-тəсілдер бойынша ең үздік шикізаттан жəне жоғары технологиялық экструдерлік «Greiner Extrusion GmbH» мен «Krauss Maffei Berstorff» жабдықтарында өндіріледі. (Соңы 2-бетте).
ХХІ єасыр шарты ратификацияланды Сенат Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жетекшілігімен өткен палатаның кешегі жалпы отырысында мемлекеттік басқару жүйесін одан əрі жетілдіру жəне сот жүйесіне қатысты заң жобалары қаралды. Депутаттар, сондай-ақ, Қазақстан мен Ресей арасындағы одақтастық шартын талқыға салды. Асқар ТҰРАПБАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан».
Күн тəртібінде алғашқы қаралған заң жобасының толық атауы «Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы
XXI ғасырдағы тату көршілік жəне одақтастық туралы шартты ратификациялау туралы» деп аталады. Шартқа 2010 жылғы 11 қарашада Екатеринбург қаласында өткен Қазақстан мен Ресейдің Х ынтымақтастық форумының
шеңберінде Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев жəне Ресей Президенті Владимир Путин қол қойған. Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов бұл ретте Қазақстан Ресейді Еуразия кеңістігінде маңызды саяси жəне экономикалық əріптес ретінде қарастыратынын ерекше атады. Негізінен, көпжоспарлы қаты настарды дамыту еліміздің страте гиялық мүдделеріне сай келеді жəне де құжат аймақтағы
бейбітшілік пен қауіпсіздікті, сондай-ақ, өзекті халықаралық мəселелер бойынша екіжақты саяси үнқатысуды дамытуға қызмет етеді. Министр шарттың екіжақты сауда-экономикалық қатынастар мен көліктік дəліздер құруды, су ресурстары мен экологияны тиімді пайдалануды, əскери-техникалық, мə де нигуманитарлық ынтымақтастықты одан əрі дамытуды айқындайтындығын да жеткізді. (Соңы 2-бетте).
Комиссияныѕ ќорытынды отырысы Мемлекеттік хатшының міндетін атқарушы – Қазақстан Республикасы Президенті Əкімшілігінің Басшысы Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен Қазақстан Республикасының əдебиет пен өнер саласындағы 2014 жылғы Мемлекеттік сыйлығын тағайындау жөніндегі комиссияның қорытынды отырысы өтті, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік хатшысының міндетін атқарушы – Қазақстан Республикасы Президенті Əкімшілігінің Басшысы Нұрлан Нығматулин отырыстың маңыздылығын атап айтты, өйткені, оның қорытындысында ең лайықты жұмыстар бірқатар номинациялар бойынша лауреаттарды бекіту үшін Мемлекет басшысына ұсынылады. Отырыста сөйлеген комиссия мүшелері – елдің əдебиет пен өнер саласындағы көрнекті өкілдері комиссия қарауына ұсынылған жұмыстардың деңгейі жоғары екенін атап өтті. Мемлекеттік сыйлықтан үміткерлерден барлығы 29 жұмыс келіп түскен, соның 11-і екінші кезеңге өтті. Комиссия мүшелері Мемлекет басшысына ұсынылатын үміткерлерді құпия дауыс беру арқылы анықтады. Мемлекеттік сыйлық лауреаттарын марапаттау рəсімі дəстүр бойынша Тəуелсіздік күні қарсаңында өтеді.
● Заманмен үндес заңғар басылым
Бїгінгі кїнніѕ би басылымы Бір-бірінен ажыратуға болмайтын құндылықтар бар. Айталық, шынайы ғылым нəтижесі мен табысынан ақиқатты бөлек қарастыру еш мүмкін емес. Ал мерзімді баспасөздің ақиқатты айта алуы ерлікке пара-пар құбылыс. «Егемен Қазақстан» – ақиқаттың туын жықпаған басылым. Тарихшылар қауымы үшін ол өткен дəуірлердің шынайы келбетін сомдаушы газет ретінде танымал əрі аса қымбат. Мұнда сақтардың өнері, Беғазы-Дəндібай мəдениеті, байырғы түркі жазуы, Қорқыт пен Əл-Фараби мұрасы, Абылай мен Кенесарының өршіл рухы, Алаш қозғалысы мен қуғын-сүргін қасіреті, тəуелсіздігіміздің шежіресі мен Астананың көркеюі жайлы жарияланған мақалалар, дерек пен дəйек мыңдаған отандастарымыздың тарихи санасын қалыптастыруға септескені күмəнсіз. Тарихи тақырыпқа қалам тартқандар ішінде мектеп оқушысынан академикке дейін бар. Осыданақ нағыз халықтық газет екенін, ақиқат жаршысына айналғанын байқауға болады. Ғылыми журналдардың таралым
саны 300-500 данадан аспайтын бүгінгі таңда отандық тарих ғылымындағы кемел ізденістер мен соңғы жаңалықтарды да қалың қауымға жеткізуде. Мəселен, Елбасының Жарлығымен 1998 жыл халық бірлігі мен ұлттық тарих жылы деп жарияланғаны белгілі. Осыған орай бір жыл ішінде «Қазақ мемлекеттілігінің тарихы» айдарымен 50-ге жуық көлемді материалдар жариялады. Олар тарих пəнінің оқытушылары үшін күні бүгінге дейін пайдасын тигізуде.
2011 жылдан беріде тарихшылардың екі ұлттық конгресі, «Халық тарих толқынында» бағдарламасы, ашаршылықтың 80 жылдығы, Абылай ханның 300 жылдығы, «Мəңгілік Ел» ұлттық идеясы тəрізді маңызды оқиғалар баяны үздіксіз айтылып келеді. Мұның сыртында тарих оқулықтарының сапасын көтеру, «ақтаңдақтарды» жою бағытындағы еңбек те орасан зор. Қандай мəселені көтерсе де, оны мемлекеттік, ұлттық өзекжарды сұраныс жəне үдеріс желісінде жеткізе алғандықтан қазақстандық патриотизмді қалыптастыруға қызмет етіп тұр. Кезінде мəселенің ақ-қарасын анықтау үшін дауласушы екі жақ биге жүгінген екен. Бүгінде тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін «Егеменде» жазды ғой» деумен тиянақтайтынымыз рас. Ақиқатты, əсіресе тарих ақиқатын ардақтағанның тамаша нəтижесі – осы. Ханкелді ƏБЖАНОВ, Шоқан Уəлиханов атындағы Тарих жəне этнология институтының директоры, Қазақстан ҰҒА корреспондентмүшесі. АЛМАТЫ.