АҚПАРАТТАР аєыны №118 (28596) 25 МАУСЫМ БЕЙСЕНБІ 2015 ЖЫЛ
Кїткен кїн
Телефон арќылы сґйлесті
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қос Киенің Сақшысы, Сауд Арабиясының Королі Салман бен Əбдел Əзиз Əл Саудпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.
Əңгімелесу барысында Сауд Арабиясының Королі Мемлекет басшысын барша мұсылман үшін қасиетті Рамазан айының басталуымен құттықтап, қазақстандықтарға бақ-береке тіледі. Екі мемлекет басшылары Қазақстан-Саудия серіктес ті гі нің басымдығы бар бағыттарын талқылады. Тараптар халықаралық ұйымдар аясындағы саяси үнқатысу мен жемісті ықпалдастықтың деңгейі жоғары екенін атап өтті.
Сонымен қатар, сауда-экономикалық жəне инвес тициялық ынтымақтастықты одан əрі арттыру мəселелері жөнінде пікір алмасылды. Салман бен Əбдел Əзиз Əл Сауд елдеріміздің ғасырлар бойғы достық пен өзара тиімді ынтымақтастыққа негізделген қарымқатынасы алдағы уақытта да Қазақстан мен Сауд Арабиясының достас халықтары мүддесіне қызмет ете беретініне сенім білдірді.
Бір арнаға жұмылдырылған ортақ ғаламдық еркін нарық болуын талап ететін əлемдік экономика мен əлемдік сауданың даму ағымдарына байланысты Дүниежүзілік сауда ұйымы үлкен маңызға ие. Көпжақты сауда жүйесінің құқықтық жəне институттық негізі болып табылатын ДСҰ 1995 жылдың 1 қаңтарынан жұмыс істей бастады. Алғашқы кезде оған 77 мемлекет кірсе, қазіргі таңда 161 ел мүше болып отыр. Ұйымға мүше елдердің үлесі əлемдік тауар айналымының 95 пайызын құрайды. Эльмира МƏТІБАЕВА, «Егемен Қазақстан».
Дүниежүзілік сауда ұйымының басты міндеті іркіліссіз
Арќаулыќ зейнетаќы мґлшері
Кеше Парламент Мəжілісінің Төрағасы Қабиболла Жақыповтың төрағалығымен палатаның кезекті жалпы отырысы өтіп, оның күн тəртібіне 15 мəселе енгізілді. Егемен Қазақстан».
Қаралған мəселелердің ішіндегі күрделісі де, барынша көп талқыланғаны да кейбір заңнамалық актілерге халықты зейнетақымен қамсыздандыру
мəселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасы болды. Бірінші оқылымда қаралған заң жобасы көптеген мəселелер бойынша сұрақтар тудырды. (Соңы 5-бетте).
Геральдикалыќ комиссияныѕ отырысы
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Əбдіқалықованың төрайымдығымен Ведомстволық жəне оған теңестірілген өзге де наградалар жөніндегі геральдикалық комиссияның отырысы өтті, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.
Жиында «Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын жəне есеп беретін кейбір мемлекеттік органдардың, Қазақстан Республикасы Конс титуциялық Кеңесінің, құқық қорғау органдарының, соттардың, Қарулы Күштердің, басқа да əскерлер мен əскери құралымдардың ведомстволық жəне оған теңестірілген өзге де наградалары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 30 қыркүйектегі №155 Жарлығының орындалуы, сондай-ақ, мемлекеттік органдардың Қазақ стан Республикасының Қаржы жəне Энергетика министрліктері қыз меті саласындағы ведомстволық наградалардың атауларына өзгерістер
енгізу жөніндегі ұсыныстары туралы мəселелер қаралды. Комиссия мүшелері алдын да Мəдениет жəне спорт министрлігінің жауапты хатшысы Қ.Уəлиев, Қаржы вице-министрі А.Теңгебаев жəне Энергетика вице-министрі М.Мырзағалиев баяндама жасады. Талқылау қорытындысы бойынша комиссияның ұсынымдары əзірленіп, уəкілетті мемлекеттік органдарға тапсырмалар берілді. Геральдикалық комиссия – мемлекеттік органдардың ведомстволық наградаларының геральдикалық сипаттамасын жəне осы сала бойынша заңнамаларды жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды қарайтын Қазақстан Президенті жанындағы консультативтік-кеңесші орган.
Қазақстан Республикасының Заңы 2004 жылєы 22 желтоќсандаєы Ќазаќстан Республикасыныѕ Їкіметі мен Ресей Федерациясыныѕ Їкіметі арасындаєы «Байќоѕыр» єарыш айлаєында «Бəйтерек» єарыш зымыран кешенін ќўру туралы келісімге ґзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы 2004 жылғы 22 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы «Байқоңыр» ғарыш айлағында «Бəйтерек» ғарыш зымыран кешенін құру туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы 2014 жылғы 9 желтоқсанда Мəскеуде жасалған хаттама ратификациялансын. Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ. Астана, Ақорда, 2015 жылғы 24 маусым. № 326-V ҚРЗ.
Қазақстан Республикасының Заңы Ќазаќстан Республикасы мен Болгария Республикасы арасындаєы адамдарды ўстап беру туралы шартты ратификациялау туралы 2014 жылғы 14 қарашада Софияда жасалған Қазақстан Республикасы мен Болгария Республикасы арасындағы адамдарды ұстап беру туралы шарт ратификациялансын. Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ. Астана, Ақорда, 2015 жылғы 24 маусым. № 327-V ҚРЗ.
5-6-беттер
Тозығы жеткен дəстүр тұсау емес пе? 8-бет
(Соңы 2-бетте).
Кеше Орталық коммуникациялар қызметінде «KAZNEX INVEST» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Мейіржан Майкенов баспасөз мəслихатын өткізді. Ол отандық тауар экспортына қатысты мəселелер жөнінде айтты. Нұрбай ЕЛМҰРАТОВ, «Егемен Қазақстан».
Қазіргі кезеңде əлемдегі қайбір елдер тауар экспортынан айтарлықтай қиындық көріп отырғаны мəлім. Бұл мəселе біздің елден де тысқары емес екені белгілі. Оның бір айқын мысалын үстіміздегі жылдың 4 айында Қазақстанда тауар айналымы 37 пайызға төмендегенінен көреміз. «Баршамызға белгілі, бүгінде əлем экономикалық дамудың тұрақсыз күйін бастап кешiріп жатыр. Осы кезеңде көптеген елдерде экономикалық даму өсiмi баяулап, бəсекелестiк ұлғайып, ал тұтыну азайып, нарық кiшiрейіп келеді. Бұл факторлар, өкiнішке қарай, Қазақстанды
да сырт айналып өткен жоқ. Ағымдағы жылдың соңғы 4 айына талдау жасағанда еліміздегі тауар айналымы бiртiндеп төмендеп
партиялары Ґзара іс-ќимыл мен əріптестік туралы келісімге ќол ќойды «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбектің басшы лығымен «Нұр Отан» партиясы делегациясының Ресей Федерация сына ресми сапары басталды. Екіжақты кездесу барысында Мəскеуде «Единая Россия» бүкілресейлік саяси партиясы мен «Нұр Отан» партиясы – екі билеуші партияның арасында Өзара іс-қимыл мен əріптестік туралы келісімге қол қойылды. Ресми сапарының бірінші күнінде «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек Ресей Феде рациясы Федералдық Жиналысы Мемлекеттік Думасының Төр ағасы Сергей Нарышкинмен кездесті. Екіжақты кездесу барысында бүгінгі таңда Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты мен Ресей Федерациясы Федерация Кеңесінің, Қазақстан Рес публикасы Парламенті Мəжілісі мен Ресей Федерациясы
Талантты ұштайтын талап 9-бет
жатыр деген ойға тоқтадық. Атап айтқанда, осы кезге дейін тауар айналымы 37 пайызға төмендедi. Оның iшiнде импорт 17, экспорт
46 пайызға дейін азайған», дедi төраға орынбасары. (Соңы 4-бетте).
АЌШ елшісімен кездесті
«Нўр Отан» мен «Единая Россия»
Мемлекеттік Думасының арасында тікелей өзара іс-қимылдың орнатыл ғаны, ал депутаттардың ТМД Парламен таралық Ассамблеясы, ҰҚШҰ, ЕҚЫҰ мен ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясы отырыстары шең берінде жемісті жұмыс жасап жатқандары атап өтілді. Тараптар екі елдің Парламенті арасындағы байланыстарды əрі қарай да дамытуға ниетті екендерін жеткізді. (Соңы 6-бетте).
Бїгінгі нґмірде: Алты алаштың асылы
сауда-саттықта эконо ми калық өсім мен адам дардың тұрмыс тіршілігін жақсартуға ықпал етеді деп есептеледі. Бұл ретте саудада кемсітушілікке жол
Индустрияландыру – экспорт тірегі
жўмыс ґтіліне байланысты кґбейетін болады Жақсыбай САМРАТ,
халық аралық сауда-саттыққа мүмкін діктер жасау болып табылады. Да мыған елдердің бастамасымен құрылған аталған ұйым халықаралық
бермеу, ондағы кедергілерді азайту, тұрақты лық пен сауда шартының алдын ала болжамдылығы, халықаралық саудадағы бəсекелестікті ынталандыру, жоғары дамымаған мемлекеттер үшін халық аралық саудада жеңілд іктер жасау секілді бірнеше бағыт тарды ұстанатын ДСҰ ереже лері мемлекетаралық сауда барысындағы кедергілерді болдырмауға негізделеді.
«Сағындым Алматымды» 12-бет
Кеше Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев жаңадан тағайындалған АҚШ елшісі Джордж Кролмен кездесті, деп хабарлады ПремьерМинистрдің баспасөз қызметі. Кездесу барысында Қазақстан мен Америка Құрама Штаттары арасындағы түрлі салалардағы, оның ішінде экономикалық жəне гуманитарлық салалардағы ынтымақтастық туралы пікір алмасулар болды. Б.Сағынтаев өз кезегінде Мемлекет басшысының
бастамасымен жүзеге асырылып жатқан 5 институттық реформа, «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын жүзеге асыру барысы туралы əңгімеледі. Сөйтіп, аталған реформалардың Қазақстан мен АҚШ арасындағы əріптестікке қосымша серпін беретінін баса айтты.
ЭКСПО-2017 көрмесіне арналған нысандардың құрылысына 101 отандық кəсіпорын қатысуда. Олармен жасалған келісімшарттардың құны 88 млрд. теңге. Бұл жұмыс тар Елбасының көрмені ұйымдастыруға аймақтағы бизнес өкілдерін тарту жөніндегі тапсырмасы бойынша жүзеге асуда. Былтыр Қазақстанда 11 250 адам түрмеден босап шыққан. Соның 1 218-і еңбекпен қамту жəне əлеуметтік бейімдеу орталықтарының көмегіне жүгінген. Одан бөлек, 744 азамат жұмысқа орналасқан. Бұл туралы кеше Денсаулық сақтау жəне əлеуметтік даму министрінің орынбасары Светлана Жақыпова мəлімдеді. Ертең Шымкентте алғашқы қоқыс өңдеу зауыты іске қосылады. Ресей технологиясымен бой көтерген зауыт тəулігіне 500-600 тонна қатты тұрмыстық қалдықты өңдейді. Қазіргі кезде жұмысқа қа был данған мамандар қондырғылармен жұмыс істеуді меңгеруде. Биыл Қызылорда облысында тұрғын үй құрылысы мен оның инфрақұрылымын дамыту үшін 4 381,8 млн. теңге қаржы бөлінген. Облыс əкімінің орынбасары Нұржан Əлібаевтың айтуынша, бұдан бөлек, «Нұрлы Жол» бағдарламасы аясында облысқа тағы 13 млрд. теңге инвестиция тарту көзделіп отыр. Қостанайдағы машина зауытында көліктердің əлемдік 7 бренді құрастырылуда. Олардың арасында Toyota Fortuner автомобилі де бар. Бұл зауыт – Toyota-ның Орталық Азиядағы алғашқы өндіріс орны. Кəсіпорынның цех басшысы Роман Глущенконың сөзіне қарағанда, желінің қуаты жылына 3 мың дана Fortuner құрастыруға жетеді. Павлодар қаласының жаңа гербіне байқау жарияланды. Қалалық əкімдіктің бас пасөз қызметі таратқан мəлі метке сүйенсек, оған еліміздің кез келген азаматы қатыса алады. Жұмыстарды қабылдау мерзімі 10 шілдеде аяқталады. Байқау шарттары туралы толық ақпаратты Павлодар қаласының мəдениет жəне тілдерді дамыту бөлімінен алуға болады. Ақмола облысының Бұ ланды ауданында құс фаб рикасының құрылысы басталды. Жалпы сомасы 32 млрд. теңге болатын жоба 2019 жылы толық жүзеге асады. Облыс əкімі Сергей Кулагиннің мəлімдеуінше, кəсіпорын жылына 60 мың тонна тауық етін өндіруге арналған. Сондай-ақ, жоба аясында 700 жұмыс орны ашылады деп жоспарлануда. Хабарлар Үкімет, облыстық əкімдіктер сайттары, «ҚазАқпарат» агенттігі жəне «24kz» телеарнасының деректері бойынша дайындалды.
Екі тарап Қазақстанның ДСҰ-ға мүше болуы республикаға жаңа экономикалық көк жиек ашатындығына сенім білдір ді. Отандық кəсіпорындар үшін шетелдік нарықтарға шығуға жол ашылады, ал тұтынушы лар тауарлар мен қызметтерді таңдауда кең мүмкіндіктерге ие болады. Үкімет басшысының бірінші орынбасары АҚШ елшісін жаңа қызметке тағайындалуымен құттықтап, өзара тиімді қазақстандықамерикалық ынтымақтастықтың одан əрі жалғасатындығына үміт артатынын жеткізді.
Ќазаќстан – ЭЫДЎ: білім мен єылым саласындаєы ынтымаќтастыќ
Экономикалық ынтымақтастық жəне даму ұйымы демократия мен еркін нарық қағидаттарын басшылыққа алып жұмыс істейтін əлемнің дамыған елдерінің халықаралық экономикалық ұйымы болып табылады. Ол 1948 жылы құрылған. Штаб-пəтері Париж қаласында орналасқан. Ұйымға Батыс Еуропаның көптеген елдері, АҚШ, Канада, Түркия, Мексика, Оңтүстік Корея, Жапония жəне жағдайы мығым тағы бірқатар елдер мүше. Осы ұйымға кіруге Қазақстан да ынта танытуда. Өйткені, дамыған елдердің басын біріктіріп отырған ұйымға мүше болудың мəні зор. Бір қуаныштысы, көп елдерге жылы қабақ таныта бермейтін, қатарына кіргісі келген бірқатар елге тоқтау салған осы бекзат ұйым да Қазақстанмен ынтымақтастық орнатудан кетəрі емес. Қайта жылдан-жылға қарым-қатынасын жақсартып келе жатыр. Соның бір дəлелі осы ұйым мен Қазақстан арасында елдік ынтымақтастық бағдарламасының əзірленуі болып табылады. Осы бағдарламаға сəйкес мемлекеттік басқару, фискалдық саясат, бəсекелестік жəне іскерлік ахуалды жақсарту, орнықты даму бағытында бірлескен бастамалар жүзеге асырылатын болады. Алдағы уақытта бұл бағдарламаның аясы одан əрі кеңейе түсуі тиіс. Қазақстандық бірқатар мамандардың болжауынша, біз алдағы уақытта бұл ұйыммен білім жəне ғылым саласында да тиімді ынтымақтастыққа қол жеткізе аламыз. Міне, осындай бағытта зерттеулер жүргізіп жүрген Шоқан Уəлиханов атындағы Тарих жəне этнология институтының аға ғылыми қызметкері, тарих ғылымдарының кандидаты Жібек НЕСІПБАЕВАНЫ əңгімеге тарттық. (Соңы 7-бетте).