25/05/2013

Page 1

VI Астана экономикалық форумы аясындағы «Astana Invest 2013» басқосуы елорда дамуының жаңа мүмкіндіктерін əлемге паш етті.

№134 (28073) 25 МАМЫР СЕНБІ 2013 ЖЫЛ

Ўќсамайтын басќаєа, ерекше ќала Астана

Елордада өтіп жатқан VI Астана экономикалық форумы кеше одан əрі жалғасты. Бұл күні халықаралық деңгейде маңызды болып табылатын, еліміздің экономикалық əлеуетін əлемге паш еткен бірқатар шаралар өткізілді. Соның бірі – IV «Astana Invest 2013» форумы болды. Оның жұмысына еліміздің Премьер-Министрі Серік Ахметов, Астана қаласының əкімі Иманғали Тасмағамбетов, Францияның Сыртқы сауда министрі Николь Брик жəне басқа да танымал тұлғалар қатысты.

Үкімет басшысы Серік Ахметов форумдағы құттықтау сөзінде келген қонақтарға еліміздің экономикалық, инвестициялық мүмкіндіктерін таныстырып өтті. Форумның үнқатысу үшін тиімді дəстүрлі алаңға айналғандығын, бизнес-қауымдастық, инвесторлар мен ғалымдар арасындағы

іскерлік байланыстарды нығайтудың өзіндік бір үлгісіне айналғандығын атап көрсетті. Оның айтуынша, дəстүрлі сипаты бар бұл форум шетелдік кəсіпкерлер мен инвесторлар үшін Қазақстанды жаңғырту жұмыстарына қатысуларына тиімді мүмкіндігін ұсына алады.

– Мемлекет басшысының зор қолдауының нəтижесінде біздің елімізде ғана емес, сонымен қатар, еліміз орналасқан өңірдегі ірі саяси, экономикалық орталықтардың бірі ретінде қалыптасып отырған Астананың экономикалық, іскерлік жəне адами əлеуеті инвестициялар үшін барған сайын тартымды бола түсуде. Мұнда перспективалы өндірістерді құрудың, зияткерлік қызмет саласын дамытудың жаңа шаралары жүзеге асуда. Оның үстіне қаланың Еуразиялық алып кеңістіктегі қолайлы орналасуы оның үлкен коммуникациялық мүмкіндіктерін де аша түсуде. Елор да осында көшірілгеннен

 Əлем жəне Қазақстан

«Музыка Меккесі»

Вена сахнасы ќазаќ əуендерімен кґркейді

бері қаладағы халық саны үш есе ұлғайып, 800 мың адамға жетуі, қала құрылысының өте қарқынды жағдайда дамуы соның нақты дəлелдерінің бірі болып табылады, – деді Премьер-Министр. Серік Ахметов мұнан кейін қазіргі күні қаланың осы мүмкіндіктерін пайдалана отырып, оны орнықты да мы тудың барлық шаралары қарастырылуда екендігін айтып өтті. Сонымен қатар, еліміздің қазіргі даму жағдайын қонақтар алдында жан-жақты əңгімелеп берді. Өткен жылдар ішінде елімізге 170 миллиард доллар тікелей шетелдік инвестициялар тартылғандығын, Қазақстан жан

басына келетін шетелдік инвестиция көлемі бойынша да өзі орналасқан өңірдегі əріптес елдер арасынан озып шығып, ТМД бойынша көшбасшылық биікке көтерілгендігін жеткізді. Міне, осындай жағдайда Қазақстан Үкіметі елдегі іскерлік ахуалды одан əрі жақсарта түсуге үлкен мəн беруде. Соның нəтижесінде мемлекет-жеке меншік əріптестігін нығайту оның жұмысының басым бағытының біріне айналды. Өздерінің бизнес қауымдастық тарапынан туындайтын кез келген бастаманы қарастыруға, тиімді ұсыныстарды қолдауға əзір екендіктерін білдірді. Астана қаласы болса, жалпы, ел дамуының бейнелі көрінісі ретінде өсіп келеді. Жаңа да заманауи қала қалыптастыру бағытында оның болашағы өте зор. Ол алдағы уақытта «ақылды шешімдер» мен смарт-технологияларға негізделген «болашақтың қаласы» тұжырымдамасы бойынша қалыптастырылатын болады. Сонымен қатар, Астананың дамуы оған Қарағанды қаласы мен ШучьеБурабай курорттық белдеуінің даму мүмкіндіктерін тарту арқылы агломерациялық өсудің перспективалы аймағы ретінде қарастырылуда. Қалада білім беру, медицина, инновациялық салалардың заманауи іргелі ошақтарының қалыптастырылуы оның бəсекеге қабілетті өнімдер мен қызметтердің халықаралық орталығы ретінде қалыптасуына жағымды жағдай туғызбақ. Бұл қалада 2017 жылы ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесінің өтетіндігі белгілі. Осы жағдайдың өзі қаланың жаңа заман бейнесінде ілгерілей дамуының ықпалды мүмкіндіктерін тудырып отыр. Премьер-Министр форум жұмысына үлкен табыстар тіледі. (Соңы 2-бетте).

Қазақстан Республикасының Заңы 1923 жылғы 12 қыркүйекте Женевада жасалған, 1947 жылғы 12 қарашада НьюЙорк, Лейк Саксессте қол қойылған Хаттамаға сəйкес енгізілген түзетулерімен Порнографиялық басылымдар айналысының жəне оларды саудалаудың жолын кесу туралы халықаралық конвенцияны ратификациялау туралы 1923 жылғы 12 қыркүйекте Женевада жасалған, 1947 жылғы 12 қарашада Нью-Йорк, Лейк Саксессте қол қойылған Хаттамаға сəйкес енгізілген түзетулерімен Порнографиялық басылымдар айналысының жəне оларды саудалаудың жолын кесу туралы халықаралық конвенция мынадай ескертпемен ратификациялансын: «Қазақстан Республикасы өзіне осы Конвенцияның 5-бабын қолданыстағы ұлттық заңнаманың шеңберінде ғана орындау жөніндегі міндеттемелерді алады». Қазақстан Республикасының Президенті Н. НАЗАРБАЕВ. Астана, Ақорда, 2013 жылғы 21 мамыр № 96-V ҚРЗ

Александр ТАСБОЛАТОВ, «Егемен Қазақстан».

Кəрі құрлықтың қақ ортасында орналасқан Австрияның Вена қаласының əуежайына ұшақ доңғалағы тигенде Еуропа алақанына қонғандай болдық. Əрине, бұл ел қазақстандықтар үшін таңсық емес, бірақ қашанда құрмет тұтып, ерекше ілтипат білдіретін мемлекет екендігі де рас. Оған көптеген дəлелдер де бар. Ең бастысы, осы елдің Қазақстанға деген достастығы мен ыстық ықыласы арқасында көптеген ірі істердің тындырылғаны анық. Міне, соған да байланысты болса керек, Венаны Еуропаның саяси астанасы деген үлкен құрмет те

қазақстандықтардың жүрегіне қоныстанғанын жасыра алмаймыз. Бұл елдің тамаша табиғаты да жанға жайлылығымен адамды бірден баурап алады екен. Ал Вена əлемдік мəдениет орталықтарының бірі болып табылатындығын айтар болсақ, əңгімені сəл əріден бастаған дұрыс па деп ойлаймыз. Өткен жылдың қазан айында Президент Нұрсұлтан Назарбаев Австрия Республикасына ресми сапармен келген болатын. Онда Қазақстан Президентінің екі елдің саяси, сауда-экономикалық жəне мəдени-гуманитарлық ынтымақтастығын нығайтуға бағытталған ресми сапары əлемге əйгілі Хофбург сарайында Австрияның Феде рал дық

Президенті Хайнц Фишер мен кездесуден басталды. Сол кезде екі елдің арасындағы мемлекеттік деңгейдегі аса жоғары маңыздағы осы сапар туралы Сауытбек Абдрахманов: «Австрияның аса биік мəдениет мемлекеті ретіндегі атағын айтып жату артық. Венаның «Музыка Меккесі» деп дəріптелетіні тағы бар. Сондықтан да біз газет оқырмандарына 2013 жылы Австрияда Қазақстан мəдениетінің күндері, ал 2014 жылы Қазақстанда Австрия мəдениетінің күндері өтетін болып келісім жасалғанын разылықпен хабарлағымыз келеді», деп хабар жеткізген еді. (Соңы 3-бетте).

Комиссия əлеуеті жоєары

Астанада Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты мен Ресей Федерациясы Федералдық Жиналысы Федерация Кеңесінің арасындағы Ынтымақтастық жөніндегі комиссияның отырысы болды, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі.

Аталған комиссия былтыр наурыз айында Алматыда екі елдің жоғарғы заң шығару органдарының жоғарғы палаталары арасында қол қойылған Ынтымақтастық туралы келісім аясында қызмет етеді. Бұл – Ынтымақтастық жөніндегі комиссияның үшінші отырысы. Шараға Қазақстан Парламенті Сенаты Төрағасының орынбасары Қайрат Ищанов пен Ресей Федералдық Жиналысы Федерация Кеңесі Төрағасының орынбасары Ильяс Умаханов қатысты. Күн тəртібінің аясында ғылым саласындағы ынты мақ тастықтың келешегі мен шекаралық аймақтардың жəне кеден

бекеттерінің құқықтық жағдайларын жетілдіру мəселелері қаралды. Комиссия отырысының қорытындысы бойынша Ресей делегациясының басшысын Қазақстан Республикасы Пар ла менті Сенатының Төрағасы Қайрат Мəми қабылдады. Комиссия аясында талқыланған мəселелер екіжақты ынтымақтастықта өзекті екені атап өтілді. Қ.Мəми айтқандай, комиссияның əлеуеті жоғары жəне ол алда тұрған маңызды міндеттерді шеше алады. Кездесуде сондай-ақ алдағы маусым айында Қазақстан Парламенті Сенаты Төрағасының Ресейге ресми сапарының мəселелері де талқыланды.

Кїн тəртібі ќалыптастырылды

Кеше Мəжілісте палата спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен өткен бюро отырысында алдағы болатын жалпы отырыстың күн тəртібі қалыптастырылды.

Депутаттардың қарауына ратификацияланатын бір топ құжат ұсынылады. Олар: Қазақстан мен Чехия арасындағы инвестицияларды көтермелеу жəне өзара қорғау; 2007 жылғы 18 тамыздағы Қазақстан мен Қытай арасындағы газ құбырын салу мен пайдаланудағы ынтымақтастық; 1992 жылғы 25 мамырдағы Қазақстан мен Ресей арасындағы Достық, ынтымақтастық жəне өзара көмек туралы шарттарға түзетулер енгізуді қарастырады. Палата екінші оқылымда

кейбір заңнамалық актілерге: мемлекеттің кепілдік берілген заң көмегін ұсынуы жүйесін жетілдіру; Мемлекеттік жоспарлау жүйесі; жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау мəселелері бойынша түзетулер енгізуді де қарайтыны күтілуде. Депутаттар осы отырыста кейбір заңнамалық актілерге ювеналдық əділетті жетілдіру мəселелері бойынша түзетулермен жұмысты одан əрі жалғастыру жайын да анықтайтын болады.

 Президент поштасынан

Музыка əлеміндегі тамаша оќиєа

Мемлекет басшысының атына белгілі пианист, Ресей Федерациясының халық артисі Денис Мацуевтен хат келді. Д.Мацуев өз хатында Классикалық музыканың бірінші халықара лық фестивалі жəне «Astana Piano Passion» жас пианистер конкурсы бүкіл музыка əлемі үшін тамаша оқиғаға айналғанын атап өткен. Хат иесінің айтуынша, бұл іс-шараның табысты өтуіне Астананың жайлылығы ерекше рөл атқарған. «Мен көптеген астаналарда болып жүрмін. Бүгінде Астананы əлемнің ең үздік астаналары қатарын да атауға болады деп Сізді сендіргім келеді. Онда – айрықша рух, шабыт, жəне де Сіздің сүйіспеншілігіңіз бар. Мен кіммен кездессем де, барлығы да Сіздің бұл қаланы салып қана қоймай, оған ерек ше шығармашылық шабыт сіңір геніңізді айтады», делінген хатта. Д.Мацуев Қазақстан Президентіне өзіне фестивальдің көркемдік жетекшісі болуға сенім білдіргені үшін алғысын айта келе, конкурс отыз дарынды жас пианисті танытқанын мəлімдейді. «Олар əлемнің үздік сахналарына шығады, бірақ олар табысқа бастаған жолы осы жерден, осы əсем қаладан басталғанын əрдайым есте сақтайтын болады», деп атап өтілген хатта.

Ресейлік пианист конкурс мүшелері, көрнекті музыканттар мен əлемге белгілі педагогтар біздің республикамыздың пианистерінің дайындық деңгейі жоғары екендігін атап өткеніне ерекше тоқталған. «Олар Қазақстанды ең беделді əлемдік музыкалық конкурстарда лайықты танытатынына сенемін. Бұл балалар – Сіздің еліңіздің мақтанышы əрі болашағы», деп жазады автор. Қазақстан астанасында 2013 жылғы 10-16 мамырда болып өткен Классикалық музыканың бірінші халықаралық фестивалі мен «Astana Piano Passion» жас пианистер конкурсына классикалық музыканың əлемдік шеберлері мен жас таланттар жиналды. Фортепиано өнері мен жас пианистер конкурсы жұлдыздарының концертін 7 мыңнан астам адам тамашалады. Конкурс өткізілген кезеңде он-лайн режіміндегі трансляцияны 20 мыңнан астам адам тамашаласа, қатысушылардың өнер көрсетуінің жазбасын əлемнің түрлі елінен 100 мыңнан астам адам көрді. Мəдениет қайраткерлерінің пікірінше, конкурс Қазақстандағы жəне барлық посткеңестік кеңістіктегі музыка өнері дамуының жарқын көрсеткішіне айналды.

 Дат!

Таѕсыќ – тарихи атау Оны талапайєа тїсірмейік Қайыртай ҚАЖЫҒҰЛОВ,

Аягөз ауданының құрметті азаматы, еңбек ардагері.

Осыдан екі-үш жыл бұрын Қозы Көрпеш – Баян сұлу кешенінің іргесіндегі Таңсық ауылының атын өзгерту жөнінде əңгіме шыққанын естіп, жағамды ұстап таң-тамаша болған едім. Абырой болғанда, ол сөз тоқтап қалған. Енді, міне, халқымыздың жүрегінде ғасырлар бойы өшпей сақталып келген махаббат дастанындағы сол

аяулы атауға тағы қатер төнгендей. Себебі, осы Таңсықты мұнда бір кездері ортақол ғана басшы болған азаматтың есімімен өзгерту жөнінде аудандық мəс лихатта мəселе қаралып, жоғары жаққа жіберілгенін естіп, біліп отырмын. Бұл енді ешқандай жол беруге болмайтын жағдай. Таңсықтың есімін өзгертуге көз жұма қарасақ, онда Аягөз өңіріндегі тағы бір аяулы атау – Ай ауылы на «ие табылмасына» кім кепілдік береді? Сонда «Қозы Көрпеш

– Баян сұлу» эпосындағы апалысіңлілі аруларға бүгінгі ұрпақтың көрсеткен құрметі осы болғаны ма? Жоқ, мұндай бассыздыққа бармайық, ағайын! Таңсық ауылынан кезінде елге қадірлі, жұртымызға мақтаныш болған ғылым докторы да, министр де шыққан. Бірақ, олардың ұрпақтары біздің атамызға не əкемізге осы жерден көше немесе мектеп атын бер деп салмақ салғанын естігеміз жоқ. Бұл олардың елді сыйлағандығы,

жерді құрметтегендігі. Ал көше, мəдениет үйіне берген есімін місе тұтпай, ауыл атын иемденуге тырысқан мына əрекет – нағыз кеудемсоқтық. Таңсық – тарихи атау. Ол ешқашан өзгертілуге тиіс емес. ЮНЕСКО тізіміне мəдени мұра ретінде енген, 1500 жылдық тарихы бар халық эпосындағы кейіпкер атауына зорлық жасағанымыз қай сасқанымыз... Бұған ешқашан жол беруге болмайды. Мұны ұмытсақ, елдікке қиянат жасағанымыз. Əдептен аттағанымыз. Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз қаласы.


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.
25/05/2013 by Egemen - Issuu