24 саєат №123 (28347) 25 МАУСЫМ СƏРСЕНБІ 2014 ЖЫЛ
Ґркендеген ґндірісті ґѕір Мемлекет басшысы Шыєыс Ќазаќстан облысыныѕ əлеуметтік-экономикалыќ дамуын оѕ баєалады Думан АНАШ,
«Егемен Қазақстан».
Спорт кластері сїйсіндірді
бағытталған жəне меценаттыққа байланысты түрлі жобалар туралы баяндалды.
Ќўс етін ґѕдейді Сапар барысында Елбасы Өскемендегі «Айтас МП» кəсіпорнында болып, зауыттың құс еті өнімдерін өңдеу жəне өндіру жұмыстарымен танысты. «Айтас-МП» ЖШС былтыр тамыз айында іске қосылған болатын. Жобаның жалпы құны – 1,8 млрд. теңге. Шұжық өнімдерін, деликатестер мен жартылай дайын өнімдер шығаратын кəсіпорынның өндіріс көлемі жылына 6 мың тоннаны құрайды. Швейцария, Германия жəне Польшаның жаңа технологияларымен жабдықталған зауыт өнімінің сапасы жоғары, тұтынушылар арасында қазірдің өзінде сұранысқа ие. 100-ге жуық адам жұмыспен қамтылып отырған зауыт қызметкерлерінің орташа еңбекақы көлемі 114 194 теңгені құрайды. Кəсіпорын жетекшілері 2020 жылға қарай жоба қуатын 12 мың тоннаға дейін арттыруды көздеп отыр. Нұрсұлтан Назарбаев құс етін өңдеу зауытының өңірдегі ірі жəне маңызды жобалардың қатарында екенін атап өтті. Зауыт өнімінің 40 пайызы экспортталатынына көңілі толатындығын жеткізді. Сондай-ақ, зауытта Мемлекет
Кешегі өткен Үкімет отырысында еліміздің əлеуметтікэкономикалық дамуының бірқатар мəселелері қаралғаны мəлім. Онда күн тəртібіне шыққан негізгі тақырыптар туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте, журналистерге Премьер-Министрдің орынбасары – Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов бастаған ведомство басшылары əңгімелеп берді.
Озыќ елдер ќатарына ќосатын межелер Нұрбай ЕЛМҰРАТОВ, «Егемен Қазақстан».
Отырыста қаралған мəселелермен таныстырған вице-премьер олардың əрқайсысы жөнінде əріптестері кең көлемде əң гімелейтіндігі туралы айтып, биылғы жылы қолға алынған маңызды шараның бірі – жекешелендіру ісі туралы мағлұмат берді. Ағымдағы жылы 278 квазимемлекеттік сектор нысаны бəсекелес ортаға сатылмақ екен. «Жекешелендірудің 20142016 жылдарға арналған кешенді жоспарын іске асыру үшін
Үкімет бəсекелес ортаға берілуі тиіс квазимемлекеттік сектор субъектілерінің атаулы тізбесін бекітті. Жалпы, бəсекелес ортаға квазимемлекеттік сектордың 782 ұйымы өтеді, 380 ұйым қайта ұйымдастырылу үшін таратылатын болады. Республикалық меншік бойынша 29 ұйым жəне 3 нысан, коммуналдық меншік бойынша 416 нысан жеке шелендірілмек. Ұлттық холдингтер мен компаниялар бойынша бəсекелес ортаға 337 актив беріледі. (Соңы 4-бетте).
басшысына Шығыс Қазақстан облысының агроөнеркəсіп кешенінде жүзеге асырылып жатқан жобалар туралы баяндалды.
Жїздесу жылы əсер ќалдырды
Мемлекет басшысы бұдан кейін өңір активімен, шағын жəне орта бизнес, жұртшылық өкілдерімен кездесті. Ертістің сол жағалауында орналасқан Шығыс Қазақстан облыстық сəулет-этнографиялық жəне табиғи-ландшафтық мұражай-қорығындағы ақшаңқан киіз үйде өткен жүздесуде Нұрсұлтан Назарбаев өз сөзін шығыс өңірінің əлеуметтік-экономикалық маңыздылығынан бастады. – Шығыс Қазақстан облысы – республиканың ірі өндірістік орталығы. Өңірде «Қазцинк», Үл бі металлургия зауыты, титан-магний комбинаты жəне тағы басқа ірі кəсіпорындар жұмыс істейді. Еліміздегі титанның, магнийдің, атом стансасы отынының барлық көлемі, мырыштың 90 пайызы өндіріледі. Аталған өнім түрлері бойынша облыс кеңестік уақытта да жетекші рөлге ие болатын. Үдемелі индус триялық-инновациялық даму бағдарламасына облыста көңіл бөлінген. Үлкен қаржы игеріліп жатыр. Соңғы уақытта 200
миллиард теңгеге 37 жоба іске қосылды. 8,5 мың жұмыс орны ашылды. Шығыс Қазақстан еліміздегі майлы дақылдардың төрттен бір бөлігін өндіреді, сүт пен ет өндіруден елімізде бірінші жəне екінші орынды иеленеді. Сондықтан облысқа көңіл бөлу – Қазақстанның өндірісін өркендету болып саналады. Өңірде ғылым, жаңа технология, əлеуметтік шаралар жөнінен көптеген шаруалар жасалып жатыр. Мен бүгін облыс орталығында іске қосылған спорт кешендерін көрдім. Мұның бəрі халыққа жасалып жатқан жақсылық болып саналады, – деді Мемлекет басшысы. Президент елімізде шағын жəне орта кəсіпкерлікке ерекше көңіл бөлініп отырғанын, экономиканың бұл бөлігінде шығарылатын өнім көлемі екі жарым есеге артқанын атап өтті. – Халықтың үштен бір бөлігінің шағын жəне орта кəсіпкерлікпен айналысуы өте маңызды. Біз құрған ірі кəсіпорындар үлкен қаржы мен кіріс көзі екені белгілі. Бірақ ірі өнеркəсіп көптеген жұмыс орнын құра алмайды. Алып өнеркəсіп орындары жұмысшы санын азайтып, еңбек өнімділігін арттыруға күш салады. Ал шағын жəне орта кəсіпкерлік 5-10, 50 маман істесе де адамдарға жұмыс береді. Сондықтан біз шағын
Комиссия отырысы
Кеше Ақордада Мемлекеттік рəміздер жөніндегі республикалық комиссияның отырысы өтті, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.
Оның барысында Қазақстан Республикасының Қаржы, Экономика жəне бюджеттік жоспарлау министрлерінің есептері қаралды. Сондай-ақ, Ақмола жəне Солтүстік Қазақстан облыстарының
əкімдіктері мемлекеттік рəміздерді пайдалану жөніндегі өз жұмыстары туралы есеп берді. Талқылау қорытындысы бойынша тиісті ұсынымдар мен нақты тапсырмалар берілді.
Бірлесе ќызмет етеді
Кеше Бас прокуратурада Бас прокурор Асхат Дауылбаев пен Ұлттық кəсіпкерлер палатасы төралқасының төрағасы Тимур Құлыбаевтың қатысуымен кеңес өтті.
Онда былтырғы жылдың аяғында Бас прокуратура мен Кəсіпкерлер палатасының арасында қол қойылған Ынтымақ тас тық жөніндегі меморандум шеңберіндегі бірлескен жұмыс тың алғашқы нəтижелері қорытын дыланып, одан əрі өзара əрекеттесудің басым бағыттары талқыланды. Асхат Дауылбаев өзара келісім мен прокуратура органдарының
күш-жігері бизнес қауымдастықпен бірігуі арқасында кəсіпкерліктің дамуы жəне əрі қарай өрістей түсудегі маңыздылығын атап өтті. Мұндағы басты мақсат – кəсіпкерлік бастамашылықты жүзеге асыру үшін халықты қолайлы құқықтық, экономикалық жəне əлеуметтік жағдайлармен қамтамасыз ету. (Соңы 4-бетте).
жəне орта кəсіпкерліктің дамуына барлық жағдайды жасаймыз, – деді Президент. Елбасы өңірде денсаулық сақтау мен білім беру мəселесіне көңіл аударылып отырғандығын, оған дəлел ретінде облыс тұр ғын дарының өмір сүру ұзақтығы 70 жасқа дейін жетіп, бала туу көрсеткішінің 41 пайызға артқанын атап өтті. Мемлекет басшысының айтуынша, бұл – адамдардың өмір сүру деңгейі жақсарғанын білдіреді. Нұрсұлтан Назарбаев соңғы уақытта бизнес қаржысы есебінен бой көтерген медициналық орталық, жекпе-жек сарайы, хоккей орталығы, жеңіл атлетика манежі, орталық бассейн сынды нысандардың барлығы тұр ғындардың денсаулығына қызмет ететінін ерекше атады. Əрине, Өскеменде экология мəселесі бар. Мен бұл мəселені үнемі назарда ұстап отырамын. «Қазцинк» жəне «Қазақмыс» компаниялары экологияның оңалуы жолында бірқатар шаруа атқаруда, – деді Елбасы. Мемлекет басшысы Өскеменде уран кені өңделетінін, Ресеймен əріптестік шеңберінде экспортқа шығару жоспарланып отырғанын айта келіп, Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде Шығыс Қазақстан кəсіпорындарына көрші елдің
● Оймақтай ой
нарықтық кеңістігіне шығуға жақсы мүмкіндік туып, кедендік алымдар мен кедергілерсіз саудасаттық жасауға, бəсекелестікке түсуге болатындығын жеткізді. – Бұл ретте өнімдеріміз бəсекеге қабілетті бола ма деген сауалға жауап табылады. Мен облыста жағымды алға жылжу бар деп есептеймін. Халықтың өмір сүру деңгейі өсіп, экономикасы дамуда. Əлеуметтік жұмыстарға жеткілікті назар аударылады. Дегенмен, алда əлі де жұмыс көп. Мен жақында айттым, біз тағы да бизнеске, инвесторларға еркін жағдай жасадық. Жаһандық экономиканың ахуалында құлдырау үдерісі байқалады. Əлемдік жəне еуропалық инвестициялық ресурстар жабылып жатыр. Мұндай жағдайда біз ішкі қаржы есебінен ішкі сұранысты арттырып, экономиканы көтеруіміз, жұмыс орнын ұсынуымыз қажет. Мемлекеттің оған мүмкіндігі бар. Осыған байланысты экономикаға 1 триллион теңге бөлінді. Аталған қаржы шағын жəне орта кəсіпкерлікті дамыту, тұрғын үй құрылысы, индустриялық-инновациялық нысандар құруды одан əрі жалғастыру жəне экономиканың басқа да секторына арналатын болады, – деді Елбасы. (Соңы 2-бетте).
АСАН ҚАЙҒЫ.
5-бет
11-бет
9-бет
Ақпарат агенттіктері материалдарының негізінде əзірленді.
Бїгінгі нґмірде:
Бақыт қонған ерлердің əрбір ісі оң болар.
ЖОЙҚЫН
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында бірқатар əлеуметтік нысандарда болып, өңір жұртшылығымен жүздесті. Елбасы Өскеменде соңғы жылы салынған ауқымды спорт кластерімен танысып, ондағы жекпе-жек сарайы, жеңіл атлетика манежі жəне орталық жүзу бассейнін аралап көрді. Шығысқазақстандықтардың игілігіне берілгеніне əлі бір жыл бола қоймаған жекпе-жек сарайында күрес, бокс, дзюдо, таэквондо жəне каратэ залдары бар. Кешенде 1114 адам жаттыға алады. Көрермен залының сыйымдылығы – 650 орын. Бизнестің əлеуметтік жауапкершілігі негізінде салынған нысанның жаттықтырушылар құрамында бүгінде 45 адам еңбек етеді. Ал 350 адамға арналған жеңіл атлетика манежі жүгіру, сырықпен жəне биіктікке секіру, көпсайыспен шұғылдануға мүмкіндік беретіндігімен ерекшеленеді. Халықаралық талаптарға сай салынған жабық жүзу бассейнінің есігі қазіргі кезде қала тұрғындарына ашық. Орталық жүзу бассейнінің сыйымдылығы 747 орынға есептелген. Онда 10 жүзу жолағы, 2 жəне 5 метрлік трамплиндер, жаттығу жəне сауықтыру залы, тағы басқа спортшыларға қажетті жағдайлар жасалған. – Экономикалық дамудың арқасында біз əлеуметтік, оның ішінде спорт саласындағы мəселелерді шешуге мүмкіндік алдық. Бүкіл еліміз бойынша спорт нысандары қалпына келтіріліп, жаңадан спорт кешендері салынуда. Атлеттеріміздің нəтижелері де барлық бағыттар бойынша жақсарып келеді. Осының бəрі ұлт саулығын нығайтуда маңызды мəнге ие болып отыр, – деді Нұрсұлтан Назарбаев. Президент өңірдегі спорт саласы ардагерлерімен əңгімелесіп, оң өзгерістерді атап өтті. Елбасы сондай-ақ, спорт базасын кешенді дамыту жұмыстары барысымен жəне өңірдегі білім, жастар саясаты саласында жүзеге асырылып жатқан жобалармен танысты. Президентке өзекті əлеуметтік мəселелерді шешуге, атап айтқанда, жетім жəне ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларды қолдауға арналған «Мейірім» акциясы, мүмкіндігі шектеулі балаларға көмек көрсетуді көздейтін «Əлемге ашылған терезе», орта жəне жоғары оқу орындарының түлектерін жұмысқа орна ластыруға жəрдемдесуге
Радикалды «Боко Харам» тобының қарулы жасақтары Нигерияның солтүстік-шығысындағы бір елді мекеннен тағы да 90-нан астам адамды ұрлап кеткен. Олардың 60-ы əйелдер мен қыздар болса, қалғандары ер балалар көрінеді. Қашуға əрекет жасаған 4 адам атып өлтірілген. Сүнниттердің қарулы жасақтары Ирак астанасы – Бағдат қаласының солтүстігінде орналасқан елдегі ең басты Байджи мұнай өңдеу зауытын басып алған. Бұрнағы күні Иракқа келген АҚШтың мемлекеттік хатшысы Джон Керри Ирактың тағдыры таяудағы апталарда шешілетінін мəлімдей келіп, бірақ бұл мəселе бірінші кезекте елдегі билік басындағылардың 1 шілдеге дейін жаңа үкімет жасақтай алуына тікелей байланысты болатынын айтқан еді. Сириядағы химиялық арсеналдың соңғы бөлігі елден шығарылды жəне жоюға дайын. Бұл туралы Нидерландтың Гаага қаласында өткен баспасөз мəслихатында Химиялық қаруға тыйым салу жөніндегі ұйым басшысы Ахмет Узюмджю хабарлады. Мысыр соты «ƏлЖазира» телеарнасының үш журналисін лаңкестерге қолдау көрсетті деп айыптады. Олардың үшеуі де 7 жылдан бас бостандықтарынан айырылды. Олар: ВВС-дің бұрынғы тілшісі Питер Гресте, «Əл-Жазираның» Каирдағы бюро басшысы Мохаммед Фахми жəне продюсер Бахер Мохаммед. Алғашқы газ «Оңтүстік» ағыны» бойынша Австрияға 2016 жылдың соңында келетін болады. Бұл туралы Австрияның ОМV мұнай-газ компаниясының ресми өкілі Роберт Лахнер мəлімдеді. Кеше «Газпром» мен ОМV корпорациясы Ресей президенті В.Путиннің Австрияға ресми сапары кезінде осындай келісімге қол қойған. Еуроодақ Кеңесі Албанияға Еуропа одағы мүшелігіне үміткер ел мəртебесін берді. Бұл туралы өзінің твиттерінде ЕО-ны кеңейту жəне көршілестік саясаты жөніндегі комиссар Штефан Фюле хабарлады. Ол, сондайақ, Албанияны құттықтай келіп, Кеңестің шешімі елдің осы бағыттағы күш-жігерінің нəтижесі екенін атап өтті. АҚШ-та жолаушылар пойызы теміржол өткелінде жүк көлігімен соқтығысып қалды. Оқиға Массачусетс штатындағы Мэнсфильд қаласы маңында орын алды. Вашингоннан Бостонға келе жатқан пойыз рельстен шығып кеткенімен, 180 жолаушының ешқайсысы айтарлықтай зардап шекпеген. Бірақ жүк көлігінің жүргізушісі мен екі жолаушысы қаза тапқан. Литваның Жоғарғы соты республика билігін Германияға италиялық суретші Антонио Кампидің полотносын қайтаруды міндеттеді. Кар тина «Христің зираты басындағы үш Мария» деп аталады. Бұл туынды екінші дү ниежүзілік соғыстан кейін Германиядан заңсыз əкетіліпті. ГФР-де жекеменшік жеңіл моторлы ұшақ ұшу кезінде жойғыш ұшақпен соқтығысқан. Оқиға Германияның батысындағы Зауэрланд федералды жеріндегі Ольсберг қаласының аспанында орын алған. Жойғыш ұшақ Кельн қаласының түбіндегі Нерфенихе əскери авиабазасына аман-есен оралса, екі адамы бар жекеменшік ұшақ апатқа ұшырап, ұшақтағы екі адам да қаза тауыпты.
С Ы М
Л Ы РҚ жəне
БЕКИБЕРПОЛ И К
н а асќ
д А ару 15-бет
«МЕНІЅ ЖЎМЫС ІСТЕУ ТƏСІЛІМ КЕЅСЕЛІК РЕЖІМГЕ БАЄЫНБАЙДЫ»