АҚПАРАТТАР аєыны №161 (28639) 25 ТАМЫЗ СЕЙСЕНБІ 2015 ЖЫЛ
Конституция кїні ќарсаѕында
Бəрекелді!
«Мектепке жол» акциясы:
Қазақстан Республикасы Конституциясының күні қарсаңында Сенат Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекет басшысы Н.Ə.Назарбаевтың Жарлығымен марапатталған Сенат Аппаратының бір топ қызметкерлеріне «Қазақстан Конституциясына 20 жыл» мерейтойлық медалін табыс етті, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі.
«Елбасы өз сөзінде Конституцияны қатаң басшылыққа алу мемлекеттің табысты дамуы мен қоғамдағы азаматтық келісімнің негізі деп атап көрсеткен болатын. Бүгінде Қазақстанның əлем мемлекеттерімен терезесі тең түсіп, елеулі жетістіктерге
жетуі Ата Заңымыздың өміршеңдігін дəлелдеп отыр», деп атап өтті Қ.Тоқаев. Қазақстан мемлекеттігінің заңдық негізіне айналған Конституция қоғамымыздағы тұрақтылық пен келісімнің берік іргетасы болып табылады, деді Төраға.
БЕСАЄАШТАЄЫ ЖАЅА БІЛІМ ОРДАСЫ
Қазақстан Республикасы Парламенті Мəжілісі Төрағасының Өкімі 2015 жылғы 24 тамыз
№ 64
Астана
Ќазаќстан Республикасы Парламенті Палаталарыныѕ бірлескен отырысын шаќыру туралы Қазақстан Республикасы Конституциясының 58-бабы, 4-тармағының 2) тармақшасына сəйкес, Қазақстан Республикасы Парламенті Палаталарының бірлескен отырысы 2015 жылғы 1 қыркүйекте, сағат 11-де Астана қаласында шақырылсын. Қазақстан Республикасы Парламенті Мəжілісінің Төрағасы Қ.ЖАҚЫПОВ.
Жаѕа экономикалыќ саясатќа кґшу жоспары маќўлданды
Сенбі күні Премьер-Министр Кəрім Мəсімов Үкіметтің селекторлық отырысын өткізді. Отырыста жаңа экономикалық саясатқа көшу жағдайындағы елдің əлеуметтік-экономикалық дамуы мəселелері қаралды, деп хабарлады ПремьерМинистрдің баспасөз қызметі. Атап айтқанда, Орта мерзімді перспективада экономикалық өсімді қамтамасыз етуге бағытталған шаралар жоспары талқыланды, сондай-ақ, Үкімет пен Ұлттық банктің инфляциялық таргеттеуге көшу жағдайындағы шұғыл шаралары мақұлданды. Ұлттық экономика министрі Е.Досаев атап өткендей, Шұғыл шаралар жоспары бес бағыттан тұрады. Жоспар тұтастай экономиканы да əрі оның жекелеген салаларын да қорғауға бағытталған. Жоспарға сəйкес, Үкімет пен Ұлттық банктің қызметі экономиканың нақты секторын қолдауға, жеке инвестиция тартуды ынталандыруға, жұмыспен қамтуға, жаңа жұмыс орындарын құруға, қаржылық тұрақтылықты ұстап тұруға, Ұлттық қор қаражатын тиімді пайдалануға, сондай-ақ, республикалық бюджет теңгерімдігін қамтамасыз
етуге бағытталатын болады. Министр «қаржы ресурстары шектеулі болып отырған жағдайда қаражат басым бағыттарға қайта үлестіріліп, мемлекеттік жəне салалық бағдарламаларды қаржыландыруды оңтайландыру жалғасын табады жəне аяқталады», деп атап өтті. Сонымен қатар, Е.Досаев «Шұғыл шаралар жоспары əлеуметтік маңызды тауарларға бағаның өсуіне жол бермеу, жеке тұлғалар мен Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі салымшыларының мерзімді депозиттері бойынша өтемақы төлеу механизмімен толықтырылатынын» атап көрсетті. Жоспарға сондай-ақ, өнеркəсіп кəсіпорындарын, тұрғындардың əлеуметтік аз қамтылған топтарын қолдау жəне жұмыспен қамту бойынша жедел шараларды қамтитын өңірлік блок та қосылған. (Соңы 4-бетте).
Спортты дамыту басты назарда Мемлекеттік хатшы Гүлшара Əбдіқалықова Халықаралық дзюдо федерациясының президенті Мариус Визерді қабылдады. Бұл кездесу үстіміздегі жылы Астанада өтетін дзюдодан əлем чемпионаты аясында орын алып отыр. Асқар ТҰРАПБАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан».
Мемлекеттік хатшы əлем чемпионатын өткізуді белгілеу кезінде елімізге таңдау жасағаны үшін Халықаралық дзюдо федерациясы басшысына ризашылығын білдірді. Жəне Қазақстанда спорттың барлық түріне қызығушылық артып келе жатқандығы да аталды. Соның жарқын дəлелі ретінде жақында пайдалануға берілген Мұз сарайын атауға болады. «Елімізде жыл сайын жаңа спорт нысандары пайдалануға берілуде. Оның үстіне келесі жыл Олимпиада өтетін жыл болғандықтан, спорттың барлық түрінен дайындық басталып та кетті. Жалпы, Қазақстанда көптеген спорт түрлерінен жарыстар өткізіліп келеді», – деді Мемлекеттік хатшы. Қазіргі таңда дзюдо еліміздегі ең танымал спорт түрлерінің бірі болса, онымен 80 мыңнан астам қазақстандық тұрақты түрде айналысады. Ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаев дене тəрбиесіне, бұқаралық спортқа жəне бұл
саладағы жоғары жетістіктерге айрықша мəн беретінін атай келе, Гүлшара Əбдіқалықова бүгінде халықаралық талаптарға сай спорттық нысандар бой көтеруде жəне əлемдік деңгейдегі спорттық шаралар өткізілуде екендігін атап өтті. Халықаралық дзюдо федерациясының президенті М.Визер додаға əлемнің көптеген елдерінен спортшылар келіп қатысса, осындай спорт түрлерінің жанкүйерлері Қазақстанға назар салатыны атап өтілді. Мейманның айтуынша, қазір елімізде мектеп оқушылары мен балаларға арналған «мектептегі дзюдо» жобасы əзірленуде. Аталған жобаны қаржыландыру Халықаралық дзюдо федерациясы тарапынан жүргізілмек. Ретіне қарай, тəуелсіздіктен бергі кезеңде ел дзюдошылары Олимпиада ойындарында 1 күміс медаль алса, əлем чемпионаттарында – 1 алтын, 2 күміс жəне 3 қола медаль, Азия ойындарында – 32 медаль, оның ішінде 1 алтын, 10 күміс жəне 21 қола алған.
Алматы облысының Талғар ауданындағы Бесағаш ауылында 600 орындық жаңа мектеп биылғы оқу жылында шəкірттерге есігін айқара ашты. Бұл білім ұясының ашылу салтанатына Алматы облысының əкімі Амандық Баталов пен Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрі Аслан Сəрінжіпов қатысты. Қанат ЕСКЕНДІР,
«Егемен Қазақстан».
«Нұрлы Жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында бой көтеріп, алды халық игілігіне ұсынылып жатқан мектептердің ел келешегіне қосар үлесі орасан екендігін жеткізген облыс əкімі Амандық Баталов аудан халқына жаңа білім ғимаратының
игілігін татып, тəрбиелі ұрпақтың қызықшылығын көрулерін, білім беру ісінде еңбек етуші ұстаздар қауымына атқарар қызметтері жемісті болуын тіледі. – Алматы облысы демографиялық өсім жөнінен қарқынды нəтиже көрсетіп келе жатқан аймақ. Өйткені, мұнда өзге
Таєайындау
Мемлекет басшысының Өкімімен Замир Садықұлы Сағынов Қазақстан Республикасы Инвестициялар жəне даму министрлігінің жауапты хатшысы қызметіне тағайындалды. * * * Мемлекет басшысының Өкімімен Қазақстан Республикасы Президенті Əкімшілігінің Əлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінің меңгерушісі Данияр Талғатұлы Ақышевқа Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі міндетін уақытша атқару жүктелді.
Хроника
Мемлекет басшысының Жарлығымен Ербол Тұрмаханұлы Орынбаев Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі қызметінен босатылды.
өңірлерден көшіп келушілер саны өте көп. Биыл осы өңірдің өзінде 18 жаңа мектеп ашылып, облыс аумағындағы халқы ең тығыз орналасқан елді мекендердегі жастарымыздың білім алуына көптеген жеңілдіктер жасалынбақ. Осындай жаңа мектептер ашу арқылы біз үш ауысымды
мектептер мен апатты жағдайдағы білім ордаларының мəселесін түбегейлі шешетін боламыз, – деді Білім жəне ғылым министрі Аслан Сəрінжіпов. Бесағаштықтардың қуанышын бөлісуге келген Парламент Мə жі лісі нің депутаты Əлихан Тойбаев, Талғар ауданының əкімі Райхан Садықова жаңа мектептен түлеп ұшатын жас буын өкілдері оқуда озат болатындарына сенім білдірісті. Бесағаш ауылындағы №45 мектеп гимназиясының құрылыс жұмысы 2014 жылы басталып, республикалық жəне жергілікті бюджеттен 1 миллиард 187 миллион теңге қаржылай қолдауға ие болған еді. «Альтаир» ЖШС бас мердігер болып, діттеген уақытында тапсырылған құрылыстың жалпы көлемі 3060 шаршы метр. Жаңа мектепте 45 оқу кабинеті, 3 шеберхана, 1 мультимедиялық кабинет, жаңа үлгідегі химия, физика, биология жəне информатика кабинеттері, 575 шаршы метрлік спорт залы, 200 орындық асхана жəне медициналық бөлмесі бар. Бұдан өзге, кітап қорында 3000 əдеби жəне 6000 оқулықпен қамтылған кітапхана мен оқу залы, оқушы қыздар үшін тігін, ал ұлдар үшін ағаш пен металл өңдейтін цехтар бар. Еңбек сабағын өткізу үшін барлық құрал-сайман мен керекті жабдықтар толық жетерлік. Əзірге 60 мұғалім қызмет атқарғалы отырған жаңа мектептің ашылу салтанатына ауыл тұрғындары ерекше көңіл-күймен қатысып, ақсақалдар жастарға бата беріп, жаңа білім жолында үлгілі болуларына тілек қосты. Қалықтаған шаттықтың қанатында əн, Қуаныштың жырынан дала тұнған. Мектебіміз жарандар құтты болсын, Бесағаштың төрінен жаңа ашылған! – деп Арман Əділғазы есімді шəкірт жыр арнап, өнерпаз оқушылар əн-биден шашу шашты. Алматы облысы. –––––––––––––––
Суреттерді түсірген Жұмабай МҰСАБЕКОВ.
Ќайырымдылыќ
Республикалық диагностикалық орталығында «Нұр Отан» партиясы «Бақытты балалық шақ» жобасының аясында партияның осындағы филиалы «Балаларды мектепке дайындайық» акциясын өткізді. Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан».
Оны Ұлттық медициналық холдингтегі партияның филиалы еншілес ұйымдардың кəсіподақ комитеттерінің қолдауымен ұйымдастырған. Ак цияның мақ саты
– өз қызметкерлері арасындағы аз қамтылған жəне көпбалалы отбасылар балаларының мектеп жарақ тарын, оқулықтар алуы үшін материалдық көмек беруге саяды. (Соңы 4-бетте).
Елімізде өтетін ЭКСПО-2017 көрмесіне Қытай қатысатынын ресми түрде растады. Тиісті құжатты табыстау рəсімі Бейжіңде сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары жəне ЭКСПО-2017 комиссары Рəпіл Жошыбаев пен Қытай халықаралық саудаға ықпалдасу комитетінің төрағасы Цзян Цзиньвейдің қатысуымен өтті. Еске салсақ, Қытай ЭКСПО-2017-ге өзінің қатысатынын растаған 39-шы ел болды. Еліміздің білім саласындағы теория мен тəжірибені ұштастыруға 12 млрд. теңге жұмсалған. Білім жəне ғылым вице-министрі Есенғазы Иманғалиев мəлімдеуінше, аталған қаржының 9 млрд. теңгесі елдегі жоғары оқу орындары мен арнайы колледждерде 1402 жаңа лабораториялық жабдықтармен қамтамасыз етілген алаңқайлар ашуға бағытталған. Сонымен қатар, 3 млрд. теңге Дүниежүзілік даму банкінен грант негізінде бөлінген. Осы жылдың қазан айынан бастап Астана-Дубаи бағытындағы рейс қайта ашылады. Аталған бағыттағы тұрақты рейс аптасына төрт рет – дүйсенбі, сейсенбі, жұма жəне жексенбі күндері Airbus 320 ұшағы арқылы жүзеге асырылады. Əзірге билет құны нақтыланған жоқ. Алматыда марафоннан жиналған қаржыға заманауи спорт кешені салынды. Аталған марафон директоры Салтанат Қазыбаева: «Біз бой көтерген спорт сарайын №9 мектеп-интернаттың сөйлеу қабілеті нашар балалары үшін салдық. Олар мұнда үнемі белсенді ойындар ойнап, спортпен шұғылдана отырып, толыққанды дами алатын болады», – деді. Айта кетейік, кешенде футбол, баскетбол жəне волейбол алаңдары бар. Ақмола облысына жылына 1 млн. турист келеді. Осыған орай облыста 300-ге жуық туристі қабылдау жəне қызмет көрсету орны 400 жол бойы қызмет көрсету нысандары жəне лицензиясы бар 68 туристік фирма жұмыс істейді. Айта кетейік, биыл Бурабай арнайы экономикалық аймағы құрылып, оны дамыту үшін 10 млрд. теңге бөлінді. Жамбыл облысында бағаларды бақылауда ұстап тұру өңірлік тұрақтандыру қоры арқылы іске асуда. Облыстық кəсіпкерлер палатасының хабарлауынша, күнделікті халық тұтынатын тауарлардың бағасы бірқалыпты. Тұтынушылар қалаған тауарын еш кедергісіз сатып алуда. Осы ретте аймақтағы тұрақтандыру қоры тауар жетіспеушілігі мен баға көтерілуін болдырмауға күш жұмсап отыр. Қызылордада «Қазақстан ның үздік тауары 2015» өңірлік көрме-байқауы өткізілді. Оған аймақ кəсіпкерлігінің түрлі саласынан 25 тауар өндірушілер қатысты. Байқау жаңа тұтынушыларды таба отырып, іскерлік байланыстар орнатуға арналған бірегей шара болып табылады. Хабарлар Үкімет, облыстық əкімдіктер сайттары, «ҚазАқпарат» агенттігі жəне «24kz» телеарнасының деректері бойынша дайындалды.
Сараптама
ЖАЅА ЭКОНОМИКАЛЫЌ ШАРАЛАР – ЎЛТТЫЌ МЇДДЕНІ ЌОРЄАУ
Теѕге
кїн санап тўраќтылыќќа ќарай бет алып келеді Серік ПІРНАЗАР, «Егемен Қазақстан».
Бəлки, қаржы-несие саясаты тұрғысынан қарағанда, бұл əлі елеусіздеу көрініс шығар. Бірақ бір нəрсе айқын: теңге əдепкі еркін айырбас бағамына жіберілген күнінен кейін одан əрі құлдырап, кетіп қалған жоқ, ол қайтадан біртіндеп жоғары көтеріліп келеді. Осы тұста ұлттық валюта бағамының еркін белгілену тəртібіне өтуіне байланысты туындаған бастапқы дақпырт пен дүрлігіс те саябырси бастады. Елдің валюта
жəне тұтыным рыногында екінші күні қылаң берген көріністің өзі мəжбүрліліктен жасалған бұл шараға жұрттың біршама көндігіп, жаңа экономикалық ақиқатқа бейімделуге көшкенін білдірді. Шыны керек, əйтпесе əуелгіде теңге бағамының күрт төмендеу қарқыны тым қатты еді. Ол келесі күні-ақ Қазақстан валюта биржасында (KASE) таңертең жүрген саудада 198,05 теңгеден 255,26 теңгеге бірақ секірді. Ал кешке қарай 1 доллардың орташа бағамы тіпті 259,25-ке жетіп тоқтағанда,
оның шектелер шегі бұдан да əріде жатқаны туралы талай тұжырымдар айтылған. Алайда,
бəрі керісінше болып шықты. Теңгенің долларға қатысты бағамы енді кері қарай айналып,
өзінің еркін жүзу үдерісін бастар кезіндегі шағына ақырындап жақындай түсті. Сол үрдіспен ол тағы екі күннен кейін ресми есепте 218 теңгеге дейін төмендеді. Соның нақты айғағы, кеше республика айырбас бекеттерінде доллардың сатып алу құны 218 теңгеден қайырылса, сату құны 220-ға тұрақтады. Бұл екі ортада Шымкентте бұл бағамның тіпті 210 теңге маңайында тұрғаны туралы да хабар келді. Əлбетте, біз де бұған аса қатты малдана беруге болмайтынын, кеше құлдыраған теңгенің ертең қайтадан сол үйреншікті соқпағына түсіп кетуі ықтимал екенін, оған енді сыртқы факторлардың көбірек əсер ететінін жақсы түсінеміз. (Соңы 2-бетте).