25012014

Page 1

АҚПАРАТТАР аєыны №17 (28241) 25 ҚАҢТАР СЕНБІ 2014 ЖЫЛ

Давос форумы аясындаєы кездесулер

Қазақстан басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Швейцария Конфедерация- нығайту перспективаларын, сондай-ақ, сының Президенті Дидье Буркхальтермен кездесті, деп хабарлады Қазақстан халықаралық күн тəртібіндегі өзекті мəселелерді талқылады. Республикасы Президентінің баспасөз қызметі. Келіссөздер кезінде Қазақстан Президенті Дүниежүзілік экономикалық форумның жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын атап өтті. Мемлекеттер басшылары ҚазақстанШвейцария қарым-қатынасының негізгі аспектілерін жəне оны бұдан əрі дамыту перспективаларын қарастырды. Халықаралық күн тəртібіндегі өзекті мəселелер жөнінде де пікір алмасты. Нұрсұлтан Назарбаев пен Дидье Буркхальтер екіжақты да, халықаралық ұйымдар аясындағы да өзара тиімді ынтымақтастықтың жоспарлы түрде нығайтылуына назар аударды. Қазақстан Президенті Швей цария еліміздің Еуропадағы негізгі сауда

серіктесінің бірі болып табылатынын айтты. Республикамызда Algroup, Rieter жəне Glencore тəрізді ірі швейцариялық компаниялар жұмыс істеуде. Тараптар Сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Швейца рия үкіметаралық комиссиясы одан əрі белсене қызмет жасауы қажеттігіне тоқталды. Кездесу қорытындысында мемлекеттер басшылары таяу келешекте екіжақты ынтымақтастықтың қарқыны арта түсетініне сенім білдірді. Мемлекет басшысы Н ұр сұлтан Назарбаев Еуропалық Комиссия төрағасы Жозе Мануэль Баррозумен кездесті. Кездесуде тараптар ынтымақтастықты

Қазақстан Президенті Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы қарымқатынастың дамуына Ж.Баррозудың ерекше назар аударып отырғанын атап өтті. – Еуропалық Одақпен арадағы сауда көлемі – 50 млрд. доллар. Біз қазір бірқатар мəселелермен, атап айтқанда, серіктестік пен ынтымақтастық аясын кеңейту туралы келісіммен жұмыс істеп жатырмыз. Мүмкіндігінше бұл құжаттарға қол қоюды жеделдеткен жөн. Біз Еуропалық Одақпен визасыз режім туралы мəселенің шешілуіне де мүдделіміз. Сонымен қатар, қазіргі уақытта мейлінше маңызды жайт – біздің Дүниежүзілік сауда ұйымына (ДСҰ) кіруіміз, – деді Нұрсұлтан Назарбаев. Мемлекет басшысы Еуропа лық Одақты еліміздің ДСҰ-ға кіруі жөніндегі

Пікір алмасу алаѕындаєы брифинг Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Давостағы Дүниежүзілік экономикалық форум жұмысына қатысу қорытындыларына арналған брифинг өткізді, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі. Мемлекет басшысы Дүниежүзілік экономикалық форум əлемдік экономикадағы жағдайлар мен оның даму перспективалары туралы пікір алмасу алаңы болып саналатынын атап өтті. – Давос – тығыз кездесулер орны, себебі, форумға мемлекеттер мен үкіметтер басшылары, халықаралық ұйымдар мен ірі компаниялар жетекшілері көп жиналады. Қазақстан тəуелсіздік алғаннан кейін мен бұл форумға жиі келіп тұрдым, өйткені, ол кезде біздің ел танымал емес еді. Сапарлардың мақсаты жас республика туралы əңгімелеп, инвесторлар назарын аудару болатын. Инвесторлар кеңесін құру бастамасы да дəл осында көтерілгенін еске сала кетейін. Ал бүгін 2050 Стратегиясының қабылдануына

жəне онда əлемдегі дамыған 30 елдің қатарына кіру мақсаты қойылғанына байланысты осы жөнінде форумға қатысушыларға əңгімелеп беру қажеттігі туып отыр, – деді Қазақстан Президенті. Нұрсұлтан Назарбаев форум президенті К.Швабпен, сондай-ақ, өзге мемлекеттер мен үкіметтер басшыларымен өткен кездесулер туралы хабарлады. – Мен Қазақстанда жұмыс істеп жатқан компаниялар басшыларымен де кездесулер өткізіп тұрамын. Біз олардың елі міздегі алдағы уақыттағы қызметінің перспективаларын талқылаймыз. Басты мəселе сонда – өндіруші салаларда жұмыс істеп жатқан трансұлттық компаниялар өз кəсіпорындары үшін бізде сервистік компаниялар құруға тырысуы керек. Бұл

Көңіл айту жеделхатын жолдады

Президент Нұрсұлтан Назарбаев көрнекті ақын, қоғам қайраткері Фариза Оңғарсынованың қайтыс болуына байланысты туған-туыстарына көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.

Мемлекет басшысы Фариза Оңғарсынованың ұлттық поэзиямызға өзгеше леп əкелген ерекше дарын иесі екенін атап өткен. «Оның қаламынан туған нəзік те отты жырлар əрдайым халқымыздың жан-жүрегін еріксіз баурап алатын. Оның өлеңдерінен өзіне тəн өр мінезі, өршіл рухы, адам жанының терең қалтарыстарына жіті үңіліп, соны таңғаларлықтай шеберлікпен аша білетін қуатты талант тегеуріні айқын сезіліп тұратын. Сондықтан да Қазақстан халқы ақиық ақын, тамаша журналист жəне еліміздің көрнекті қайраткерін ерекше қадірледі», – делінген жеделхатта. Жеделхатта ақынның қоғам дамуына қосқан ерекше еңбегі үшін Қазақстанның жоғары мемлекеттік наградаларына ие болғаны атап өтілген. Сондай-ақ, халқымыздың өзіне көрсеткен зор сенімі арқасында Фариза Оңғарсынова Парламент Мəжілісінің депутаты болып сайланған. Мемлекет басшысы ақынның есімі ұмытылмайтынына, ал оның шығармалары Қазақстан халқының жадында əрдайым сақтала беретініне сенім білдірген.

жайт Қазақстанды индустрияландыру секторына қатысты. Менімен əңгімелескен кісілер еліміздің даму болашағы үшін инфрақұрылымды дамытуға – автожолдар мен теміржолдар, порттар, аэропорттар салуға деген біздің ұмтылысымыздың маңыздылығын айтады. Өткізілген кездесулер бұл орайда өте маңызды болды, – деді Мемлекет басшысы. Нұрсұлтан Назарбаев өзі нің Еуропа Қайта құру жəне даму банкінің басшысы С.Чакрабартимен əңгімелесуі жөнінде айтып берді. – ЕҚДБ Қазақстанға 6,5 миллиард доллар салды. Кездесуде мен шағын жəне орта бизнесті қолдауға көбірек көңіл бөлуді өтіндім. Банк қазірдің өзінде 162 миллион долларлық жобаларды қаржыландырды, биыл бизнесті несиелеуге 77 миллион доллар бөлінді, – деді Қазақстан Президенті. (Соңы 2-бетте).

келіссөздердің тезірек аяқталуына барынша септігін тигізуге жəне қолдауға шақырды. Қазақстан Президенті мұның еуропалық инвесторлар үшін қосымша кепілдік болатынына, жаһандық бəсекелестік жағдайында елімізде инвестициялық жəне іскерлік ахуалды одан əрі жақсартуға қызмет ететініне сенімін білдірді. Өз кезегінде Ж.М.Баррозу Еуропалық Одақ Қазақстанның басты сауда жəне инвестициялық серіктесі болып саналатынын, еуропалық компаниялар біздің елмен экономикалық байланыстарын одан əрі тереңдетуге мүдделілік танытып отырғанын атап өтті. Осыған байланысты ол Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы серіктестік пен ынтымақтастық аясын кеңейту туралы жаңа екіжақты келісім жөніндегі келіссөздердің аяқталып, таяу уақытта оған қол қойылуы

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Грузияның Қазақстандағы елшісі Зураб Патарадзені қабылдады, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі. Елші Сенат Төрағасын Гру- Сенат Төрағасы грузин дипломазиядағы ішкі саяси жəне əлеу- тын Президент Н.Назарбаевтың меттік-экономикалық даму, сон- таяуда жария еткен Жолдауының дай-ақ, Қазақстанмен бірлескен негізгі ережелері туралы хабаринвестициялық жобаларды іске дар етті. асыру туралы хабардар етті. Сол күні Қ.Тоқаев БҰҰЕкіжақты қатынастардың ның Резидент-үйлестірушісі, достық сипаты жəне келешегі зор БҰҰ Даму бағдарламасының екенін атап өте келіп, Қ.Тоқаев Қазақстандағы Тұрақты өкілі г р у з и н п а р л а м е н т ш і л е р і н е Стивен Туллмен де кездесті. еліміздің қазіргі дамуы барысы- Жүздесушілер Қазақстан мен мен танысу үшін Қазақстанға Біріккен Ұлттар Ұйымының келу ге шақыруын жолдады. өзара іс-қимылының өзекті

Кїн тəртібі белгіленді

Палата Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен өткен Мəжіліс бюросында жалпы отырыста қаралатын мəселелер белгіленді, деп хабарлады Мəжілістің баспасөз қызметі. Палата қарауына Қылмыстық қаңтардағы тапсырмасына орай, кодекстің жобасы ілеспе түзету- 2010-2020 жылдарға арналған Саялерімен бірінші оқылымға шы- си-құқықтық тұжырымдамасының ғарылады. Салалық комитет бюроға ережелері мен мемлекеттің баяндау барысында Қылмыстық халықаралық міндеттемелерін кодекс жобасының жаңа редак- жүзеге асыру қажеттігін ескере циясы Қазақстан Республикасы отырып жасалғанын атап өтті. Президентінің 2012 жылғы 6 Жалпы отырыстың күн

Оны саќтау – полицияныѕ басты міндеті Кеше Астанада Премьер-Министр Серік Ахметовтің төрағалығымен Ішкі істер министрлігінің кеңейтілген алқа мəжілісі болып өтті. Онда осы ведомствоның басшысы Қалмұханбет Қасымов Қазақстан полициясының өткен жылы жүзеге асырған жұмыстары мен алдағы атқаратын міндеттеріне тоқталып өтті. «Егемен Қазақстан».

Министрдің мəлімдеуінше, өткен жылы еліміздегі аса ауыр қылмыстар саны 15 пайызға, кісі өлтіру – 12, тонау – 7, қарақшылық 18 пайызға қысқарған. Кəмелеттік жасқа толмағандар тарапынан жасалатын қылмыстар 8 пайызға, қару қолдану арқылы жасалған

(Соңы 2-бетте).

Egemen.kz хабарлары мен облыстық əкімдіктер сайттарының материалдары бойынша дайындалды.

Бїгінгі нґмірде:

Сенаттаєы ќабылдаулар

Ќоєам тыныштыєы мен ќауіпсіздігі

Сұңғат ƏЛІПБАЙ,

өзара тиімді ынтымақтастықты нығайтуға қосымша серпін беретініне, Еуропалық Одақпен арадағы үнқатысудың сапалы жаңа кезеңіне құқықтық негіз қалыптастыратынына тоқталды. Еуропалық Комиссия төрағасы Орталық Азияның экономикалық дамуындағы Қазақстанның рөліне жоғары баға бере келе, Мемлекет басшысының өңірде тұрақтылықты қамтамасыз етудегі жеке үлесін де атап көрсетті. Бұған қоса, Нұрсұлтан Назарбаев пен Ж.М.Баррозу Кеден одағы мен Еуропалық Одақ арасындағы өзара ықпалдастық мəселелерін қарастырды. Мемлекет басшысы Кеден одағы аса маңызды экономикалық бірлестік бола отырып, оған қатысушылардың барлығына айтарлықтай пайда əкелетінін айтты.

 Жемқорлыққа қарсы үздік плакаттар иелері марапатталды. Жеңімпаз бен жүлдегерлер «Нұр Отан» партиясы жанындағы жемқорлыққа қарсы іс-қимыл республикалық қоғамдық кеңесі отырысында белгілі болды. Оларды кеңес төрағасы Қайырбек Сүлейменов табыс етті.  Математик М.Өтелбаев ұсынған Навье-Стокс теңдеуінің шешімі ағылшын тіліне аударылып жатыр. «Мыңжылдық проблемаларының» қатарына жататын есептің шешімін тапқанға Клэй институты бір миллион доллар сыйақы жариялаған болатын.  2013 жылы Қарағанды облысы 44 мемлекетке тауар экспорттады. Облыстың тұрақты ірі серіктестері қатарында Қытай (80,2 пайыз), Ұлыбритания (8,3 пайыз), Иран (3,2 пайыз) жəне Украина (1,2 пайыз) елдері болды. Жыл ішінде өңірдің сыртқы тауар айналымы 9,7 млрд. долларды құрады, оның ішінде экспорттың үлесі 88,9 пайызды, ал импорттың көлемі 11,1 пайызды көрсетті.  Шымкент қаласының əкімдік бағынысына 40 елді мекен қосылады. Елбасы Жолдауында урбанистік қалалардан үміткерлердің бірі ретінде аталып өтілген шырайлы шаһар осылайша ұлғайып, санын тағы 145 мың адамға арттыруды көздеп отыр.  Маңғыстау облысы өз аумағында мұнай өңдеу зауытын салуды ұсынды. Актив жиынында облыс əкімі Алик Айдарбаев осы туралы айта келіп, бұл бағытта нақты жұмыстардың жүріп жатқанын хабарлады.  Қызылордада жолаушыларды 20 жаңа автобус тасымалдайтын болады. Ол құны 27 млн. АҚШ доллары болатын қала автобус паркін жасақтау жобасының арқасында жасалды. Енді оның аясында 100 автобус əкелу межеленіп отыр.  Ақмола облысында ірі қара малдың басы 25 мыңға арттырылады. Бұл 2014 жылы ірі қара мал басын 380 мың ға жеткізуге жəне мал сою өндірісін 3,6 пайызға, сүт өнімін 3,5 пайызға ұлғайтуға мүмкіндік береді.

қылмыстар 11 пайызға азайған. Жалпы санаттағы қылмыстардың статистикалық өлшемі онша ауыр емес жəне ауырлығы орташа (бұзақылық, алаяқтық жəне ұрлық) қылмыстардың 26 пайызға өсуінің негізгі себебі қылмыстарды тіркеу саласындағы саясаттың өзгеруі болып отырған көрінеді. (Соңы 2-бетте).

Ўлттыќ идея – ўлы жетістіктер бастауы 4-5-беттер мəселелерін талқылады. С.Тулл Сенат Төрағасына БҰҰ Даму бағдарламасының біздің еліміздегі қызметі туралы айтып берді. Қ.Тоқаев Қазақстанның əмбебап əрі баламасыз ұйым болып табылатын БҰҰ-мен өзара іс-қимылының басым сипатын атап өтті. тəртібінің жобасына Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесі Хатшылығының қаржылық қағидалары туралы келісімді ратификациялауға қатысты заң жобасы да қосылды. Осылармен қатар, палатаға ратификацияланатын екі заң жобасына: «Жалақыны қорғау туралы (95-конвенция) жəне ең төменгі жалақыны белгілеу рəсімін жасау туралы» (26-конвенция) қорытынды əзірлеу мезгілін нақтылау ұсынылды.

Ўлт таєдырынан туєан туындылар 6-бет

Пенде мен перде 8-бет

Дїние додасыныѕ дїбірі 12-бет

Халқының жүрегінде Қайғыдан күреңітіп ғасыр жүзі, Шаттықты қасіреттің жасырды ізі. Дариға, Фариза да өтті өмірден, Қазақтың қайта тумас асыл қызы. Ұқсайтын Махамбетке өткірлігі, Жасқанған, жабырқаған жоқ бір күні. Туғанда таңдайына өлең тамған, Қонған жан көкірегіне Хақтың нұры! Айтқаны – елдің мұңы, елдің жыры, Заты қыз демесеңіз – Ердің бірі! Танылып тұратұғын тұрпатынан, Қырғидай қағып түсер алғырлығы. Бұйрыққа бой ұсынып Хақтан келген, Ол кетті бабалары кеткен жолмен.

Мəңгілік мекендеуге орын алып, Қаһарман ер Қабанбай жатқан жерден. Түбінде бір ажал бар тірі жанға, Өлім жоқ алайдағы ұлыларға! Сүрінбес шапқан аты жыры барда, Сөнбейді жаққан оты ұлы барда! Қазақтың аяулысы, перизаты, Өшпейді ешқашан да Фариза аты! Халқының жүрегінде жүрер мəңгі, Өлеңмен жазып кеткен шариғаты!.. Несіпбек АЙТҰЛЫ, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты.

Қазақтың ғажайып ақыны Фариза Оңғарсыновамен қоштасу сөздерін газетіміздің 7-бетінен оқи аласыздар.


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.