Бїгінгі нґмірде: Айшыќты реформалар жаѕєырыєы 3-бет Абай жəне Ќарамола съезі 5-бет
№140 (28618) 25 ШІЛДЕ СЕНБІ 2015 ЖЫЛ
Киелі жерім – ќасиетті елім 6-бет ГЇЛНАР
«ЌАЗАЌСТАНДА ЖАСАЛЄАН» ґнімдері Семей дїкендерінде жаќсы сўранысќа ие Раушан НҰҒМАНБЕКОВА.
«Қазақстанда жасалған» акциясын жүзеге асыру туралы ұсынысты алғаш рет Үкіметтің кеңейтілген отырысында Президент Нұрсұлтан Назарбаев жасаған болатын. Президент қазақстандықтарды еліміздегі кəсіпорындарға қолдау көрсетіп, отандық өнімді сатып алуға шақырған еді. Қазақстандық өнімдерді қолдап, тұтынушылар арасында молынан өткізу үшін «Қазақстанда жасалған» акциясына барлық облыстарда кеңінен қолдау көрсетілуде. Осыған орай Семейдегі сауда орындарында отандық өнімдер қойылған сөрелер ашылып жатыр. Семей қаласының кəсіпкерлері мен тауар өндірушілері де алғашқылардың бірі болып аталмыш шараға өз үлестерін қоспақ. Барлық супермаркеттер мен сауда нүктелерінде отандық тауар өндірушілерді қолдауға бағытталған плакаттар жазылып, арнайы бұрыштар ұйымдастырылды. Қазақстандық өнімдерден бүгінде сөрелердің белі қайысуда. Жергілікті өнім өндірушілер де бұл шарадан қалыс қалған жоқ. Шығыс Қазақстанда шығарылатын сүт, айран, йогурт, күнбағыс майы сияқты өнімдерді халық бұрыннан да дастарқан мəзірінің сəніне айналдырған. Қазірдің өзінде мамандар сатылып жатқан тауарлардың 85%-ы өз өнімдеріміз екенін есептепті. Қалада 1500 сауда орны бар. Олардың саны жыл санап артып келеді. Мұның өзі кəсіпкерлік саласы мен экономиканың өскендігінің белгісі, дейді қалалық əкімдік қызметкерлері. – Қазақстанда тауарлар өте сапалы, ешқандай қоспасы, консерванты жоқ. Сол себепті денсаулыққа пайдалы, – деді қалалық кəсіпкерлік бөлімінің басшысы Марат Нүгеров – оның үстіне, сапа да, баға да күнделікті бақылауда. Үкіметтің кеңейтілген отырысындағы Елбасының
тапсырмасын іске асыру үшін үлкен жұмыстар атқарудамыз. Ең алдымен, «Қазақстанда жасалған» акциясы бойынша жергілікті кəсіпкерлерге түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Семейде мың жарымнан астам сауда орындары бар десек, бүгінгі күні оларда сауда көлемі азайған жоқ. Кері сінше, өткен жылға қарағанда көрсеткіш 2 пайызға өсіп отыр. Мəселен, былтыр 139 млрд. теңгенің, ал
өт кен айда 9,3 млрд. теңгенің өнімі саудаланды. Алдағы уақытта бұл жұмыстар əлі де жалғасатын болады. Марат Нүгеровтің айтуынша, Қазақстанда, соның ішінде Семейде өндірілген тауарлардың бағасы тиімді. Тұрғындардың денсаулығына пайдалы. Айта кету керек, Семейдегі əрбір дүкенде кем дегенде 70 пайыз Қазақстанда өндірілген тауарлар саудалануда.
ОЌУЛЫЌ: ЖЕТЕ МЕ, ЖЕТПЕЙ МЕ?
Елімізде оқулық жайы жиі сынға ұшырап жүргені рас. Осыны ескерген білім саласындағылар да мəселені айрықша назарда ұстап отыр. Əсіресе, биылғы жылы Білім жəне ғылым министрлігі оқулық олқылығының орнын толтыруды ерекше қолға алған сыңайлы. Мəселен, аталған ведомство алдағы оқу жылында 4, 5, 6 жəне 11-сыныптарды толықтай жаңа оқулықтармен қамтамасыз етіп, сонымен қатар, 3-сыныптар үшін ағылшын жəне 7-сыныптарға информатика оқулықтарын қайта басып шығаруға қаражат қарастыру туралы шешім қабылдады. Иə, кезекті оқу жылы да таяп қалды. Ал бұл мəселе «баяғы жартас – сол жартас» күйінде қалмаса керек-ті. Ендеше, білім саласындағы түйінді – оқулық мəселесін шешу бүгінде қалай жүзеге асып жатыр, бюджет қаржысын игеру барысы қалай? Осы жайында тілшілердің төмендегі мақалаларынан оқи аласыздар.
Кітаптар 10 тамызєа дейін əкелінеді «Егемен Қазақстан».
Қазір жамбылдық оқушыларды қажетті оқулықтармен толық қамтамасыз ету бағытында қызу жұмыс жүріп жатыр. Облыстық білім басқармасының басшысы Сұлушаш Құрманбекованың бізге берген мəліметіне қарағанда, 2015-2016 оқу жылына мектеп оқушыларының оқулықтары жəне оқу-əдістемелік кешендерін сатып алуға, тасымалдауға жергілікті бюджеттен 918 млн. 683 мың теңге бөлініпті. Білім жəне ғылым министрінің 2014 жылғы 17 қазанда бекіткен «11 жылдық білім беру бағдарламалары
Кеше Премьер-Министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаев жұмыс сапарымен Жамбыл облысына барды. Онда ол Қазақ хандығының құрылуының 550 жылдығын мерекелеуге дайындық барысымен танысты.
Ќазаќ хандыєыныѕ 550 жылдыєы
Бўл мерейтойєа арналєан іс-шараныѕ тарихта ќалар орны, ізі болуы керек
Тілшіге тығыз тапсырма
Оралхан ДƏУІТ,
7-бет
бойынша əзірленетін оқулықтар мен оқу-əдістемелік кешендерін дайындау, сынақтан өткізу жəне енгізу кестесіне» сəйкес 4, 5, 6, 11-сыныптарға арналған оқулықтар мен оқу-əдістемелік кешендеріне жəне 3-сыныптың ағылшын тілі, 7-сыныптың ин фор матика пəні оқулықтарына сұраныс берілді. Оқулықтарға сұраныс еліміздің Білім жəне ғылым министрінің 2014 жылғы 10 желтоқсандағы №515 бұйрығымен бекітілген 2015-2016 оқу жылында пайдалануға рұқсат етілген оқу басы лым дарының тізбесіне сəйкес қалыптастырылды. Сондай-ақ, «Атамұра», «Мектеп», «Алма ты кітап», «Арман ПВ», «Келе шек-2030», «Cambridge
University Press», «Macmillan», «Жазушы», «Білім», «Фолиант», «Бөбек» баспаларына тапсырыс беріліп, келісімшарттар жасалынды. Қазіргі таңда тапсырыс берілген оқулық тар мен оқу-əдістемелік кешендерін жеткізу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Оқулықтарды білім беру ұйымдарына жеткізу жұмыстары ағымдағы жылдың 10 тамызына дейін аяқталатын болады. Жаңа оқу жылында мектеп оқушылары оқулықтармен толығымен қамтылады. Жамбыл облысы. –––––––––––
Осы тақырыпқа арналған материалдар топтамасын 4-беттен оқисыздар.
Оќырман назарына! Заман талабына орай жаңарған «Егемен Қазақстан» газетінің сайтын енді əлеуметтік желілер арқылы оқу үшін мына көрсетілген сілтемелерді теру арқылы тікелей біздің сайтымызға өте аласыз.
«Қазақстанда жасалған» акциясына өз үлестерін қосуға ниет білдіргендердің бірі – қаладағы «Тамаша» сау да үйі. Сауда үйіндегі сөрелерде тұтынушылардың назарын аударатын «Қазақстанда жасалған» деген тақтайша ілініп, отандық тауарларға қолдау көрсету қажеттігі баяндалған жазбалар қойылған. Бұл сауда үйіндегі тауарлардың 90 пайызы Қазақстанда жасалған.
АҚПАРАТТАР аєыны «Экотон +» экологиялық жағынан таза бетон жасау жобасы отандық құрылыс нарығының 60 пайызын қамтиды. «Экотон+» АҚ зауыты Қазақстанның инновациялық-технологиялық даму бағдарламасының аясында жүзеге асырылған жəне құрылыс нарығындағы ең жоғарғы талаптарға жауап береді. Каспий теңізінің Құрық портында паром кешені салынып, кəсіпкерлер мен кəсіпорындарға жағалауға шығуға мүмкіндік ашылды. Жылына
Таразда Вице-премьер «Қазақ хандығы» монументін орнататын жерге барып, ескерткіштің орналасуының эскиздік əзірлемелерімен танысты. Одан кейін еліміздің басқа өңірлері салып жатқан немесе жөндеуден өткізіп жатқан нысандарды аралады. Атап айтқанда, қалаға кіретін арканы жөндеу жəне екі барельефті салу барысын тексерді. Жұмысты Оңтүстік Қазақстан облысы жүргізіп жатыр. Сондай-ақ, ол Павлодар облысы мойнына алған Тəуке хан көшесіндегі жəне Ақтөбе облысына тиесілі Жамбыл даңғылындағы көпірлерді жөндеу, Атырау, Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан облыстары жұмыс жүргізіп жатқан Тұңғыш Президент саябағы жанындағы «Тараз» қонақүйінің алдымен автовокзал жанындағы гүлзарларды абаттандыру барысымен танысты. Сосын Бердібек Сапарбаев Қызылорда жəне Қостанай облыстары уəде еткен драма театры ғимаратындағы жөндеу жұмыстары, «Даңқ аллеясы» құрылысы, Қарахан баба мавзолейі жанындағы гүлзарды абаттандырудың барысын қарап шықты. «Көне Тараз» тарихи-мəдени орталығында ол археологиялық жəне реставрация жұмыстары, музей, этноорталық, «Тараз саздары» стеласы құрылысы, «Мыңбұлақ» гүлзарын абаттандыру барысымен танысты. Бұларда Батыс Қазақстан облысы мен Алматы қаласының бригадалары жұмыс істеп жатыр. ТарМУ-де Б.Сапарбаев облыс əкімдерінің орынбасарларымен, аудан əкімдерімен, басқарма, аумақтық департамент, оқу орындары, кəсіпорындар мен
төрт миллион тонна жүк өткізе алатын паром кешені халық тұтыну тауарларын, астық, мұнай өнімдері, сұйытылған газ жəне басқа да жүктер тасымалдайды. Астана əкімдігі дəстүр бойынша азаматтардың əлеуетін арттыруға үлкен үлес қосқан қаланың үздік құрылымдарын марапаттады. «Үздік мемлекеттік орган» аталымында награданы қалалық білім басқармасы алды. Ал «Елорданың үздік кəсіпорны» атағына «Елорда Даму» ЖШС ие болды. Биылғы жылдың алты айында Оңтүстік Қазақстанда
бизнес құрылымдар басшыларымен Қазақ хандығының құрылуының 550 жылдығын мерекелеуге дайындық мəселелері бойынша кеңес өткізді. «Мемлекет басшысы Қазақ хандығының мерейтойын мерекелеуге орталық, сондайақ, өңірлік деңгейде уақтылы дайындалуды тапсырды. Аталған іс-шараны жастарды патриоттық тəрбиелеу жəне мемлекеттілікті нығайту рухымен өткізу маңызды», – деді Бердібек Сапарбаев. Сонымен қатар, Вице-премьер бірқатар облыстар жоспарланған жұмыстарды баяу жүргізіп жатқандығын айтып өтті. Атап айтқанда, Шығыс Қазақстан облысы мен Алматы қаласы əкімдігі жұмыстың тек 5%-ын орындаса, елорда əкімдігі əлі жұмысты бастамаған. «Бізге барлық нысандарды сапалы жəне уақытында аяқтау қажет. Оған қоса, əкімдіктер қаражатты тиімді пайдаланып, оған демеушілерді тартуы тиіс», – деп баса айтты ол. Түстен кейін Вице-премьердің жұмыс сапары Жуалы ауданында жалғасын тапты. Онда Бердібек Сапарбаев «Burnoe Solar» күн электр стансасының жұмысымен танысып, əлеуметтік, білім беру жəне спорт нысандарын аралады. Осындағы халық батыры Бауыржан Момышұлының музейінде болып, əлеуметтік сала қызметкерлерімен кездесті. Кездесу барысында Вицепремьер жаңа оқу жылына уақтылы дайындалу бойынша шаралар қабылдауды тапсырып, ағымдағы мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру арқылы əлеуметтік проблемаларды шешуге баса назар аударды, деп хабарлады ПремьерМинистрдің баспасөз қызметі.
ауыл шаруашылығы саласы бойынша 1239 жоба қаржыландырылды. Қаржыландыруды жүзеге асырған «Максимум» аймақтық инвестициялық орталығы мен еншілес «Ырыс» шағын несие ұйымының несие қоржыны 16,2 млрд. теңгеге жетті. Биылғы қаңтар-мамыр айлары аралығында Маңғыстау мен Иран арасындағы сыртқы тауар айналымы 11,6 млн. долларға жетті. Бұл жөнінде «Маңғыстау облысы мен Иран Ислам Республикасы провинцияларының инвес тициялық мүмкіндіктері» атты
бизнес-форумда облыс əкімі Алик Айдарбаев мəлімдеді. Павлодар облысының кəсіпорындары ЭКСПО-2017 жобасына белсенді қатысуда. Олар құрылыс жұмыстарына ғана емес, сонымен бірге, логистикаға, қауіпсіздік пен қоғамдық тамақтандыру жүйесін ұйымдастыруға тартылады деп жоспарлануда. Хабарлар Үкімет, облыстық əкімдіктер сайттары, «ҚазАқпарат» агенттігі жəне «24kz» телеарнасының деректері бойынша дайындалды.
Мəселенің мəнісі
Жаєдай тўраќталды Алматы іргесіндегі сел салдары ретке келтірілуде Талғат СҮЙІНБАЙ,
«Егемен Қазақстан».
Бір күннің ішінде Тау самалы мен Қарғалы ауылының ұйыққа толған көшелері толықтай болмаса да, негізгі күрежолдар лай мен тау тастарынан тазаланып бітті. Күннің апшыны қуырған қызуы батпақты кептіріп, көшелерге шаң толды. Толассыз көлік нөпірі кептелек жасап, тасбақа жүріспен қозғалуда... Наурызбай ауданы əкімдігінің жанында төтенше жағдайға байланысты құрылған штаб алдына жиналған немесе келіп кетуші халықтың саны кешегідей көп емес. Штаб негізінен екі елді мекенді ұйықтан тазалау жұмыстарымен айналысып жатқан топ пен техниканың жұмысын қадағалайды. Мониторинг жасап, қажет болса тиісті орындарға техника мен адам күшін алмастырып, шұғыл шешім жасауға дайын. Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары, штаб бастығы, полковник Нұрлан Мадияровты қауырт та қайнаған жұмыстан қолы қалт еткенде сөзге тарттық. –Техниканың негізгі бөлігі мен
арнайы жасақталған топтың адамдары ең бірінші Қарғалы өзенінің сағасын тазалаумен айналысып жатыр. Көмек сұрап келушілерді бұл жерде көп аялдатпаймыз. Мұқтажын тыңдап аламыз да, тез шешім шығарамыз. Қорақопсы мен ауланы таудан құлаған қойтастардан тазалауға техника болмаса, қол күші жарамайды,
сондықтан, тракторларға көп арқа сүйеп жатырмыз, – деді полковник маңдай терін сүртіп. – Байқауымызша, келушілердің саны кешегіден азайған секілді?! – дейміз. – Дұрыс айтасыз. Бірақ төтенше оқиғадан қорқып қалған тұрғындар əлі де өзіне өзі келе алмай жатқанын ескергеніміз абзал.
Кей бірулері тез ашуға мінеді. Бəрімен бірдей тіл табыса қою да оңай емес. Осы арада психологтар бізге ерекше қолғабыс жасап жатқанын айта кетейін, – деді Нұрлан Əбілбайұлы. Екі жас жігіт əңгімемізді бұзды. Қалқаман елді мекенінің Алатау көшесінің тұрғындарының атынан келіпті. Ашулы. Есімдері Берік пен Кəміл. – Аула мен көшеге толып кеткен лай мен тасты тазалауға техника қашан келеді? – деді жігіттер дауыс көтеріп. Штаб бастығы олармен тез тіл табысты. Жігіттер ұйық басқан көшенің суреттерін сенсорлы телефонға түсіріп ала келген екен. Мəн-жайға қаныққан полковник Мадияров қос жігіттің жанына екі психолог пен бір дəрігерді қосып, Алатау көшесіне жөнелтті. –Айттым ғой, халық тосын оқиғадан əлі есін жия алмай жатыр. Бəрі ашулы. Бірақ, зілсіз ашу. Қазір көшедегі халықпен мамандарымыз əңгімелесіп сабырға шақырып үлгергенше, арттарынан техника да кешікпей жетеді. Штаб бастығы көмекшісі полковник Александр Саламатинге өзен арнасынан əлгінде ғана босаған екі техниканы 20 минуттан соң Алатау көшесіне жіберуге тапсырма беріп, қолындағы картаны меңзеді. (Соңы 2-бетте).