26062015

Page 1

Бїгінгі нґмірде: Халќына ќызмет етудіѕ їлгісі 5-бет Ґршіл маќсат ґрелі істерге жетелейді 6-бет Тарихќа – таєзым, болашаќќа – баєдар 9-бет Альпіден асќан Айдарбек 10-бет

№119 (28597) 26 МАУСЫМ ЖҰМА 2015 ЖЫЛ

Басты баєдар – сыртќы нарыќ Былтыр “Самұрық-Қазына-Инвест”, “ҚАЗИН ТЕРТЕХСЕРВИС” ЖШС-лерінің жəне Финляндияның “Sampo Rosenlew Ltd”, Польшаның “Pronar SP.z.o.o.” компанияларының өкілдері Қызылжар өңіріне келіп, ауыл шаруашылығы мен коммуналдық техникалар шығаруға арналған бірлескен кəсіпорын құруға ниет білдірген болатын. Олардың ұсынысы аймақ басшысы Ерік Сұлтановтың тарапынан қолдау тауып, іле-шала бой көтерген “ҚазТехМаш” машина құрылысы зауыты» ЖШС бұрынғы шағын литражды қозғалтқыштар кəсіпорны ғимаратында өндіріс орнын жасақтауға кірісті. Индустриялықинновациялық даму мемлекеттік бағдарламасының екінші бесжылдығының Индустрияландыру картасына енгізілген серпінді жобаны жүзеге асыруға 1,9 миллиард теңге инвестиция тартылды. Қысқа мерзімнің ішінде жалпы аумағы 7 мың шаршы метр болатын құрастыру цехы дайын етілді. Заманауи қажетті қондырғылар шетелдерден жеткізілді. Комбайн құрастыруға тікелей қатысатын мамандар Финляндияның “Sampo Rosenlew Ltd”, Польшаның “Pronar SP.z.o.o.” компанияларында озық технология бойынша оқып, кəсіби білімдерін жетілдірді. Өмір ЕСҚАЛИ,

«Егемен Қазақстан».

Инновациялық жобаның бірінші кезеңінде дайын бөл шектерден комбайндар құрастыра отырып,

отандық мазмұнға біртіндеп көшу, толық қуатында жұмыс істеген кезде жылына 400 комбайн, 500 трактор, 1200 коммуналдық техника шығару, 168 жаңа жұмыс орнын ашу белгіленді. Кредиттің

сыйақы ставкасы “Бизнестің жол картасы-2020” мемлекеттік бағдарламасы аясында демеу арқылы қаржыландырылды. (Соңы 2-бетте).

Сот процесін жетілдіретін заѕнама Кеше Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалық етуімен Парламент Сенатының отырысы болды. Оның барысында сенаторлар бірқатар халықаралық құжаттарды ратификациялады. Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан».

Атап айтқанда, олар: Каспий теңізінің Қазақстан мен Түрікменстан арасында шектесетін түбін бөлу туралы келісім, Қазақ стан мен Түрікменстан арасындағы Шекара өкілдерінің (шекара ко миссарларының) қызметі туралы үкіметаралық келісім, Қазақстан мен АҚШ арасындағы қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек туралы шарт, ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің қарулы күштері инженерлік əскерлерінің минадан залалсыздандыру са ласындағы ынтымақтастығы туралы келісім, Каспий теңізінің су-биологиялық ресурстарын сақтау жəне ұтымды пайдалану туралы келісім, Қазақстан мен Ресей арасындағы Байқоңыр қаласының білім

беру ұйымдарын беру туралы үкіметаралық келісім. Сенаторлар Азаматтық процестік кодекстің жобасын бірінші оқылымда қараған кезде қызу пікірсайыс туындады. Құжат Құқықтық саясат тұжырымдамасын жəне Судьялардың VІ съезінде Мемлекет басшысы қойған міндеттерді орындау мақсатында əзірленген болатын. Істі сот талқылауына дайындау кезеңінде ауқымды мəселелерді шешу көзделіп отыр. Олар: дəлелдемелерді ұсыну, талаптың нысанасы мен негіздемесін өзгерту, қарсы талап беру, алдын ала сот отырысын өткізу. Осыларға бай ланысты істі дайындаудың мерзімдері ұзартылды. Дауларды реттеудің соттан тыс жəне сотқа дейінгі тəртібіне, сотта татуласу рəсімдеріне назар аударылған. Сот медиациясы жəне партисипативтік рəсім енгізіледі.

Партисипативтік рəсім кезінде кəсіби өкіл-адвокаттардың рөлі жандана түседі, тараптардың татуласуына кедергі келтіретін, ісіне ыждағатсыз қарайтын адвокаттардың қызметіне тыйым салынады. Міндетті түрде жоғары заң білімі бар басқа адамдардың өкіл ретінде сотта қатысуы туралы ережелер сақталады. Процеске қатысатын адамдардың міндеттерді орындамағаны, құқықтарын асыра пайдаланғаны үшін құқықтық салдар регламенттелген. Ерекше іс жүргізуде

баланы қайтару туралы, балаға қол жеткізу құқықтарын жүзеге асыру туралы, кəмелетке толған баланы толығымен əрекетке қабілетті деп жариялау туралы жəне басқа да арыздарды қарау туралы бөлімдер əзірленді. Процестің бастапқы кезеңдерінде сот актілерін тексеруге құқықтардың іске асырылуына жағдай жасау үшін шағымдану мерзімі 15 күннен 1 айға дейін ұзартылды. (Соңы 11-бетте).

Ќауіпсіздік мəселелері жґніндегі їнќатысу жалєасуда Сенат Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев НАТО Парламенттік Ассамблеясы Қауіпсіздіктің азаматтық өлшемі жөніндегі комитетінің төрағасы Виталино Канаш бастаған делегациясымен кездесті. НАТО ПА делегациясының құрамында Португалия, Франция, Польша, Ұлыбритания, Грекия, Италия жəне Латвия депутаттары бар, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі. Кездесуді ашқан Қ.Тоқаев Қазақстан аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз ету тұрғысында НАТО-мен ынтымақтастыққа зор мəн береді, деп атап өтті. Төраға Қазақстан Парламенті НАТО Парламенттік Ассамблея қызметіне байқаушы ретінде қатысатынын жəне оның жыл сайынғы сессиясына тұрақты түрде қатысып келе жатқанына тоқталды. Ол, сондай-ақ 2009 жылы Астанада НАТО ПА-мен бірлесе отырып, Еуроатлантикалық қауіпсіздік, оған қоса Ауғанстан жəне Орталық

Азиядағы қауіпсіздік мəселелері жөніндегі Роуз-Рот семинары табысты өткенін еске салды. Қ.Тоқаев Президент Н.Назарбаевтың елімізді жан-жақты жаңғыртуға бағытталған бес институттық реформасы, сондай-ақ, қазақстандық парламентаризмнің дамуы мен Сенат қызметі туралы айтты. Өз кезегінде В.Канаш Қазақстан НАТО ПА-ның Орталық Азиядағы ең жақын əріптесі екенін, сондықтан ұйым қазақстандық парламентшілермен байланысты

НАТО делегациясымен кездесті

Мəжіліс Спикері Қабиболла Жақыпов комитет төрағасы Виталино Канаш бастаған НАТО Парламенттік Ассамблеясы Қауіпсіздіктің азаматтық өлшемі жөніндегі комитеті делегациясымен кездесті, деп хабарлады Мəжілістің баспасөз қызметі.

Кездесу барысында Мəжі лістің заңнамалық қызметі, Палаталардың халықаралық ынтымақтастығы, сондай-ақ, оның құрамы мен құрылымы əңгіме өзегіне айналды. В.Канаш өз сөзінде Қазақстанның НАТО мен НАТО ПА үшін маңызды əріптес екенін атап өтті. – Қазақстанның біздің жұмысымызға түрлі бағыттарда, соның ішінде Ауғанстандағы жағдайды тұрақтандыруға қосып жатқан үлесін жоғары бағалаймыз, – деді В.Канаш. Мəжіліс Төрағасы Ау ған станға көрсетілген экономика-

лық жəне гуманитарлық көмек туралы, ауған жастарына арналған білім бағдар ламалары жайлы баян дады. Осы ретте, Қ.Жақыпов Қазақ стан Президенті саясатында ғаламдық қауіпсіздік пен тұрақты даму жағдайларына басымдық берілетінін атап өтті. Бұл жерде Украина мен Қырғызстанға көрсетіліп жатқан көмек сөз етілді. Жүздесу кезінде, сондай-ақ, халықаралық күн тəртібіндегі мəселелерге, көппартиялы Парламент пен ҚХА қызметтеріне көңіл бөлінді.

Оќырман назарына! Заман талабына орай жаңарған «Егемен Қазақстан» газетінің сайтын енді əлеуметтік желілер арқылы оқу үшін, мына көрсетілген сілтемелерді теру арқылы тікелей біздің сайтымызға өте аласыз.

одан əрі нығайтуға ниеттеніп отырғанын атап өтті. Француз сенаторы Жоэль Гаррио-Мейлам Франция Сенаты Төрағасының сəлемін жеткізіп, бейбітшілікті нығайту жолында парламентаралық үнқатысу мен парламенттік дипломатияның маңызы туралы пікір білдірді. Ол аумақтық тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге арналған Қазақстанның күш-жігерін жоғары бағалады. Францияның тағы бір депутаты Жан-Мишель Вийом Еуропа мен Азия арасындағы көпір ретіндегі жəне Украинадағы шиеленіскен жағдайды реттеудегі Қазақстанның рөлін ерекше бөліп айтты. Кездесу барысында Еуро падағы босқындар, терроризммен жəне экстремизммен күрес, халықаралық парламенттік ұйымдар мəселелері бойынша пікір алмасылды.

 Оймақтай ой Халықтық тəжірибе – бүгінге ғана емес, ертеңге де керек қазына. Бауыржан МОМЫШҰЛЫ.

Шаєын жəне орта бизнес – экономиканыѕ негізі Ел экономикасын дамытуда шағын жəне орта бизнестің алар орны ауқымды, рөлі үлкен. Сол себепті де Елбасы ұдайы айтып отыратын бұл салаға қолдау көрсету арқылы көптеген мүмкіндіктерге жол ашуға болады. Бұл ретте біздің тараптан несие беру бойынша көмек қолы созылады. Эльмира МƏТІБАЕВА, «Егемен Қазақстан».

Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мəслихатында

Ел бірлігі – ґркендеу кепілі Кеше Астанадағы Ұлттық академиялық кітапханада Мемлекеттік хатшы Гүлшара Əбдіқалықованың қатысуымен Қазақстан халқы Ассамблеясы Ғылыми-сарапшылық кеңесінің (ҒСК) кеңейтілген отырысы өтті. Оған Президент Əкімшілігінің, министрліктер мен ведомстволардың лауазымды тұлғалары, депутаттар, өңірлердегі ғылыми-сарапшылық топтардың жетекшілері, зиялы қауым жəне БАҚ өкілдері қатысты. Жолдыбай БАЗАР,

«Егемен Қазақстан».

Отырыста «Баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет» – «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының төртінші институттық реформасын іске асырудағы ҚХА Ғылыми-сарапшылық кеңесінің міндеттері, қоғамдық келісім жəне ұлттық бірлік саласындағы ғылыми зерттеулер, ҚХА жылына ғылымисарапшылық тұрғыдан қолдау көрсету жəне өзге де ұйымдастырушылық мəселелер талқыға түсті. Тарата айтар болсақ, Мемлекеттік хатшы ҚХА Ғылыми-сарапшылық кеңесі мүшелері жүргізіп отырған жұмыстың маңызына тоқтала келіп, «Болашағы біртұтас ұлт» төртінші институттық реформасын іске асыру аясындағы Ассамблея ғылыми қауымдастығының міндеттерін атап көрсетті. Осы орайда Мемлекеттік хатшы: (Соңы 11-бетте).

«ҚазАгро» ҰБХ» АҚ Басқарушы директоры Айгүл Мұха ма диева осылай деді. Оның айтуына қарағанда, жыл басынан бері аталған холдинг елдің агросекторындағы шағын жəне

орта бизнесті несиелеуге 91,6 млрд.теңге бағыттаған. Аталған сома берілген несиенің жалпы 93 пайызын құрайды. Ауылдағы кəсіпкерлікке қолдау көрсету қаржыландырудың түрлі бағыттары мен бағдарламалары, ауылдағы бизнес үшін қаржы ресурстарына қолжетімділікті кеңейту жөніндегі жүргізілетін саясат арқылы жүзеге асырылады. А.Мұхамадиеваның айтуы бойынша, осы орайда несие

серіктестігін нығайту бағытында холдингпен арада жүргізіліп отырған бірқатар жұмыстарды атап өтуге болады. «ҚазАгро» холдингінің еншілес компаниясы – Аграрлық несие корпорациясы 171 несие серіктестігін қаржыландырды, оның құрамына 11 мың ауылшаруашылық құрылымдары кіреді, деді ол. (Соңы 4-бетте).

Ендігі меже – Экономикалыќ ынтымаќтастыќ жəне даму ўйымы Ең дамыған 30 елдің қатарына қосылуды мақсат тұтқан Қазақстан жаңа талаптардың үдесінен шығуды басты міндет санайды. Осы ретте жетуге тиіс негізгі межелердің бірі – əлемдегі белді ұйымдардың стандарттарына сай болу. Бұл тұрғыда еліміздің тəжірибесі айтарлықтай жоғары деңгейде. Тіпті, Еуропадағы қауіпсіздік жəне ынтымақтастық ұйымына төрағалық етуіміздің өзі көп жайттан хабар береді. Сондай-ақ, таяуда ғана Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру жөніндегі келіссөздерді сəтті аяқтадық. Енді Қазақстан Экономикалық ынтымақтастық жəне даму ұйымына (ЭЫДҰ) бет бұрып отыр. Жарқын болашаққа ұмтылған ел ғана осылай барар жерін айқындап, басар қадамын нақтылайды. Осыған орай біз ЭЫДҰ-ның мақсаты, əлемдегі орны жəне оған мүшелікке өтудің берер пайдасына тоқталуды жөн санадық. Еламан ҚОҢЫР, «Егемен Қазақстан».

Басты баєдар айќын Қазіргі таңда Қазақстанның даму қарқыны өзгелер қызыға қарайтын деңгейде. Бұған Елбасымыздың сара саясаты мен стратегиялық бағдарламаларының арқасында қол жеткізіп отырмыз. Олардың бірі – «Қазақстан-2050» Стратегиясы. Бұл – əлемдегі ең озық 30 елдің қатарына қосылу мақсатын айқындаған дамудың кешенді бағдарламасы. Екіншісі

– Мемлекет басшысының «Қазақстан жолы-2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Жолдауы. Бұл құжат біздің постиндустриалдық қоғамға қарай жасаған қадамдарымыздың «жол картасы» іспетті. Себебі, ол белгіленген тапсырмаларды нақтылап қана қоймай, еліміздің дамуын бағалауға мүмкіндік беретін негізгі индикаторларды бекіте түседі. Осы тұста Елбасы басты бағдар ретінде ЭЫДҰға мүше елдердің қағидаттары мен стандарттарын пайдалануды ұсынды. Өйткені, экономикалық дамуда аталған ұйымның талаптары жігерімізді жанып,

ынтамызды арттыра түседі. Мəселен, ЭЫДҰ-ға мүше елдердегі ішкі жалпы өнімнің (ІЖӨ) жылдық өсімі 4 пайыздан кем болмауы тиіс. Дегенмен, бұл талапты біздің ел үшін аса қиын деуге келмейді. Сондай-ақ, инвестицияның көлемін 30 пайызға дейін арттыру да негізгі міндеттердің бірі болып саналады. Бүгінде шағын жəне орта кəсіпкерліктің өндіретін өнімі Қазақстанның ІЖӨ көлемінің 25 пайызын құрайды. Жоспар бойынша 2050 жылға қарай бұл көрсеткіш 50 пайыздан кем болмайды. Алайда, экономиканың қуат сыйымдылығын екі есеге төмендету қажет. Осы ретте еңбек өнімділігі сынды маңызды көрсеткішке еріксіз назар аударамыз. Келтірген деректерден алға қойған мақсаттарымызға жоспарлы түрде қадам басып келе жатқанымызды байқауға болады. Мəселен, Қазақстан экономикадағы еңбек өнімділігі бойынша əлемнің алдыңғы 50 елінің қатарына кірді. Ал оның өсімі жөнінен озық 20 елдің ішіндеміз. Бұл жолда Ресей, БАƏ сынды бірқатар елді басып озғанымызды айта кеткен жөн. (Соңы 11-бетте).


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.