25042015

Page 1

24 саєат №76 (28554) 25 СƏУІР СЕНБІ 2015 ЖЫЛ

● Кəсібің – нəсібің

ЕЅБЕКЌОР АНА аудандаєы алєашќы тауыќ фермасын ашты Бақтияр ТАЙЖАН,

«Егемен Қазақстан».

Компания басшыларымен кездесті Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Global Advisory» компа ниясының басшылары Мешаль Мохамед Аз əл-Махмуд жəне Абдульхади Мана Аш əл-Хаджримен кездесті, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.

Кездесу барысында компанияның Қазақстандағы қызметі, бір лескен жобаларды жүзеге асы ру мəселелері, сондай-ақ, ынтымақтастықты дамыту келешегі талқыланды.

----------------------------------------Суретті түсіргендер С.БОНДАРЕНКО, Б.ОТАРБАЕВ.

Таєайындаулар

Мемлекет басшысының Жарлықтарымен: Қазақстан Республикасының Египет Араб Республикасындағы Төтенше жəне өкілетті елшісі Берік Сақбайұлы Арын Қазақстан Республикасының Алжир Халық Демократиялық Республикасындағы, Тунис Республикасындағы Төтенше жəне өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы; Қазақстан Республикасының Ұлыбритания жəне Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігіндегі Төтенше жəне өкілетті елшісі Ержан Хозеұлы Қазыханов Қазақстан Республикасының Ирландиядағы, Исландия Республикасындағы Төтенше жəне өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы; Қазақстан Республикасының Таиланд Корольдігіндегі Төтенше жəне өкілетті елшісі Марат Төлеубекұлы Есенбаев Қазақстан Республикасының Мьянма Одағы Республикасындағы Төтенше жəне өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы; Қазақстан Республикасының Швейцария Конфедерациясындағы Төтенше жəне өкілетті елшісі Мұхтар Бескенұлы Тілеуберді Қазақстан Республикасының Қасиетті Иерусалим Иоанны, Родос жəне Мальтаның Егеменді Əскери Госпитальерлері Орденінің жанындағы Төтенше жəне өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы болып тағайындалды.

Мемлекет басшысыныѕ Конституция кепілі ретінде жалпыєа ортаќ сайлау ќўќыєын жїзеге асыру туралы Ќазаќстан азаматтарына

ЇНДЕУІ

Қымбатты отандастарым! Өздеріңізге мəлім, 26 сəуір күні Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауы өтеді. Халқымыз бұл жөнінен жанжақты хабардар. Қолдаушылар мен кандидаттар облыстарда болып, жұртшылықпен жүздесті. Бүкілхалықтық сайлау – біз дің Конститу ция мызда, арнайы заңымызда көрініс тапқан аса маңызды саяси іс-шара. Сайлау арқылы азаматтарымыз, біріншіден, өзінің конституциялық құқығын жүзеге асырады, екіншіден, ел басқару ісіне тікелей қатысады. Əрбір азамат

өзіне ұнайтын, саясатын түсінетін, халықты алға бастай алады деп сенетін кандидатқа дауыс береді. Бұл – əлемдік қоғамдастық өкілдерінің назарын аударатын ел өміріндегі елеулі оқиға. Сайлауды бақылау үшін елімізге 1 мыңнан астам байқаушы, 200-ге жуық шетелдік ақпарат құралдарының өкілдері келеді. Олардың алдында біз ынтымағымызды көрсетуіміз керек. Халық неғұрлым белсене қатысатын болса, соғұрлым еліміздің бірлігі нығаяды, болашаққа деген сенімі беки түседі. Баршаңызды сайлауға қатысып, дауыс беруге шақырамын.

Достастыќтан келген байќаушылар кґп

Кеше Парламент Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев ТМД Байқаушылар миссиясын Қазақстанға бастап келген ТМД Атқару комитетінің төрағасы – ТМД Атқарушы хатшысы Сергей Лебедевті қабылдады.

Қ.Тоқаев Қазақстан Рес публикасы Президентінің кезектен тыс сайлауына Тəуелсіз Мемлекеттер Достастығынан келген халықаралық байқаушылардың үйлесімді жұмыстары үшін ризашылығын білдірді. С.Лебедев байқаушылардың жұмысы үшін жақсы жағдай жасалғанына ризашылығын білдірді жəне халықаралық байқаушылар тарапынан президенттік сайлауға

баса назар аударылып отырғанын жеткізді. Сайлау науқанына ТМД Миссиясының құрамында ТМДның 8 елінен 410 байқаушы келді. ТМД Атқарушы хатшысы ТМД байқаушылары сайлауды байқауды Қазақстан заңнамасы аясында, əділдік пен саяси бейтараптық қағидаларын басшылыққа ала отырып жүргізетінін атап өтті, деп хабарлады Парламент Сенатының баспасөз қызметі.

Кїн тəртібі наќтыланды Палата Спикері Қабиболла Жақыповтың төрағалығымен Мəжіліс бюросы өтіп, жалпы отырыстың күн тəртібі нақтыланды. Мəжілісмендер назарына Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің жобасын, ілеспелі түзетулермен екінші оқылымда қарау ұсынылған. Сондай-ақ, осы күні халық қалаулылары Каспий теңізінде төтенше жағдайлардың алдын алу жəне оларды жою саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді

жəне 2004 жылғы 22 желтоқсандағы Қазақстан мен Ресей арасындағы «Байқоңыр» ғарыш айлағында «Бəйтерек» ғарыш зымыран кешенін құру туралы үкіметаралық келісімге

Бұрынғы Жезқазған облысы Жаңаарқа ауданы «Жеңіс» кеңшарында Социалистік Еңбек Ері Сатан Ысқақов деген атақты шопан болды. Ол кезде құрметтің бəрі шопанда. Қара «Волга» мініп жүретін сидиған ұзын кісіні көргенде туғаннан сондай суық түсті кісі ме деп қалатын едік. Баламыз ғой. Кейін естідік. Мектеп директоры Оспан Жуанышбаев ағамыздан. Сəкеңмен, Сатанмен бірге өсіпті. Əке-шешеден ерте айырылған сидиған сары бала науа басынан шөліркіген мал көрсе əрі қарай бір қадам аттамайды екен. Өзінің малы жоқ. Біреудікі. Ақ тер-көк тері шығып қауға тартып суарады. Тəмам бала күледі екен. Күле беріңдер, дейді екен жарықтық. Шөлдеген мына малдан обал ғой. Сол еңбегі қайырын беріп елдің алды болды. Ел ағаларының дəргейінде жүрді. Қатарластары ауданнан аса алмай жатқанда Мəскеу барды. Шілік ауылынан ауданда алғашқы болып құс фермасын ашқан өжет əйел, Гүлсара əпше де жас кезінде Сатан жарықтықтай болыпты. Еңбектен еш ерінбейді екен. Қосағы Құдірет екеуі бүгінде бір ауылдың бетке ұстар кəсіпкері болып отыр. Кезінде Тұрғанбай датқаның ізі қалған, атақты Иманжүсіптің Арқа мен Шіліктің ортасын қара жол қылған ауылда шағын дүкен ұстапты. Ел қатарлы мал ұстаған. Көзі қарайып жығып жей бермепті. Көбейтіпті.

Келе-келе түйе бағып, қымыран ашытқан. Отырардың даласының шөбі ащы, жусанды. Гүлсара əпшенің қымыранының бабының келісетіндігі соншалық, шұбат емес қаймақ ішіп отырғандай боласыз. Шағын наубайханасы бар. Баяғыда, бала кезімізде шешеміз шоққа көміп таба нан пісірер еді. Алғашқысын табадан жұлып алардай едік. Қолың күйіп тұрып ортасын ашып сарымай салсаң əп-сəтте еріп кететін. Аузың күйгеніне қарамай бұралай соғасың. Кейде таба нанды ұсақтап турап, сары майға араластырып былғайтын. Мыжыма дейді. Соңынан бір кəрлен кесе айран ішіп, кешке дейін үй көрмей ойнасаң да қарның ашпайды. Сол, шешеміз берген дəм, ыстық таба нан Гүлсара əпшенің наубайханасында да пісіріледі. Қалада алтын табақпен ас ішіп жүрсе

Ыќпалдастыќ ырєаќты дами бермек

23 сəуірде Мəскеуде ПремьерМинистрдің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаевтың қатысуымен Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің кезекті отырысы өтті, деп хабарлады Премьер-Министрдің баспасөз қызметі.

Отырысқа қатысушылар Еуразия лық экономикалық одақтың тиімді қызметін жəне одан əрі дамуын қамтамасыз етуге бағытталған неғұрлым көкейкесті мəселелерді қарап, қорытындысы бойынша үстіміздегі жылғы 8 мамырға жоспарланған Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің Мемлекет басшылары деңгейіндегі отырысының күн тəртібін дайындады. Кеңес отырысының күн тəртібіндегі негізгі мəселе Қырғыз Республикасының Еуразиялық экономикалық одаққа қосылу шарты туралы хаттама жобасын дайындау болды. Өзара тиімді шешімдерге қол жеткізіліп, оның қорытындысы бойынша тиісті хаттамалар жобасы алда тұрған Жоғары кеңес отырысында қол қою үшін дайындалды. Қырғыз Республикасының ЕАЭО-ға қосылуы шеңберінде Жоғары кеңес отырысында қырғыздар тарапынан Комиссияға жаңа алқа мүшелерін қабылдау жоспарланып отыр.

 Үндістанның Бихар шта тында қатты соққан дауылдан 55 адам көз жұмса, 80-нен астамы жараланған. Тұтастай алғанда, табиғат апа тынан аталған штаттағы 12 аудан зардап шеккен. Бихар үкіметі қазірдің өзінде қаза тапқандардың отбасына өтемақы ретінде 400 мың рупийден (6,3 мың доллар) бөлуге уəде беріп отыр. Үйлерінен айырылғандар қосымша 25 кг. бидай, киім-кешек сатып алу үшін 1800 рупий (30 долларға да жетпейді), ыдыс-аяқ сатып алу үшін 2000 рупий (31 доллардан сəл көп) қолма-қол ақшаға қол жеткізеді.  Македонияда оқыс оқиға орын алды. Пойыз миг ранттар тобырына барып соғылды. 14 адам қаза тапты. Трагедия елдің орталық бөлігіндегі Валес қаласы маңында болды. Полицияның дерегіне қарағанда, мигранттардың негізін Сомали мен Ауғанстаннан келгендер құрайды екен. Мигранттар тар шатқалдағы теміржолдың үстімен келе жатқан жəне ешқайда қашуға мүмкіндіктері болмаған, ал машинист пойызды тежеп үлгермеген.

де қабағы қыржиып отыратындар Гүлсара əпшенің ыстық таба нанын үзіп сары майға былғап жеп, сап-сары ірімшік, тарыдан жасалған талқан, сүттен жасалған үзбесін, күркетауықтан жасалған қуырдағын соғып жеп, соңында маңдайының терін ақ орамалмен сүртіп отырып, «əпше, құдағи, бір-бір үзімнен салып бересіз бе, балаларға дəм татырайын» деп қиылып тұратын. Ал, енді бұл кісінің қонақ күтісі, ол енді бір таңдық əңгіме. Үйіне алғаш рет келіп тұрсаңызда алты ай көрмеген туған бауырына жасағандай ықыласына құлайсыз. Бір сөзбен айтқанда, нағыз қазақ əйелі. (Соңы 12-бетте).

Міне, бір айға созылған президенттік сайлау науқаны да мəреге жетуге жақын қалды. Сайлау туралы заңнамаға сəйкес, дауыс беруге бір күн қалғанда жəне сайлау күні кандидаттарды жақтайтын үгіт жұмыстарына рұқсат етілмейді. Тек сайлауды өткізудің ұйымдық жайларын ғана сөз етуге болады. Жауапты таңдау жасаудың алдында біз оқырмандар назарына өздері күтіп жүретін «етжеңді» нөмірдің материалдарын ұсынамыз.

Бүгінгі нөмірде: ● Оймақтай ой Əр заманның өзіне лайық сөзі бар. Базар ОҢДАСҰЛЫ.

Көкпар мен көрермен

ЕЅБЕК ИНСПЕКТОРЫ. 4-бет ОЛ КІМ?

9-бет

ШАРЫН

 Қытайда 18 жылын құлдықта өткізген адам босатылды. Гуандун провинциясындағы Цинъюань қалалық округіне рейд барысында полиция қызметкерлері көрпеше мен жастық дайындайтын жасырын шеберхананың үстінен түскен. Іштегілердің 34 жастағы Се Шишен есімді біреуінен басқасы түгел тығылып үлгерген. Тергеу барысында оның осыдан 18 жыл бұрын жұмысқа жалданғаны анықталған. Содан бері ол үзіліссіз жұмысқа мəжбүрлі түрде жегіліп келіпті.  Италия полициясы ел аумағында іс-қимыл танытып келген «Əл-Каида» лаңкестік желісіне қарсы кең ауқымды операция жүргізді. Полицияның дерегі бойынша, лаңкестік ұйымның ұяшықтары көп жағдайда Сардиния аралында орналасса керек. Аталған ұйым Италияда 2005 жылдан тамыр жайса, негізінен Пəкістаннан келгендер болып табылады екен. Ұсталғандардың қатарында кезінде №1 террорист атанған Усама бен Ладеннің екі жеке оққағары да бар көрінеді.  Ресей астанасы – Мəскеудің солтүстігінде армян тулары бар 40-тан астам машина ұсталған. Олардың жүргізушілері мен жолаушыларына қарудан оқ атты деген күдік таңылып отыр. Оқиға Ленинград даңғылында орын алған. Дерек көзінің мəліметіне қарағанда, армяндар автожарыс ұйымдастыруға ұмтылыс жасапты. «Көліктердің кейбірінен атылған оқтың дауысы шықты», деп атап көрсеткен дерек көзі. Астаналық полиция баспасөз қызметі өз кезегінде машиналар жол жүру ережесін бұзғаны жəне тексеру үшін тоқтатылғанын хабарлады. Ақпарат агенттіктері материалдарының негізінде əзірленді.

7-бет

(Соңы 2-бетте). өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау бойынша заң жобаларын қарайды. Мəжілісмендер Каспий теңізінің түбін Түрікменстанмен бөлу туралы келісімді ратификациялауға қатысты қорытынды əзірлеу мерзімін тағайындайды. Сондай-ақ, бюро отырысында «Қазақстанның мұнайгаз секторының даму проблемалары мен перспективалары» тақырыбында парламенттік тыңдау өткізу мəселесі де талқыланды, деп хабарлады Мəжілістің баспасөз қызметі.

 Ресейдің Мемлекеттік Думасы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығына орай рақымшылық жариялау туралы президент қаулысының жобасын қабылдады. Рақымшылыққа жеңіл жəне орташа деңгейде қылмыстар жасаған жəне елге еңбегі сіңген, жасы 55тен асқан ер адамдар мен жасы 50-ден асқан əйел адамдар, кəмелетке толмаған балалары бар аналар, жасөспірімдер, т.б. ілігеді. Қаулы жобасын қолдап 442 депутат өз дауыстарын берген.

ҮСЕНБАЙ ДАТҚА 10-бет

Тұтқын 15-бет


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.