25022014

Page 1

АҚПАРАТТАР аєыны ● Елімізде демографиялық зерттеулер орталығы құрылады. Ол бойынша атқарылатын жұмыстар пысықталу үстінде.

№38 (28262) 25 АҚПАН CЕЙСЕНБІ 2014 ЖЫЛ

Ќаражатты маќсатты пайдалану ќажет

● Республиканың автожолдарында өткен тəулікте 583 адам қар құрсауынан шығарылды. Оның ішінде 34 жасөспірім бар. ● Астанада келер жылы ЭКСПО-2017 алаңын жылумен қамтамасыз ететін магистраль салынады. Бас шаһардың солтүстікбатысы мен оңтүстік-батысы аралығына салынатын бұл құбырдың ұзындығы 21,5 шақырым құрайды. ● Қазіргі кезде елімізде 3 351 нотариус қызмет жасайды. Ал адвокаттардың саны 4,5 мыңға жуықтаған. ● «Талдықорған – Алматы» тасжолының құрылысы келер жылы аяқталады. 130 млрд. теңге бөлінген жұмыстың аясында Қапшағай өңіріне дейін алты жолақты жол салу көзделген. ● Биыл Ақмола облысында үдемелі индустриялық-инновациялық бағдарлама аясында 11 нысан іске қосылады. Соның ішінде күкірт қышқылы зауыты да бар.

Елорда дамуына ерекше назар Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Астана қаласының əкімі Иманғали Тасмағамбетовті қабылдады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. И.Тасмағамбетов елорданың əлеу меттік-экономикалық даму қорытындылары мен таяу кезеңдегі перспективалары туралы хабардар етті. Мемлекет басшысы Астана экономикасында өнеркəсіп көлемінің өсімі байқалатынын жəне жұмсалған қаражат қазірдің өзінде елорданың бюджетіне қайтарылып жатқанын атап өтті. Бұған

қоса, Нұрсұлтан Назарбаев елорда тұрғындары мен қонақтары үшін қаланың қолайлылығы мен жайлылығын арттыруға бағытталған дамыту жобаларының одан əрі іске асырылуына назар аударды. Кездесу барысында Астана əкімі құрылыс саласындағы жұмыстың қорытындылары туралы баяндады. Атап айтқанда, 2013 жылы 1 миллион шаршы метрден

Аймаќтарєа сапар ќорытындылары ќандай? Кеше Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалық етуімен Парламент Сенаты бюросының отырысы болды, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі. Тұрақты комитеттердің төрағалары сенаторлардың ақ панның 5-і мен 15-і аралығындағы ел аймақтарына сапары туралы есеп берді. Жұртшылықпен, еңбек ұжымдарымен, əлеуметтік сала қызметкерлерімен, ғылым жəне шығармашылық салалардың зиялы қауым өкілдерімен кездесулер барысында депутаттар Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты ха лыққа Жолдауын іске асыру мəселелерін талқылады. Мемлекет басшысының бастамаларын заңнамалық тұрғыда қамтамасыз ету жұмыстарының алдында халықпен кездесулердің ерекше маңызы бар. Депутаттар жергілікті

жерлерде шағын жəне орта бизнес кəсіпорындарын, агроөнеркəсіп кешенін дамыту, əлеуметтік бағдарламалар мен индустрияландыру жобаларын іске асыру, сондай-ақ, заңнамалық тұрғыда шешуді та лап ететін мəсе лелермен танысты. Бюрода Сенат комитеттеріне Мəжілісте мақұлданған заң жобалары бөлініп берілді. Бюро мүшелері, сондай-ақ, Сенаттың 27 ақпанда болатын отырысының күн тəртібін де қарады. Отырыста «Жол жүрісі туралы» заң жобасы жəне заңнамаға жол жүрісі мəселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ілеспе заң жобасы екінші оқылымда қаралатын болды.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің төрағасы Мұрат Оспановты қабылдады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.

астам тұрғын үй пайдалануға берілген. Бұдан бөлек, И.Тасма ғам бетов биыл қалада үш ауысым мен оқытуды тоқтату жоспарланып отырғанын, ал 2020 жылға қарай мектепке дейінгі 100 мекеме салынатынын айтты. Сондай-ақ, өткен жылы 78 мыңға жуық адам елордаға түпкілікті қоныс тану үшін көшіп келгені атап өтілді. Кездесу қорытындысында Мемлекет басшысы қаралған мəселелер бойынша бірқатар нақты тапсырмалар берді.

М.Оспанов Мемлекет басшысына агенттіктің 2013 жылғы жұмыс қорытындылары мен биылғы жылға арналған жоспарлар туралы баяндады. Кездесу барысында тариф саясатын жетілдіру жөніндегі негізгі шаралар, сондай-ақ, тарифтерді қалыптастырудың ашықтығын қамтамасыз ету, реттелетін қызметтер сапасын арттыру мен табиғи монополиялар субъектілерінің қызметіне бақылауды күшейту мəселелері талқыланды.

Қазақстан Президенті монопо листердің тарифтерді өсіру нəтижесінде алынатын қаражаттарды мақсатты пайдалануын қатаң бақылауды қамтамасыз ету қажеттігіне назар аударды. Нұрсұлтан Назарбаев шағын жəне орта бизнесті дамыту үшін барынша қолайлы жағдайлар жасаудың, сонымен қатар, инвестиция тарту мақсатында мемлекет-жекеменшік серіктестігі тетігін кеңірек қолданудың маңыздылығын атап өтті. Агенттік төрағасы Мемлекет

басшысын табиғи моно по лиялар субъектілерінің инвестицияларының өсу қарқыны мен саланы жаңғыртудың нəтижелері туралы хабардар етті. Капитал салу тозу деңгейін төмендетуге жəне ысырапты едəуір қысқартуға ықпал еткені атап өтілді. Атап айтқанда, 2006 жылдан бастап олардың деңгейі іс жүзінде жартылай төмендеген, сондай-ақ, отынды, шикізатты, материалдар мен энергияны тұтыну азайған. Кездесу қорытындысында Мемлекет басшысы бірқатар нақты тапсырмалар берді.

----------------------------------------Суреттерді түсіргендер С.БОНДАРЕНКО, Б.ОТАРБАЕВ.

Статистика наќтылыќќа негізделгенде тиімді Мəжіліс Төрағасының орынбасары Сергей Дьяченконың жетекшілігімен кеше «Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі жұмысының 2013 жылғы қорытындылары жəне 2014 жылғы перспективалары» деген тақырыпта Үкімет сағаты болып, онда қосымша көрме ұйымдастырылды. Асқар ТҰРАПБАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан».

Елбасы статистика саласын жетілдіру туралы əрдайым ескертіп отыратындығын тілге тиек еткен вице-спикер осы ведомство алдында статистикалық деректер сапасын жақсарту,

халықаралық стандарттар енгізу, жаңа ақпараттық технологияларды қолдану мен ақпарат тарату жұмыстарын жақсарту мін деті тұрғандығын ерекше ата ды. «Отандық статистика сала сы дамып келе жатқанын бай қап жүрміз. Қазіргі таңда «Талдау», «е-статистика» сияқты

ақпараттық-талдау жүйелері енгізілген. Дүниежүзілік банкпен бірлесіп, «ҚазСтат» жобасы іске асырылып келеді», деді Сергей Александрович. Бұдан кейін сөз Статистика агенттігінің төрағасы Əлихан Смайыловқа берілді. Агенттік басшысы баяндамасының басы мен соңын мемлекеттік тілде жасағанымен, негізгісін ресми тілде əңгімеледі. Сол үшін де депутаттар тарапынан ескерту алды. Бірақ келесі келгенде баяндаманы тек мемлекеттік

тілде жасайтындығына сендірді. Ведомство басшысы бұл ретте қазақстандық статистикалық жүйенің əрі қарай дамуы агенттіктің 2014-2018 жылдарға арналған стратегиялық жоспары негізінде жүргізілетінін қаперге салды. Статистика агенттігі алдында 2014 жылға «ҚазСтат» жобасын іске асыру жұмыстарын жалғастыру жəне Ұлттық шоттар жүйесін жетілдіру мəселесі тұрғаны ерекше аталды. (Соңы 2-бетте).

● Шымкент қаласында өткен жылы 3 млрд. теңге бөлініп, 13 шағын ауданға газ құбыры тартылған. Осы жұмысты алдағы мерзімде де іске асыру жоспарлануда. ● Павлодар облы сындағы мұнай-химия зауытына энергия менеджменті жүйесіндегі сəйкестік сертификаты берілді. Зауыттың ішкі құрылымы өткен жылы талап қа сай жаңартылған болатын. ● Орал қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінде алғашқы əлемдік ро бот техникаларының олим пиадасы өткізілді. Оған еліміздің 15 қаласынан оқушылар қатысты. ● Ақтау қаласында бағаны тұрақтандыру үшін жергілікті сауда кə сіпорындарының жəрмеңкесі өткізілуде. Бұл игілікті бастама апта сайын жалғасын тауып отыр. ● Қарағанды облысында «Болашақтың эргономикасы» деп аталатын халықаралық байқау жарияланды. Ол баламалы энергия көзін дамытуға бағытталған. Egemen.kz хабарлары мен облыстық əкімдіктер сайттарының материалдары бойынша дайындалды.

● Интеграция игілігі  Оймақтай ой Ұлттың ең басты капиталы – халықтың адамгершілік қасиеті.

Технологиялыќ орталыќ

Аќсай ќаласында Ќазаќстан мен Біріккен Араб Əмірліктері арасындаєы бірегей жоба жїзеге асырылуда

Николай ЧЕРНЫШЕВСКИЙ.

Оќулыќ олќылыєы ойлантады

Осыдан он бес жыл бұрын саясат аренасына шыққан «Нұр Отан» ең алдымен ел мүддесін көздейтінін нақты іспен күнбе-күн дəлелдеп келеді. Оны өмірдің кез келген саласынан анық айта аламыз. Сол саланың бірі – төл мəдениет. «Біз қоғамымыздың бірегейлігін айқындайтын мəдени жəне рухани құндылықтарды сақтап, ұлғайта түсуді жақтаймыз» – партияның кезектен тыс XV съезінде қабылданған Саяси доктринада осылай айтылған болатын. Қазіргі таңда «Нұр Отан» зияткер ұлтты қалыптастыруға көп көңіл бөліп келеді. Ал мұның сенімді кепілінің бірі – жас ұрпақтың жақсы оқулықпен қамтамасыз

етілуі. Партия жанындағы Мəдениет пен өнерді дамыту мəселелері жөніндегі «Мирас» қоғамдық кеңесі жақында өткен отырысында қазақ тіліндегі оқулықтар мен оқу-əдістемелік материалдардың сапасын қарап, сараптайтын жұмыс тобын құрған болатын. «Егемен Қазақстан» бүгінгі нөмірде жұртшылықтың жанын ауыртып жүрген осы мəселеге тұтас бет арнап отыр. «Оқулық олқылығы ойлантады» деген ортақ тақырыппен берілген материалдарды газеттің 5-ші бетінен оқи аласыздар.

Бїгінгі нґмірде: Мемлекеттік тіл мəртебесі 3-бет

Темір ҚҰСАЙЫН,

«Егемен Қазақстан».

Маѕєыстаудыѕ геологиялыќ əлеуеті ќандай? 4-бет

Ќош, Сочи! Кґріскенше, Аќ Олимпиада! 6-бет

Осыдан 14-15 жыл бұрын, адамзат баласы екінші мыңжылдықтың босағасын аттаған кезеңге дейін отандастарымыздың арасында технопарк ұғымының түп-төркінін терең түйсінетіндер көп бола бермейтін. Оның бер жағында республикамызда Ел басының бастамасымен индустриялық-инновациялық даму

бағдарламасы қабылданып, осы шеңбердің аясында техно парк термині де көпшілікке түсінікті бола бастады. Бір сөзбен айтқанда, инно вациялық қызмет пен технопарк ұғымдарын бір-бірінен бөлек қарастыруға болмайды. Расында да, инновациялық қызметтің инфрақұрылымын технопарктерсіз іске асыру еш мүмкін емес. Əңгіменің анығы мен ашығына келсек, бүгінде өндірісіміз бен өнеркəсібімізді сапалық тұр ғыдан дамыту үшін озық,

өмір шең технологиялар өте қажет. Сондай-ақ, замана талабына сай ғылыми-техникалық талдауларды іске асыру да кезек күттірмейді. Мұндай міндеттерді жолға қоюдың басты бір кілті елде технопарктер жүйесін дамыту болып табылады. Осындай биік талаптар мен əлемдік өлшемдер үдесінен шығып келе жатқан елдегі тех нологиялық орталықтардың бірі – Ақсай индустриялық паркі. Аталған ғылыми-өндірістік

құрылым, материалдың қосымша тақырыпшасына шығарып отырғанымыздай Қазақстан Үкіметі мен Біріккен Араб Əмірліктері арасындағы ортақ жоба. Бұл біріккен кəсіпорынның бас ты мақсат-мұраты жаңа технологияларды трансферттеуге, оны өзге бір де бір елден тасымалдауға еш болмайтындай, мінсіз де сапалы технологиялық қызмет көрсетуге бағытталған. (Соңы 3-бетте).


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.
25022014 by Egemen - Issuu