АҚПАРАТТАР аєыны №187 (28410) 25 ҚЫРКҮЙЕК БЕЙСЕНБІ 2014 ЖЫЛ
Елбасыныѕ апталыќ кестесі
● Жасампаздық жемістері
КҐПІР
30 қыркүйекте Атырауда Қазақстан мен Ресейдің XI өңіраралық ынтымақтастық форумы өтеді, оның жұмысына Президенттер Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путин қатысады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. «Көмірсутегі саласындағы инновациялар» тақырыбындағы іс-шара аясында заманауи технологияларды мұнай-газ саласында қолдану, осы бағыттағы екіжақты ынтымақтастықты дамыту мəселелерін талқылау қарастырылған. Форум кəсіпорындардың инвестиция жəне көмірсутегі секторындағы инновациялар саласындағы қарым-қатынастарын кеңейтуге жəне жаңа байланыстар орнатуға,
Сырдариялыќтар жол азабынан ќўтылды Ержан БАЙТІЛЕС,
«Егемен Қазақстан».
Тіршіліктің тауқыметі таусылмайды ғой. Ал осының ішінде жол азабы деген ең қиын нəрсе. Ішек-қарыныңды тұтасымен ақтарып жіберердей, жүрегіңді аузыңа əкелердей ойдым-ойдым, кедір-бұдыр жолда жүрсеңіз, өміріңіз өксіп кеткендей болады. Енді көз ұшында тұрған жерге турасынан бара алмай, 120 шақырым жолмен айналып жетер болсаңыз, қайтер едіңіз? Жүйке тамырларыңыздың бірбірлеп бырт-бырт үзілетіні хақ. Дəл осындай жағдай Қызылорда облысының Сырдария ауданында болды. Сырдария – аймақтағы ең шағын аудан. Ауылдары дарияның екі шетін жағалай орналасқан. Бірақ осы уақытқа дейін ұлы өзеннің үстінен өтер көпір болмады. Сондықтан арғы бетте жатқан 13 елді мекеннің тұрғындары аудан орталығына бару үшін талай уақытын сарп етіп, 120 шақырым жолды артқа тастап баратын. Жаз айларында қалқымалы көпір болды. Кейде қайықпен кесіп өтетін. Оның өзі қауіпті еді. Осы өткелден өтемін дегенде талай адам суға
ағып, ажал құшқан жағдайлар кездесті. Арғы бетте тұратын 21 мың халықтың күйі күні кешеге дейін осындай болып келді. Тереңөзекке барып қайтқанша иненің ұшында отырғандай күй кешетін тұрғындардың тілегі орындалды. Дария үстінен көпір салынып, ол ел игілігіне берілді. Енді аудан жұрты бірбіріне қатынас үшін бұрынғыдай ұзақ жол жүрмейді. Жол 100 шақырымға бір-ақ қысқарды. Шыны керек, аталған көпірді сырдариялықтар ұзақ күтті. Сарыла күткен армандары түбінде орындалды. Аудан тұрғындарының қуанышына облыс əкімі Қырымбек Көшербаев та
Эпидемиологиялыќ жаєдайєа арналєан отырыс Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің жанындағы Сарапшылық кеңестің «Орталық Азиядағы эпидемиологиялық жағдай» тақырыбымен отырысы өтті, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. Отырысқа мемлекеттік органдардың жетекшілері, санитарлық-эпидемиологиялық жəне вете ринарлық қызметтердің басшы лары, сондай-ақ, бейінді қазақ стан дық ғылыми-зерттеу инс титут тардың сарапшылары қатысты. Талқылау барысында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Ə.Жақсыбеков сырттан келетін жəне ішкі эпидемиологиялық қауіп-қатерлердің өсуі жағдайында Қазақстанның биологиялық қауіп сіз дігін күшейту мақсатында профилактикалық жəне алдын алу шараларын уақтылы қабылдаудың маңыздылығын атап өтті. Сарапшылар Орталық Азияда са нитарлық-эпидемиологиялық тəуе келдің өсуіне байланысты алаңдаушылығын білдірді. Жаңа инфекциялық аурулар мен вирустардың (Эбола безгегі, қызылша эпидемиясы, туберкулез, оба
жəне басқалар) тарауы Қазақстан халқының денсаулығына жəне экономикалық тұрақтылығына қатер төндіретіндігі атап өтілді. Қазақстанның санитарлықэпидемиологиялық жəне ветеринарлық қызметтерін дамытуды мемлекеттік қолдау шаралары, сондай-ақ, бұл саладағы халықаралық ынтымақтастықтың болашағы пысықталды. Ə.Жақсыбеков мемлекеттік саясатты күшейту, ұлттық санитарлық-эпидемиологиялық жəне ветеринарлық қызметтердің инфрақұрылымын жаңарту, азаматтардың денсаулығы мен өмірін қорғауды қамтамасыз етуде ведомствоаралық ынтымақтастық меха низмдерін жетілдіру қажеттілігін атап өтті. Жұмыстың қорытындысы бойынша Сарапшылық кеңес тиісті мемлекеттік органдарға нақты тапсырмалар берді. Мəселе Қауіпсіздік Кеңесінің кезекті отырысына шығарылады.
● Əлем жəне Қазақстан
Нью-Йорктегі кґпжаќты дипломатия аптасы Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысовтың АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында БҰҰ Бас Ассамблеясының 69-отырысына қатысып, шетелдік əріптестерімен жəне халықаралық ұйымдардың басшыларымен кездесулері өтіп жатыр. Қыркүйектің үшінші онкүндігінде Нью-Йорк əлемдік дипломатияның белсенді орталығына айналып, БҰҰ-ға барлық мүше-елдердің мемлекет, үкімет басшыларымен қатар, сыртқы істер министрлері жиналатыны мəлім. Бұл –шетелдік əріптестермен екі жақты мəселелерді талқылаудың, Отанымыздың негіз гі жаһандық қауіпсіздік мəселелері турасындағы ұстанымын БҰҰ мінберінен халықаралық қоғамдастыққа жеткізудің қолайлы мүмкіндігі.
Нью-Йорктегі алғашқы күні Е.Ыдырысов америкалық компаниялардың өкілдерімен бірқатар кездесулер өткізді. Олардың ішінде: «Боинг», «Сикорски Эйркрафт», «Ситигрупп», «Шеврон» жəне т.б. бар. Сұхбаттастармен шетелдік инвесторларға жаңа мүмкіндіктер мен қолайлы жағдайлар туғызу, ынтымақтастықты əрі қарай дамыту жəне Қазақстанда іс жүргізу мүмкіндіктерін кеңейту мəселелері талқыланды. (Соңы 4-бетте).
ортақтасты. Жұртшылықты тарихи сəтпен құттықтап, Елбасының ерен еңбегінің арқасында ел іргесі бекіп, соның нəтижесінде халықтың тұрмыс-тіршілігінің күн санап артып келе жатқанын атап айтты. Айтпай кетуге болмайтын шығар. Жақып Асанов деген азамат бар. Бүгінде Бас прокурордың орынбасары. Бұрын Мəжілісте депутат болған. Міне, көпірдің салынуына Жақып Асанов депутат кезінде көп көмек көрсетті. Салтанатты шараға келген Ж.Асановқа Қырымбек Елеуұлы елдің атынан алғыс айтты. Ал көпірдің өзі екі жолақты, ұзындығы – 220 метр. Құрылыс
бас-аяғы үш жылдың ішінде біткен. Жобаға жалпы құны 2,5 миллиард теңге жұмсалған. Мердігері – «Мостостроительный отряд-25» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. Көпір 180 тоннаға дейін жүк көтеруге қауқарлы жəне құрылысы соңғы технологиялармен жүргізілген. «Сабыр түбі – сары алтын» деген ғой. Сырдариялықтар қанша жыл сабырмен күткен көпір енді халыққа қызмет ете бастады. Болашақта мұндай көпір тағы екі ауданда салынады екен. Бұл ел мен елдің арасындағы қатынас еселене түседі деген сөз. Қызылорда облысы.
● Мəселенің мəнісі
«Майќайыѕ-алтын» кеншілері не їшін шахтадан шыќпай ќойды?.. Фарида БЫҚАЙ,
«Егемен Қазақстан».
– Бұл ойламаған жерден болған жағдай емес. Біз, кеншілер былтырдан бері талаптарымызды орындата алмадық. Сондықтан, жерастынан шықпай, наразылық білдірдік. «Алпыс» кенішінде 80 кенші жұмыс істейміз. Қазір бəрімізді басқа бөлімшелерге ауыстыруда, жұмыста қысқарту шаралары жүруі де мүмкін, – дейді кенші Руслан Күзенбаев. – Жұмыс беруші кеншілердің еңбек жағдайымен санасуы міндетті. Арнайы киім, арнайы құралдар, құрылғылар болмай, еңбек өнімділігін арттыру мүмкін емес, бірақ, соған қарамай, біз, кеншілер жоспарды орындаймыз, қиындыққа төзудейін төздік. Жер астындағы кен қазу жұмыстарындағы еңбек зияндылығына байланысты қосымша төлем төлеуді жəне жалақыны көтеруді талап еттік, – дейді Қайрат Дүйсенбаев. «200 метр тереңдікте жұмыс жасаймыз. Шахта іші жарықсыз, сыз, желдеткіштер аз, шаң-тозаң. Бұл кеншілер өміріне, денсаулығына қауіпті», десті басқа да кеншілер бізбен əңгімесінде. (Соңы 9-бетте).
Уəкілетті органдар ќўзыреті заѕмен ажыратылады Мəжіліс Төрағасы Қабиболла Жақыповтың жетекшілігімен өткен палатаның кешегі жалпы отырысында төрт мəселе қаралды. Депутаттар күн тəртібіне шығарылған мемлекеттік басқару жүйесін одан əрі жетілдіру мəселесін талқыға салып, Азаматтық іс жүргізу конвенциясын ратификациялау жайын қарады. Асқар ТҰРАПБАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан».
Заң жобаларын талқыламас бұрын палата екі заң жобасына қорытынды əзірлеу жайын шешіп алды. Олар бойынша Халықаралық істер, қорғаныс жəне қауіпсіздік комитетінің төрағасы Мəулен Əшімбаев қысқаша баяндап берді. Оның алғашқысы «Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартты ратификациялау туралы» заң жобасы. Аталған құжатқа 2014 жылы 29 мамырда Астанада қол қойылған. Шарттың негізгі мақсаты – мемлекеттер арасындағы стратегиялық ынтымақтастықты нығайту, тараптар экономикаларының тұрақты дамуы үшін жағдай жасау. Екіншісі «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Біріккен Ұлттар Ұйымы арасындағы техникалық ынтымақтастықтың нысаналы қоры туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасы деп аталады. Екі заң жобасы бойынша да қорытынды əзірлеу мерзімі белгіленіп, тиісті комитетке бекітіп берілді. Палата күн тəртібіне шығарылған «Қазақстан Респуб ликасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару жүйесін одан əрі жетілдіру мəселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын бірінші оқылымда қарап, мақұлдауды ұйғарды. Аталған заңдық құжат бойынша баяндаманы Мемлекеттік қызмет істері
● Заманмен үндес заңғар басылым
Ќарашаѕыраќ «Егемен Қазақстан» газетінің тарихы тереңде жатыр. Алаш арыстары мен ұлт зиялылары іргесін бекітіп, уығын қадаған «Егемен Қазақстанның» қазақ баспасөзіндегі, бүгінгі қоғамдағы алар орны ерекше. Елдік, ұлттық мүддені оқырман жүрегіне жеткізе білетін бас басылымның тəуелсіз Қазақстанның мемлекеттілігін қалыптастырудағы еңбегі ерен. 200 мыңнан аса оқырман бұл газеттен еліміздің күнделікті тынысымен танысып қана қоймай, экономиканың өркендеу бет алысы, халықаралық саясаттың қалыптасу үдерістерінен де осы газеттен хабардар болып отырады. Ұлт жанашырына айналған «Егемен Қазақстан» алыпұшпа, сыңаржақ көзқарас ұстанбайды. Газет күнбе-күн жазылып, көтеріліп жататын қай мəселені де сарабдалдық тұрғысынан сараптайды. Əсіресе, бабалар аңсаған тəуелсіздіктің қадір-қасиетін жас ұрпақ санасына сіңірудегі өнегесінің өзі қазақ баспасөзінің қарашаңырағына тəн қасиетінен танылып тұрады.
Егемендіктің елең-алаң шағында да «Егемен Қазақстан» өзінің ұстанған бағытынан айнымай, туған жердің, Отанның дамылсыз өркендеуіне қалтқысыз қызмет етіп келді. Бұл басылымның бүгінгі бұқаралық ақпарат құралдары үлгі алуы, қадір тұтуы тиіс тағылымдық өнегесі мол. Соның ішінде бір кезгі солақай саясаттың құрбаны болған арыстарымыздың елі үшін, ұлты үшін сіңірген өлшеусіз еңбектерін тереңдете зерттеп, оқырман назарына ұсынуы ұнайды. Газетте əдебиет пен өнер де, тарих пен тіл де, бір
екі мемлекеттің іскер жəне қоғамдық топтарына жан-жақты қолдау көрсетуге бағытталған.
сөзбен айтқанда, руханият мəселесі ұдайы көтеріледі. Ең басты артықшылығы, «Егемен Қазақстан» тəуелсіз еліміздің қуатты мемлекетке айналуы жолындағы сан алуан реформалар мен қадамдарды кеңінен насихаттаудан жалыққан емес. Əрине, газет шығару оңай іс емес. Осы орайда, бас басылым басшылары мен шығармашылық қызметкерлерінің күнделікті нөмірдің мазмұнын оқырман көңілінен шығатындай етіп түрлендірудегі тынымсыз еңбегі біздің көзімізге көрінбегенмен, газет бетінен анық байқалып тұрады. Қазақ баспасөзінің қарашаңырағы – «Егемен Қазақстанның» шыға бастағанына 95 жыл толғалы отыр. Бір ғасырға жуық мерзімде ұлт руханиятының демеушісі, халықтың тілі һəм көзіне айналған басылымның беделі ұдайы арта берсе екен, жазары мен оқырманы көбейе берсе екен деймін. Бейбіт МАМРАЕВ, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің ректоры, филология ғылымдарының докторы, профессор.
Атырау облысы.
жəне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Қайрат Қожамжаров жасады. Заң жобасымен жаңадан құрылған Агенттіктің сыбайлас жемқорлық қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың, Қаржы министрлігіне экономикалық жəне қаржылық қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу, анықтау, жолын кесу, ашу жəне тергеу жөніндегі функциялары мен өкілеттіктерін беру көзделген. Бұл ретте Агенттіктің жəне Қаржы министрлігінің тиісті бөлімшелеріне құқық қорғау органы мəртебесі берілетінін айта кету керек. Ұсынылып отырған шаралар мемлекеттік қызметті дамыту жəне еліміздегі сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендетуге бағытталған. Төрағаның мəлімдеуінше, қазіргі кезде Қаржы полициясы органының тікелей тергеуіне сыбайлас жемқорлық қылмыстардың 16-бабы жатқызылса, заң жобасымен заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру бөлігіндегі қылмыстың 17 құрамы да берілетін болады. Бұдан басқа, сыбайлас жемқорлық қылмыстардың 3-бабы бойынша ұлттық қауіпсіздік жəне ішкі істер органдарымен бірлескен балама тергеулер қарастырылса, Қаржы министрлігі экономикалық жəне қаржылық қылмыстардың 35-бабы бойынша істерді тергейтін болады. Жалпы алғанда, заң жобасымен 15 кодекс пен 66 заңға түзетулер енгізіледі. (Соңы 4-бетте).
● Ауыл шаруашылығы субсидияларының тиімділігі арттырылады. Бұл туралы сөз қозғаған Ұлттық экономиканың бірінші вице-министрі Марат Құсайыновтың айтуынша, осыған орай жеке бағыттарды жетілдіру шаралары ойластырылады. Мұның өзі субсидиялаудың қазіргі жүйесін қайта қарауды талап етеді. ● 2016 жылы Қазақстанда балық шаруашылығын дамытуға 1,8 млрд. теңге бөлі неді. Ауыл шаруа шылығы министрлігінің жауапты хатшысы Арман Евниевтің айтуы бойынша, бұл қаржы асыл тұқымды балықтар үшін жаратылады. Мұның өзі импортқа қазіргі 100 пайыз тəуелділікті азайту үшін жасалады. ● Еліміздің алқап тарында егістің 60 пайызы жиналып алынды. Бұл 9 млн. гектар танапты құрайды. Ауыл шаруашылығы министрлігі өкілінің сөзіне қарағанда, өткен жылдың осы мезгілінде бұл көрсеткіш 67 пайызды құраған. Дегенмен, егіс жинау науқанын уақытында аяқ тауға толық мүмкіндік бар. ● Астанада жергілікті жас суретшілер сиқырлы күзді бейнелейді. Кішкентай елордалықтар арасында «Сиқырлы күз» алғашқы қалалық сурет байқауы ұйымдастырылады. Байқау бейнелеу жəне қолданбалы өнер саласында дарынды балаларды анықтауға, сондай-ақ, олардың қабілеттіліктерін дамытуға бағытталған. Байқау 25 қыркүйекте №58 «Өркен» балабақшасының аумағында қанат жаяды. ● Шымкентте «Мемлекет тік тіл – менің тілім» республикалық жастар форумы өтті. Оған еліміздің барлық өңір лерінен 300ден астам тіл жанашыры қатысты. Жиын барысында мемлекеттік тілді насихаттауда көзге түсіп жүрген бірқатар жастарға Мəдениет жəне спорт министрлігі тілдерді да мыту комитетінің мақ тау қа ғаздары табыс етілді. ● Қазақстан-Иран бірлескен шыны зауытының құры лысы қазан айын да басталады. Мұны «Қа зақстан инвестициялық қоры» АҚ басқарма төрағасы Ерлан Айталиев хабарлады. Ол мердігер ретінде ирандық «Kaveh Float Glass Co» компаниясын атап өтті. Кəсiпорын толық қуатында жұмыс жасағанда 300 жұмыс орны ашылып, жергілікті тұрғындар жұмыспен қамтылады. ● Ақтауда Каспий қауіпсіздігіне арналған халықаралық конференция болды. Осымен төртінші мəрте ұйымдастырылған жиында теңіз қауіпсіздігі, шекаралас елдердің əскери дайындығы, күш-қуаты, экономикалықəлеу меттік жағдайы сөз етілді. Хабарлар Үкімет, облыстық жəне қалалық əкімдіктер сайттары деректері бойынша дайындалды.
Азиада: бесінші кїнніѕ еншісінде – 2 алтын, 3 кїміс, 3 ќола медаль Кеше Инчхонда өтіп жатқан Азия ойындарында қазақстандық спортшылар 2 алтын, 3 күміс жəне 3 қола медаль алып, ортақ қоржындағы жүлделер санын 26-ға жеткізді. Олар өзара 6 алтын, 7 күміс жəне 13 қола жүлде болып бөлініп тұр. Бұл күні еліміз саңлақтары арасынан суда жүзгіш Дмитрий Баландин екінші мəрте Азиада жеңімпазы атанды. Онымен бірге, теннисшілер құрамасы да командаға алтын медаль алып берді. Дастан КЕНЖАЛИН,
«Егемен Қазақстан» – Инчхоннан.
Енді осыларды рет-ретімен баяндап берейік. Айтатыны жоқ, Дмитрий ерледі! Мұның алдында, бұрнағы күні 200 метрге брасс əдісімен жүзуден көмбе сызығын бірінші болып қиып өткенімен шектелмей, Азия ойындарының рекордын да жаңартып үлгерген саңлағымыз бұл жолы 100 метрлік қашықтықты брасс тəсілімен көктей өтуде
де алдына жан салмады. Ал кешегі күннің жарыс шымылдығы дəл жабылар қарсаңында құрамында Александр Недовесов, Михаил Кукушкин жəне Андрей Голубев бар ерлер теннисшілер құрамасы финалда күшті Қытай жасағын 2:0 етіп сүріндіріп, тағы бір «алтынға» қол созды. Кортқа бірінші болып Недовесов шықты. Ол қарсыласы У Диді сағаттан артық шайқаста 6:4, 6:0 етіп тізе бүктірді. (Соңы 9-бетте).