24 саєат №219 (28158) 25 ҚЫРКҮЙЕК СƏРСЕНБІ 2013 ЖЫЛ
Шаралар кешені маќўлданды
Ақордада Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің отырысы өтті, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. Отырыс басталар алдында оған қатысушылар Кеңес Одағының Батыры, Халық
Қаһарманы, Қазақстан Республикасының алғаш қы Қорғаныс министрі Сағадат
Кґпшілік ќолдауыныѕ наќты дəлелі
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Германияның Федералдық канцлері Ангела Меркельге Христиан-демократиялық одағының парламенттік сайлауында жеңіске жетуіне байланысты құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.
Жеделхатта сайлау қорытындылары А.Меркельдің əлеуметтік-экономикалық мəселелерді шешу жөніндегі қызметі мен Германияның халықаралық рөлін нығайтуға бағытталған саясатына көпшіліктің көрсеткен қолдауының нақты дəлелі екені атап өтілген. «Соңғы жылдары Қазақстан мен Германия арасындағы өзара қарым-қатынастар барлық бағыт бойынша қарқынды дамып келе жатқанын зор ризашылықпен атап өткім келеді. Алдағы уақытта да біз елдеріміз арасындағы екіжақты ынтымақтастықты жаңа стратегиялық деңгейге шығару үшін бірлескен күш-жігерімізді аямайтынымызға сенімдімін», – делінген құттықтау жеделхатында. Соңында Нұрсұлтан Назарбаев Федералдық канцлерге зор денсаулық пен бақыт, ал достас Германия халқына мол игілік жəне бейбіт өмір тілеген.
Жылу беру маусымына дайындық жұмыстары негізінен аяқталып қалды. Тіпті солтүстік өңірлердегі əлеуметтік нысандарға жылу беру басталып та кетті, деді С.Ахметов. Шараның маңыздылығына тоқтала келіп, Премьер-Министр сөз кезегін Индустрия жəне жаңа технологиялар министрінің орынбасары Б.Жақсалиевке берді. Министр орынбасарының сөзіне қарағанда, жылу беру маусымына дайындық жұмыстары ұйымшылдықпен, жоспарға сай жүріп жатыр.
Бүгін Астанадағы Тəуелсіздік сарайында Əлемдік жəне дəстүрлі діндер көшбасшылары съезі Хатшылығының ХІІ отырысы, сондайақ «Өркениеттер үнқатысуындағы Астана дін ара лық форумының рөлі» тақырыбы бойынша халықаралық ғылыми-тəжірибелік конференция өтеді. Бұл жаһандық ауқымдағы шара Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен 2003 жылғы 23-24 қыркүйекте шақырылған, алғашқы Əлемдік жəне дəстүрлі діндер көшбасшылары съезінің 10 жылдығына арналып отыр. Съездің жұмыс органы болып табылатын Хатшылықтың ХІІ отырысы барысында 2012 жылы мамырда өткен Əлемдік жəне дəстүрлі діндер көшбасшылары ІV съезінің қо рытындылары бойынша пікір алмасылады. Отырыстың күн тəртібіне
Дегенмен, күрмеуі қиын бірқатар мəселелер де бар екен. Оның көбі тозығы жеткен жылу қазандықтары мен жылу желілеріне байланысты көрінеді. Таяу күндері жылу беру маусымына дайындалу ісі нашар болған өңірлер бойынша Үкіметке арнайы ұсыныстар əзірленеді, деді Б.Жақсалиев. Сондай-ақ, биылғы жылы энергетикалық кəсіпорындар күзгі жəне қысқы маусымдық жұмыстарды жүргізу үшін арнайы төлқұжат алуға асықпаса болмайды. Өйткені, құжат қабылдау қазан айының бірінші күні аяқталады екен. (Соңы 2-бетте).
Көңіл айту жеделхатын жолдады
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Кеңес Одағының Батыры, Халық Қаһарманы жəне Қазақстан Республикасының алғашқы Қорғаныс министрі Сағадат Нұрмағамбетовтің қайтыс болуына байланысты отбасы мен туған-туыстарына көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.
Нұрсұлтан Назарбаев Сағадат Қожахметұлының бүкіл өмірі мен қызметі өз Отаны мен халқына адал əрі беріле қызмет етудің үздік үлгісі екенін атап өткен. «Жастық шағы Ұлы Отан соғысымен тұспа-тұс келген ол майданда фашистік басқыншыларға қарсы ерлікпен шайқасты. Ерлігі жоғары мемлекеттік наградалармен атап өтілді. Соғыстан кейінгі өмірін əскери қызметке арнап, мұнда да талантты сардар, тамаша қолбасшы ретінде танылды. Өзінің біліктілігі мен талапшылдығына қоса, қарапайымдылығымен жəне
----------------------------------------Суретті түсіргендер С.БОНДАРЕНКО, Б.ОТАРБАЕВ.
ЖАҺАНДЫҚ ЖƏНЕ ҰЛТТЫҚ МҮДДЕНІ ҰШТАСТЫРҒАН ФОРУМ
Премьер-Министр Серік Ахметовтің төрағалығымен селекторлық режімде өткен кешегі Үкімет отырысында 2013-2014 жылғы жылу беру маусымына дайындық мəселелері қаралды. Онда мемлекеттік органдар мен облыс əкімдерінің алдағы маусымға дайындығы туралы есептері тыңдалып, тиісті шаралар белгіленді. «Егемен Қазақстан».
ержүрек ті лігімен ерекшеленген адам ретінде халықтың есінде қалды. Өмірлік тəжірибесімен біздің жас буынды тəрбиелеуге болатын жалпыхалықтық маңызы бар тұлғадан айырылдық, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Əлемдік жəне дəстүрлі діндер көшбасшыларының съезіне – 10 жыл
Жылу беру маусымына дайындыќ ќалай?
Нұрбай ЕЛМҰРАТОВ,
Нұрмағамбетовті бір минут үнсіздікпен еске алды. – Өткен соғыстың батыры, нағыз жауынгер. Тəуелсіздік жылдары ол бізбен бірге бол ды жəне өз Отанын сүйе тін, еңбексүйгіштігімен, табандылығымен,
Отырыста геосаяси ортадағы өзгерістерді ескере отырып, Қазақстанның даму стратегия сына жəне ұлттық қауіпсіздік жүйесін жаңғырту шараларына қатысты мəселелер қаралды. Қазақстан Президенті қазіргі əлемде қауіпсіздікке төнген қатердің азаймай отырғанын атап өтті. Олардың қатарында терроризм, əлеуметтік кикілжіңдер, жалғасып жатқан экономикалық тұрақсыздық бар. Осы орайда Мемлекет басшысы əлемдегі ахуалды ұдайы назарда ұстап, жағдайға орай ұлттық қауіпсіздік жүйесіне жедел түзетулер енгізу жəне бейімдеу үшін дер кезінде шаралар қабылдау қажеттігін атап өтті. Отырыс барысында қаралған мəселелер бойынша Президенттің көмекшісі Е.Қазыханов, Президенттің көмекшісі – Ұлттық Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы Қ.Қожамжаров сөз сөйледі. Отырыстың қорытындысында Қа зақстанды өңірлік өзгерістер мен жаһандық ахуалға бейімдеуге, сондай-ақ ұлттық қауіпсіздік жүйесін жаңғыртуға бағытталған шаралар кешені мақұлданды. Атап айтқанда, бірқатар институттық, нормативтік-құқықтық жəне ұйымдастыру шаралары көзделіп отыр.
əділдігімен əріптестерінің арасында зор абырой мен беделге ие болды. Ол ел тəуелсіздігінің бастапқы қиын-қыстау жылдарында Қазақстан Республикасының алғашқы Қорғаныс министрі ретінде еліміздің Қарулы Күштерін қалыптастырып, нығайтуға өлшеусіз зор үлес қосты. Сол себепті оған Халық Қаһарманы атағы берілгенін ерекше сезіммен еске аламын. Халқымыз оның еңбегін ешқашан ұмытпайды, ал оның жарқын дидары біздің жадымызда əрдайым сақталады», – делінген жеделхатта.
сондай-ақ Съезд Хатшылығының дінаралық жəне өркениетаралық үнқатысуды ілгерілету жөніндегі халық ара лық құрылымдармен ынтымақтастығы мəселелерін шығару да жоспарланған. Қатысушылар, сонымен
қатар, 2015 жылы өтеді деп күтіліп отырған V Съездің тұжырымдамалық жəне ұйымдастыру мəселелері бойынша да пікір алмасатын болады. Халықаралық деңгейдегі ауқымды басқосуға Хатшылық басшысы – Қазақстан Республи ка сы Парламенті Сенатының Төрағасы Қайрат Мəми төрағалық етіп, Хатшылық мүшелері, яғни əлемдік жəне дəстүрлі діндердің өкілдері қатысады. «Өркениеттер үнқатысуындағы Астана дінаралық форумының рөлі» тақырыбындағы халықаралық ғылыми-тəжірибелік конференция Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың конфессияаралық форумды өткізу туралы идеясының тарихи маңызын ғылыми тұрғыда зерделеуге ықпал ететіні күмəнсіз. --------------------------------------------Əлемдік жəне дəстүрлі діндер көшбасшылары съезінің 10 жылдығына арналған материалдарды 3-беттен оқи аласыздар.
Бизнес жїргізудіѕ биік міндеттері
Парламент Сенатының Қаржы жəне бюджет комитеті Батыс Қазақстан облысында көшпелі отырыс өткізіп, Біртұтас экономикалық кеңістік жəне Кеден одағы жағдайында бизнес жүргізу мəселелері бойынша мемлекеттік органдардың, қоғамдық ұйымдардың жəне бизнес құрылымдардың өкілдерімен кездесу өткізді, деп хабарлады осы палатаның баспасөз қызметі. Шараға Сенат депутаттары, мемлекеттік органдардың, қоғамдық ұйымдардың жəне бизнес құрылымдардың өкілдері қатысты. Кездесуді аша келіп Батыс Қазақстан облысының əкімі Н.Ноғаев құттықтау сөз сөйледі. Сенаттың салалық комитетінің төрағасы Рашит Ахметов талқыланып отырған мəселе Мемлекет басшысының «Қазақстан-2050» Стратегиясы» Жолдауындағы экономиканы жаңғырту міндеттері аясында маңызды екенін атап өтті. Сенатор атап өткендей, «Қазіргі кезде қатысушы мемлекеттер экономикасының тұрақты жəне тиімді дамуын жəне халықтың өмір сүру деңгейін арттыруды
Бїгінгі нґмірде: АУЫЛДА ЖЇГЕРІ ҐСІРІП ЖЇРГЕН ФРАНЦУЗ
5-бет
мақсат ететін, сондай-ақ қатысушы мемлекеттер шекаралары арқылы жүретін тауарлардың, қызмет көрсетулердің, капитал мен жұмыс күштерінің еркіндігін қамтамасыз ету болып табылатын біртұтас экономикалық кеңістік қалыптасуда». Біртұтас экономикалық кеңістік жəне Кеден одағы жағдайында бизнес жүргізу мəселелеріне қатысты Р.Ахметов оны заңнамалық тұрғыда қолдау мəселелеріне назар аударды. «Батыс Қазақстан облысы Ресей Федерациясының 5 облысымен: Самара, Орынбор, Саратов, Волгоград жəне Астрахань облыстарымен шектеседі. Осыған байланысты кездесу барысында
Қоғамдастыққа қатысушы елдердің өзара тауар айналымын қамтамасыз ету басты назарға алынуы тиіс», деді сенатор. Отырыста Экономика жəне бюджет тік жоспарлау комитетінің өкілі У.Байқадамова, «Атамекен» Одағы» Қазақстан ұлттық экономикалық пала тасы басқармасы төрағасының бірінші орынбасары Р.Ошақбаев, Қаржы министрлігі Салық жəне кеден заңнамасын үйлестіру, кірістерді талдау жəне болжау департаментінің директоры В.Əмірханұлы, Қаржы министрлігі Салық комитеті басқармасының бастығы М.Бұлғынов жəне басқалар сөз сөйлеп, депутаттар қойған сауалдарға жауап берді. Дөңгелек үстелді қорытындылай келіп, Р.Ахметов заңнамаларды одан əрі жетілдіру жөніндегі нақты мəселелер бойынша айтылған ұсыныстарға назар аударды. Көшпелі отырыс аясында депутаттар «Стекло-Сервис» ЖШС жəне «Уральскагрореммаш» АҚ жұмыстарымен танысып, жергілікті кəсіпорындарда болды.
Кения қауіпсіздік күш те рі ел астанасы Найроби қаласындағы сауда орталығын күшпен ұстап тұрған содырлардан кепілдікке алын ғандардың аман-есен қалғандарын құтқарды. 15 шақты содырдың екі-үшеуінен бас қа сының бəрінің көзі жойылды. Содыр лардың арасын да шетелдіктер, оның ішінде америкалықтар да болған көрінеді. Ал кепілдікке алынғандардан 69 адам қаза тапқан. Ирак астанасы Бағдад қаласының сүнниттер көп тұратын ауданында жанкешті өзін өзі жарып жіберді. Лаңкестік салдарынан 16 адам көз жұмса, 30-ы жараланды. Өткен сенбі күні лаңкестердің қолынан 73 адам қаза тапқан еді. Ал шииттер тұратын ел астанасы маңындағы Мадинат-Садр қаласында ғана 65 адам жарып жіберілген болатын. Мексикаға лап қойған «Ингрид» тропикалық штормы мен «Мануэль» дауылы салдарынан қаза тапқандар саны 115 адамға жетті. Бұл соңғы мəлімет емес. Ел президенті Энрике Пенья Ньетоның айтуынша, құрбандықтар саны арта түсуі ықтимал. Кедейлер басым тұратын Акапулько ауданында 23 мың үй электр қуатынсыз жəне сусыз қалған. Шығыс Грузияда жауған нөсер жаңбырдан Телав, Ахмет жəне Кварель аудандары топан су астында қалды. Өзен арнасынан шыққан қарғын су қалалар мен ауылдарды, жолдарды шайып кетті. Көптеген жергілікті тұрғындар егінсіз жəне малсыз қалды. Иранда тырысқақ ауруына шалдыққан 170 адам анықталды. Иран денсаулық сақтау министрлігі басқарма басшысының орынбасары Махмұд Набавидің айтуынша, сырқаттарға қатысты қажетті шаралар қабылданған. Дерт меңдеген 170 адамның 144-і Ауғанстаннан, 25-і Пəкстаннан келгендер көрінеді. 25-і Иран азаматтары екен. Грекияда кəсіподақтардың ұйымдастыруымен жаппай ереуілдер қайтадан жалғасып жатыр. Көшеге шыққандар Грекия үкіметінің қатаң реформа саясатына наразылық білдіруде. Ел үкіметі миллиардтаған несие алу үшін қатаң саясат ұстануға мəжбүр болып отыр. Сөйтіп, бюджеттің қысқаруы, жұмыстан босатулар, өмір деңгейінің төмендеуі жаппай наразылықтар мен ереуілдер туындатуда. Камбоджаның оппозициялық «Ұлттық құтқару партиясы» парламенттің кезекті сессиясының ашылуына бойкот жариялады. Олар іс басындағы премьерминистр Хун Сеннің заңды үкімет басшысы емес екенін танудан бас тартылуына байланысты қарсылық білдіруде. Ресейдің Краснодар өлкесінде Су-25 əскери ұшағы апатқа ұшырады. «Интерфакс» агенттігінің хабарлауынша, ұшқыш қаза тапқан. Апат себебін анықтау үшін арнайы комиссия құрылып отыр. «Минск – Мəскеу» бағытындағы №26 жолаушылар пойызы Белоруссияның Витебск облысындағы Дубро вен ауданында 52 сиырды басып кеткен. Табында барлығы 164 мүйізді ірі қара болған көрінеді. Ал пойыз кестеден бір сағатқа кешіккен. Келтірілген зиян көлемі анықталуда. Ақпарат агенттіктері материалдары негізінде əзірленді. ТАҒАЙЫНДАУ
Мемлекет басшысының Өкімімен Қанатбек Бейсенбекұлы Сафинов Қазақстан Республи касы Мұнай жəне газ министрлігінің жауапты хатшысы болып тағайындалды.
Балќадиша
7-8-беттер
«Карлагта» атылєан ЌАНДАСТАР
11-бет
ИНФАНТИЦИД 13-бет