24 саєат №281 (28220) 25 ЖЕЛТОҚСАН СƏРСЕНБІ 2013 ЖЫЛ
Еуразиялыќ интеграция: міндеттер мен мїмкіндіктер
Кеше Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Мəскеудің Үлкен Кремль сарайында өткен Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің мемлекет басшылары деңгейіндегі отырысына қатысты. Еуразиялық интеграциялық үдерістерді тереңдетуді өзек еткен отырыс аясында Кеден одағы «үштігінің» басшылары бірқатар мəселелерді талқы таразысына салды. Лəйла ЕДІЛҚЫЗЫ,
«Егемен Қазақстан» – Мəскеуден.
Кеден одағына мүше елдер таңдаған интеграция жолы – күрмеуі қиын, сан түрлі иірімге толы жол. Ал Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес – осы жолда кездесетін түйткілдерді тарқататын, Кеден одағы мен Біртұтас экономикалық кеңістіктің жұмысын үйлестіретін бірденбір орган. Демек, аталған кеңестің негізгі міндеті ұйымның атқарушы органы са-
ЕЭК
ЕУРАЗИЯЛЫҚ экономикалық комиссия
ол құжаттар сан салалы болғанымен, барлығының тамыр тартатын ортақ өзегі біреу ғана. Ол – интеграцияны одан əрі тереңдетуге ықпал ететін бағыттарды айқындау мен еркін сауда айналымы тетігін нығайту. Осы міндеттерді біртіндеп жəне сатылап жүзеге асыру арқылы Еуразиялық экономикалық одақ құру. Кеден одағына мүше елдердің мемлекет басшылары белгілеген межеге сəйкес, Еуразиялық экономикалық одақтың тетігі 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап іске қосылуы тиіс. Ал Кеден одағының елдері
2009 жылға қарайғы ІЖӨ өсімінің серпіні, пайызбен
(бағам) КО және БЭК
ЕО-28
налатын комиссия ұсынған құжаттарды бекіту болып табылады. Бұл жерде үкімет басшылары деңгейінде бекітілген, интеграцияны тереңдетуге бағытталған келісімдер толықтай дерлік қамтылуы қажет. Биылғы жылдың қазан айында Минскіде ұйымдастырылған Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысы аясында интеграциялық үдерістерді жандандыруға бағытталған осындай келісімдерге қол жеткізіліп, олар тиісті құжаттармен бекіген еді. Əрине,
АҚШ
Тұтастай алғанда дүниежүзі
бұл жолға еркін қадам басуы үшін 2014 жылдың 1 мамырында президенттердің қарауына Еуразиялық экономикалық одақтың құрылуына қажетті барлық құжаттардың соңғы, яғни шешуші нұсқасы ұсынылуы қажет. Минскідегі басқосуда мемлекет басшылары, міне, осындай уəжге бірауыздан тоқтап, интеграция мəселесіне қатысты өз пайымдарын жеткізген болатын. Мəселен, с о л ж о л ы Қ а з а қ с т а н Президенті Н.Назарбаев: «Бүгінде интеграциясыз алға қадам басу мүмкін емес. Себебі, қандай да бір мемлекет өзге
Ќарбалас жылды да ќалдырып барамыз...
елдермен өзара ықпалдастық орнатпайынша, бірлесе іс-қимыл жасамайынша, алға жылжи алмайды», дей келе, бірқатар түйткілдердің жай-жапсарын ашып айтып, олардың себебіне тереңірек үңілген еді. Елбасы айрықша тоқталған кемшіліктердің бастысы – мемлекет басшылары қабылдаған шешімдердің кей жағдайда толықтай орындалмайтындығы. Келер жылдың мамыр айында біз Еуразиялық экономикалық одаққа қатысты барлық мəселелерді бірлесе отырып қарастырып, бір шешім мен бір тоқтамға келуіміз керек. Біздің алдымыздағы шешімдер екі бөліктен тұрады. Олар – институттық жəне экономикалық. Демек, біз кез келген мəселені шешуге кезең-кезеңмен келуіміз керек. Егер, мемлекет басшылары бір мəселені шешетін болса, комиссия сол мəселелердің орындалуын қадағалауы қажет. Кейде біз қабылдаған шешімдер орындалмай жатады. Мəселен, біз мұнайды жəне газды тасымалдау жөнінде келіскен едік, бірақ ол əлі де орындалмай отыр. Теміржол тарифтері, электр энергиясы мəселелері де шешілмей келеді. Сондықтан, ақыры бұл мəселелер туралы белгілі бір келісімге келген екенбіз, енді осыларды орындайық. Басқа бір мəселені күн тəртібіне шығармас бұрын əуелі осы мəселелерді шешейік. Уақыт бар. Бізді кім асықтырып отыр? Сондықтан, бұл бағыттардағы жұмыстарды жүйелендіру қажет. Белгілі бір деңгейде тепе-теңдік сақталуы тиіс. Ол үшін Біртұтас экономикалық кеңістіктің қызметі Кеден одағына мүше елдердің өзара тауар айналымында кездесетін кедергілер мен тепе-теңсіздікті жоюға бағытталуы тиіс», деген болатын. Минскіде өткен отырыста тараптар кездескен түйткілді мəселелерді шешіп алып, алға жылжу қажеттігі жөнінде келісе келе, Біртұтас экономикалық кеңістік аясында Кеден одағына мүше елдер экономикаларының бəсекеге қабілеттілігін арттырудың жолдарына қатысты ой-байламдарын жеткізген еді. Кеше Мəскеуде өткен Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысында негізінен Минскіде көтеріліп, оның алдындағы жиындарда айтылып жүрген мəселелердің дені талқыға түсті. Кеңес отырысы басталмас бұрын əуелгі кезекте Қазақстан мен Ресей президенттерінің екіжақты кездесуі өтті. Кездесуде екіжақты ынтымақтастықты дамытудың кең ауқымды мəселелері, сондай-ақ интеграциялық бірлестіктер аясындағы экономикалық өзара ықпалдастық аспектілері қаралды. Нұрсұлтан Назарбаев өтіп бара жатқан жыл екіжақты қарым-қатынастарды нығайту үшін табысты болғанын атап өтті. – Біз XXI ғасырдағы ынтымақтастық туралы шартқа қол қойдық, бірқатар басқа да келісімдерге қол жеткіздік.
Сонымен бірге, жоспарланған екіжақты құжаттарға, атап айтқанда, Əскеритехникалық ынтымақтастық туралы шартқа, Байқоңыр ғарыш айлағын бірлесіп пайдалану жөніндегі жол картасына, сондай-ақ, Мұнай жəне мұнай өнімдерін тасымалдау саласындағы саудаэкономикалық ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылғанын атап өткім келеді, – деді Қазақстан Президенті. Мемлекет басшысы Қазақстан тарапы қолдап отырған Еуразиялық экономикалық одақ құру үдерісінің маңыздылығына тоқталды. Бұған қоса, Нұрсұлтан Назарбаев Сочиде өтетін Қысқы Олимпия ойындарына табыс тіледі. Өз кезегінде В.Путин Қазақстан Президенті сапарының маңыздылығын жəне жүргізілген келіссөздердің жемісті болғанын атап өтті. – Тараптарымыз белсенді жұмыс істеді, бірқатар құжаттар дайындады. Соңғы кездесуімізден бергі уақытта едəуір түйткілді салалардағы, соның ішінде энергетика саласындағы, сондай-ақ, «Байқоңыр» кешенін бірлесіп пайдалану жөніндегі екіжақты
ЕЭК
ЕУРАЗИЯЛЫҚ экономикалық комиссия
2009
– Қазақстан аумағы арқылы Қытай Халық Республикасына ресейлік мұнайды тасымалдау саласындағы Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Ресей Федерациясы Үкіметі арасындағы келісім; – 2002 жылғы 7 маусымдағы мұнай транзиті туралы Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Ресей Федерациясы Үкіметі арасындағы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттама; – 2010 жылғы 9 желтоқсандағы Қазақстан Республикасындағы мұнай жəне мұнай өнімдерін тасымалдау саласындағы Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Ресей Федерациясы Үкіметі арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттама бар. Бұдан бөлек, Қазақстан мен Ресей арасындағы екіжақты қарым-қатынастарды дамытуға жəне тереңдетуге қосқан үлесі үшін Ресей Федерациясы Президенті Əкімшілігінің басшысы Сергей Иванов пен «Газпром» ААҚ басқарма төрағасы Алексей Миллер «Достық» орденімен марапатталды. Бұдан кейін Біртұтас экономикалық кеңістік пен Кеден одағына мүше елдер
КО мен БЭК-тің тауарлармен өзара сауда-саттық көлемінің серпіні, 2009 жылға қарай, пайызбен
2010
2011
2012
өзара сауда-саттықтың жалпы көлемі
2013 жылдың 10 айы
отын-энергетика тауарларын есепке алмағанда (КО ТН ВЭД 27 топ)
ынтымақтастығымызды тереңдетуге жəне оның аясын ұлғайтуға байланысты нақты мəселелер бойынша көп жұмыс атқарылды, – деді Ресей Президенті. Кездесу қорытындысы бойынша бірқатар екіжақты құжаттарға қол қойылды, олардың арасында: – Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы əскеритехникалық ынтымақтастық туралы шарт; – «Байқоңыр» кешенін бірлесіп пайдалану жөніндегі 2014-2016 жылдарға арналған жол картасы;
президенттерінің қатысуымен Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің мемлекет басшылары деңгейіндегі отырысы өтті. Отырыста Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарт жобасымен, Армения Республикасының Кеден одағы мен Бірыңғай экономикалық кеңістікке қосылуының жол картасымен жұмыс барысы, сондай-ақ, экономикалық интеграцияның бірқатар басқа да ағымдағы мəселелері қаралды. (Соңы 2-бетте).
«Егемен Қазақстан».
2013 жыл Үкімет үшін оңайға соқпады деуге болатындай. Атқарылар жұмыстың аз болмағанымен қоймай, Үкіметті сын тоқпағының да аямай төпелегені осы жылдың еншісінде. Елбасы да Үкіметке қатаң қарап, тапсырмаларын ерекше бақылауда ұстады. Үкіметтік емес ұйымдар мен депутаттардың
өзі Үкіметті «үнсіз» отыр деп айыптап, жұмысына мін тақты. Тіпті, Үкімет мүшелерінің арасында ауыс-түйістің де жиі орын алғаны осы жыл шығар. Үкімет «біресе қызарды, біресе бозарды, кейбір сəт қуанды», əйтеуір не керек, қарбалас, қызу жүріп, бұл жылдың да тарих қойнауына қарай жылжып кеткенін байқамай қалыппыз. (Соңы 3-бетте).
Ақпарат агенттіктері материалдары негізінде əзірленді.
Бїгінгі нґмірде:
АНА
Кеше Үкіметтің биылғы соңғы селекторлық отырысы өтті. Онда осы жылғы заң жобалары жұмыстарының Жоспарын орындау қорытындылары шығарылды жəне Қазақстан су ресурстарын басқару бойынша тəсілдері мақұлданды. Динара БІТІКОВА,
Сирияның Алеппо қаласында тоғыз күнде бомбалау салдарынан 330-дан астам адам опат болған. Олардың 99-ы балалар болса, 30 шақтысы əйелдер жəне 30 шақтысы бү лікшілер көрінеді. Сирия пре зиденті Башар Асадтың əскерлері оппозиция басып алған Алеппо қаласын 15 желтоқсаннан бері бомбалау үстінде. Бұл мəліметтерді «Франс-пресс» агенттігі таратты. Бұрнағы күні 95 жасқа қараған шағында атақты АК47 автоматын жасап шығарған Михаил Калашников өмірден озды. Оны жерлеу рəсімі 26 желтоқсан күні Ижевск қаласында өтеді. Бұл туралы Удмуртия президенті Виктор Чулковтың баспасөз хатшысы хабарлады. 1947 жылдан бері əлемде АК автоматының түрлі модификациядағы 70 миллионнан астам данасы шығарылыпты. Америкалық Эдвард Сноуден өзінің алдына қойған миссиясы орындалды деп есептейді. АҚШ-тың арнайы қызметтерінің жағымсыз ісəрекетін жария еткен бұрынғы барлау басқармасының қызметкері бұл туралы «Вашингтон пост» газетіне берген сұхбатында мəлімдеген. Оның айтқандары АҚШ-та ғана емес, шетелдерде де үлкен резонанс туғызған болатын. Ресейдің стратегиялық бағыттағы зымыран əскерлері «Плесецк» космодромында РС-24 «Ярс» деп аталатын құрлықаралық баллистикалық зымыранды сынақтан өткізді. Үш сатылы аталған зымыран «Тополь-М» зымыранының базасында жасалыпты. «Ярс» 11 мың шақырым қашықтықтағы нысананы жоюға қабілетті көрінеді. Оның басқа мүмкіндіктері құпияда ұсталуда. Мысыр үкіметінің басшысы Хазем əл-Беблави «Мұсылман-бауырлар» қоз ға лысын террорлық ұйым деп жариялады. Ол бұл мəлімдемесін Мансура қаласында аталған қозғалыс жүзеге асырған лаңкестік əрекеттен соң іле-шала жасады. Лаңкестіктен 14 адам қаза тапса, 100ден астамы жараланған болатын. Ал лаңкестікке жауапкершілікті əзірше елдегі ешбір экстремистік ұйым мойнына алған жоқ. Ұлыбританияда қатты дауылдан кем дегенде 3 адам қаза тапқан. Біреуі желдің екпініне шыдамай өзенге құлап мерт болса, біреуі тосын табиғат туындатқан жол апатынан көз жұмған. Ал соңғысының қаза болу себебі нақты айтылмайды. Рождество қарсаңында үйлеріне асыққандар əуежайларда қамалып отыр. Мұндай тосын жағдай Франция жағалауларында да орын алуда. Оңтүстік Судан президенті Сальва Каираның мəлімдеуінше, елде бұрынғы вицепрезидент Риек Мачардың жақтастары əскери төңкеріс ұйымдастыруға əрекеттеніп жатыр. Осы орайдағы қақтығыстар елде 16 желтоқсанда басталған еді. Бүгінде 45 мың тұрғын босқынға айналған. Қазіргі кезде Оңтүстік Суданда БҰҰ-ның 7 мыңдай бітімгершілері орналасса, бас Ұйым шешімімен жақында тағы 5,5 мың бітімгерші жіберілмек болып отыр. Украина президенті Виктор Янукович 21 қарашада Киевте ұсталған наразылық акциясына қатысушылардың бəрін қылмыстық жəне əкімшілік жауапкершіліктен босататын заңға қол қойды. Наразылық акциялары Киевте күні бүгінге дейін жалғасып жатыр. Бірақ оның ауқымы айтарлықтай тарылған. Қазіргі кезде көшеге шыққан көпшілік жаңа жыл мейрамын қарсы алу қамымен жүргенге ұқсайды.
Асыл аєа аєынан жарылєанда 5-бет
Сүймөнкулдің домбырасы
Талмай шапќан тўлпар, ќияєа самєаєан сўѕќар
8-бет
9-бет
Ќойыртпаќ 10-бет
15-бет