АҚПАРАТТАР аєыны №209 (28432) 25 ҚАЗАН СЕНБІ 2014 ЖЫЛ
● Өмірдің өзегі – өндіріс
Кремний зауыты ќайта жанданды «Бəйтерек» ұлттық басқарушы холдингі Қарағанды металлургиялық кремний зауытын жандандыру мен оны қайта іске қосуға жаңа стратегиялық инвестор тартты. «Бəйтерек» холдингі мен «СамұрықҚазына» ұлттық əл-ауқат қорының осындай бірлескен ісшарасы нəтижесінде металлургиялық кремний өндірісі зауыты қайта іске қосылып, жұмыс істей бастады.
Г.Əбдіқалықова өз сөзінде мынадай өзекті мəселелерге тоқталды: адам капиталының дамуы қоғам үшін неге маңызды, оның дамуына қандай факторлар əсер етеді, адам капиталын табысты дамытудан қандай əсер болады жəне оның жинақталу деңгейі қалайша көрініс табады. Г.Əбдіқалықова қазіргі замандағы негізгі жаһандық тегеурінді талаптарға толығымен тоқталып, Қазақстанға арналған тегеурінді талаптарды жете баяндады. Сонымен қатар, ол қатысушыларға Қазақстан Үкіметінің əлеуметтік саланы жаңғыртудың қазіргі кезеңіндегі стратегиялық
өндірісті тоқтатып, 500-ден астам адамды жұмыстан шығаруға мəжбүр болды. Қазіргі таңда «Silicium Kazakhstan» ЖШС-нің кредиторларға жалпы қарызы 230 млн. доллардан асады. 2013 жылы аталған жоба проблемалы активтердің бірі ретінде Даму банкінен Инвестициялық қордың («екеуі де «Бəйтерек» холдингінің еншілес кəсіпорыны) құзырына өтті. Жаңа инвестор іздеу мен кəсіпорынды қайта іске қосу шаралары сол кезде басталды. «Бəйтерек» холдингі кəсіпорынды жандандыруға отандық инвестор «Тау-Кен Самұрық» ҰТКК» АҚ («Самұрық-Қазына» ҰƏАҚ» АҚ еншілес кəсіпорны) тартты. Өз кезегінде бұл компания «Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ-пен («Бəйтерек» ҰБХ» АҚ еншілес кəсіпорны) келісімге отырды. Жаңа стратегиялық инвестор, аталған құжатқа сəйкес, кəсіпорынға жан бітірудің алғашқы шараларына 1,4 млрд. теңге қаржы бағыттау туралы міндетті мойындарына алды. Бүгінгі таңда аталған қаражаттың 700 млн. теңгесі игерілді. Бұл қаржы тұралап қалған зауыт жұмысшыларының жалақысына, өндірістегі мүлікті сақтап қалуға,
Кеше Орталық коммуникациялар қызметінде Қарағанды облысының əкімі Нұрмұхамбет Əбдібеков баспасөз мəслихатын өткізді. Ол өңірдің əлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштері мен мемлекеттік жəне салалық бағдарламалардың жүзеге асырылуы туралы баяндады.
Қарағанды облысы еліміздің өндірістік тірегі, индустриялық жүрегі, деп сөзін бастаған əкім Мем лекет басшысының Жолдауында көрсетілген басым ба ғыттарға тоқталып, сол
жалпы отырыста дипломатиялық өкілдіктердің ғимараттарын салу үшін жер учаскелерін өзара беру туралы келісімді ратификациялау жөнінде Қазақстан-Қытай үкіметаралық келісімін ратификациялау туралы заң жобасы қаралады.
бойынша өңірде атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде əңгімеледі. «Жалпы, биылғы жартыжылдықта өндірілген өнім көлемі 109 млрд. теңгеге, яғни 4,5 пайызға өсті. Сөйтіп, 1 трлн. 296 млрд. теңгеге дейін жетті. Өздеріңізге мəлім, Елбасы өңірімізге екі рет іссапармен келіп, облыстың
əзір ленім дерімен таныстырды, білім беру, жұмыспен қамту, əлеуметтік қамсыздандыру жəне денсаулық сақтау салаларындағы саяси басымдықтарды атап шықты. Атап айтқанда, жұмыспен қамту сала сында – өңірлер бөлігінде еңбек нарығының талаптарына сəйкес тиімді жұмысқа орналастыру, əлеуметтік қамсыздандыру саласында – тұрақты зейнетақы жүйесі мен əлеуметтік қамтамасыз ету жəне денсаулық сақтау саласында алғашқы медициналық-санитарлық жəрдем мен 2017 жылдан бастап міндетті медициналық сақтандыру бар. (Соңы 2-бетте).
БЎЎ кїніне орай ґткен шара
техникалық аудит жүргізіп, істі қайтадан жолға қою секілді шараларға жұмсалды. Зауытта қазір екі негізгі пештің біреуі іске қосылды. Енді жаңа инвестор екінші пешті де іске қосып, жылына 25 мың тонна таза өнім шығаруды жоспарлап отыр. Қазірдің өзінде аталған зауытта 300-ден астам адам жұмыспен қамтылды. Кəсіпорынның іске қосылуы ел экономикасына мультипликативті септігін тигізетіндігі сөзсіз. Демек, зауыттың іске қосылуымен аймақтағы бір-бірімен өзара тығыз байланыстағы салалар да дамиды. Атап айтқанда, кремнийге
Ќараєандыныѕ даму ќадамдары «Егемен Қазақстан».
Бұл жолы дамуға ресми көмек туралы заң жобасы ілеспе түзетулерімен депутаттар талқысына түседі. Сондай-ақ, «Энергия үнемдеу жəне энергия тиімділігін арттыру туралы» Заңға енгізілген түзетулер, сонымен қатар,
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында Премьер-Министрдің орынбасары, академияның құрметті профессоры Гүлшара Əбдіқалықованың «Қазақстан Республикасындағы адам капиталының дамуы» тақырыбында қонақ дəрісі болып өтті. Дəріске академияның профессорлық-оқытушылар құрамы, қызметкерлері, докторанттары мен магистранттары қатысты.
«Егемен Қазақстан».
Нұрбай ЕЛМҰРАТОВ,
Кеше Мəжіліс Төрағасы Қабиболла Жақыповтың төрағалығымен палата бюросы өтіп, алдағы жалпы отырыстың күн тəртібі нақтыланды, деп хабарлады Мəжілістің баспасөз қызметі.
Академиядаєы ќонаќ дəріс
Жылқыбай ЖАҒЫПАРҰЛЫ,
Кəсіпорынның іске қосылуына арналған шараға «Бəй терек» ҰБХ» АҚ басқарма төрағасы Қуандық Бишімбаев, «Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ басқарма төрағасы Ерлан Айталиев, Қарағанды облысының əкімі Нұрмұхамбет Əбдібеков жəне «Тау-Кен Темір» ЖШС директоры Ербол Иманқұлов жəне басқалар қатысты. Кəсіпорынның қайта іске қосылуы «Бəйтерек» холдингі мен Қарағанды облысының əкімдігі арасында қол қойылған экспорттық өнім шығаратын зауытқа жан-жақты қолдау көрсету мен қарым-қатынас жасау туралы екіжақты меморандум арқасында мүмкін болып отыр. Еске сала кететін болсақ, металлургиялық кремний зауытының құрылысы Қара ғанды қаласында 2007 жылы басталды. Негізгі мердігер «Silicium Kazakhstan» компаниясы құны 165,4 млн.долларға бағаланған аталған жобаны іске асыру үшін Қазақстан Даму банкі мен басқа да қаржы ұйымдарынан миллиондаған несие алды. Кəсіпорын 2010 жылы іске қосылып, екі жылдай өнім шығара бастады. Алайда, мердігерлер қаржы ұйымдары алдындағы уəделерінде тұрмай, жауапкершіліктен жалтарды. Сөйтіп, мемлекет алдында қарызға белшеден батты. Екі жылдан соң, зауыт басшылығы қаржының тапшылығынан
Кїн тəртібі наќтыланды
əлеуметтік-экономикалық даму мəселелері жан-жақты талқыланды. Нəтижесінде бірқатар тапсырмалар беріліп, маңызды істерді жедел атқару жүктелді. Біз бүгінде осы тапсырмаларды орындап жатырмыз», деді Н.Əбдібеков. Облыс əкімі осы орайда өндіріс саласында атқарылып жатқан жұмыстарға қайта оралды. Қарағанды өңірінде бір жыл ішінде жұмыс істейтін өнеркəсіптік кəсіпорындардың саны 103-ке артқанын айтты. «Бірінші қазандағы мəлімет бойынша, облысымызда жұмыс істеп тұрған өнеркəсіптік кəсіпорындардың саны 1721-ді құрады. Бұдан байқайтынымыз 1 жылда олардың саны 6,4 пайызға артқан. Өнеркəсіптік кəсіпорындардың дені, яғни 77,4 пайызы өңдеуші өнеркəсіптер. Атап айтқанда, таукен өндіру өнеркəсібінің кəсіпорындары – 10,6, «сумен қамту» саласының кəсіпорындары – 6,8, «электрмен қамту, газ, бу беру» 5,2 пайызды құрайды. Іске қосылып тұрған өнеркəсіптік кəсіпорындардың басым бөлігі Қарағанды қаласында орналасқан», деп жалғады сөзін өңір басшысы. (Соңы 2-бетте).
аса қажетті негізгі шикізат болып табылатын кварц шығаратын Ақтас кен өндірісі қайта жанданады. Бұған қоса «Қазақстан инвест көмір» АҚ жұмысы жолға қойылады. Өйткені, аталған компания да кремнийге қажетті тағы бір шикізат – арнайы кокс шығарады. Осының барлығы айналып келгенде, аймақтағы логистика мен өнеркəсіптік инфрақұрылымның жақсаруына септігін тигізеді. Бұл бір кəсіпорынның жандануының арқасында жүздеген адам тұрақты жұмыспен қамтамасыз етіледі деген сөз. (Соңы 2-бетте).
Оймақтай ой Ерінбегеннің еңбегі жанар. Майлықожа СҰЛТАНҚОЖАҰЛЫ.
БҰҰ күніне орай Сыртқы істер министрлігінде «БҰҰ жəне Қазақстан: 2015 жыл жəне одан кейін» атты дөңгелек үстел өтті. Шараға Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов, министрдің орынбасары Ержан Ашықбаев, БҰҰ-ның Қазақстандағы Тұрақты үйлестірушісі Стивен Тулл, БҰҰ агенттіктерінің, үкіметтік емес ұйымдардың, еліміз мемлекеттік органдарының жəне Қазақстанда тіркелген дипломатиялық корпустың өкілдері қатысты. ҚР СІМ басшысы жиналғандарды БҰҰ мамандандырылған мекемелерінің сарапшылары мен басшылығын БҰҰ күнімен құттықтап, тəуелсіз Қазақстанның дамуы мен нығаюына қолдау көрсеткендері үшін алғысын айтты. Қазақстан 20 жылдан астам уақыт бойы экономикалық өсім, денсаулық сақтау жəне білім беру, əлеуметтік қызметтер, тұрақты даму, экологиялық жағдайды жəне мемлекеттік басқару тиімділігін жақсарту, көптеген
салаларда БҰҰ-мен қатар жемісті қызмет етті. «Өзінің игілікті ұстанымдарымен, құндылықтарымен, үстем жауапкершілігімен, насихатымен БҰҰ əлемдегі жаңа тəртіптің негізгі көшбасшысы болып табылады. Əлем алдында күнделікті туындайтын көптеген қауіп-қатерлермен күресу жолында БҰҰ рөлін арттыру үшін бəріміз атсалысамыз», – деді министр өзінің сөзінде. (Соңы 2-бетте).
Оќырман назарына! Заман талабына орай жаңарған «Егемен Қазақстан» газетінің сайтын енді əлеуметтік желілер арқылы оқу мүмкін болып отыр. Ол үшін, құрметті оқырман, мына көрсетілген сілтемелерді теру арқылы тікелей біздің сайтымызға өте аласыз.
● Үстіміздегі жылдың 9 айында жеңіл өнеркəсіп өнімінің көлемі 46 млрд. теңгені құрады. Индустриялық даму жəне өнеркəсіптік қауіпсіздік комитетінің төрағасы Аманияз Ержановтың атап өткеніндей, тоқыма бұйымдарының құны 23,4 млрд., киім-кешек өнімі 19,8 млрд., былғары мен осыған қатысты өнім түрлері 3,5 млрд. теңге болған. ● Елімізде лизингтік субсидиялау бағдарламасы аясында 2143 ауылшаруашылық техникасының бағасы арзандатылды. Бұлардың ішінде 1093 трактор, 544 комбайн, 152 сығымдау-іріктеуіш, 146 дестелегіш, 99 құрама əмбебап аспалар жəне ауыл шаруашылығына арналған өзге де техника мен құрал-жабдық бар. ● Елімізде зейнетақы ак тивтерінің табысы 4,7 пайызға жетті. Ұлттық банк төрағасы Қайрат Келімбетов 2014 жылдың қыркүйегіндегі есеп бойынша аталған салада ақша жиыны 13,4 трлн. теңгені құрағанын, яғни 16 пайызға өскенін мəлімдеді. ● Елордада 9 айда 2,2 млн. адам халықаралық əуежай қызметін пайдаланған. Астана қалалық əуежайының хабарлауынша, жо лаушылардың 1,2 млн.-нан астамы ел ішіндегі бағыттармен, ал 900 мыңдайы халықаралық рейстермен ұшқан. ● Алматыдағы «Ин нова циялық технологиялар паркі» құрылғалы бюджетке 6 млрд. теңгеге жуық қаржы түсірген. «Инновациялық тех нологиялар паркі» АЭА басқарушы компаниясы» АҚ басқармасының төрағасы Нұрлан Көпбосынов аталған паркке 156 компания тіркелгенін, құрылым аясында 1700 жұмыс орны ашылғанын жеткізді. ● Оңтүстік Қазақстанда соңғы 9 айда 355,6 млрд. тең ге бюджет қаржысы иге рілді. Облыстық қаржы басқармасы басшысының міндетін атқарушы Исмаилбек Шалабаевтың мəлімдеуінше, жергілікті бюджетке түсетін салықтар мен басқа да түсімдердің жоспары 104,2 пайызға орындалған. Өткен жылдың есепті кезеңімен салыстырғанда, игерілген бюджет қаржысы 58,1 млрд.теңгеге артып отыр. ● Қызылорда облысында химиялық реагент зауыты қайта іске қосылды. Облыстық əкімдіктің баспасөз қызметі мəлім еткендей, бұл кəсіпорын еңбек өнімділігін арттыру мақсатында 20 млн. теңге қаржы жұмсаған. ● Жамбыл облысында құны 107 млн. теңгеден астам 72 жылжымайтын мүлік заңдастырылды. Облыстық қаржы басқармасының басшысы Асқар Қырықбаев келіп түскен 249 өтініштің 67сі қажетті құжаттардың толық болмауынан кері қайтарылғанын атап өтті. ● Солтүстік Қазақстанда ІІД-нің 400-ден астам ардагеріне материалдық көмек берілді. Облыстық ІІД баспасөз қызметі хабарлағандай, полицейлер ардагерлер кеңесінің қорына 8 млн. теңгеден астам қаржы бөлген. ● Маңғыстау өңірінде ең үздік бизнес-идея жобаларын ұсынған жастар анықталды. Облыс əкімдігінің баспасөз қызметі «Ең үздік бизнесидея» сынына қатысқан 20 жас кəсіпкердің арасынан Ескендір Сардарбековтің жеңімпаз атанғанын хабарлады. Ол шара барысында маңғыстаулықтарды экологиялық тұрғыда таза ешкі сүтімен қамтамасыз ету жобасын қорғап шыққан. Хабарлар Үкімет, облыстық əкімдіктер сайттарының деректері негізінде дайындалды.