26/04/2013

Page 1

Кеше Астанадағы Медиа орталықта ХІ Еуразиялық медиафорум өз жұмысын бастады. Халықаралық деңгейдегі бұл үлкен басқосу алаңына Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қатысып, сөз сөйледі.

№115 (28054) 26 СƏУІР ЖҰМА 2013 ЖЫЛ

АШЫҚ ҮНҚАТЫСУ АЛАҢЫ Астана осымен екінші рет халыќаралыќ ауќымдаєы шараны ќабылдап отыр

Адамзат бір-бірінің пі кірін біліп, тілегін ұғып, жандүниесін түсінуге тырыс са – арасында жақындық та орнап, бір-біріне деген жанашырлық та туады. Сондық тан, адамдардың бір-бі ріне сөйлескенше ғана жат болатынын дана қазақ «жылқы кісінескенше, адам сөйлескенше» деп ежелден айтып кеткен. Қазіргі диалог, «ашық пікір алаңы» деген неше түрлі сəнді сөздермен берілетін адамдардың бір-бірімен сөйлесу, пікірлесу арқылы жақындасуының жақ сылыққа жеткізетін сырын қазекең сөйтіп ежелден білген. Қазақ жерінде биыл 11-ші рет өткізіліп отырған Еуразиялық медиа-форумның да сондай сыры бар. Биылғы форумға 46 елден 600ге жуық делегат келген екен, бəрі де өз жүректеріндегі түйткілді осындай ашық пікірлесу алаңы арқылы адамзаттың құлағына жеткізбекке асық тəрізді. Қонақтар арасында бірқатар танымал тұлғалар да бар. Ал, форумның жұмысы туралы қазақстандық жəне шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарынан 350-ге жуық журналист əлемге хабар таратуға жиналыпты. Күндізгі сағат 11.00 болғанда медиа-форум ашылатын ғимаратқа Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев келді. Қазақстан Президенті өз сөзінде Еуразиялық медиа-форум осымен екінші жыл Астанада өтіп отырғанын атап өтті. Мемлекет басшысы жаңа медиа орталық жұмысының басталуы арқылы Қазақстан елордасы Еуразия ақпараттық коммуникациясы маңызды торабының біріне айналғанына тоқталды. Нұрсұлтан Назарбаев жалпы кейбір елдердегі оқиғалардың жай таратушысы болып қана қоймай, сонымен бірге, көп жағдайда олардың барысын анықтайтын медиа-саланың мəні əлемде артып отырғанына назар аударды. Бұл ретте БАҚ-тың дамуы үшін іс жүзінде шектеусіз мүмкіндіктер ашатын бұқаралық онлайн-журналистика шешуші рөл атқарады. Мемлекет басшысы Қазақстан масс-медианы дамыту перспективаларын қоғамдағы бірлікті нығайту, елдің ілгерілету жолына сеніммен қадам басуын қамтамасыз ету көзқарасы тұрғысынан қарастыратынына тоқталды.

– Медиа-саланың рөлін арттыру тек экономикада ғана емес, сонымен бірге, саясатта, əлеуметтік өмірде қоғамның руханиадамгершілік жағдайының дамуының жоғары стандарттарын қалыптастырушы мен «бұқаралық инновация құралдары» деп атап отырған жаңа БАҚ-тың пайда болуына алып келеді. Мен бұ дан ұлттық жəне жаһандық масс-медианың XXI ғасырдағы басты миссиясын көремін, – деді Нұрсұлтан Назарбаев. Орталық Азия, жалпы əлем сияқты, өңірлік қауіпсіздіктің өзекті мəселелерінің артуына байланысты өзгерістер белдеуіне қадам басты. Сондай-ақ, Мемлекет басшысы осымен үшінші жыл қатарынан əлем бұрын экономикасы мен əлеуметтік дамуы қарқынды болған бірқатар мемлекеттердің тұрақтылық ай мағынан «шығып қалып» жатқанын көріп отырғанына тоқталды. – Жаһандық көмектің «созылмалы» реципиенттерінің болуы

Еліміз бен Елбасыныѕ рґлі аталды

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы, Əлемдік жəне дəстүрлі діндер көшбасшылары съезі Хатшы лығының басшысы Қайрат Мəми Ресейдің Еуропалық бөлігі мұсылмандарының діни басқармасының төрағасы, Мүфтилер кеңесінің төрағасы Равиль Гайнутдинмен кездесті. Кездесуде Əлемдік жəне дəстүр лі діндер көшбасшылары съезінің қызметі, дінаралық үн қатысуды ілгерілету мəселе лері туралы əңгіме болды. Р.Гайнутдин жер жүзінде бейбітшілік пен тыныштықты нығайтудағы Қазақстан жəне Президент Н.Ə.Назарбаевтың рөлін айрықша атап көрсетті, деп хабарлады Парламент Сенатының баспасөз қызметі.

– əлемдік экономикалық жүйеге артылатын айтарлықтай жүк. Бұл жаһандық дамуға ұзақ мерзім тежеу болуы əбден мүмкін. Сондықтан «геосаяси жеңілойлылықты» мен жаһандық салмақты экономикалық проблема деп санаймын, ол енді қазірдің өзінде адамзат үшін қымбатқа түс келі отыр, – деді Мемлекет басшысы. Нұрсұлтан Назарбаевтың пікірінше, мұндай жағдайда орнықты дамуды қамтамасыз етуге деген жаңашыл көзқарас қажет. – Қазақстан өңірлік даму мəселелеріне жауапкершілікпен қарайды. Нақ сол себептен де біз Ресей Федерациясымен жəне Беларусь Республикасымен бірге Еуразиялық экономикалық одақ құру жөнінде дайындық жұмыстарын жүргізудеміз. Бүгінде əлемде еуразиялық интеграцияға «қырғи-қабақ соғыс» кезеңінің əбден көмескі тартып, тозған линзасы арқылы қарайтын саясаткерлер мен сарапшылар бар. Бірақ бұл ескі оптика шындықты

бұрмалап көрсетеді. Үш елдің өз тауарларының, қызметтерінің жəне жұмыс күшінің нарығын біріктіруге ұмтылысы бүкіл жаһандық экономиканың тек ұтуына алып келеді, – деді Мемлекет басшысы. Қазақстан Президенті G-20 пішіні аясында жаһандық экономикалық шешімдерді іздеудің, сондай-ақ ХХІ ғасырдағы əлемнің жаңа құрылымының қалыптасуына негіз ретінде өзі ұсынған G-GLOBAL идеяларының маңыздылығын атап өтті. Сөзінің соңында Нұрсұлтан Назарбаев форумға қатысушыларға пікірталастарының жемісті болуын тілеп, оның қорытындысы бойынша пайдалы ұсынымдар жасалады деген үмітін білдірді. «Əл-Жазира интернешнл» телеарнасының продюсері əрі жүргізушісі Риз Хан ХІ Еуразия медиа-форумының алғашқы модераторы болып белгіленген екен. Ол бірінші сөзді Ұйымдастыру комитетінің төрайымы Дариға

Айбын

Назарбаеваға берді. Төрайым форумның жұмысына жоғары баға берген жəне оның өткізілуіне үнемі қамқорлық көрсетіп жүрген Президент Нұрсұлтан Назарбаевқа алғысын айтты. Одан əрі форумда көтерілген тақырыптардың маңыздылығына тоқталды. «Біз əдеттегідей дəстүрімізге берікпіз. Сондықтан басқосудың өне бойында қазіргі дүниенің қадау-қадау оқиғалары жəне олардың БАҚ бетінде көрініс табуы туралы сөз болады. Қазіргі ғалам қарамақайшылыққа толы. Біз форумның күн тəртібіне Еуразия кеңістігін алаңдатқан ең маңызды, ең өткір, ең көкейкесті мəселелерді енгізуге тырыстық», деді ол өзінің сөзінде. Ал медианың маңызы туралы айтқанда, Дариға Назарбаева оның бүгінгі күні ұлан-ғайыр əлеуетке қол жеткізгеніне тоқталды. Байқасаңыздар, деді ол, біздің форумның тарихы осы жылдарда жаһандық медиа-төңкеріс жағдайында қалыптасып келеді. Соңғы 10-15 жылдың ішінде жер

7 мамырда «Отар» 40-шы əскери базасы ауданында Отан қорғаушылар күніне арналған Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің тарихындағы алғашқы жауынгерлік парадта «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ құрамына кіретін Қазақстанның қорғаныс-өнеркəсіптік кешені кəсіпорындары шығаратын əскери техниканың жаңа жəне жаңғыртылған үлгілерінің, қару-жарақ пен байланыс құралдарының көрсетілімі өтеді.

Жауынгерлік парад аясында Ќазаќстанныѕ ќорєанысґнеркəсіптік кешені кəсіпорындары ґз жетістіктерін ўсынады Жалпы алғанда, парадта əскери, азаматтық жəне қосарлы мақсаттағы арнайы техникалар, соның ішінде штабтық, жауынгерлік, медициналық, іздеу-құтқару машиналары, радиореле стансасы, қар мен батпақта жүретін «Тұлпар», EC-145 тікұшақ, əуеде қолданылатын оңтайлы робот техникалы кешендерінің үлгiлері көрсетіледі.

Сонымен қатар, Қазақстан Қарулы Күштеріне жасалған бұйымдарды көрсету жоспарлануда – түнде көру құрылғылары, тепловизорлық көздеу, түрлі бронды жилеттер, сондай-ақ жеке қорғаудың өзге де құралдары ұсынылатын болады. Бұрын хабарлағанымыздай, Қазақстанның Қорғаныс

министрі Əділбек Жақсыбеков Отан қорғаушылар күні мерекесіне орай Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің жауынгерлік парадын өткізу туралы бұйрыққа қол қойған болатын. Жауынгерлік парадқа 80-нен астам əскери ұшақ пен тікұшақтар, Құрлық əскерлері мен Əуе күштерінің бөлімдері қатысады. Сонымен бірге, Каспий теңізі алабындағы Қазақстанның Əскери-теңіз күштері кемелерінің жауын герлік атысы тікелей бейнекөрсетілім арқылы жүргізіледі. «Егемен-ақпарат».

Бїгінгі нґмірде:

ЧЕРНОБЫЛЬ!.. 7-бет

(Соңы 2-3-беттерде).

Жемқорлық – індет, жою - міндет

Ґскемендік ґлермен ґндірісші мемлекеттен екі миллиард теѕге жымќырєан Жұмыртқадан жүн қырқатын кəсіпкер таяу жылдар ішінде мемлекеттің қазынасын 2 млрд. теңгеден астам қаржыға олқы түсіріп берген. Бұл туралы Шығыс Қазақстан облыстық прокуратурасының баспасөз қызметі хабарлады. Бақылаушы органдардың мəліметіне қарағанда, «Предгорный элеваторы» акционерлік қоғамының басшысы А.Мерзлов бірнеше жылдың көлемінде қылмыстық жолмен мемлекетке тиесілі дəнді дақылдар қорын жымқырып келген. Altaynews.kz тілшісі бармағын

ҰЛТ МЕРЕЙІ

ҚАРИЯ ҚАЖЫЛЫҚҚА... ВЕЛОСИПЕДПЕН БАРМАҚШЫ

8-бет

12-бет

жалап үйреніп қалған бизнесменнің осы арқылы мемлекетті 2 млрд. теңгеден астам қаржыға тақырға отыр ғызып қойғанын жазады. Мамандар қалада нан өнімдері бағасының бірден күрт өсіп кетуіне осының негізгі түрткі болғанын да жоққа шығармайды...

Тергеу барысы анықтағандай, жоғарыда аталған компания мен «Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы ұлт тық компаниясы» акционерлік қоғамы арасында 2008 жылғы 3 қаңтарда-ақ келісім-шарт жасалып қойылған екен. Соның негізінде артынша Предгорный элеваторына үшінші класты 58 569 тонна астық шексіз мерзімге сақтап қоюға беріледі. (Соңы 7-бетте).

 Жағымды жаңалық

«Багратион» биогаз шыєаруда Оңдасын ЕЛУБАЙ,

«Егемен Қазақстан».

Сара əпкеме əн салдырєан

серігі мен кабельді телевизияның дамуына, интернеттің таралуына, смартфон, планшет жəне өзге де техникалық құралдардың шығуына сəйкес медиа адам мен қоғам өмірінде осыдан 10 жыл бұрынғы кезеңге қарағанда анағұрлым ма ңыздырақ рөлге ие болды. Медиа-төңкеріс пен жаңа технологиялар біздің əлемді танымастай етіп өзгертті. Көз алдымызда болып жатқан осындай өзгерістер таңдандырмай қоймайды. Заманауи медиа, бұл, ең алдымен, ХХІ ғасырдағы əлеуметтік ғаламат құбылыс. Сондықтан біз оны жіті зерттеуге, мəніне терең үңілуге тиіспіз, деді Д.Назарбаева. Сөзінің қорытындысында төрайым 11-ші Еуразиялық медиа-форумның жұмысын ашық деп жариялады. Форумның алғашқы отырысы ның тақырыбы «2014 жылы Ауғанстаннан АҚШ пен НАТО əскерлері шығарылғаннан кейінгі аймақтағы қауіпсіздік мəселелері» деген ұзақ атаумен беріліпті. Мұнда көтерілген

мəселелер Ауғанстандағы соңғы соғыстың қорытындыларына, бүгінгі күні елде қандай саяси жəне экономикалық жағдайдың қалыптасқанына қатысты болды. «Ауғандық тұрақтылық» дегеннің перспективасы қандай, коалиция əскерлері əкетілгеннен кейінгі елдің даму сценарийі қандай болмақ? Аймақтағы белді ойыншылардың жаңа саяси басымдықтары қайда бағытталады? АҚШ-тың аймақтағы жаңа саясатынан не күтуге болады? АҚШ, Қытай жəне Ресей мемлекеттерінің Ауғанстан аумағынан коалиция əскері əкетілгеннен кейінгі қарымқатынастары қалай өрбиді, олардың Ауғанстанның айналасындағы стратегиялық қарсылықтары тереңдемей ме? Аймақтағы ҰҚШҰ секілді əскери-саяси одақ тастықтардың рөлі арта ма? Міне, осы сұрақтар ортаға тасталып, қатысушы спикерлер өздерінің ойларын жеткізді. Айта кетелік, отырысқа «Əл-Жазира» телеарнасының Ұлыбританиядағы аға жүргізушісі жəне СИИ мен ВВС-дің қызметкері Стивен Коул модераторлық етті. Ал пікір айтушылар немесе спикерлер ретінде Ауғанстан президентінің саяси мəсе лелер жөніндегі министркеңесшісі Мұхаммед Яхия Маруфи, Иран Ислам Республикасы президент ті гінен үміткер Хушанг Əмірахмади, Қырғызстан Жогорку Кенешінің де путаты Қаныбек Иманəлиев, АҚШ журналисі Рой Гатман жəне Ре сей саясаткері Юрий Солозобов қатысты. Американың Ауғанстанға қарсы соғысының қорытындылары қандай болды деген алғашқы сұраққа Рой Гатман: «Егер біз АҚШтың мақсаты тек «Əл-Каиданың» көзін жою еді деген мəселеге ғана тірелетін болсақ, алға қойған мақсат орындалды деп айтуға болады. Бірақ мен бұл арада мəселені кеңірек көлемде қарастырған дұрыс қой деп ойлаймын. Ауғанстан қоғамында тұрақтылыққа қол жеткізілді ме, жоқ па? Ең негізгі мақсат осы болса керек-ті. Бұл мəселеге келетін болсақ, АҚШ өзінің мақсатына қол жеткізе алмады, Ауғанстан əлі де аймақтағы жəне əлемдегі тұрақсыздықтың орталығы болып отыр.

Ұлан ауданындағы Василий Воропай басқаратын «Багратион» шаруа қожалығы жақында мал тезегінен биогаз шығару технологиясын өңірде бірінші болып жүзеге асырды. Оның технологиясы қарапайым, екі жыл бойы мамандар қондырғыларды орнатып, күніне 10 тонна қи-тезек қорытып, газ өндіріп жатыр. Міне, ғажап, қыс айларында бұл шаруашылық

машина-трактор шеберханасы мен диірменді жылыту үшін биогаз отынын қолданды. Ал одан қалған қалдық заттар егіс алқаптарында органикалық тыңайтқыш ретінде пайдаланылып жатыр. Бізде бірнеше мың ірі қара, марал, жылқы бар. Бір ірі қара жылына 9 тонна тезек берсе, қалғанын есептеп шығару қиын емес. Тезекті өңдегенде оның 60 пайызы газға айналады. Тиімді тəсіл арқылы бірнеше ғимаратты өз күшімізбен жылытып жатырмыз,

дейді есімі елге жақсы таныс шаруа қожалығының иесі Василий Григорьевич Воропай. Шығыс Қазақстан облысы. Ұлан ауданы.


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.