25112014

Page 1

Бїгінгі нґмірде: Атќаратын да, атќарылатын да жўмыс ауќымды 7-бет №230 (28453) 25 ҚАРАША СЕЙСЕНБІ 2014 ЖЫЛ

Ґнермен ґрілген тарих таєылымды 8-бет Топжарєан

10-бет

Ќазаќќа ќўт Ќазан 14-бет

Ќазаќ елі əлемдік экономиканыѕ маѕызды ойыншысына айналады

Ќазаќстанєа ресми сапармен келген Чех Республикасыныѕ Президенті осындай пікір білдірді

Елбасы Қазақстанға ресми сапармен келген Чех Республикасының Президенті Милош Земанмен кездесті. Кездесу барысында сауда-экономикалық, көлік-транзиттік, аграрлық жəне мəдени-гуманитарлық салалардағы өзара ықпалдастықты нығайту мəселелері талқыланды. Машина жасау, энергетика, медицина жəне туризм салаларындағы ынтымақтастықты дамыту болашағы да əңгімеге арқау болды. Сұңғат ƏЛІПБАЙ,

«Егемен Қазақстан».

Мемлекет басшылары, сондай-ақ, халықаралық күн тəртібіндегі өзекті мəселелер туралы пікір алмасты. Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан мен Чехияны зор əлеуетке ие

дəстүрлі қарым-қатынастар байланыстыратынын атап өтті. – Көптеген əлемдік оқиғалардың дамуына қатысты біздің елдеріміздің көзқарасы ортақ. Чехия біз үшін Еуропадағы маңызды сауда серіктесі болып саналады əрі соңғы жылдары экономикалық қатынастардың қарқыны өсіп

келе жатқаны байқалады. Қазақстанда 70-тен астам бірлескен кəсіпорын, мəселен, «Шкода» автомобильдерін құрастыру өндірісі жұмыс істейді. 2005 жылдан бері 15 мың автомобиль құрастырылды, ал келесі жылы 8 мың көлік шығару жоспарлануда. Жалпы алғанда, бізде қарым-қатынастарды əрі қарай дамытуға, соның ішінде үкіметаралық комиссияны жандандыру арқылы дамытуға көп мүмкіндік бар, – деді Қазақстан Президенті. Қазақстан басшысы, сондай-ақ, Чехия Президентінің осы сапары жəне оның аясында өткен келіссөздер өзара байланыстарға жаңа серпін беретіндігіне сенім білдірді. М.Земан өз кезегінде ынтымақтастықты түрлі салаларда дамытудың маңыздылығына тоқталды. Ол, сондай-ақ, өзінің Қазақстанға, стратегиялық маңызы бар өңірде орналасқан елге келгенін атап өтті. – Қазіргі кезде жаңа Жібек жолының əлеуетін ашу бағытында жұмыстар жүргізіліп жатыр. Біз Сіздің елдің қазіргі дамуына ғана емес, оның əлеуетіне де Орталық Азиядағы маңызды орын алатынын ескере отырып баға береміз, – деді Чехия Президенті. Егер Чехия Президентінің өмірбаянына қысқаша тоқтала кететін болсақ, ол 1944 жылдың 28 қыркүйек күні осы елдің Колин қаласында дүниеге келген. Праганың Экономика жоғары мектебін бітірген. Бірқатар жылдар оқытушылық, зерттеушілік қыз мет термен айналысқан. 1990 жылы ел парламентіне депутат болып сайланады. 1993-2001 жылдар аралығында Чехия Социалистік-демократиялық партиясының төрағасы болады. 1996-1998 жылдары Чехия парламентінің депутаттар палатасының төрағасы, 1998-2002 жылдары Чехия үкіметінің төрағасы қызметтерін атқарады. 2013 жылдың наурыз айынан бастап Чех Республикасының Президенті. Милош Земан біздің Қазақстанға бұрын да келген. Елдеріміз жақсы қарым-қатынаста болғандықтан, Қазақстанға деген достық пейілін сездіріп, еліміздің дамуына қатысты бірқатар жақсы лебіздерін білдірді. (Соңы 2-бетте).

Парламентаралыќ ыќпалдастыќ жалєасады Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясы Мемлекеттік Думасының Төрағасы Сергей Нарышкинмен кездесті, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. Кездесуде парламентаралық ынтымақтастықты нығайтудың негізгі жолдары талқыланды. Мемлекет басшысы Қазақстан мен Ресейдің қарым-қатынасы қарқынды дамып келе жатқанына тоқталды. – Сауда жөнінен белгілі бір қиындықтар бар, өйткені, елдеріміздің импорттық жəне экспорттық тауарлары құнының төмендеуі байқалуда. Соған қарамастан, нақты көлем бəрібір ұлғайып, интеграциялық үдерістер нығайып келеді, бірлескен кəсіпорындар ашылып жатыр. Осының барлығы біздің елдеріміз ықпалдас тығының біртіндеп дамып келе жатқандығын білдіреді,

Ынтымаќтастыќ пен жасампаздыќќа бастаєан кїн Кеше Парламент Мəжілісінің ұйытқы болуымен Астанада Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай «Президент. Парламент. Интеграция» тақырыбында халықаралық конференция болып өтті. Онда Президент Н.Назарбаевтың сыртқы саяси бастамалары, Еуразия кеңістігіндегі интеграция үдерістері бағытында парламенттік дипломатияны ынталандыру жəне заңнамалық қамтамасыз ету мəселелері талқыланды. Асқар ТҰРАПБАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан».

Еліміз депутаттарымен қатар Ресей, Беларусь, Қырғызстан жəне Тəжікстан парламентшілері, белгілі сарапшылар мен халықаралық ұйым өкілдері қатысқан форумда Қазақстан Парламенті палаталарының төрағалары – Қасым-Жомарт Тоқаев пен Қабиболла Жақыпов, Ресей Федерациясы Федералдық Жиналысы Мемлекеттік

Думасының Төрағасы Сергей Нарышкин баяндама жасады. Отырысты сөз сөйлеп ашқан Мəжіліс Төрағасы Қ. Жақыпов мемлекеттік мерекенің тарихи маңызына ерекше тоқталды. «Бұл – осыдан 23 жыл бұрын қазақстандықтардың алғаш рет билік иесі халық екенін дəлелдеп, оны қалыптастыруға, саясатын анықтауға қатысты ерікті құқықтарын жүзеге асырған күн. Бұл – қоғамның жасампаздық пен ынтымақ құндылықтары

төңірегінде бірігіп, саясиəлеуметтік, экономикалық жаңғырған күн», – деді Қабиболла Қабенұлы. Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың мемлекетті қалыптастыру мен дамытудағы айрықша рөлін айтқанда, Төраға Тұңғыш Президенттің дүниежүзіне танылған əлеуметтік жауапты, экономикалық қуатты, демократиялық дамыған беделді мемлекет құруы жасампаздық еңбегінің тарихи көрсеткіші екенін алға тартты. Елбасының, əсіресе, мемлекет ішінде, сондайақ, аймақтық жəне ғаламдық ауқымда бейбітшілік пен келісімді сақтап, нығайтудағы еңбегі орасан зор. (Соңы 9-бетте).

– деді Қазақстан Президенті. С.Нарышкин Астанаға «Президент. Парламент. Интеграция» атты конференцияға қатысу үшін келгенін айтты. – Бұл – елдеріміздің қазіргі негізгі бағдары, біздің болашағымыз. Мұның Сіздің идеяңыз еке нін, 1994 жылы ММУ-де оқыған дəрісіңіз кезінде ТМД елдерінің нақ осындай геосаяси жолын Сіздің белгілеп бергеніңізді біз ұмытпаймыз жəне бағалаймыз, – деді РФ Мемлекеттік Думасының Төрағасы. Сондай-ақ, тараптар екі елдің заң шығарушылары арасындағы үнқатысуды одан əрі дамыту қажеттігіне тоқталды.

Ќазаќстан мен Чехия бірлескен кəсіпорындар ашуєа мїдделі Кеше Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев пен Чехияның Президенті Милош Земанның қатысуымен Қазақстан-Чехия бизнес-форумы болып өтті. Айтулы шараға энергетика, медицина, машина жасау, химия өнеркəсiбi жəне басқа салаларда жұмыс жасайтын 70-ке тарта чехиялық компаниялар мен еліміздің Үкімет мүшелері жəне мүдделі компаниялардың жетекшілері қатысты. Нұрбай ЕЛМҰРАТОВ, «Егемен Қазақстан».

Чехия Қазақстанның маңызды əріптестерінің бірі екендігін айтқан Мемлекет басшысы екі ел арасындағы іскерлік қарым-қатынастар мен еліміздің соңғы жетістіктері жөнінде əңгімеледі. «Қазақстан мен Чехия арасындағы соңғы бизнес-форум ұйымдастырылғаннан бері екі жыл уақыт өтті. Содан бері əріптестігіміз одан əрі дами түсуде. Тауар айналымының көлемі өсті. Əсіресе, Чехияның машина жасау өнімдерінің импортын атап өтуге болады. Өткен жылы оның көлемі 450 млн. АҚШ долларын құрады. 2005 жылдан бастап бүгінге дейін Қазақстан экономикасына салынған чехиялық тікелей инвестициялар көлемі 200 млн. долларға жетті. Бұл аз сан емес, дегенмен көп деп те айта алмаймыз. Бүгін біздің елімізге 70 чех компаниясы келіп отыр. Олар

энергетика, медицина, машина жасау, химия жəне басқа салалардың өкілдері болып табылады, деді Н.Назарбаев. Елбасы Чехия Қазақстанның Шығыс Еуропадағы ең негізгі əріптестерінің бірі болып табылатынын жəне біздің еліміз осы əріптесі арқылы барлық Еуропа елдерімен байланыс жасауды қалайтынын жеткізді. «Чехия Қазақстанның Шығыс Еуропадағы ең негізгі əріптестерінің бірі. Сіздер арқылы біз барлық Еуропамен байланыс орнатқымыз келеді. Біздің бүгінгі кездесуіміз екі ел арасындағы бұдан былайғы іскерлік қарым-қатынастарымызға үлкен серпін береді деп сенемін, деді Президент. Осынау келелі кездесуде, бірқатар келісімдерге де қол қойылды. «Біз бүгін Чехия Президенті М.Земанмен екіжақты жəне көпжақты форматтарда табысты келіссөздер жүргіздік. Сыртқы саяси, өңірлік жəне екіжақты

Қазақстан Республикасының Заңы Азыќ-тїлік ќауіпсіздігі жґніндегі Ислам Ўйымыныѕ жарєысын ратификациялау туралы 1-бап. 2013 жылғы 10 желтоқсанда Конакриде қабылданған Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам Ұйымының жарғысы ратификациялансын. 2-бап. Осы Заң 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ. Астана, Ақорда, 2014 жылғы 21 қараша. №256-V ҚРЗ

қарым-қатынастардың көптеген мəселелерін талқылап, талдадық, деген Мемлекет басшысы, Қазақстан мен Чехия жалпы құны 500 млн. долларға келісімшарт жасасып жатқанын айтып, бұл келісімдерден үлкен үміт күтетінін жасырмады. «Бүгiнгi бизнес-форум маңызды нəтижелер беретiнiне жəне жемiстi боларына үмiттенемiн. Жалпы құны 500 млн. долларға келiсiмшарт жасалады деп күтiлуде. Ол қорғаныс өнеркəсiбi, машина жасау, химия, құрылыс индустриясы, ауыл шаруашылығы салалары бойынша. Келiсiмшарттарға қол қою Қазақстанға құйылатын инвестицияның жаңа мүм кiндiктерiн ашады, деп сөзін жалғады Н.Назарбаев. Қазақстан мен Чехия арасындағы тауар айналымының көлемi тұрақты өсiп келе жатқандығымен ерекшеленедi. Айталық, 20092013 жылдар аралығында ол 206,6 млн. доллардан 1,022 млрд. долларға дейiн өстi. Қазақстан Чехияға мұнай-газ жəне химия өнеркəсiбiнiң өнiмдерiн экспорттауда. Өз кезегiнде Чехиядан Қазақстанға жасалатын импорт құрал-жабдық, фармацевтиканы жəне халық тұтынатын тауарларды құрайды. (Соңы 2-бетте).

Комиссияныѕ кезекті отырысы

Қазақстан Республикасы Президенті Əкімшілігінің Басшысы Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Құқық қорғау органдарындағы кадр саясаты мəселелері жөніндегі комиссияның отырысы өтті, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. Отырыс барысында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері жəне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің, Қаржы министрлігі Мемлекеттік кіріс комитетінің жəне Ішкі істер министрлігінің басшы лауазымдарына кандидаттар қаралды.

● Cүйінші!

Назым Ќызайбай – бокстан əлем чемпионы!

Кеше, 24 қараша күні Оңтүстік Кореяның Жежу қаласында мəреге жеткен əйелдер арасындағы əлем чемпионатында 48 килоға дейінгі салмақта Назым Қызайбай финалда жеңіске жетіп, əлем чемпионы атанды. Ол сонымен бірге, еліміздің əйелдері арасынан шыққан тұңғыш əлем чемпионы болып отыр. Назым осының алдындағы біріншілікте қола медальға қол жеткізген еді. Қазақстандық боксшы финалда үндістандық Саржубала Шамжетсабаммен қолғап түйістіріп, 3:0 есебімен басым түсті. Ал 81 килодан ауыр салмақтағы Лəззат Күнгей баева ресейлік Зенфира Магамедалиевадан 0:3 болып жеңіліп, күміс медальды қанағат тұтты. Назым осы жеңісіне жеткенге дейін 5 кездесу өткізді. Ол 1/16 финалда угандалық Морин Ажам боны 4-раундта нокаутқа түсірсе, 1/8 финалда алаң иесі – корей қызы Байк Чо-Ронгты – 3:0, ширек финалда румын Стелута

Дутаны – 3:0, жартылай финалда жапон Мадока Ваданы 2:0 етіп тізе бүктірді. Күміс медальды олжалаған Лəззат 4 рет рингке шықты. Ол 1/8 финалда румын Луминита Турчинді – 3:0, ширек финалда хорват Данижела Верничті – 3:0, жартылай финалда түрік Эмине Боздуманды 2:1 етіп жеңді. Қалған қыздарымыз жартылай финалға жете алмады. Командалық есепте 4 алтын, 1 қола медалі бар Ресей қыздары бірінші орынға шықты. Екінші орынға 2 алтын, 1 қола медалімен

АҚШ бойжеткендері орналасты. Үшінші орынға 1 алтын, 1 күміс, 2 қола медаль алған Қытай құрамасы жайғасты. Төртінші орын – біздің қыздарда. Еске сала кетейік, осымен əйелдер арасындағы сегізінші əлем чемпионаты аяқталып отыр. Ол алғаш рет 2001 жылы АҚШ-тың Шрангтон қаласында қолға алынды. Ал Қазақстан қыздары 2006 жылы Үндістанның Нью-Дели

қаласында жалау көтерген төртінші чемпионаттан бері бұл додаға қатыса бастады. Осы жолы 46 килоға дейінгі салмақта Назгүл Боранбаева елімізге қола медаль алып берді. 2008 жылы Қытайдың Нингбо-сити қаласында өткен бесінші жаһандық жарыста 70 килоға дейінгі салмақтағы Елена Кольцова да қола медальға қол жеткізді. Ал 2010 жылы Барбадостың Бридгтаун шаһарында ту көтерген алтыншы біріншілікте 81 килодағы Марина Вольнова – күміс, ал 48 килодағы Назгүл Боранбаева қола медаль алып қайтты. Келесі, 2012 жылы Қытайдың Цинхуангдао қаласында бəсеке қыздардан додадағы үлесіміз де 1 күміс, 1 қола медаль болды. Оның алғашқысын 81 килодан ауыр салмақта Юлдуз Маматқұлова, келесісін 48 килодағы Назым Қызайбай еншілеген еді. Дамир ҚОЖАМҚҰЛ.


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.