Бїгінгі нґмірде: Агроґнеркəсіп кешенініѕ екінші тынысы 5-бет Мїлікті заѕдастыру ол ќалай жїзеге асады? 7-бет Асќардыѕ алтын алмасы 15-бет Ќазаншўѕќыр жабылды, ќорќыныш сейілді 16-бет
№80 (28304) 25 СƏУІР ЖҰМА 2014 ЖЫЛ
ЭКСПО-2017-ніѕ ќўрылыс жўмыстары басталды
● Толғандырар тақырып
«Еѕ дамыєан елдердіѕ барлыєы бїгінгі биіктерге интеграция арќылы жетті» Ќазаќстан Республикасы Премьер-Министрініѕ бірінші орынбасары Баќытжан САЄЫНТАЕВПЕН сўхбат «Биыл менің Еуразиялық экономикалық одақ жөніндегі идеяны ұсынғаныма 20 жыл толады. Еуразиялық интеграция үдерісі бүгінде дамудың мүлде жаңа кезеңіне шықты. Еуразиялық экономикалық одақ құру туралы тарихи шартқа 2014 жылы мамырда дəл осы жерде, Астанада қол қою жоспарлануда» – Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ə.Назарбаевтың ХІІ Еуразиялық Медиа-форум қатысушыларына жолдаған құттықтауында осылай делінген. Біз Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаевпен таяуда болатын осы оқиғаның мəн-маңызы туралы сұхбат құруды жөн көрдік.
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Астана ЭКСПО-2017» көрме кешенінің капсуласын салу рəсіміне қатысты, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. Мемлекет басшысы «Астана ЭКСПО-2017» көрме кешенін салу жұмыстарының кестесімен танысты, сондай-ақ, капсула салып, құрылыс жұмыстарын бастап берді. Нұрсұлтан Назарбаев Астана қаласының мəслихат депутаттарымен, негізгі мердігер ұйымдар басшыларымен жəне инвесторлармен əңгімелесті. Өз сөзінде Мемлекет басшысы бүгін ЭКСПО-2017 нысандарының құрылыс жұмыстарының басталғанын атап өтті. – 2017 жылы елордамыздың жиырма жылдығы көрменің
ашылуымен тұспа-тұс келеді. Осы жылдар ішінде мен Астананың көптеген нысандарының құ ры лысын бас тап бердім, ал бірақ дəл мұндай нысанды біз салған емеспіз. Бұл іс жүзінде Астананың бірегей инновациялық ғимараттары бар жаңа орталығы болады. Бұл ретте нысандардың басым көпшілігі желдің күшін, күн жəне өзге қуат көздерін қамтитын «жасыл» энергиямен қамтамасыз етілетін болады. Кешен Назарбаев Университеті үшін базаға айналады, оның студенттері мен ғалымдары жаңа технологиялар əзірлей
алатын болады, – деді Қазақстан Президенті. Нұрсұлтан Назарбаев кешен құрамында 4 мың пəтер, жа ңа қонақүй, Конгресс-холл, сондай-ақ, ұзындығы 500 метрлік «жабық қала» салу жоспарланып отырғанын айтты. – Жабық аймақта ойын-сауық жəне сауда орындары орналасады. Басты павильонның өзі диаметрі 80 метр жəне биіктігі 100 метр шар пішіндес болады, онда халықаралық павильондар орналасады. Бұған қоса, барлық қажетті нысандары бар аллея жасалады. Жалпы, кешенді салуға өте көп құрылысшы қатысады, шағын жəне орта бизнестегілер көптеген жұмыс орындарын аша алады. Бұл орайда негізгі
мақсат – құрылысқа қазақстандық мердігер ұйымдарды тарту. Бұл үшін оларға өз деңгейлерін көтеруге, жоғары сапа мен кəсіби шеберліктерін көрсетулеріне тура келеді, – деді Мемлекет басшысы. Қазақстан Президенті ЭКСПО-2017 əлемдік қоғамдастыққа елордамыздың да, күллі еліміздің де жетістіктерін көрсетуге мүмкіндік беретінін жеткізді. – Көрменің өзін өткізумен қатар, біз бай мəдениетімізді, тарихымыз бен өнерімізді көрсетуге тиіспіз. Осының барлығы Үкіметтің, қала əкімдігінің, барлық министрліктер мен ведомстволардың зор үйлесімді жұмысын талап етеді. Біз бұл маңызды міндетті атқара аламыз жəне əлем алдында мүлде жаңа сапада көрінеміз
деп сенемін, – деді Нұрсұлтан Назарбаев. Негізгі құрылыс-монтаж жұмыс тары 2014 жылғы мамырдан 2016 жылғы желтоқсанға дейін жоспарланған. «Астана ЭКСПО-2017» көрме кешенінің жалпы аумағы – 174 гектар, мұнда аумағы 1 миллион шаршы метрден астам нысандар құрылысы жоспарланып отыр. Көрме аймағында Қазақстан ның Ұлттық павильоны, халықаралық, тақырыптық жəне корпоративтік павильондар, сауда жəне ойын-сауық нысандары орналасады. Көрмеден тыс аймақта конференция орталығы, баспасөз орталығы, төбесі жабық қалашық, тұрғын үйлер мен қонақүйлер құрылысы жоспарланған.
Банктіѕ негізгі баєыттары талќыланєан ќабылдау Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Еуразиялық Даму банкі басқармасының төрағасы Игорь Финогеновті қабылдады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. Кездесуде банктің еліміздегі жұмысының негізгі бағыттары талқыланды, сондай-ақ, оның 2006 жылы Қазақстан мен Ресейде уəкілетті өкілдігі бекітілген кезден бергі қызметінің аралық қорытындылары шығарылды. Осы жылдар ішінде Қазақстан экономикасына 2 миллиардтан астам доллар салынғаны, электр энергетикасы, көліктік машина жасау, химия өнеркəсібі салаларымен қатар, түрлі салаларда 28 жоба іске асырылғаны атап өтілді. Қазіргі уақытта тағы 28 жоба қаралу үстінде. Мемлекет басшысы банк жұмысының көрсеткіштері оның дамуының оң динамикасын көрсететінін атап өтті. Нұрсұлтан Назарбаев біздің ел банктің өз қызметін кеңейту, капиталын ұлғайту жəне жаңа мүшелер қосу жөніндегі ниетіне дұрыс қарайтынын айтты. Өз кезегінде, И.Финогенов банктің
Серіктестікке бастайтын стратегиялыќ шарт Сенат Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жетекшілігімен өткен палатаның кешегі жалпы отырысында Өзбекстанмен арадағы стратегиялық əріптестік шарты қаралды. Сондай-ақ, депутаттар рұқсаттар мен хабарламалар туралы екі заңдық құжатты қызу талқыға салды. Асқар ТҰРАПБАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан».
Алдымен «Еуразиялық экономикалық қоғамдастыққа мүше мемлекеттердің экспорттық бақылауының бірыңғай тəртібі туралы келісімнің күшін жою туралы» Заң жобасы қаралып, қолдау тапты. Қырғызстан мен Тəжікстан ЕурАзЭҚ-тың бірыңғай кеден аумағына қосылған кезден бастап
күшіне енетін жекелеген баптарды айтпағанда, Келісім 2007 жылы күшіне енді. Оның кейбір баптары орындалған жағдайда ЕурАзЭҚ-қа мүше мемлекеттердің (Қазақстан, Ресей, Беларусь, Қырғызстан жəне Тəжікстан) аумағы бойынша экспорттық бақылауға жататын тауарлар мен технологиялар еркін қозғалуына рұқсат белгіленеді. (Соңы 3-бетте).
Таєайындау
Мемлекет басшысының Өкімімен Руслан Фатихұлы Жақсылықов Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының Бас қолбасшысы болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған қызметінен босатылды.
Қазақстан Республикасының Заңы Озон ќабатын бўзатын заттар жґніндегі Монреаль хаттамасына 1999 жылєы 3 желтоќсанда Бейжіѕде ќабылданєан Тїзетуді ратификациялау туралы
Озон қабатын бұзатын заттар жөніндегі Монреаль хаттамасына 1999 жылғы 3 желтоқсанда Бейжіңде қабылданған Түзету ратификациялансын. Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ. Астана, Ақорда, 2014 жылғы 23 сəуір №198-V ҚРЗ
Қазақстанда жұмыс істеуі үшін жасалған қолайлы жағдайға ризашылығын білдірді. Ол, сонымен қатар Еуразиялық Даму банкі қызметінің Қазақстанда мемлекеттік жəне салалық бағдарламалардың аясында жүзеге асырылып жатқан басымдығы бар жобаларға шоғырландырылған негізгі бағыттары туралы баяндады. Сонымен қатар, банктің Алматыдағы штаб-пəтері арқылы екінші деңгейлі серіктес банктермен шағын жəне орта бизнесті қаржыландыруды дамыту жөнінде жұмыстар жүргізілуде. ЕДБ басшысы банк өзінің бағалы қағаздарын шығаруды жоспарлай отырып, Қазақстанның қаржы нарығын дамытуға да белсенді қатысатынын атап өтті. Бұл жобаларды ұлттық валюта арқылы қаржыландыруды ұлғайтуға мүмкіндік береді. ----------------------------------------Суреттерді түсіргендер С.БОНДАРЕНКО, Б.ОТАРБАЕВ.
– Құрметті Бақытжан Əбдірұлы! Сізбен əңгімені бастарда Үкіметте осыдан жиырма шақты күн бұрын болған бір жағдай есіме түсіп отыр. Еуразиялық экономикалық ықпалдастық мəселелерінің бұқаралық ақпарат құралдарында қамтылуы жөнінде мəжіліс өткізілетін залға кіріп келгеніңізде шақырылған адамдардың көптігіне таңданғаныңызды айтып қалып едіңіз. Үш мемлекеттің басшы лары мамыр айының аяқ шенінде немесе маусымның бас жағында қол қойылады деп шамаланып отырған Еуразиялық экономикалық одақ құру туралы шарт журналистер үшін жабық тақырып емес деп ойлаймын, солай емес пе? – Əрине, солай. Мен ол жолы залға журналистердің емес, осы мəселеге қатысты министрліктер мен ведомстволардың өкілдері тым көп шақырылғанына ғана назар аударған едім. Өзіңіз көрдіңіз ғой, кездесуде олардың бəрі бірдей сөйлей алған жоқ. Тіпті кейбір комитет төрағалары құр отырып, əңгіме тыңдап қана кетті. Ондай
жиын-жиналыстарға тек нақты сөз сөйлейтін, журналистердің нақты сұрақтарына нақты жауап беретін адамдардың ғана шақырылғаны жөн. Соны айтқым келген. Қай министрлікте де шаруа бастан асып жататынын жақсы білесіз. Ал дəл осы айларда экономикалық интеграцияға тікелей қатысты орындар күн-түн демей жұмыс істеп жатыр дей аламын. Елбасымыз жақында Мəскеуде Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысында «біздің сарапшыларымыз өте үлкен əрі қиын жұмысты жүргізуде» деп бұл іске тиісінше баға бергенін өзіңіз білесіз. – Еуразиялық экономикалық одақ құрудың түп негізінде Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың сонау 1994 жылы М.Ломоносов атындағы Мəскеу мемлекеттік университетінде жасаған ұсынысы тұрғаны баршаға белгілі. Əңгімеміздің бас жағында осы идеяның туындауын, пісіп-жетілуін, белбелестерін оқырмандардың есіне тағы бір салып өтсеңіз деймін. (Соңы 4-бетте).
Кґрменіѕ тіркеу ќўжаты ќорєалды Париж қаласында қазақстандық делегация «ЭКСПО-2017» тіркеу құжатын қорғады. 23-24 сəуір аралығында Париж қаласында «ЭКСПО-2017» Ха лықаралық маман дан дырылған көрмесінің комиссары – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Рəпіл Жошыбаев бастаған қазақстандық делегация Халықаралық көрмелер бюросының (ХКБ) Атқарушы комитет отырысында «ЭКСПО-2017» тіркеу құжаты бойынша есеп берді. Тіркеу құжаты көрме нысандарының барлық техникалық құжаттарын қамтитын соңғы жоспар болып саналады. Р.Жошыбаев өз сөзінде Атқарушы комитеттің соңғы отырысынан кейінгі кезеңдегі атқарылған жұмыс туралы баяндап,
қазақстандық тараптың Бас хатшы Висенте Лоссерталестің наурыздағы Қазақстанға жасаған сапары кезінде айтылған барлық ұсыныстары назарға алынғандығын жеткізді. Сондай-ақ, «ЭКСПО-2017» комиссары көрме қатысушыларын аккредиттеу мен қазақстандық виза беру туралы толық ақпарат берді. Отырыс қорытындысы бойынша Атқарушы комитеттің мүшелері «ЭКСПО-2017» көрмесінің Тіркеу құжатын бірауыздан қолдап, үстіміздегі жылғы 11 маусымда Парижде өтетін Халықаралық көрмелер бюросының (ХКБ) 155-ші Бас Ассамблеясының мақұлдауына ұсынуға шешім қабылдады. «Егемен-ақпарат».
Сындарлы пікір алмасу ґзара сенім мен тїсіністікті ныєайтады Кеше елордадағы Тəуелсіздік сарайында ХІІ Еуразиялық Медиа-форум жұмысын бастады. Оған шетелдік жəне отандық бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, танымал саясаткерлер мен ғылым қайраткерлері, Қазақстан Парламентінің депутаттары, бірқатар министрліктер мен ведомстволардың басшылары, сондай-ақ, АҚШ Конгресі Өкілдер палатасының экс-спикері Ньют Гингрич, Израильдің бұрынғы Премьер-министрі Эхуд Барак, НАТО Бас хатшысының бұрынғы орынбасары Алессандро Минуто-Риццо, ресейлік журналист Владимир Познер қатысуда. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Форумға қатысушыларға құттықтауын Мемлекеттік хатшы Əділбек Жақсыбеков оқып берді.
Азия – жаћандыќ ґзгерістердіѕ орталыєы
Осымен он екінші рет өтіп отырған Еуразиялық Медиа-форумның ашылу рəсіміне көпшілікке белгілі тележүргізуші жəне продюсер Риз Хан модераторлық етті. Ол еліміз де ұйымдастырылған осындай медиа-форумдарға талай мəрте модераторлық жасаған бола тын. Бұл жолы модератор қатысушыларға «қош келдіңіздер!» айта келіп, Форумды қатқыл сұрақтар қойып, мазалай беретін балалық кезден өтіп, енді аса маңызды мəселелерге назар аударуға құлшынған жасөспірімге теңеді. Өйткені, бұл жиын əлемде
болып жатқан өткір де өзекті мəселелерге арналып отыр. Алыс-жақын шетелдерден жəне еліміздің əр өңірінен арнайы келген делегаттар мен меймандар сол мəселелер жөнінде пікір алмасып, өз ойларын ортаға салмақ. Модератор Риз Хан қатысушылардың Астана төрінде өтіп жатқан Форумға белсене қатысуларын өтініш ретінде білдірген соң, сөзді Қазақстан Республикасы Парламенті Мəжілісі Төрағасының орынбасары, Еуразиялық Медиа-форумды ұйымдастыру комитетінің төрайымы Дариға Назарбаеваға берді. (Соңы 2-3-беттерде).