Бїгінгі нґмірде:
№124 (28348) 26 МАУСЫМ БЕЙСЕНБІ 2014 ЖЫЛ
Алєашќы съезде алдаєы іс-шаралар аныќталды
Ќазаќстанныѕ Ўлттыќ кəсіпкерлер палатасыныѕ І съезі болды Кеше Тəуелсіздік сарайында Қазақстанның Ұлттық кəсіпкерлер палатасының I съезі өтті. Онда бизнес-қауымдастық көздеген айқын мақсат, зор міндеттер анықталды. Съезге Премьер-Министр Кəрім Мəсімов пен бірқатар Үкімет мүшелері жəне палатаның төралқа төрағасы Тимур Құлыбаев қатысты. Ал аймақтардан 116 делегат келіпті. Нұрбай ЕЛМҰРАТОВ, «Егемен Қазақстан».
Бұлармен қатар, Ұлттық кəсіпкерлер палатасының жоғары органының жиынына мəжіліс депутаттары мен мемлекеттік органдардың, сондай-ақ, палатаның өңірлік кеңес мүшелері, сала лық қауымдастықтар мен қоғамдық ұйымдардың жəне бизнестің өкілдері қатысып отырды. Съезді ашқан төралқа төрағасы Т.Құлыбаев жиынның маңыздылығына тоқталып, Елбасының бақылауында тұрған палатаның алқалы басқосуына Премьер-Министрдің арнайы келіп қатысып отыр ғанына ризашылығын білдірді. Сөйтіп, күн тəртібіне шығатын мəселелерді алға тартты. Бірінші – Ұлттық кəсіпкерлер палатасы басқармасының осы күнге дейін атқарылған жұмыстар жөніндегі есебі тыңдалатынын айтты. Екінші – палатаның тексеру комиссиясының қызметімен танысып, оның қорытындылары шығарылатындығын мəлімдеді. Үшінші – палатаның 2014-2017 жылдарға арналған даму стратегиясы таныстырылатынын жеткізді. Т.Құлыбаевтың айтуына қарағанда, Ұлттық кəсіпкерлер палатасы бар күш-жігерді отандық бизнестің еркін дамуы үшін Үкімет пен биз нес арасында сенімді
əріптес болуға жұмсап жатыр екен. Сондай-ақ, кəсіпкерлердің қ ұ қықтарын қорғау мен талаптілектерін орындау бары сында да бірталай жұмыс атқарылған. Атап айтқанда, ақпан айынан бері кəсіпкерлікке байланысты заңнамаларға түзету енгізу туралы 410 ұсыныс жасалып, оның 239-ы мақұлданған. Бұл туралы Ұлттық кəсіпкерлер палатасы құрылғалы бері атқарылған жұмыстар туралы баяндаған палатаның басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов айтты. Мұнымен бірге, өткен жылы ҰКП жанынан кəсіпкерлер құқын қор ғау жөніндегі кеңес құ рылыпты. Парламент депутаттары, Бас прокуратура, қаржы полициясы, басқа да мемлекеттік органдар мен қоғамдық ұйымдар өкілдері мүшелік ететін кеңесте 45 кəсіпкердің өтініш-арызы қаралып, нақты көмек көрсетіліпті. Сондай-ақ, бизнес-қауымдастықта бірыңғай байланыс орталығы жұ мыс істейді екен. Басқарма төраға сы ның сөзіне қарағанда, ҰКП-ға кəсіпкерлердің құқықтарына бай ланысты 595 өтініш келіп, оның 372-і қаралып, нақты көмек көрсетіліп, кедергілер жойылған. Соңғы екі айда бизнесмендерден түскен арыз-шағым саны екі есеге артыпты. (Соңы 6-бетте).
● Өңір өмірі
Теѕіз беті таза ма?
Каспийде «Мўнай-2014» командалыќ-штабыныѕ оќу-жаттыєуы ґтті Жолдасбек ШӨПЕҒҰЛ, «Егемен Қазақстан».
Ерте ме, кеш пе, Каспий теңізінің қазақстандық секторынан «қара алтын» алынатыны даусыз. Əсіресе, мұнай мен газ қоры жөнінен əлемде теңдесі жоқ «Қашаған» кеніші бұған дайын тұр. Алғашқы сəтте осы кеніштегі бірнеше жасанды аралдардағы ұңғымалардан мұнай өндірілетіндігі жоспарланып отыр. Өндірілетін мұнайды «Болашақ» мұнай мен газды кешенді дайындау қондырғысына дейін тасымалдау құбыры да тартылған. Ал «Болашақ» теңіз табанынан өндірілген мұнайды түрлі қоспалардан айыруға жəне дайын. «Қашағаннан» «қара алтын» алуға қам жасаған NCOC консорциумы жыл сайын мұнай төгілімдері бола қалған жағдайда шұғыл əрекет ету үшін оқужаттығу шарасын өткізіп келеді. Өткен аптада Төтенше жағдайлар министрлігімен бірге осы мақсаттағы «Мұнай-2014» командалық-штабының оқу-жат тығу шарасын Маңғыстау облысындағы Баутино айлағында өткізді. Мұнайлы түбек атанған Маңғыстау өңірінде үш теңіз айлағы – Ақтау, Құрық жəне Баутино бар. Үш айлақ та мұнай-газ жобаларына қызмет көрсетеді. Аталған айлақтар арқылы теңіз кемелерімен қондырғылар, көмірсутектер мен Каспий теңізіндегі жасанды аралдарға материалдық құндылықтар, сонымен бірге, вахталық əдіспен жұмыс жасаушылар тасымалданады. Ал Түпқараған түбегіндегі Баутино айлағында NCOC-тың теңіздегі мұнай төгілімдеріне қарсы шұғыл əрекет ету жəне зардаптарды
жою базасы орналасқан. Осы айлақтың акваториясында өткен оқу-жаттығу шарасына 165 арнайы маман, 9 өртке қарсы қызмет техникасы, аймақтық төтенше жағдай департаментінің судан құтқару қызметінің екі катері, Agip KCO компаниясының төрт кемесі, апаттық медицина
● Ел тынысы: мың бір мысал
Жаѕа жоба атауы – ўяшыќты бетон Темір ҚҰСАЙЫН,
«Егемен Қазақстан».
Орал өңірінде құрылыс индустриясының жаңа өнімі – ұяшықты бетон өндірісі өз жұмысын бастап отыр. Бұған дейін салада қолданылып көрмеген бұл жоба қабырғалық материалдар қатарын толықтырмақ. Мамандардың мəлімдеуінше, мұның басты артықшылығы отқа жанбайды. Жылу сақтағыш қасиеті жоғары. Сондай-ақ, жаздың ыстық
күндерінде салқын температураны да бірқалыпты ұстап тұра алады. Шуды өткізбейді. Елімізде баламасы жоқ жаңа жобаны іске асыруға «Батыс Қазақстан құрылыс материалдары корпорациясы» АҚ бастамашы болды. Бұл байырғы кəсіпорында бұған дейін қабырғалық материал – силикат кірпіш жасайтын екі үлкен цех бар болатын. Мұның біріншісінде бұрыннан қалыптасқан үрдіс бойынша аталған құрылыс материалы
Уаќыт тудырєан тўлєа 3-бет Астананыѕ алтын алќасы: «Хан Шатыр» 5-бет Тажалды тежеу талабы 8-бет Алыптар Астанаєа аттанды 14-бет
шығарылып келеді. Бұл өндіріс ошағы заманауи шетелдік құралжабдықтармен жабдықталған. Осындай техникалық жаңғыртудан өткізілген корпорация өнімдеріне қашан да сұраныс мол. Ал мұндағы екінші цехтың құрал-жабдықтары моральдық тұрғыдан ескіріп, өндірістің бүгінгі жоғары талаптарына жауап бере алмайтындай күйге жеткен еді. Осыны ескеріп, корпорация жетекшілері оны түбегейлі қайта құру жəне жаңғырту жобасын
жасақтады. Бейнелеп айтқанда, тыңнан түрілген түрен жоғарыда айтылғандай елімізде пайдаланылып көрмеген қабырғалық материал – ұяшықты бетон өндірісін өркендетуге жол ашты. – Жобаны жүзеге асыру үшін «Сбербанк» АҚ-тың Оралдағы филиалынан 200 миллион теңге несие алынды. Оның пайыздық мөлшерлемесін «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша субсидиялау қажет деген ұйғарымға келдік. Осы ойымызды аяғына дейін жеткізу үшін жобамызды аймақтық үйлестіру кеңесінің қарауына ұсындық. Бұл мұнда оң шешімге ие болды. Яғни, қазіргі кезде несиенің жалпы мөлшерінің 7 пайызы корпорация, 6 пайызы мемлекет есебінен өтелуде. Тағы бір айтайын дегенім, жаңа жобаны іске асыруға тек екінші деңгейдегі банктің қаражаты ғана емес, сонымен бірге корпорацияның да 86 миллион теңге қаражаты құйылды, – деді аталмыш кəсіпорынның өндірістік директоры Рамазан Нұрлиев. Жаңа зауыттың өндірістік қуаты жылына 25 мың шаршы метр ұяшықты бетон өндіруге лайықталған. Қажетті құралжабдықтарды алдағы апталардың бірінде Ресей зауыттарынан əкеліп орнатуға келісімшарттар жасалған. Мұнда өнім өндіруге қажетті шикізат мəселесі де жеткілікті екеніне көз жеткіздік. Атап айтқанда, корпорация меншігінде əк тас, кварц құмы кен орындары бар. Тек цемент жөнінде ғана өз шешімін толық тауып үлгермеген мəселелер кездеседі екен. Алайда, мұның да реті мен шешімін тауып отырмыз. Оны Ресейден тасымалдау қазіргі Кеден одағы жағдайында, ешқандай қиындық келтірмейді, дейді мұндағы өндіріс жанашырлары. ОРАЛ. –––––––––––––––––––– Суретті түсірген Темірболат ТОҚМАМБЕТОВ.
орталығының арнаулы көліктері, сонымен бірге, «Ақ Берен» əскерилендірілген отрядының екі техникасы қатыстырылды. ...Мұнай толтырылған танкерді сүйреуге келген кеме соқтығысып қалды. Су көліктерінің соқтығысуынан мұнай құйылған қазанда жарықшақ пайда болып, теңізге
төгілді. Осы сəтте танкерде өрт тұтанып, экипаж мүшелері зардап шекті. Төтенше оқиға туралы құтқару қызметтеріне шұғыл хабарланды. Арада санаулы минуттер өткенде оқиға орнына құтқару қызметінің техникалары жетті. Екі кеме танкердегі өртті сөндіруге кірісті. Сүңгуірлер
зардап шеккен адамдарды дереу құтқарды. Жағалауда күтіп тұрған «жедел жəрдем» зардап шеккендерді медицина орталығына алып кетті. Ал оқиға орнында, яғни, теңіз суына төгілген мұнай арнаулы құрылғымен жиналды. (Соңы 6-бетте).
Ќауіпсіздік мəселесі ќашанда назарда
Кеше Парламент Мəжі лісінің Төрағасы Қаби болла Жақыповтың төрағалығымен өткен үшінші парламенттік сессиядағы палатаның қорытынды жалпы отырысында бірнеше мəселе қаралды. Лəйла ЕДІЛҚЫЗЫ,
«Егемен Қазақстан».
Мəселен, «Түркі академиясын құру туралы келісімді ратификациялау туралы», «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Швейцария Федералдық Кеңесі арасындағы Рұқсатсыз болатын адам дардың реадмиссиясы туралы келісімді ратифика циялау туралы», «Қазақстан Республикасының кейбір
заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару мəселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы», сондай-ақ, «Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Ұлыбритания жəне Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігінің Үкіметі арасындағы Қазақстан аумағы арқылы жүк транзитін қамтамасыз ету туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобалар қаралды. Отырыста Мəжілістің Ха -
лықаралық істер, қорғаныс жəне қауіпсіздік комитетінің төрағасы Мəулен Əшімбаев «Түркі академиясын құру туралы» жəне «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Швей цария Федералдық Кеңесі арасындағы Рұқсатсыз болатын адамдардың реадмиссиясы туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобалары туралы түсініктеме берді. (Соңы 4-бетте).
Ќазаќстанда барлыќ этностардыѕ дамуына ќолайлы жаєдай жасалєан Кеше Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов Қазақстанға ресми сапармен келген Еуропадағы қауіпсіздік жəне ынтымақтастық ұйымының (ЕҚЫҰ) Аз ұлттар істері жөніндегі Жоғарғы комиссары Астрид Турспен кездесу өткізді, деп хабарлады ҚР СІМ-інің баспасөз қызметі. Сұхбаттасушылар Қазақстанның ЕҚЫҰ-мен жəне оның Жоғарғы комиссар Кеңсесімен (АҰЖК) ынтымақтастығының тарихы берік қаланғанын жəне көптеген біріккен жұмыстар сəтті атқарылғанын атап көрсетті. Сұхбат барысында Қазақстан Үкіметінің ұлтаралық жəне конфессияаралық келісім мен этностық топтар құқықтарын қорғау бойынша жүргізген саясаты халықаралық деңгейде жоғары бағаланатыны атап өтілді. Е.Ыдырысов сұхбаттасын Қа зақстан аумағында 120-дан астам ұлт жəне 30-дан астам діни конфессия өкілдері тұратын дығы жай ында хабардар етті. Ол Жоғарғы комиссар Кеңсесін этнос аралық қатынастар
дамуының мəселелерін ең жоғары дең гейде шешуге мүмкіндік туғызатын Қазақстан халқы Ас самблеясының əлеуетін барынша пайдалануға шақырды. Қазақстанда барлық этностық топтардың дамуына, этно-бағытталған ұйымдардың еркін жұмыс істеуіне, этностардың тілін, дəстүрлері мен мəдениетін сақтауға барынша оңды жағдай жасалғаны аталып өтті. ҚР СІМ басшысы этносаралық жəне дінаралық келісім мəселелері Қазақстан үшін страте гиялық маңызға ие екенін, елді мекендейтін түрлі ұлттар арасында өзара сыйластық ауанын сақтау шарты орындалғанда ғана гүлденген, еркін қоғам құруға жəне «Қазақстан-2050»
Стратегиясының мақсаттарын орындауға болатынын атап көрсетті. ЕҚЫҰ-ның Аз ұлттар істері жөніндегі Жоғарғы комиссарының пікірінше, Қазақстанның əлеуметтік-экономикалық жетіс тіктері елдегі ұлтаралық бейбітшілік пен конфессияаралық келісімнің арқасында мүмкін болып отыр. Кездесу барысында сұхбаттастар 2013 жылғы сəуірде Алматыда қабылданған АҰЖК Орталық Азия білім беру бағдарламасы Іс-əрекеттер жоспарының жүзеге асырылу барысын талқылады. Осыған орай, Е.Ыдырысов Қазақ стан үшін этностық топтардың ерекшеліктерін сақ тауға бағыттал ған жұмыс қызы ғу шылық туды ратынын айта келіп, аз ұлттар шоғырланған жерлерде этностардың тілдерінде бі лім беретін мектептер жұмыс істейтінін жеткізді.