26022014

Page 1

24 саєат №39 (28263) 26 АҚПАН CƏРСЕНБІ 2014 ЖЫЛ

Ќабылдау таќырыбы – халыќќа Жолдау

Телефон арќылы сґйлесті Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі.

Əңгімелесу барысында мемлекеттер басшылары екіжақты ынтымақтастықтың перспективалары мен халықаралық күн тəртібіндегі өзекті мəселелерді талқылады. Сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаев Владимир Путинді Сочидегі XXII Қысқы Олимпия ойындарының табысты өтуімен құттықтады.

Бизнес жїргізу одан əрі жеѕілдетілмек Сұңғат ƏЛІПБАЙ,

«Егемен Қазақстан».

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Парламент Мəжілісінің Төрағасы Нұрлан Нығматулинді қабылдады. Н.Нығматулин Мемлекет басшысына Парламент Мəжілісінің жұмысы туралы баяндады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. Кездесуде Президент Жолдауын тиімді іске асыру жəне «Қазақстан-2050» Стратегиясын құқықтық қамтамасыз ету үшін қажетті заң жобалары талқыланды. Н.Нығматулин Мемлекет басшысын Парламент Мəжілісінің заңнамалық қызметі жөнінде хабардар етті, сондай-ақ, Пре зи дент

Жолдауын түсіндіру үшін депутаттардың өңірлерге сапарының қорытындысы туралы айтты. Мəжіліс Төрағасы парламентшілердің халықпен жалпы саны 1300-ден аса кездесуі өтке нін, оларға 140 мыңдай адам қатысқанын мəлімдеді. Сондай-ақ, Н.Нығматулин V

сайланымдағы Парламент жұмысы кезеңінде 255 заң жобасы қарау үшін қабылданғанын, оның 21іне депутаттардың бастамашылық еткенін атап өтті. Сенатқа 183 заң жобасы жолданған, қазір оның 173-і заңға айналды. Бүгінде Мəжілістің заңнама қоржынында 60 заң жобасы қаралуда. Кездесу қорытындысында Мемлекет басшысы бірқатар нақты міндеттер жүктеді.

----------------------------------------Суретті түсіргендер С.БОНДАРЕНКО, Б.ОТАРБАЕВ.

Премьер-Министр Серік Ахметовтің төрағалығымен кешегі күні өткен Үкімет отырысында Бүкілəлемдік банктің 2014 жылға «Doing Business» рейтингі бойынша индикаторларын жақсарту жөніндегі кешенді жоспардың шаралары қаралды. Осы ретте Премьер-Министр өткен жылы еліміздің осы рейтинг бойынша 189 ел ішінен үш саты жоғарылап, 50-орынға табан тірегендігін, дегенмен, рейтингтің кейбір индикаторлары бойынша Қазақстан көрсеткіштері əлі де төмен екендігін, оларды жоғарылату жөнінде шаралар əзірленгендігін айта келе, осы жөнінде баяндаманы жасау үшін Өңірлік даму министрі Болат Жəмішевке сөз берді. Болат Жəмішевтің хабарлағанындай, бұл рейтинг шеңберіндегі жүзеге асырылатын жұмыстардың негізгі мақсаты – елімізде бизнес жүргізуге кедергі болып отырған əкімшілік шектеулерді анықтау мен талдау

Сала жўмысы сараланды Кеше Премьер-Министр Серік Ахметовтің қатысуымен «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-тың кеңейтілген алқа мəжілісі болды. Оның жұмысына Парламенттің депутаттары, Үкімет мүшелері, еліміздегі ірі компаниялардың басшылары, сондайақ, Президент Əкімшілігі мен Премьер-Министр Кеңсесінің жауапты қызметкерлері қатысты. Нұрбай ЕЛМҰРАТОВ, «Егемен Қазақстан».

Мəжілісте «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-тың басқарма төрағасы Сауат Мыңбаев өткен жылы атқарылған жұмыстардың қорытындылары туралы баяндап, ағымдағы жылға жоспарланған жобалар мен орындалуға тиіс міндеттер туралы əңгімеледі.

Төрағаның сөзіне қарағанда, ҚазМұнайГаздың компаниялар тобы өткен жылдың жоспарларын негізінен артығымен орындаған. Атап айтқанда, қорытындыларға зер салсақ, мұнай мен мұнай конденсатын өндіру көлемі 22,6 млн. тоннаны құрап, бұрнағы жылмен салыстыра қарағанда 6 пайызға жуық өскені байқалады. Ал газ өндіру 2,929 млрд. текше метрге

жетіп, жалпы өсім 12 пайызды құрапты. Салада атқарылып жатқан жұмыстарды саралаған төраға атқарылар жұмыстар туралы айтты. «ҚазМұнайГаз» компаниясының бұрғылау жəне сервис саласындағы барлық жеке активтері базасында «ҚМГ drilling and service» бірлескен компаниясы құрылады. Ол бес компанияны біріктіреді. Бұл жұмысты қысқа мерзімде аяқтау қажет. Бүгінде бұл компаниялардың технологиялық деңгейі əртүрлі. Бізде сервис саласында ойластырылған жəне үйлестірілген саясат жоқ. Дегенмен, мұны түзету үшін жаңа ештеңе ойлап табу

керек емес», деді С.Мыңбаев. Баяндамашы жұмысшы-қызметкерлердің жалақысы туралы да мəлімет бере кетті. «Биылғы жылы біз еңбекақы төлеудің бірыңғай жүйесін енгізуді аяқтауды жоспарлап отырмыз. Сəуір айының соңына дейін барлау жəне өндіру саласындағы компанияларда жəне сервистік кəсіпорындарда осы жүйені енгіземіз. Жылдың соңына дейін бірыңғай жүйе өзге бизнес бағыттар бойынша, мəселен, тасымалдау, өңдеумен айналысатын компанияларда жұмыс істей бастайды», деп жалғады ол сөзін. (Соңы 2-бетте).

 Өңір өмірі

жəне оларды жоюдың қажетті шараларын қабылдау. Осы мақсатта қабылданған жоспар 11 индикаторлық көрсеткіш бойынша 46 іс-шараны қарастырады. Бұл шараларды жүзеге асыру үшін 5 кодекске, 3 заңға жəне 11 заң аясындағы актіге өзгерістер енгізілуі қажет. Ол өзгерістер бизнеске қойылатын бірқатар талаптарды қамтиды. Соның ішінде экологиялық, энергетикалық, өнеркəсіптік-қауіпсіздік ба ғытындағы талаптар бар. Болат Жəмішевтің айтуынша, еліміз өткен жылы Бүкілəлемдік банк рейтингі бойынша 189 елдің арасында 50-орын алғанымен кейбір жекелеген индикаторлар бойынша көрсеткішіміз көп төмен болып отыр. Мəселен, «Халықаралық сауда» индикаторы бойынша 186, «Құрылысқа рұқсат беру» индикаторы бойынша 145, «Электрмен қамту желісіне қосылу» индикаторы бойынша 86, «Несие алу» индикаторы бойынша 89-орындарда тұр екенбіз. Негізгі мəселе осы индикаторлар бойынша жақсы көрсеткіштерге қол жеткізу қажет болып отыр.

Кешенді жоспар рейтинг бойынша алға басу үшін бірқатар нақты шараларды қарастырған. Мəселен, «Кəсіпорын ашу» индикаторы бойынша Ұлттық банк желісіндегі екі құжатты (заңды тұлғаның тіркеуден өткенін куəландыратын жарғы мен құжатты) алып тастау көзделген. Ал Қаржы министрлігінің жүйесі бойынша қаржы мониторингі субъектілерінің клиентті тексерген кезде талап ететін тізбедегі төрт бірдей құжат (салық төлеуші нөмірінің тіркелгендігі туралы куəлік, статистикалық карта, заңды тұлғаның тіркеуден өткендігін куəландыратын жарғы мен құжат) жойылмақ. (Соңы 2-бетте).

Елдіѕ сенімі бəрінен ќымбат «Нўр Отан» партиясы Тґраєасыныѕ бірінші орынбасары Бауыржан Байбек жўмыс сапарымен Павлодар облысында болды Фарида БЫҚАЙ,

«Егемен Қазақстан».

Кеше жұмыс сапары аясында «Нұр Отан» партиясы Төраға сының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған бос жұмыс орындары жəрмеңкесіне барып, партияның Павлодар облысындағы филиалының кезектен тыс XIV конференциясына қатысты.

Елбасы, «Нұр Отан» партиясының Төрағасы Н.Ə.Назарбаевтың «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауында берген тапсырмасына сəйкес, «Нұр Отан» партиясы мүмкіндігі шектеулі жандарды еңбекпен қамту жəне өмір сапасын жақсарту мақсатында жұмыс жүргізуде.

● Оймақтай ой

Бүгінгі нөмірде:

«Ґткенніѕ алдында басыѕды иіп, болашаќтыѕ алдында білегіѕді сыбан!»

Мартирос САРЬЯН.

Кґне ќала жаѕа келбетке енбек

Түркістанға жолы түскен жандар Қожа Ахмет Ясауи бабамыздың басына барып, рухына тəу етіп кеткенді жөн көреді. Ер Түріктің бесігі Түркістанға өткен жылы 701 мыңнан астам турист келіпті. Яғни, арғы жылмен салыстырғанда киелі қалаға қыдырып келушілердің саны 15 пайызға артқан деген сөз. Бұл, əрине, Түркістанда туризмнің түтіні түзу ұшып, қала көркейіп, қызмет көрсету деңгейі жыл санап дамып келе жатқанын білдірсе керек. Оралхан ДƏУІТ,

«Егемен Қазақстан».

Қаланың көркейіп, түрленіп келе жатқанын мұндағы құрылыстың қарқынына қарап та білуге болады. Туризмді дамыту мақсатында мұнда қолөнер орталығының құрылысы жүргізіліп, іске қосылған. Бұдан бөлек, 200

орынға арналған туристерге қызмет көрсету орталығы салынуда. Өткен жылы бұл өңірде 3 мектеп ғимараты салынып, 28 мекемеге күрделі жəне ағымдағы жөндеу жүргізіліпті. «Балапан» бағдарламасының аясында 5 балабақша пайдалануға беріліп, қала бойын ша 3-6 жастағы баланың 65,1 пайы зы мектепке дейінгі

мекемелермен қамтылған. Əсіресе, ауысымына 500 адам қабылдайтын қалалық емхана іске қосылғаны түркістандықтарды ерекше қуантты. Бұдан бөлек 200 төсектік көп бейінді балалар ауруханасының құрылысы жүргізіліп, 3 елді мекенде фельдшерлік-акушерлік бекет пайдалануға берілген. Жергілікті бюджет есебінен орталық кітапхана ғимараты салынды. «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы бойынша 10 ауылдық клуб ағымдағы жөндеуден өткен. Енді бүгінде облыс бюджетінен 260 млн. теңге бөлініп «Жабық жүзу бассейнінің» құрылысы жүргізілуде жəне жеке инвесторлар есебінен жалпы құны 222 млн. теңгені құрайтын спорттық сауықтыру кешені

салынуда. Сондай-ақ, 80 пəтерлі жəне 60 пəтерлі 5 қабатты тұрғын үй құрылысының бой көтеріп келе жатқаны Алла бұйыртса, ал дағы уақытта бұл қалада бір қауым ел қоныс той тойлайтынын айғақтап тұрғандай. «Тұрғын үйді жаңғырту» бағдарламасы бойынша 11 көпқабатты үйлерге жөндеу жұмыстары жүргізілген. Міне, осынау қаптаған құрылыстың бəрі көне Түркістанның жаңа заманға сай келбетін, сəулетін жасап, ажарын аша түсуде. Ең бастысы, халықтың игілігі үшін жасалып жатқан бұл тірліктердің қарқыны еш толастамайды, жалғасын таба береді.

Оңтүстік Қазақстан облысы.

Ақпарат агенттіктерінің материалдары негізінде əзірленді.

(Соңы 2-бетте).

Адамның ең асыл қасиеті – жақсылығы.

Суретті түсірген Алмас МАНАП.

 Украинада 25 мамырға белгіленген мерзімінен бұрын өтетін президенттік сайлаудың науқаны басталып кетті. Сөйтіп, кеше үміткерлерді ілгерілету үдерісі басталды. Ол 30 наурызға дейін жалғасады. Ал кандидаттарды тіркеудің соңғы мерзімі 4 сəуір деп белгіленген.  Оңтүстік Корея президенті Пак Кын Хе Солтүстік Кореямен бірігуге дайындық жөніндегі комитет құру туралы хабарлады. Ол осындай мəлімдемені кеше өткен дəстүрлі жыл сайынғы телеүндеуі кезінде жасаған. Жаңа комитет КХДР-мен жақындасу жоспарымен айналыса отырып, келе-келе екі елдің қосылуы үшін жұмыс істейтін болады.  Украинаның коммунис тік партиясы мен оның Жоғарғы Рададағы фракциясы оппозицияға өту жөнінде шешім қабылдады. Соңғы кездері Киев пен елдің басқа да қалаларында компартияның штабына шабуыл жасау жиілеп кеткен еді. Петр Симоненко бастаған УКП-ның мұндай шешім қабылдауына осы əрекеттердің əсері де болуы ықтимал.  АҚШ тарихындағы ең тəжірибелі конгрессмен Джон Динджел Өкілдер палатасында 58 жыл жұмыс істеген болатын. Енді ол жаңа мерзімге сайлауға түспейтінін хабарлады. 87 жастағы қария өзінің мансабы өліммен аяқталғанын, яғни конгрестен табытқа салынып шыққанын қаламайтын секілді.  Израиль полициясы кеше Иерусалимде тəртіпсіздіктерге жол берген палестиналықтарды қуып таратты. Ал полицияға қарсы тас атқан жастар қамауға алынды. Тəртіпсіздіктерге ел парламентіне Шатқал күмбезі деп аталатын мешіт тұрған жерге иудейлердің баруына рұқсат беретін заң жобасы енгізілуі себеп болды. Мексика билігі əлемдегі ең ықпалды қылмыскерлердің бірі, көптен бері іздеу жарияланған есірткі бароны – «Синалоа» есірткі картелінің басшысы Хоакин Гусманды ұстады. Ол бір оқ жұмсалмастан тұтқындалған. Операцияға америкалық есірткімен күресушілер де қатысқан.  Ресей сыртқы істер министрлігі қолбасшы Михаил Кутузовтың Украинаның Львов облысындағы ескерткіші құлатылуына байланысты наразылық білдірді. «Біз Украинаның жаңа басшылығынан мұндай шектен шығушылықты тоқтатуды талап етеміз», делінген СІМ-нің мəлімдемесінде.  Ресей бюджеті рубльдің құнсыздануынан жылдың қорытындысы бойынша 1 триллион рубльге дейін (28,1 млрд. доллар) қаражат алуы мүмкін. Мұндай болжамды өзінің дəстүрлі шолуында Экономика жоғары мектебінің даму орталығы жасаған.  Чел я бі қаласын дағ ы Трактор зауыты аудандық соты əскерде жүрген кезінде алған жарақаты үшін мемлекеттен өтемақы талап еткен бұрынғы солдаттың талабын қанағаттандырды. Сот қаржы министрлігіне зардап шегушіге өтемақы ретінде 800 мың рубль төлеуді міндеттеді.

ЕУРАЗИЯ ТОПОНИМДЕРІ

Ќолжетімді баспана кімдерге тиесілі?

13-бет

і г е д н і м е л ə н Сə

«Сымбат»

5-бет

10-бет

4-бет ҚҰСБЕГІЛІК ҚАЗАҚТЫҢ БРЕНДІ БОЛА АЛА МА?

3-бет

Ќўдай ќолдаєан Ќўнанбай 8-бет


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.