26072013

Page 1

ЖАҢА... ...балабаќша ќўрылысы басталды Айқын НЕСІПБАЙ,

«Егемен Қазақстан».

Өңірдегі басқа қалалардағыдай, Жезқазғанда да жеткіншектерді мектеп жасына дейінгі орындарға жаппай қамту өзекті мəселе саналады. Осыған байланысты «Балапан» мемлекеттік бағдарламасы аясында салынып жатқан жаңа балабақша оны шешуді жеңілдете түспек. Бүгінде шаһардағы 3-тен 6-ға дейінгі жəне 2-ден 3-ке дейінгі бүлдіршіндерді арнаулы орындарға тəрбиеге тарту 80 пайыз шамасында болса, бой көтеріп келе жатқан құрылыс олардың бəрінің осындай мекемелерге қамтылуын қамтамасыз етеді. ЖЕЗҚАЗҒАН.

...ќызмет кґрсету орталыєы Бақберген АМАЛБЕК, «Егемен Қазақстан».

Көкшетаудағы «Алатау» əкімшілік орталығында Халыққа қызмет көрсету орталығының филиалы ашылды. – Жаңа орталық көкшетаулықтар үшін өте тиімді. Бұрын бас кеңсе күніне 500-600 азаматты қабылдайтын. Енді ұзынсонар кезек азайып, құжаттарды жылдам ресімдеуге мүмкіндік туып отыр. Бүгінде қызметтің 148 түрін көрсетеміз, алдағы уақытта оның санын 425ке жеткізбекшіміз, – дейді облыстық Халыққа қызмет көрсету орталығының директоры Шоқан Əбділмəнов. Сонымен қатар, №1 бөлім мен Бурабай ауданындағы бөлімшеде «Сonnection орталық» өзіне өзі қызмет көрсету секторы ашылды. Осының арқасында азаматтар «Электронды үкімет» порталы арқылы үйде отырыпақ жұмыс жасауға мүмкіндік алды. Қанатқақты жоба алдағы уақытта барлық 22 филиалды қамтиды. Ақмола облысы.

...пəтерлер – жас мамандарєа Оңдасын ЕЛУБАЙ,

«Егемен Қазақстан».

Жақында Зайсан ауданының Біржан ауылында алты пəтерлі баспананы пайдалануға беруге арналған тұсаукесер рəсі мі өтіп, оған аудан əкімі Алмас Оңдақанов, аудандық мəслихаттың хатшысы Дəулет Ыдырышев, ауыл тұрғындары қатысты. Пəтер алғандардың қатарында «Дипломмен – ауылға!» бағдарламасымен қызмет жолын бастаған ұстаз, дəрігер, кітапханашы, əкімшілік мамандары бар. Аудан əкімі пəтер кілтін алғандарды қуаныштарымен құттықтап, Дархан Қасымханұлы бастаған құрылысшыларға алғысын айтты. Сол күні көршілес Дайыр ауылында футбол алаңы да ашылды. Шығыс Қазақстан облысы.

№177 (28116) 25 ШІЛДЕ БЕЙСЕНБІ 2013 ЖЫЛ

...Ауыл шаруашылығын, əсіресе, ауыл шаруашылығы өніміне өсіп отырған жаһандық сұраныс жағдайында ауқымды жаңғырту қажет. Ауыл шаруашылығын қайта өңдеуде жəне саудада фермерлік пен шағын жəне орта бизнесті дамыту. Бұл – өзекті міндет.

Тїлкібастыѕ алмасы-ай! Оралхан ДƏУІТ,

«Егемен Қазақстан».

Алатаудың етегінде алаңсыз жатқан Түлкібас ауданын алманың отаны десе де болғандай. Кешегі Кеңес одағы кезінде осындағы бір ғана «Мичурин» шаруашылығында 850 гектар жеміс ағашы болған екен. Алманың арасында асыр салып өскендіктен шығар, жергілікті халық жеміс-жидек саудасын жақсы меңгерген. Шымкенттен Таразға жол тартсаңыз, екі облыстың шекарасындағы Шақпақ баба ауылынан бастап, жол жағалай орналасқан жеміс сатушыларды көрер едіңіз. Алманың арқасында ауқатты отбасыға айналып, тұрмысын түзеп алғандар көп. Əрине, кеңестің көзін көрген жеміс ағаштары бүгінде қартайды, ескірді. Өнім бермеген соң бірқатары оталып, отынға кетіп қалғанын да жасыруға болмас. Əйтсе де, тау етегіндегі халық өз кəсіптерінен қол үзіп қалған жоқ. Тұнып тұрған табиғаты бар Түлкібас əлі де бұл төңірекке осы алмасымен танымал. Қазір ауданда жаңа бау-бақшалар пайда болып, қайта бұл тірліктің жаңа бір тынысы ашылғандай. Мұнда 2007 жылдан бастап алма бау көлемін ұлғайту жұмыстары жалғасын табуда. Бүгінгі таңда аудан бойынша алма бау көлемі 3200 гектарды құрайды, соның өнім беретіні 2000 гектар. Қалғаны енді-енді бой түзеп келе жатыр. «2009 жылдан бастап алма бауларға мемлекет тарапынан қолдау көрсетіліп, субсидия беру қолға алынды. Осыған байланысты алма бау көлемін ұлғайту мақсатында

Келемін деп еді, келмеді Облыс əкімдігіндегі жауапты жігіттер «17 шілдеде Қоршаған ортаны қорғау министрі Нұрлан Қаппаров келеді. Байқоңырға барады. Ақпараттандыруға қалайсың?» деген. Келістік. Бірақ мəртебелі министр келмеді. Сапарын екі күнге шегеріпті. Қош дедік. Құдайдың күні тоқтай ма?! Айтылған мерзім де келді. Дегенмен, Қаппаров келмеді. Қоршаған орта ластанып жатқанда Қоршаған ортаны қорғау министрінің қолын басқа жұмыстары байласа керек. Содан Астанадан бір топ делегацияны бастап келетін Нұрлан Қаппаров Қызылордаға сапарын 25 шілде деп белгілепті. Яғни, ол кеше Байқоңырға барып, апат орын алған жерді көзімен көруге тиіс-тін. Тағы да келмейтінін айтып жіберіпті. «27 шілдеде барамын» деген-ау. «Енді мына күнге шегерілді», деп жетті хабар. «Жазған құлда шаршау жоқ». Қайтеміз? Қауырт шаруаларынан

Кездесу барысында ПремьерМинистр еліміздің бірінші жартыжылдықтағы əлеуметтікэкономикалық дамуының қорытындылары туралы баяндап, таяу кезеңдегі жоспарлар жөнінде айтып берді. С.Ахметов Үкіметтің соңғы отырысында еліміздің биылғы алты айдағы əлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы қаралып, екінші жартыжылдыққа бірқатар міндеттер қойылғанына тоқталды. – Біздің негізгі экспорттық серіктестерімізге дағдарыстың ықпал етуіне қарамастан, жыл қорытындысы бойынша біз ішкі жалпы өнімнің 6 пайызға артуын күтудеміз. Өсім экономиканың іс жүзінде барлық саласында байқалуда, негізгі капиталға инвестиция арттырылуда. Өз кезегінде инфляция деңгейі 2,7 пайызды құрады, бұл ел халқының кірісі артуына оң ықпал етеді, – деді Қазақстан Премьер-Министрі. Нұрсұлтан Назарбаев əлемдік экономиканың тұрақсыздығы жағдайындағы экономиканың өсімі жақсы көрсеткіш болып саналатынын жəне бүгінде оны одан əрі арттыруға қажетті резервтердің бар екенін атап өтті. – Қаражатты игере алмау себебінен тұрғын үйді салудың жəне бірқатар инфрақұрылымдық жобалар көрсеткіштерінің төмендеуі орын алып отыр. Осы бағыттағы жұмысты жандандырған жөн. Бұл, тұтастай алғанда, ішкі жалпы өнімнің арта түсуіне едəуір септігін тигізеді. Ел

Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ.

Ай басында Байқоңырда «Протон» құлады. Гептил төгілді. Айнала ластанды. Сырттан бірен-саран адам келіп, «халықтың денсаулығына ешқандай қауіп жоқ» деп кетті. Біз сенгендей кейіп таныттық. Сенбегенде қайтерсің? Бірақ айтпағымыз басқа.

«Егемен Қазақстан».

Кеше Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев ПремьерМинистр Серік Ахметовті қабылдады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.

(«Қазақстан-2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауынан).

 Дат!

Ержан БАЙТІЛЕС,

Экономиканыѕ ґсімі жаќсы

 Президент тапсырмасы қалай орындалуда?

бас ала алмай жатқан да. Десек те, Қаппаров мырзаның ол күні де Ақмешітке атбасын тірей алмайтыны анық болды. Сапарын тамызға қалдырғандай ма, қалай... Бұл не сонда? Тамам жұртты алаңдатып, келін күткендей елеңдетіп қойғанында не сыр бар? Əлде төгілген гептилдің уы қайтсын деп жүр ме? Олай ойласа, айтайық, гептилдің залалы 30 жылға дейін кетпейді. Сонда 30 жылдан кейін келе ме, министр? Ақыры айттық қой. Мына мəселені де назардан тыс қалдырмайық. Зымыран құлады. Апат па? Апат. Енді неге Төтенше жағдайлар министрі Божко сол мезетте жетпейді Қызылордаға? Бүкіл Қазақстанның ғарыш мəселесіне жауап беретін Мұсабаев па? Иə, сол. Ендеше, неге ол Астанадан аттап баспай отыр? Айналайындарау, мұнда да ел-халық бар ғой. Келсеңдерші. Көрсеңдерші. Ойға түйіп, байқағандарыңды Үкіметке айтсаңдаршы. ҚЫЗЫЛОРДА.

мемлекеттік бағдарламаға сəйкес агроқұрылымдардың арқасында біраз жұмыстар атқарылды. 2007-2012 жылдар аралығында бағдарламаға сəйкес жеміс-жидектердің өнімділігін жоғарылату жəне көлемін ұлғайту мақсатында жаңа заманауи технологиялармен 457 гектар алма бау, 103 гектар жүзімдік тамшылатып суару əдісімен отырғызылды», дейді Түлкібас ауданының əкімі Қайрат Əбдуалиев. Өзінің алма бауларымен танымал ірі шаруа қожалығының бірі – «Көктал». Бұл шаруа қожалығы өз иелігіндегі 205 гектар алма бауының 140 гектарынан 250-300 центнерден өнім жинап, тұтынушыларға жеткізіп келеді. Мичурин ауылдық округіне қарасты Майтөбе ауылында 1700 тонналық жеміс-жидек

өнімдерін сақтайтын қоймасы бар. Бұл саладағы қолға алған оң тірліктің бірі – соңғы жылдары апорт алмасын егу жұмысы жанданып келеді. «Біздің шаруашылық негізінен алманың жергілікті сорттарын егіп келеді, – дейді «Көктал» шаруа қожалығының жетекшісі Асқар Төлешов. – Оның ішінде бірнеше жылдан бері Антонов апортын да егуді қолға алған. Бұл да Алматы апорты сияқты жоғалып бара жатқан алманың бір түрі. Өзім кезінде «Мичурин» совхозында еңбек еткенмін. Сондықтан бұл саланың қырсырын жақсы білемін. 2004 жылы жеке шаруашылық құрып, жеміс-жидек егуді бастадым. Ол жылдары өнімнің бұл түріне ешқандай субсидия берілмейтін. Қиындықтың бəрінен өттік. Қазір

қарамағымда 20-ға жуық бағбан жұмыс істейді. Жалақылары 70100 мың теңгенің көлемінде». Алма да адам сияқты аялы алақанды, жақсы күтімді қалайды. Əйтсе де бүгінде жеміс ағашының жағдайын түсінетін нағыз маманды табу қиын екен. Содан болар, Асқар Төлешовтің екі ұлы алма ағашынан алысқа кетпей, əке жолын қуыпты. Осы сала бойынша жоғары білім алған үлкені бүгінде шаруашылықта агроном болып еңбек етсе, екіншісі университетте оқып жүр. Қалай айтсақ та, алмасымен аты шыққан Түлкібастың бұл тірлігі талайға үлгі болары анық. Оңтүстік Қазақстан облысы. -----------------------------

Суреттерді түсірген Хусан АЗИЗОВ.

 Еңбегімен еленген

«СТЕМ»

Бір поляк пен їш ќазаќ: Сергей, Талєат, Елубай жəне Мўрат есімдерініѕ бас əріптерінен алынєан шаруашылыќ осылай аталады «Астық-СТЕМ» ЖШС тыныстіршілігі кісі қызығарлықтай. Бір поляк пен үш қазақ жігітінің өзара сыйластығы мен түсіністігінен құрылған басшылық құрам үш елді мекен тұрғындарына ырысбереке сыйлап отыр. «СТЕМ» атауы Сергей, Талғат, Елубай жəне Мұрат деген есімдердің басқы əріптерінен алынып, 11 жылдан бері ын тымақтаса еңбек етіп келеді. Серіктестік жетекшілігіне Сергей Звольский бірауыздан сайланған. Ұсақ қожалықтар біріктірілген кезде «Астық-СТЕМ»-нің

 Алтын орақ

Егінжайдаєы еѕбек дїбірі Жетісу жерінің астықты алқабы болып саналатын Күреңбел өңірінде биыл да аймақтағы алтын орақ алдымен басталды. Осынау жауапты кезеңге Алматы облысы əкімінің орынбасары Тынышбай Досымбеков арнайы барып, Кербұлақ ауданының əкімі Бағдат Əлиев бастаған дихандармен жүздесті. Нұрбол ƏЛДІБАЕВ,

«Егемен Қазақстан».

Егін басында маржандай тізілген жеті комбайн даланың сары алтынын төгіп-шашпай оруда. Бес күннің ішінде алты жүз гектарға жуық астық орылды. Мұхамет Нұрелов төрағалық ететін «Қарашоқы» өндірістік кооперативінде ауданның алпыс азаматы жыл он екі ай жұмыспен қамтамасыз етілсе, егін ору науқаны барысында жұмысшылар саны жүзге жуықтайды. Негізінен бидайдың «Одесская-120» тұқымын өндіруге бағытталған кооперативтің 8 мың гектар аудармалы жері бар. Биыл 3,5 мың гектар жерге егін егілсе, 3 мың гектарлық алқап тынықтырылуда. Асыл тұқымды бидаймен қатар, 1,5 гектарға арпа егілді. Кооператив төрағасы биылғы ауа райының қолайлы болғандығын айтып, бүгінгі таңда əр гектардан жиырма центнер өнім алып жатқандығын жеткізді. Жауын-шашын болмаса, егін алқабын тамыздың онына дейін орып алу жоспарлануда.

«Жалпы, биылғы ауа райы ауыл шаруашылығы саласы үшін қолайлы болды. Сондықтан алдыңғы жылмен салыстырғанда мол өнім аламыз деген сенімдеміз. Облыс бойынша 470 мың гектар жерге дəнді дақыл егілді. Жақында ғана барлық аудандардың қатысуымен азықтық баланс жасалды. Биыл 1,1 млн. тонна төңірегінде астық болады деп күтіп отырмыз. Бұл межеге жету үшін қазіргі кезде барлық жағдай бар. Аудандарда егін оруға қатысатын техника жүз пайыз жөндеуден өтіп, жұмыс істеуде. Астық сақтайтын қоймалар

экономикасының өсімі жөніндегі болжам жыл қорытындысы бойынша 6 пайызға толық іске асады деуге негіз бар, – деді Мемлекет басшысы. Президент екінші жартыжылдықта, əсіресе, өңір лерде белсенді жұмысты жалғас ты ру қажеттігіне назар аударды. – Индустриялық-инновациялық бағдарлама аясында жүзеге асырылып жатқан нысандарды жобалық қуатына жеткізуді қамтамасыз ету маңызды. Өңдеу өнеркəсібі мен машина жасау саласындағы өсім – жақсы жетістік. Қаржы секторында да дамудың оң қарқыны бар. Қазақстан тауарларының экспорттық тұтынымы төмендеуіне байланысты «Қазақмыс» ЖШС, «Арселор Миттал Теміртау» АҚ сияқты отандық компания лар бірқатар қиындықтарды бастан кешуде, менің тапсырмам бойынша оларға қажетті қолдау жасалуда. Сонымен бірге, экспорттық əлеуеттің көлемі азайғанына қарамастан, «Арселор Миттал Теміртау» компаниясы басшылығы өндірістің жыл сайынғы көлемін 3,5 млн. тонна мөлшерінде сақтауға уəде берді, – деді Нұрсұлтан Назарбаев. Мемлекет басшысы жиын-терін науқанына дайындықты уақытылы жүргізуді жəне ауылшаруашылық өнімін өткізудің ішкі нарықтарын кеңейтуді тапсырды. Кездесу қорытындысында Президент қаралған мəселелер бойынша бірқатар нақты тапсырмалар берді.

дезинфекцияланып, таразылар да сақадай-сай. Бүгінгі күні 40 мың гектар жердің астығы орылды. Биылғы өнім орташа есеппен əр гектардан 23,5 центнер болады деген болжам бар. Алматы облысының ішкі сұранысын қамтамасыз ету үшін 400 мың тонна бидай жеткілікті болғанымен, жергілікті дақылдың ерекшелігіне байланысты, қосымша жүз мың тоннадай бидай солтүстіктің қатты дəнді тұқымынан алынады», деді Тынышбай Досымбекұлы. Алматы облысы.

иелігіне өткен жер телімі 180 гектар ғана болса, бүгінде 10 мың гектарға жуықтаған. 2008 жылдан бастап ауылшаруашылық техникаларын жаппай жаңғыртуға жəне агроқұрылымдық саланы əртараптандыруға кірісіп, іргелі өндіріс орнына айнала бастаған. Тың идеялар мен жаңа технологиялық бастамалар олардың əрқайсысына тəн десек, артық айтқандық емес. Оған шаруашылықты аралағанда көзіміз анық жетті.

(Соңы 2-бетте).

Жалпыэкономикалыќ кґрсеткіш ќалыпты Айқын НЕСІПБАЙ,

«Егемен Қазақстан».

Бірінші жартыжылдықта Қарағанды облысында өнеркəсіп өндірісінің көлемі 672,5 миллиард теңгені құрады. Аймақтағы «Арселор Миттал Теміртау» АҚ пен «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС сияқты екі ірі өндіріс ошағының жұмы сындағы қиындықтарға қарамастан, жыл басынан бері жалпыэкономикалық көрсеткіш қалыпты деңгейде сақталуы байқалады. Алты айда негізгі капиталға 175 млрд. теңге инвестиция салынып, былтырғы осы мерзіммен салыстырғанда 1,5 есеге артты. Сыртқы сауда айналымы – 5, ал экспорт 8,5 пайызға өсті. Соның ішінде шикізаттық емес экспорт 89-дан 95 пайызға дейін көтерілді. Орта жəне шағын бизнестің екпінді дамуы бөлшек тауар айналымын 7,6 пайызға ұлғайтты. 3 мың жаңа жұмыс орны ашылып, жұмыссыздық деңгейі біршама төмендеді. Облыстық бюджет түсімі 112,9 млрд. теңге болды. Қарағанды облысы.


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.