Бїгінгі нґмірде: Алып ќоюды азайтсаќ ќайтеді, аєайын?.. 4-бет Еѕ бастысы – ґзара сыйластыќ пен мəміле кілтін таба білу 5-бет Ту тіккен 8-бет Ўлтты иман ўйыстырсын десек... 9-бет
№81 (28305) 26 СƏУІР СЕНБІ 2014 ЖЫЛ
Астана ґмір сїруге ґте ќолайлы ќалаєа айналады Кеше «Астана Опера» театрында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен елорданы одан əрі дамыту мəселелері жөніндегі кеңес болып өтті. Жылқыбай ЖАҒЫПАРҰЛЫ, «Егемен Қазақстан».
Міне, елордамызды бүкіл дүние жүзіне астана ретінде жариялағанымызға 16 жыл болады. Осы жылдардың ішінде біз қыруар шаруаларды тындырдық. Біз əлемдегі ерекше озық қалалардың бірі ретіндегі елордамызды салдық. Астана бүгінде əдемілігі жағынан да, адамдарға қолайлылығы жағынан да дүние жүзіндегі ең озық қалалардың бірі болып келе жатыр. Қаламыздың гүлденуіне барлық халық, қала əкімдігі, осы отырған барлығыңыз ерекше үлес қостыңыздар. Ол үшін тек қана ризашылық пен рахметімді айтамын. Бұл – бір. Дегенмен, біз ешуақытта істегенімізге тоқмейілсіп тоқтап қалмаймыз, қаламызды одан əрі дамыту жолында барлық жағдайларды жасауымыз керек. Біз елордамызды дүние жүзінің ең көрікті қалаларының, əлемдегі өмір сүруге ең қолайлы қалалардың біріне айналдыруымыз керек, деді Мемлекет басшысы өз сөзінде. Одан əрі Елбасы осы 16 жыл ішінде тəуелсіз еліміздің жаңа Астанасын салу мақсатында орасан
зор жұмыс атқарылғандығын атап көрсетті. Астананы бүгінде əлемдегі аса серпінді дамып келе жатқан қала деп есептейміз. Мұны тек біз ғана емес, əлемнің көптеген сарапшылары мойындайды. Біз өзіміздің тəуелсіз мемлекетіміз үшін осындай елорда салғанымызға мақтанамыз. Жеткен жетістіктер үлкен. Сонымен бірге біз қазір бұдан да жоғары межелерді белгілеп, Астанамызды өмір сүруге ең қолайлы қалалардың біріне айналдыру жолында міндеттер қойып отырмыз. Бұл ретте біздің қаламызбен барлық
жағынан, ауа райы, табиғаты жағынан да ұқсас қалаларды үлгі тұтуымыз керек. Мəселен, Канада елінің қалаларымен, сонымен бірге, Сингапур сияқты біздің қаламызбен ұқсас жағдайлары бар қалалармен деңгейлесуіміз керек. Одан əрі Мемлекет басшысы қала экономикасына тоқталды. Қаладағы өндіріс өнеркəсібінің көлемі 260 миллиард теңгеге жетіп, 7 пайызға өсті. Экономикаға 545 миллиард теңге инвестиция салынды. Бұл жақсы көрсеткіш. Бүгінде қалада шағын жəне орта бизнес қарқынды дамып келеді. Шағын
Алдаєы кездесудіѕ маѕызы аталды
жəне орта бизнес субъектілері өндіретін өнімдер жалпы өңірлік өнімнің 40 пайызын құрайды. Шағын кəсіпкерлікке жұмысқа қабілетті қала тұрғындарының басым көпшілігі қатысып, жергілікті бюджетке түсетін табыстың 70 пайызын береді. Бұл бүкіл Қазақстанға үлгі боларлық жақсы көрсеткіш. Өткен жылы қалада 1 миллион 100 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. 4 мектеп, 8 балалар бақшасы жəне бірқатар денсаулық сақтау мекемелері салынды, деді Президент. Өзінің салтанаты жарасқан
ерекше нысандарының нəтижесінде елорда ірі мəдениет, сауда жəне туристік орталыққа айналды. Соңғы жылы Астанаға 1 миллионнан астам туристер, оның ішінде 100 мыңнан астам шетел туристері келген. Таяу жылдар аралығында атқарылатын міндеттер санатында қаланың алдында тұрған ең жоғары да жауапты міндет – ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесін жоғары дəрежеде өткізу болып табылады. Бұл қаламыздың дамуына жаңа серпін береді. Елордамызда сапалық деңгейі аса жоғары жаңа орталық салынады. Біз ЭКСПО
қалашығын салып қана қоймаймыз, біз болашаққа бағдар алған құрылыс нысандарын саламыз. Көрме қалашығында тек «жасыл экономикаға» ғана қатысты емес, сонымен бірге, озық технологияға жауап беретін инновациялық жобалар жүзеге асырылатын болады. Уақыт аз, атқаратын жұмыс ауқымы зор. Сондықтан барынша жұмылып еңбек етуіміз керек, деді Мемлекет басшысы. Содан кейін Елбасы баяндама жасау үшін сөз кезегін қала əкімі Иманғали Тасмағамбетовке берді. – Бүгін Астананың дамуы
барысы жайындағы дəстүрлі кеңесте жүздесіп отырмыз, деді баяндамашы. Өткен кеңестен бергі аралықта атқарылған жұмыстың нəтижелері жаман емес. Жалпы алғанда, 2008 жылдан бері елордамызды дамыту мақсатында Сіздің тарапыңыздан 323 хаттамалық тапсырмалар берілді. Оның 243-і толық орындалды. 80 тапсырмаңыз іс жүзіне асырылу үстінде, ал 38 тапсырма Үкіметпен бірігіп жүзеге асырылуда. 2013 жылы қаланың жалпы өңірлік өнімінің көлемі 2,7 триллион теңгеге жетіп, жан басына шаққандағы бұл көрсеткіш 23 мың АҚШ долларын құрады. Өткен жылы өнеркəсіп өнімінің көлемі 6,7 пайызға өсіп, 263,2 миллиард теңгені құрады. Қазіргі таңда елорданың экономикалық негізін шағын жəне орта бизнес секторы құрайды. Олар жалпы өңірлік өнімнің 60 пайызын өндіреді. Өткен жылы қаладағы шағын жəне орта бизнес субъектілері 1 триллион 200 миллиард теңгенің өнімін өндірді. Бүгінде шағын жəне орта бизнес саласында экономикалық тұрғыдан белсенді қала тұрғындарының 77 пайызы, яғни 316 мың адам еңбек етеді. Келесі жылдан бастап елорда республикалық бюджетке 7,5 миллиард теңге, ал 2016 жылдан бастап 17,3 миллиард теңге қаржы аударатын болады. Яғни Астана қаласы республикалық бюджеттің доноры болып саналатын алдыңғы қатарлы 4 өңірдің құрамына кіреді. Одан əрі қала əкімі елорданың экономикалық дамуы барысында инновациялық индустрияландыру бағытына ерекше басымдық беріліп отырғандығын тілге тиек етті. Бұл мақсатты жүзеге асыру барысында қалада жұмыс істеп тұрған Индустриялық парктің қосқан үлесі зор.
«Жасыл экономикаєа» жəрдемдеседі «Жасыл экономика» қағидаттарын жəне ресурс үнемдеу сондай-ақ, қаржылық менедтехнологияларын енгізу кезінде Қазақстанға Азия даму банкі жмент, сатып алу, əлеуметтік қорғау, қаржыландыруға қол жəрдемдеседі. Қазақстан мен АДБ арасындағы 2012-2016 жылдарға арналған əріптестік стратегиясында көрсетілгендей, қазіргі уақытта банк Қарағанды қаласының орталықтандырылған жылу желілерін оңалтуға қатысты дайындық жұмыстарына техникалық көмек көрсетуде. Аталған жоба «Қазақстан Республикасының энергия тиімділігін арттырудың 2012-2015 жылдарға арналған кешенді жоспарын» орындауға септігін тигізеді, «2010-2014
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы Виктор Христенкомен кездесті, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. Кездесу кезінде Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің Минскіде өтетін алдағы отырысының күн тəртібінің негізгі мəселелері талқыланды.
Қазақстан Президенті мемлекеттер басшыларының жоспарланған кездесуінің маңыздылығын, онда интеграциялық құрылымдар аясында бұдан арғы өзара
ықпалдастықтың негізгі бағыттары жөнінде пікір алмасылатынын атап өтті. В.Христенко Қазақстанның, Ресей мен Беларусьтің, сондай-ақ, комиссияның өз сарапшыларының үлкен тобы жұмыс жүргізіп жатқан Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың əзірлену барысы туралы баяндады.
Кїн тəртібініѕ жобасы наќтыланды Кеше Мəжіліс Төрағасы Қабиболла Жақыповтың төрағалығында палата бюросы өтті. Онда палатаның алдағы жалпы отырысы күн тəртібінің жобасы нақтыланды, деп хабарлады Мəжілістің баспасөз қызметі. Депутаттардың талқылауына «Кəсіптік одақтар туралы» заң жобасы ілеспе түзетулерімен бірінші оқылымға шығарылатын болды. Күн тəртібінің жобасына Əкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекс жобасы ілеспе түзетулерімен екінші оқылымға қосылып отыр. Салалық комитеттің баяндауынша, Кодекс жобасы əкімшілік заңнаманы елеулі түрде реформалауға, мемлекеттік органдардың əкімшілік
жа заларды қолдану жөніндегі өкі леттіктерін айқындауға бағытталған. Кодекс жобасына сəйкес əкімшілік заңнама ізгілендіру, соттарға түсетін жүктемені азайту жолымен реформаланады. Осыған байланысты соттардың жəне əкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға уəкілеттік берілген органдардың (лауазымды адамдардың) құзыреті қайта қаралды.
Осы күні депутаттар ратификацияланатын екі заң жобасына қорытынды əзірлеу мезгілін нақтылайтын болады. Олар: Есірткі, психотроптық заттар мен олардың прекурсорларын Кеден одағының кеден аумағы арқылы өткізу тəртібі туралы келісім жəне 2010 жылғы 9 желтоқ сандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Р есей Федерациясының Үкі меті арасындағы Қазақстан Республикасына мұнай жəне мұнай өнімдерін жеткізу саласындағы сауда-экономикалық ынты мақтастық туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы Хаттама.
жылдарға арналған үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасымен» үндеседі, сондай-ақ, Үкіметтің энергия тұтынуды жəне отын ресурстарын тиімсіз пайдалануды төмендету мақсатына жетуге мүмкіндік береді. Жобаның негізгі мақсаты – SCADA жүйесін енгізу, бақылау жəне есепке алу жүйесін жаңалау, транзиттік, жер асты, жер үсті желілерін қосқанда 127 шақырым құбырларды ауыстыру, 7 насос стансасын жаңарту,
Бірлескен жўмыс жаєдайы талќыланды Кеш е Пр емьер-Минист р Кəрім Мəсімов Қазақстанның Еуропалық бизнес ассоциациясы директорлар кеңесінің мүшесі жəне Еуропалық одақтың Қазақстандағы өкілдігінің басшысы Аурелия Бушезбен кездесті. Кездесу Қазақстан Республикасының инвестициялық ахуалын жақсарту жөніндегі мүмкін деген шараларды талқылауға арналды. Ассоциация өкілдері Премьер-Министрмен инновациялық, жоғары технологиялық жəне стратегиялық жобаларды жүзеге асыруда инвесторлар жолығатын проблемаларды, визалық жəне көші-қон мəселелерін, еңбек заңнамасы мен шетелдік жұмыс күшін тарту мəселелерін, экономиканы əртараптандыру жəне кəсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеу мəселелерін талқылады. Кездесу барысында Үкімет пен Қазақстанның Еуропалық бизнес ассоциациясы арасындағы одан арғы іс-қимылдар жоспары келісілді. Нəтижесінде əкімшілік кедергілерді жою жөнінен заңнамаларды одан əрі жетілдіру жəне нақты ұсыныстар қалыптастыру үшін мүдделі тараптарды кеңінен шақыра отырып, бірлескен дөңгелек үстелдер өткізу жəне жұмыс топтарын құру жөнінде уағдаластыққа қол жеткізілді.
жеткізу сынды басқа да шаралар бойынша кəсібилікті арттыру болып табылады. Сондықтан, Азия даму банкінің бұл жобаға қатысуы кездейсоқ емес. Табиғи ресурстардың азаюы, қоршаған ортаның ластануы, энергия тиімділігінің төмендігі тікелей сапаға əсер ететінін ескерсек, банктің стратегиялық мақсаты – кедейлікті азайтып, өмір сапасын арттыруға бағытталған. Сонымен қатар, Азия даму банкі мемлекет-жекеменшік əріп тестігі негізінде қалалық инфра құрылымдар мен табиғи
(Соңы 2-бетте). монополия саласына қатысты жобаларды жүзеге асыруда мол тəжірибе жинақтаған. Осы бай тəжірибені Қазақстанның аталған салаға жеке инвестиция тарту үшін пайдалану мүмкіндігі зор. Тағы бір атап өтерлігі, экологиялық таза технология, ресурс үнемдеу АДБ қызметінің басым бағыттарының бірі. Осы жолда банк көптеген елдерде түрлі жобаларды қаржыландырып қана қоймай, «жасыл экономика» технологиясы арқылы жарқын үлгі көрсетуде. Мысалы, 2-5 мамырда Астанада жоспарланып отырған АДБ Басқарушылар кеңесінің 47-ші мəжілісінде «жасыл экономика» қағидаттары қолданылады. Бұл дегеніміз, экологиялық таза өнімдер пайдалану, «жасыл шаралар» өткізу, түрлі ресурстарды пайдалануды азайту. «Егемен ақпарат».
Жазылған жайдың жаңғырығы
ЌАЗАЌТЫЅ ЌАТАРЫН ЌАЛЫЅДАТАР ЌЎТТЫ ЌАДАМ Газетіміздің осы аптадағы сəрсенбі күнгі санында «Оралмандар үшін азаматтық алу мерзімі қысқарады» атты тақырыппен материал беріліп, ондағы Үкімет ұйғарымы шетелдегі қандастарымыз үшін оңтайлы шешім болғанын жариялап, сүйінші сұраған болатынбыз. Премьер-Министрдің орынбасары Гүлшара Əбдіқалықова басшылық еткен Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте Үкімет отырысында қаралған мəселелердің ерекше маңыздысы көші-қон туралы болғаны баян етілді. Содан соң Еңбек жəне халықты əлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова көші-қон заңын жетілдіру көзделуде екенін айта келіп, елімізде оралмандар үшін азаматтық алу мерзімі бір жылға дейін қысқартылады деді. Министрдің айтуынша, осыған дейін шетелден келген қандастарымыз алдында біраз қиындықтар бар болатын. Енді жағдай жақсы жаққа қарай өзгермек. Елбасының назарында болған осы мəселенің оңды шешімі оралмандарды қуанышқа бөлеуде. Тақырыпқа арналған материалдар топтамасын 3-беттен оқисыздар.