Бїгінгі нґмірде:
№96 (28574) 26 МАМЫР СЕЙСЕНБІ 2015 ЖЫЛ
Болашаќ баєдары 3-бет Кəсіпкерлер ќанаушыєа айналмаса екен... 5-бет Ќазаќ хандыєыныѕ заѕдыќ негізініѕ ќалануы 7-бет Топыраєына тартып туєан талант 9-бет
● Еркін елдің ертеңі
ШУАЌТЫ МАМЫР КЇНІ естілді кїміс ќоѕырау їні
Кең-байтақ Қазақ елінің барлық мектептерінде кеше дəстүрлі күміс қоңырау соғылды. Мыңдаған түлек биік армандарға қанат қағар алдында он бір жыл бойы құлақтарына сіңген сүйкімді үнді естіп толқыса, миллиондаған ұл мен қыз сыныптан сыныпқа өтіп, өздерінің де, атааналарының да мерейлерін өсірді. Сүлеймен МƏМЕТ, «Егемен Қазақстан».
Перспективалар ќарастырылєан ќабылдау Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Wynn Resorts» ком паниясының басшысы Сти вен Уинді қабылдады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. Кездесу барысында Қазақстандағы туризм саласы мен қонақ үй бизнесінің мəселелері талқыланды.
Сонымен қатар, инвестициялық қызмет аясындағы бірлескен жобалардың жүзеге асырылу перспективалары қарастырылды.
-----------------------------------------
Суретті түсіргендер С.БОНДАРЕНКО, Б.ОТАРБАЕВ.
Елордадағы 2 759 оқушы білім алып жатқан, оның 770-і озаттар қатарынан көрінген №64 мектеп-лицейдегі соңғы қоңырау соғу салтанатына Білім жəне ғылым министрі Аслан Сəрінжіпов қатысып, бұл əр жыл сайын қайталанып отыратын айтулы күннің ерекшелігіне тоқталды. Ол биыл еліміздегі 7 563 мектепте 2,6 миллион оқушы білім алғанын алға тартып, 124 мың түлек мектеп бітіретінін, олардың 84 302-сі қазақ тілінде, 40 077-сі орыс тілінде оқып, өмірге қанат қаққалы отырғанын атап айтты. (Соңы 16-бетте).
Дипломаттармен дидарласты
Елшімен кездесті
Їйлестіру кеѕесініѕ отырысы ґтті
Сенат Төрағасы М.Дамирчилудың Қазақстандағы дипломатиялық миссиясы табысты болатынына жəне екі ел арасындағы өзара тиімді ынтымақтастықты дамытуға жаңа серпін беретініне сенім білдірді. М.Дамирчилу таяудағы сайлауда Президент Н.Назарбаевтың айқын жеңісіне Иранда ықыласпен назар аударып отырғанын атап өтті: «Президенттік сайлаудың нəтижелері халықтың өз Президентіне шынайы сенімін паш етті. Қазақстан Орталық Азия аймағындағы көшбасшы болғандықтан, халықтың бұл таңдауы Қазақстанның ғана
Елшіні қызметімен құттықтаған Мəжіліс Спикері Венесуэла Қазақстанның Латын Америкасындағы келешегі зор əріптестердің бірі екенін атап өтті. Қ.Жақыпов елшіге елімізде өткен президенттік сайлау туралы, Мəжілістің заң шығармашылық қызметі жайында əңгімелеп берді. Əсіресе, парламентшілердің Елбасының бес институттық реформасын заңнамалық қолдау жолында атқарып жатқан жұмыстарына баса көңіл бөлді. А.Замбрано Контрарес қазақстандықтарды Нұрсұлтан Назар баевтың басым жеңісімен құттықтады. Елші екіжақты
Өткен сенбі күні ПремьерМи нис трдің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев Интеграция мəселелері жөніндегі үйлестіру кеңесінің отырысын өткізді, деп хабарлады ПремьерМинистрдің баспасөз қызметі.
Кеше Парламент Сенатының Төрағасы ҚасымЖомарт Тоқаев Иранның Қазақстандағы елшісі Моджтаба Дамирчилуды оның өтініші бойынша қабылдады, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі.
емес, бүкіл аймақтың тұрақты дамуын қамтамасыз етеді», – деді ол. Елші Қ.Тоқаевты Қазақстан Президенті Н.Назарбаевтың алдағы Иранға ресми сапарына əзірлік туралы хабардар етті. Сенат Төрағасы Мемлекет басшысының сапары екі елдің түрлі саладағы ынтымақтастығын дамытуға зор серпін беретіні туралы пікірін білдірді. Сенат Төрағасы Қазақстандағы институттық реформалар мен Əлемдік жəне дəстүрлі дін дер көш басш ыл ар ын ың V съезіне əзірлік туралы жүздесушіге əңгі меледі
жəне Дүниежүзілік ислам мазхабшыларының жақындасу ассамблеясының бас хатшысы Аятолла Мохсен Аракидің діни форумға қатысуына Қазақстан зор маңыз беретінін атап өтті. *** Сенат Төрағасымен кездесуі барысында Чехияның Қазақстандағы елшісі Элишка Жигова Қазақстанның əлеуметтік-экономикалық саладағы елеулі жетістіктеріне тоқталды. Қ.Тоқаев чех дипломатын «бес институттық реформаны іске асыру жөніндегі 100 нақты қадам» бағдарламасы мен «Нұрлы Жол» жаңа экономикалық бағытының негізгі мəселелері туралы хабардар ете келіп, осы бағдарламаларға байланысты шетелдік инвесторларға ашылатын зор мүмкіндіктерді атап
Ўлт жоспарына баса мəн берілген бюро басќосуы
Шекара өкілдерінің қызметі туралы келісімді ратификациялау туралы»; «Қазақстан Республикасының бітімгершілік қызметі туралы»; «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасының бітімгершілік қызметі мəселелері бойынша толықтырулар енгізу туралы» (бірінші оқылым) жəне «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сумен жабдықтау жəне су бұру, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты кредиттеу жəне субсидиялау мəселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» (екінші оқылым) заң жобаларын қарайтын болды, деп хабарлады Парламент Сенатының баспасөз қызметі.
● Бəрекелді!
«Астана арландары» финалєа шыќты АИБА-ның WSB жобасында ел намысын қорғап жүрген «Астана арландары» финалға жолдама алды. Олар жартылай финалда «Ресей бокс командасымен» кездесіп, 9:1 есебімен басым түсті. Екі кездесуден тұрған жартылай финалдық бəсекелер Ас танадағы «Дəулет» ұлттық теннис орталығында өтті. Алғашқы күні шар шы алаңға 49, 56, 64, 75 жəне 91 килоға дейінгі салмақ дəрежелерінде сынға түсетін боксшылар шықты. Марат Жəкиев бастаған
«арландардың» жаттықтырушылар құрамы 49 килода Теміртас Жүсіповке сенім артты. Қарсыласы Вадим Кудряковті 3:0 есебімен жеңген ол командамыздың қоржынына алғашқы ұпайды салды. (Соңы 16-бетте).
Мəжіліс Төрағасы Қабиболла Жақыпов Венесуэланың Қазақстандағы Төтенше жəне өкілетті елшісі Аменотеп Замбрано Контраресті қабылдады, деп хабарлады Мəжілістің баспасөз қызметі. ынтымақтастықты дамыту жайын сөз еткенде, Венесуэланың біздің еліміздің түрлі саладағы, соның ішін де, заңнамалық қызметтегі тəжірибесіне деген қызығушылығын білдірді. А.Замбрано Контрарес қазақстандық депутаттарды осы жылы Венесуэлада өтетін парламенттік сайлауға байқаушы ретінде келуге шақырды. Осы ретте елші Мəжіліс Төрағасына парламентаралық қарым-қатынасты одан əрі нығайтуға дайын екендіктерін атап өтті. Кездесу иелерінің пікірінше, бірлескен жұмыс Қазақстан мен Венесуэла халықтарының игілігін арттыруға ықпал етеді.
Кездесу барысында Астанада 28 мамырға жоспарланған Еуразиялық эконо ми калық комиссия Кеңесі отырысының күн тəртібі талқыланды. Оның сыртында Бурабай поселкесінде 29 мамырда өтетін Еуразиялық үкімет аралық комиссия мен ТМД Үкімет басшылары кеңесі отырысының күн тəртіптері де қаралды.
САРАПШЫЛЫҚ САУАЛДАМАНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ: «100 НАҚТЫ ҚАДАМ» ҰЛТ ЖОСПАРЫНЫҢ РӨЛІ МЕН МАҢЫЗЫ
Кеше Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент Сенаты бюросының отырысын өткізді. Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың бес институттық реформаны іске асыру жөніндегі 100 қадам – Ұлт жоспарына бюро мүшелерінің назарын аударған Қ.Тоқаев əлемдік қоғамдастықта мойындалған көрнекті реформатор Елбасы бағдарламасының ерекшелігін атап өтті.
Сенат басшысы əріптестеріне Ұлт жоспарын зерделеуді жəне қазіргі кездегі заң шығару ісінде пайдалануды тапсырды. «Ұлт жоспарын іске асыру біздің елімізді дамудың жаңа сатысына шығарады жəне əлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына енуге мүмкіндік береді. Біз осы бағдарламаны іске асыруға өз үлесімізді қосуымыз керек», – деді Сенат Төрағасы. Жоғарғы палатаның 28 мамырда болатын кезекті отырысында сенаторлар «Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасы арасындағы Шекара ауданындағы сенім шаралары жөніндегі келісімді ратификациялау туралы»; «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі арасындағы
өтті. Сенат басшысы Астанада ағылшын құқықтары қағидаларына негізделген, жеңілдетілген салық тəртібі мен тəуелсіз қаржы сотына ие халық аралық қаржы орталығын құру жоспарларына Чехия елшісінің назарын аударды. Елші Қазақстан экономикадағы реформаларды белсенді жүргізіп келе жатқан мемлекет ретінде əлемге танымал екенін атап өтті. Ол Қазақстанмен ынтымақтастық қатынастарды құқықтық реттеу мақсатында біздің елімізде қабылданған «Дамуға ресми көмек туралы» Заңның маңызды екенін айтты. «Қазақстан басқа елдерге көмек көрсететін донор елге айналды, бұл дамудың жаңа сатысындағы Сіздің еліңіздің үлкен əлеуетін көрсетеді», – деді Чехия елшісі.
Тұтастай алғанда, сұрау салынған барлық сарапшылар тек жаһандық қана емес, сондай-ақ, ішкі сын-қатерлерге де жауап бере алатын Президенттің «100 нақты қадам» жобасының бірегейлігі мен дер кезінде жасалғандығын жоғары бағалады. Сарапшылар Ұлт жоспарының əлемдегі аса дамыған 30 елдің қатарына қосылу жөніндегі тарихи құндылығын ерекше атап өтеді.
Сарапшылық пікірлерге сəйкес «100 нақты қадам» – бұл...
Елбасы белгілеп берген бес институттық реформаны жүзеге асыру бойынша кең ауқымды құжат
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ə.Назарбаев елді жаңғырту жөніндегі 100 қадамды өте нақты мазмұндап берген құнды да салмақты жоба Экономикалық қуатты жəне дамыған Қазақстанды құру бойынша кең ауқымды жоба Елді орта мерзімді кезеңде өзгертетін манифест Мемлекет пен қоғамның, билік пен бизнестің өзара іс-қимылының жаңа пішімі
«100 нақты қадам» Ұлт жоспарының рөліне сарапшылық бағам:
сарапшылар «100 нақты қадам» Жоспарының дер кезінде жасалғанына сенімді, өйткені, ол қоғам мен мемлекетте түбегейлі жаңаруларға бастамашылық танытып отыр
сарапшылар «100 нақты қадам» Жоспарының тиімділігіне сенімді, өйткені, ол кəсіби мемлекеттік аппарат қалыптастыру мен есеп беруші мемлекет, биліктің үстемдігін қамтамасыз ету мен елді экономикалық дамыту бойынша жаңа шараларға ие
сарапшылар ортақ күш-жігер жұмсау нəтижесінде барлық қадамдарды орындау шындыққа айналатыны туралы айтады 2015 жылдың 21-24 мамыры аралығында Қоғамдық-саяси үдерістердің сарапшылықжобалау бюросы сарапшылық сауалдама жүргізді. Сауалдамаға экономика, саясаттану, мемлекеттік басқару жəне БАҚ салаларынан 71 сарапшы қатысты