25062013

Page 1

Бүгінгі нөмірде: Астананың асқақтығы – мемлекеттің мерейі 3-бет «Жиһад» ұғымы «қасиетті соғысты» емес, «өз надандығыңмен күрес» дегенді білдіреді 7-бет Түбекті тербеген дала сазы 8-бет «Елім-ай!» деп өткен есіл ер 9-бет

№155 (28094) 25 МАУСЫМ СЕЙСЕНБІ 2013 ЖЫЛ

Ґѕірдегі ґркенді ґзгерістер Мемлекет басшысы Нўрсўлтан Назарбаевтыѕ ґндірісті ґлке – Павлодар облысына жўмыс сапары барысында айќын кґрінді

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев осы өңірге жасаған жұмыс сапары барысында кеше Павлодар қаласының №4 емханасында, «Нефтехим LTD компаниясы» ЖШС-інде, Мəліметтерді өңдеу орталығында жəне Жастарға қызмет көрсету орталығында болып, аталған нысандардың жұмыс барысымен кеңінен танысты жəне ұжым мүшелерімен еркін əрі ашық əңгімеге ұласқан бірқатар бейресми кездесулер өткізді. Асқар ТҰРАПБАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан».

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің Павлодар облысына жасаған жұмыс сапарын қаладағы №4 емханадан бастады. Бұл денсаулық мекемесі 2010 жылы мемлекеттік «100 аурухана, 100 мектеп» бағдарламасы аясында пайдалануға берілген. Мұнда ересектер мен балаларға амбулаторлық-емханалық қызмет көрсетілетін екі бөлімше бар. Бір ауысымда емхана 500 науқасты қабылдай алады. Емдеу мекемесі жаңадан салынғандықтан, жұмыс істеп жүрген қызметкерлердің дені –жастар.

Қазіргі таңда облыста 50 дəрігер маман жетіспегенмен, жаңадан оқуды бітіріп келіп жатқан жастардың көптігіне қарап, бұл мəселенің жуық арада шешімін табатынына көз жеткізгендей болдық. Елбасы есіктен кіріп келген кезде дəрігерлер қауымы ерекше қол шапалақтап, үлкен қошемет көрсетті. Алдымен сөз алған Павлодар қалалық №1 перинаталды орталығының бас дəрігері Айман Оспанова заманауи құралжабдықтардың арқасында бала өлімі күрт төмендегенінен хабардар етті. Қазіргі кезде бұл көрсеткіш облыста əрбір 100 мың тұрғынға шаққанда 9 баланы құрайды екен. Ал облыстық кардиохирургиялық

орталықтың директоры Ораз Мұқашевтің мəліметіне қарағанда, аталған орталықта 900-ге тарта ота жасалса, соның 80-і балаларға жасалған көрінеді. Павлодар қалалық жедел жəрдем жəне шұғыл медициналық жəрдем стансасының бас дəрігері Қанадан Ахметжанов соңғы 2-3 жылда жаңадан жылжымалы медициналық құрал-жабдық тар мен санитарлық көліктер сатып алынғанын ерекше атады. Қазіргі таңда жедел жəрдем көрсету барынша автоматтандырылған. Қаладағы 70-ке тарта санитарлық көлік спутниктік бағыттау құрылғысымен жабдықталыпты. Соның нəтижесінде республикалық көлік жолдарында орын алған апатты жағдайлардың бірінші сағатының өзінде адам өмірін құтқарып қалуға мүмкіндік бар. Осы орайда Елбасы бас дəрігерден тікұшақтың бар-жоғын сұрады. Оның айтуынша, əлі тікұшақ сатып алынбаған, дей тұрғанмен, бұл – күн тəртібіндегі мəселе. Емхананы аралау барысында

Президент поштасынан

Ќамќорлыќќа ризашылыќ Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың атына Қазақстанның туристік қауымдастығының президенті Р.Асанбаевадан хат келді, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. Өз хатында Р.Асанбаева түрік авиакомпаниясының банкротқа ұшырауы салдарынан зардап шеккен қазақстандық туристерге көрсетілген қамқорлық үшін алғысын білдірген. Осы себептен отандық туристік фирмалар да қиын жағдайға тап болған болатын, оның көпшілігі – шағын

жəне орта бизнес субъектілері. «Сіздің тапсырмаңызбен отандастарымызды елге қайтару үшін Төтенше жағдайлар министрлігінің ұшақтарын бөлу жəне жедел, төтенше көмек көрсету туралы Қазақстан азаматтары мен туристік қоғамдастық үшін маңызды шешім қабылданды», – делінген хатта.

Хат иесі мемлекет тарапынан көрсетілген көмек 800-ден астам қазақстандық туристік фирманың орнықты жұмысын сақтап қалуға мүмкіндік жасағанын, егер банкрот тық орын алған жағдайда 4000-ға жуық адам жұмыссыз қалуы ықтимал болғанын атап өткен. «Сіздің шешіміңіз Отанымыздың күш-қуатын жəне қарапайым азаматтар, барша қазақстандықтар мемлекеттің сенімді қорғауында екенін, ешқашан қорғаусыз қалмайтынын, оларға əрқашан көмек көрсетілетініне сенімділікті көрсетіп берді», – деп жазады Р.Асанбаева.

Бўл – ґте маѕызды шешім Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың атына қазақстандықтардан əйелдер үшін зейнет жасын ұзартудың бастапқы мерзімін ауыстыру туралы шешімге қолдау білдірген хаттар мен жеделхаттар келіп түсті, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. Өз хатында «Ақсай» нан-тоқаш комбинатының ұжымы Мемлекет басшысына елдегі зейнетақы жүйесін реформалау мəселесіне ерекше назар аударғаны үшін ризашылықтарын білдірген. Хат иелері ұжымның 70 пайызын күн сайын нан-тоқаш өнімдерінің түр-түрін шығарумен айналысатын əйелдер құрайтынын атап өткен. «Комбинат жəне оның филиалдары атынан Сізге зейнетақы реформасы туралы заң жобасына қатысты түрлі көзқарасқа жанжақты талдау жасау негізінде қабылдаған шешіміңіз үшін алғысымызды айтамыз», – делінген хатта. Халықаралық «Жанашыр» қо ғамдық қорының президенті

Ж.Əпетова да əйелдердің зейнет жасын ұлғайтуды 2018 жылға ауыс тыру туралы шешім үшін алғысын жеткізген. «Бұл шешім Сіздің кө регендігіңіздің дəлелі болып табылады, өйткені, ол уақытқа дейін Үкімет зейнет жасына таяған əйелдер үшін қолайлы жағдай жасауға бағыт талған шаралардың барлық қырын жан-жақты қарастырады», – делінген хатта. Алматының тұрғыны Н.Қуанған өзінің биылғы 8 наурызда Халықаралық əйелдер күніне орай өткен Президентпен кездесуге қатысушылардың бірі екенін жазады. Ол бұл оқиға өзі жəне отбасы үшін өте маңызды екенін атап өткен.

«Жас болғаныма қарамастан, мені еліміздегі зейнетақы жүйесіне жаңа реформа жасау мəселесі толғандырды. Алайда, Сіздің Қазақстан халқына Үндеуіңізді теледидардан естіген соң, аталған заң жобасын қайта қарау туралы қабылдаған шешіміңізге шын жүректен алғыс айтқым келеді»,– делінген хатта. Өз кезегінде Алматы облысының тұрғыны О.Барибеков зейнетақы реформасының кейбір қырына қатысты Мемлекет басшысының халыққа Үндеуін көпшіліктің жақсы қабылдағаны туралы жазады. «Тəуелсіздік жылдары халқымыздың бойында Сіздің ойыңыз ды алдын ала се зіп-бол жай тын дай қабілет қалып тасты деп санаймын. Өз көш бас шысының көрегендігі мен даналығына тағы да көз жеткізген халық Сіздің шешіміңізге зор қанағаттанушылық танытты», – деп атап өтілген хатта.

Президентке «Саламатты Қазақ стан» бағдарламасын өңірде іске асыру барысы туралы баяндалды, сондай-ақ заманауи емдеу жабдықтары көрсетіліп, емхананың жұмысы туралы мəлім етілді. Мемлекет басшысы соңғы жылдары мемлекеттің денсаулық саласын дамытуға зор мəн беріп отырғанын атап өтті. – Бұл емхана «100 мектеп, 100 аурухана» бағдарламасы аясында салынды. Тағы 6 медициналық мекеменің жəне 4 жалпы білім беретін мектептің пайда ла нуға берілуі бағдарламаның та бысты жүзеге асқанын білдіреді. Сондай-ақ, қазіргі уақытта елімізде перина талды орталықтар салынды, ша ла туған балаларға көмектесу үшін жаңа жабдықтармен жабдықталды. Қазақстанда жыл сайын 400 мың бала дүниеге келеді. Мемлекет оларға, сондай-ақ олардың отбасыларына барлық қажетті жағдай жасауда. Сонымен қатар, зейнетақы реформасын жүргізе отырып, əйелдерге бала күтімі кезіндегі уақыты үшін зейнетақы қорына

аударылымын жоғалтпауға мүмкіндік беретін механизмді қарастырдық. Бұл үшін мемлекет қосымша 10 пайыз жарна төлейтін болады, бұл қосымша əлеуметтік қолдау болып табылады, – деді Нұрсұлтан Назарбаев. Қазақстан Президенті елімізде кардиохиругияны дамытуға көңіл бөлініп отырғанын атап өтті. Жалпы, ашылып жатқан ірі медицина орталықтары қазақстандықтарға қымбат ем алу үшін шетелге шықпай, елімізде сапалы көмек алуға жағдай жасайды. Кездесуде өңірдегі медицина қоғамдастығы өкілдері жүргізіліп отырған əлеуметтік саясатқа, оның ішінде зейнетақы жүйесін жаңғыртуға қолдау білдірді. Сондай-ақ, Мемлекет басшысына қазірдің өзінде 900 операция жасап үлгерген жаңа кардиохирургиялық орталықтың қызметі туралы айтылды. 2010 жылы пайдалануға берілген Павлодар қаласындағы № 4 емхана 71 мың адамға қызмет көрсетеді, оның 16

мыңнан астамы 14 жасқа дейінгі балалар. Бұл медицина мекемесінде 391 адам жұмыс істейді. Бұдан кейінгі жол «Нефтехим LTD» ЖШС-іне түсті. Мұнда Елбасына зауыт шығарып жатқан полимерлік өнім түрлері көрсетілді. Даму перспективасы бойынша зауыт алдағы уақытта австриялық Starlinger компаниясының құрал-жабдығында түйіршектелген полипропиленнен қақпақшалы қорап жəне стандартты тігілген қап шығаруды қолға алуды көздеп отыр екен. Инвестицияның жалпы көлемі – 3,375 миллиард теңге. Егер жоба жүзеге асып жатса, мұнда 174 адамға жұмыс табылады. Жалпы, жобаны іске асыру 2011-2013 жылдар аралығын қамтиды. Басты мақсат – ішкі нарықтағы сұранысты қамтамасыз ету. Қазақстан Президенті кəсіпорынның қызметімен танысып, еңбек ұжымымен кездесу өткізді. (Соңы 2-бетте).

Елімен етене Елбасы

Ќуанамыз. Ќолдаймыз! Зейнетаќы жґніндегі жаѕа заѕ халыќ кґѕілінен шыќты

Газетіміздің 22 маусым күнгі нөмірінде Елбасының қол қоюымен жарияланған «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» жəне «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зейнетақымен қамсыздандыру мəселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңдары көпшіліктің көңілінен шығуда. Мұны редакцияға келіп жатқан пікірлер легі дəлелдейді. Онда газет оқырмандары өздерінің көңілдерін күпті қылған қиын-түйіннің тарқатылғандығын айта келіп, Елбасына алғыстарын жазыпты. Осындай хаттар топтамасын жариялап отырмыз.

Кемелдік кґрінісі

«Егемен Қазақстан» газетінің зейнетақы мəселелеріне байланысты заңдар жарияланған биылғы 22 маусым күнгі нөмірін мұқият қарап шықтым. Газеттің 6-бетінен бастап 13-бетіне дейін алып жатқан ауқымды заңдарды түгел шолып шығудың өзі де осал жүк емес, əрине. Бірақ, елге, халыққа керек дүние болған соң танысуға тырысасың. Атап айтсақ, «Жалпы ережелер» деп аталатын 1-ші тараудан соңғы «Қорытынды жəне өтпелі ережелер» деген 10-шы тарауға дейінгі аралықта қаншама ой мен тұжырымдар жатқанын, соларды жасау үшін инемен құдық қазғандай қаншама тер төгуге тура келгенін салмақтаудың өзі оңай бола қоймас. Ал кейбір заңнамалық актілерге зейнетақымен қамсыздандыру мəселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізудің дəйектері мен дəлелдері оңай асу бермес бір белес екенін кім теріс дер. Өзімнің осы ұзақ ғұмырымда талайды көріп, сан белестен асқан аға ұрпақ өкілі ретінде мені таңырқатқаны бұл ғана емес. Мен Мемлекет басшысының осындай ұлан-ғайыр істердің басын қайырып, көптің көңілін күпті қылған қиын түйінді түбегейлі тарқатып беруге ақыл-ой ауқымы мен күш-қайратының кəміл жеткеніне қуанып, риза болдым. Президентіміздің «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңға қол қойғаны туралы хабардың өзі сан миллион қазақстандықтың

қуаныш сезімін тудырып, көңілдерін көкке өрлеткені күмəнсіз. Қуаныш құтты болсын! АЛМАТЫ.

Есмұхамбет АЙТМАҒАМБЕТОВ, зейнеткер.

Жаѕа заѕдаєы жаѕалыќтар

Əйелдердің зейнет жасын көтеру жөніндегі ұсыныс қоғамда əрқилы пікір тудырғаны рас. Кезең-кезеңмен ұзартуға қатысты жүргізілген үгіт-насихат тобының жұмыстары да денсаулық сақтау қызметкерлері тарапынан қызу талқыланды. Осы мəселеге байланысты біз де өз пікірімізді білдірген едік. Индустрия жəне жаңа технологиялар вице-министрі Альберт Рау облысқа зейнетақы реформасына қатысты жұмыс сапарымен келгенде бірқатар мəселелерді айтқанбыз. Оның ішінде əйелдердің зейнетке шығу жасын ұлғайту кезінде ауыр жұмыстағы аналар, ой еңбегін қажет ететін салалардағы əйелдер туралы нақты ақпараттар ескеріліп, заң шеңберінде оларға дұрыс көзқарастың болуын сұраған едік. Елбасы қол қойған жаңа заңда осы ұсыныстардың аяқсыз қалмағанына қуандық. Мəселен, Елбасы ұсынысымен «бала күтімі демалысы кезінде жұмыс істеуші əйелдердің міндетті зейнеткерлік салымына мемлекет есебінен қосымша төлемақы

қамтамасыз ету, азаматтардың міндетті 10 пайыз зейнетақы шығысына жұмыс берушінің міндетті шығарылымы есебінен қосымша 5 пайыз енгізу» ескеріліпті. Бұл жаңалық бізді қуантып тастады. Лаура ЖАЗЫҚОВА, Денсаулық сақтау қызметкерлері кəсіподағының Ақтөбе облыстық филиалының төрайымы.

Бізге жасалєан їлкен жеѕілдік

Газетте жарияланған зейнетақы жөніндегі жаңа заң кеудемізде үміт сəулесін жақты. Осының алдында теледидар арқылы Президенттің əрбір сөзін құлақ түріп тыңдаған біз Мемлекет басшысының көрегендігіне, халықтың мүддесін бірінші қатарға қоятындығына тағы бір мəрте куə болдық. Зейнетақы жасының 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап, ұзартылуы өте дұрыс жасалған шешім деп санаймын. Өйткені, бұл кезге дейін əйелдер іштей дайындалып, жаңа жүйеге бейімделуге мүмкіндік алады. Мені тағы бір қуантқаны, Президентіміздің бала күтімі демалысы кезінде жұмыс істеуші əйелдердің міндетті зейнеткерлік салымына мемлекет есебінен қосымша төлемақы қамтамасыз етуіне байланысты Үкіметке тапсырма бергені болды. Бұл тапсырма енді міне, заң арқылы ескерілді. Жаңа заңды оқыған соң көңіліміз бір жадырап қалды. Өз басым, мəдениет саласының қызметкері болғандықтан, ел арасында көп жүреміз. Сонда халықтың сөзіне құлақ түре қалсаң, айтатын əңгімелері осы реформа жайында болатұғын. Енді міне, заң да жарияланып, халықтың көңіліндегі күдікті бір серпілтіп тастады. Осындай күрмеуі көп мəселенің шешімін тапқан Президентімізге алғысымыз шексіз. Алма АРЫНОВА, Қуат Əбусейітов атындағы жастар орталығының директоры.

ПАВЛОДАР.


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.
25062013 by Egemen - Issuu