25102013

Page 1

Кеше Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Беларусь астанасында ұйымдастырылған Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңеске қатысты. Ал бүгін Тəуелсіз Мемлекеттер Достастығы мемлекет басшылары кеңесіне қатысатын болады.

№239 (28178) 25 ҚАЗАН ЖҰМА 2013 ЖЫЛ

КЕЛЕЛІ МƏСЕЛЕЛЕР КҐТЕРІЛГЕН КЕЅЕС

Беларусь астанасы халықаралық деңгейдегі екі бірдей ауқымды шараны өткізуге жан-жақты əрі тыңғылықты дайындалыпты. Минскінің көшелеріне жоғары деңгейдегі жиындардың өтетінін айғақтайтын билбордтардың ілінуінен де мұны анық аңғаруға болады. Ал Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңеске жəне ТМД-ға мүше мемлекет басшыларының кеңесіне келер болсақ, саяси маңызы зор оқиғаларды насихаттау үшін 200-ге тарта БАҚ өкілі арнайы тіркеуден өткен екен. Лəйла ЕДІЛҚЫЗЫ,

«Егемен Қазақстан» – Минскіден.

Кеше екі ауқымды шараның алғашқысы, яғни Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысы Минскіде жаңадан бой көтерген Тəуелсіздік сарайында өтті. Еуразиялық интеграцияны дамыту жəне Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің көкжиегін кеңейтуді мақсат тұтқан отырыс аясында күн тəртібіне бірнеше мəселе қойылды. Олардың біріншісі – интеграцияны дамытудың негізгі бағыттары жəне Еуразиялық экономикалық одақ

туралы келісім жобасын əзірлеу барысы туралы болса, екіншісі – Еркін сауда аймағын құру туралы келісім төңірегінде өрбіді. Бұған қоса, кеңес шеңберінде Арменияның Кеден одағына кіру туралы өтініші, «Бəсекелестік туралы» модельді заң, Кеден одағы аумағындағы есірткі мəселесін жүйелеу, Еуразиялық экономикалық комиссияның 2012 жылғы бюджетінің орындалуы турасындағы жылдық есебі, сондай-ақ, Еуразиялық экономикалық кеңес пен Еуразиялық экономикалық комиссия мүшелерінің, олардың отбасыларының өздері жария еткен

кірістері, материалдық игіліктері туралы берген ақпараттарының растығын тексеру жөніндегі ережені бекіту секілді мəселелер қаралды. Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес – Кеден одағы мен Біртұтас экономикалық кеңістіктің ең жоғары үйлестіруші органы. Бұл кеңеске осы ұйымға қатысатын мемлекет жəне үкімет басшылары толықтай мүше. Кеңестің бірден-бір міндеті ұйымның атқарушы органы саналатын комиссия ұсынған құжаттарды бекіту болса, мемлекет немесе үкімет басшылары деңгейінде бекітілетін бұл құжаттар арасында халықаралық келісімдердің жобалары жəне басқа да интеграциялық үдерісті тереңдетуге бағытталған құжаттар түгелдей дерлік қамтылады. Кеңестің шарты бойынша құжаттардың жобаларын əзірлейтін комиссия құрамына мүше мемлекеттерден бір-бір өкілден енген. Оларға қойылар талап та ерекше. Себебі, комиссия құрамына кірген азаматтардың

өкілеттігі премьер-министрдің орынбасары деңгейінде болуы тиіс. Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің соңғы отырысы былтырғы жылдың желтоқсанында мемлекет басшыларының деңгейінде жүзеге асқан болатын. Сол отырыста президенттер 2013 жылы үш мəрте кездесуге уағдаласқан еді. Сондықтан да, биылғы жылдың алғашқы отырысы 29 мамыр күні Астанада өтті. Сол кездегі басқосуды ашқан Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев еуразиялық кеңістіктегі интеграцияның перспективасы əр мемлекет үшін маңызды екендігін, ендеше, интеграция үдерістері барлық тарапқа бірдей тиімділікпен тереңдей түсуі қажеттігін мəлімдеген болатын. Мұндағы айтар ой, көздеген мақсат біреу – ол дербес мемлекеттер өзара ықпалдастыққа ұмтылатын болса, бұл құрылымның тиімділігі мен мүмкіндіктерін бір мемлекет қана емес, баршасы бірдей сезінуі керек. Сол жиын барысында Қазақстан

Президенті: «Мемлекеттер интеграцияға жеке-дара, оқшауланып қол жеткізе алмайтын дүниені иелену үшін барады, ал мұндай жағдайда ықпалдасу үдерісі эво люциялық жолмен, сатылап жүзеге асқаны абзал. Біз өз күштерімізді біріктіргенде ортақ мүддеге қол жеткізуді көздеп, бұл істі кезең-кезеңмен атқаруға тиіспіз. Бүгінге дейін біз осы жолмен жүріп, алдымен Кеден одағын құрдық, одан Біртұтас экономикалық кеңістікті құруды аяқтауға жақындадық. Алдымызда Еуразиялық экономикалық одақ құру кезеңі тұр», деген еді. Демек, Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің бүгінгі міндеті Кеден одағы мен Біртұтас экономикалық кеңістікті одан əрі дамыту перспективасы болса, болашақтағы міндеті – Еуразиялық экономикалық одақ құру. Сол себепті де, мемлекет басшылары бұған дейін тұспалданып келген Еуразиялық экономикалық одақ құрудың мерзіміне қатысты түпкілікті шешімдерін

жария еткен-тін. Мемлекет басшылары белгілеген межеге сəйкес, Еуразиялық экономикалық одақ 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап іске қосылуы тиіс. Ол үшін 2014 жылдың 1 мамырында мемлекет басшыларының қарауына Одақтың құрылуы жөніндегі құжаттардың соңғы нұсқасы ұсынылуы қажет. Бұл арқылы интеграцияның келесі сатысын құрудың негіздері қаланып, Кеден одағына мүше мемлекеттер 2015 жылы Еуразиялық экономикалық одаққа еркін қадам баса алады. Минск төрінде ұйымдастырылған Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысы аясында, міне, осы мəселелерді, оның ішінде аймақтық интеграцияны дамытудың негізгі бағыттары сынды жəйттер жан-жақты сүзгіден өткізілді. Осы себепті, күн тəртібінде, ең алдымен, Еуразиялық экономикалық одақ туралы келісім жобасын əзірлеу барысы талқы таразысына салынды. Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңесінің жиыны Қазақстан,

Беларусь жəне Ресей мемлекеттері басшылары деңгейіндегі шағын құрамдағы отырыспен басталды. Отырыста алғашқы сөзді төр иесі – Беларусь Президенті Александр Лукашенко алды. Ол өз сөзінде күн тəртібінде еуразиялық интеграцияны дамыту бағыттары бойынша маңызды мəселелер тұрғанын жеткізді. Бүгінгі отырыстың негізгі мəселесі – Еуразиялық экономикалық одақ құру жөніндегі келісімді дайындау. Бұл үдеріс біздің мемлекеттеріміздің интеграциялық бағытта дамуын жеделдету үшін айрықша маңызды. Ал Еуразиялық экономикалық кеңістік біздің мемлекеттеріміздің дамуына айтарлықтай дəрежеде ықпал етуі үшін оның архитектурасын да мықтап қолға алуымыз керек. Демек, біз бұған ықпал ете тін жұмыс тетіктерін ретке келтіріп, жандандырғанымыз жөн. Біз өз мемлекеттеріміздің тə жі рибесімен бөлісіп жатырмыз. (Соңы 2-бетте).

Батыс ќаќпаныѕ болашаєы зор

Елбасы Аќжайыќќа екі кїндік сапарыныѕ ќорытындысы бойынша осындай тїйін жасады Елімізде іске асырылып жатқан экономикалық жаңғырулар мен өзгерістер, түптеп келгенде, азаматтардың əлеуметтік-тұрмыстық деңгейін көтеруге, өмір сапасын жақсартуға қызмет жасауға тиіс. Осындай оң нышандар ел өңірлерінен де анық байқалады. Соның бірі республикамыздың батыстағы қақпасы – Орал өңірі. Темір ҚҰСАЙЫН,

«Егемен Қазақстан».

Еуразиялық ендікке кіретін, тұтастай мемлекетіміз үшін геосаяси мəні мен маңызы жоғары

шекаралас аймақтың бүгінгі тыныс-тіршілігі қандай? Аға ұрпақ пен бүгінгі буын арасындағы сабақтастық өңірдің одан əрі өркендеуіне нендей ықпалы мен игі əсерін тигізіп отыр? Осынау

Ўлттар ўйымындаєы ќызметі їшін алєыс

БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мун ҚасымЖомарт Тоқаевқа жолдаған жеке хатында Қазақстан Парламенті Сенатының Төрағасы болып сайлануы мен құттықтады жəне БҰҰ Бас хатшысының орынбасары, БҰҰның Женевадағы бөлімінің Бас директоры лауазымындағы табысты қызметі үшін алғыс айтты, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының баспасөз қызметі. «Сіздің Женевадағы орныңыз ерекше болатын. Біріккен Ұлттар Ұйымының бүкіл жүйесіндегі əріптестерім атынан белсенділігіңіз жəне ынтымақшылдығыңыз үшін алғысымызды білдіреміз. Халықаралық қоғамдастық үшін күрделі кезеңде сіз Женеваны халықаралық қызметтің маңызды торабына, БҰҰ-ның жоғары деңгейдегі күшжігері мен көптеген шараларының орталығына айналдыруға ықпал еттіңіз», делінген БҰҰ Бас хатшысының жеделхатында. Қызметі мен достығына өзінің ризашылығын білдірген Пан Ги Мун Қ.Тоқаевқа жаңа əрі жауапты миссияны жүзеге асыруда ізгі тілектестігін жеткізді.

көкейкесті мəселелерді екінші немесе үшінші кезектегі іс деп кейінге ысырып тастай аламыз ба? Əрине, ысырып тастай алмаймыз. Дəл солай болғандықтан да Президент Нұрсұлтан Назарбаев Ақжайыққа сапарының екінші күні қазақстандық қоғамның биік əлемдік өлшемдер деңгейінде қалыптасуына септігін тигізе алатын құндылықтар мен рухани мəселелерге назар аударды десек, қателесе қоймаймыз. Руханият əлемінің тамыры да,

табиғаты да мейлінше тереңде. Бүгінгі Қазақстан мемлекеттілігі жағдайында бұл, біріншіден, өткен тарихымызды қастерлеу, аға буын өкілдеріне құрмет көрсету, олардың өмірлік тəжірибелерін егеменді ел мүддесіне орайластыра, ыңғайластыра пайдалана білу болса керек. Елбасының Жайық өзенінің жағалауында құрылысы аяқталған саябақтың жанында батысқазақстандық ардагерлермен кездесіп ой-пікір алмасуға

уақыт табуы – кішілік пен кісіліктің басты көрінісіндей əсер қалдырды. Осы бір сəтте біз халқымыздың: «Ұлық болсаң, кішік бол», деген қағидасы тұптура Нұрсұлтан Əбішұлына айтылғандай асқақ та адами сезім ауанын бастан кештік. Мемлекет басшысының аға ұрпақ өкілдерінен жасыратын ешқандай сыры болған емес. Бұл жолы да Елбасы оларға егемен елімізде атқарылып жатқан ұланасыр істер туралы баяндап берді.

Берндегі екіжаќты кездесулер

Кеше Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Бас хатшысының орынбасары, БҰҰ-ның Женевадағы бөлімінің Бас директоры лауазымындағы қызметінің аяқталуына байланысты Бернде Швейцария басшылығымен бірқатар кездесулер өткізді, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының баспасөз қызметі.

Швейцария Конфедерациясының Вице-президенті, Федералдық Сыртқы істер кеңесшісі (министрі) Дидье Буркхальтер БҰҰ-ның Женевадағы бөлімінің бас тығы лауазымындағы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жұмысының нəтижесін жоғары бағалап, оның жаһандық халықаралық орталық ретінде Женеваның нығаюына едəуір үлес қосқанын айрықша атап өтті. Қ.Тоқаев Швейцария үкіметіне БҰҰ құрылымдарына ұдайы жəрдемі үшін алғы сын айтты. Жыл сайын БҰҰ жүйесінің ондаған құрылымдары мен кон ференциялары үшін «баспана» ретіндегі ғана емес, күрделі мəселелер мен қақтығыстарды реттеу жөніндегі негізгі алаң ретіндегі Женеваның жаһандық рөлі арта түсуде. (Соңы 6-бетте).

Біздің қоғамның артықшылығы – оның ізгілігінде. Адамдарға тұрақты қамқорлық жасалып, үнемі ілтипат білдіріліп тұруында. Осындай адами ізгі ниеттегі жүйелі жұмыстар көріністері Ақжайықта да мол екеніне көзім жетіп отыр. Ең бастысы – бұл аймақтың татутəтті тірлігі мен берекелі бірлігі ризашылық сезімін туғызады. Бұл – біздің барлық жеңістеріміз бен табыстарымыздың бастауы. Мұндай жарасымды қарымқатынасты орнықтыруда

өздеріңіздің қосқан еңбектеріңіз қомақты деп есептеймін, деді Елбасы батысқазақстандық соғыс жəне еңбек ардагерлерімен кездесу сəтінде. Өз кезегінде самайларын ақ қырау шалған, өңірдің өркендеуі мен дамуы үшін бар күшқайраттарын сарп еткен қазыналы қариялар да өздерінің Елбасына деген жүрекжарды лебіздерін іркіп қалған жоқ. (Соңы 2-бетте).

Азия аймаєы – ынтымаќтастыќ алаѕы

Кеше Астанада өткен Орталық Азия аймақтық экономикалық ынтымақтастық бағдарламасының 12-ші министрлер конференциясына Қазақстан Премьер-Министрі Серік Ахметов қатысты. Динара БІТІКОВА,

«Егемен Қазақстан».

Жыл сайынғы мұндай министр лер конференциясы Орталық Азия аймақтық экономикалық ынтымақ тастығының саясаты мен оның бағдарламасының стра тегиялық бағыттарын айқындайды. Ал бағдарлама жалпы инфрақұрылымдар бойынша аймақтық жобаларды қаржыландыруға, аралық қызметті дамытудың негізгі міндеттерін шешуге арналған. Негізінен Орталық Азияаймақтық экономикалық ынтымақтастығы бағдарламасы Əзербайжан, Ауғанстан, Қазақстан, Қытай, Қырғызстан,

Моңғолия, Тəжікстан, Өзбекстан, Түркіменстан, Пəкстан сияқты 10 мемлекеттің жəн е А з и я Д аму бан кі, Еуропа Қайта құру жəне даму банкі, Дүниежүзілік банк, Халықаралық валюта қоры, Ислам даму банкі, БҰҰ Даму бағдарламасы сияқты 6 көпжақты институттардың əріптестігі болып табылады. Ал аталмыш бағдарламаға биыл біздің ел төрағалық етіп отыр. Осындай беделді ұйымның Астанада өткен алқалы жиынына Қазақстан Үкіметінің басшысы С.Ахметов арнайы қатысып, ашылуында сөз сөйледі. Сөзін форумға қатысушыларға арнаған Үкімет басшысы

стратегия мен сауда, саудасаттық саясаты жəне энергетика саласындағы түйінді тұстарды шешу жолдарына бағытталған Ор талық Азия аймақтық экономикалық ынтымақтастығы бағдарламасының маңыздылығына тоқталды. Сондай-ақ, ол Қазақстанның Орталық Азия өңiрiндегi экономикасы қарқынды түрде дамып келе жатқан елдердiң бiрi екендiгiн атап өттi. Əлемдік экономикадағы жəне сыртқы жағдайлардағы қолайсыздыққа қарамастан, биылғы жылы Қазақстан эконо микасының айтарлықтай тұрақты өсімі байқалып отыр ғандығына тоқталған С.Ахметов, ағымдағы жылдың 9 айында Қазақстанның ішкі жалпы өнімі 5,7 пайызға өскенін тілге тиек етті. (Соңы 6-бетте).


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.
25102013 by Egemen - Issuu