26072014

Page 1

АҚПАРАТТАР аєыны №143 (28367) 26 ШІЛДЕ СЕНБІ 2014 ЖЫЛ

● Өңір өмірі

Бекіре шабаєы

арқылы ғана көбейте аламыз, – дейді көп жылдан бері осы салада тер төгіп жүрген Ғилман Сəрсемəлиев. – Сол себептен, бұл мəселеге Үкімет тарапынан қолдау көрсетіліп, жыл сайын 3,5 миллион бекіре тұқымдас балықтар шабағын өсіруге тапсырыс беріледі. Атыраудағы тоғандарда өсіріл ген бағалы балық шабақтары бекіре тұқымдас балықтарды аулауға мораторий жариялағанына қарамастан əлі де суық қолын сұғатындардың құрсауына түспесе ғана көк теңіздің табиғи қорын молайтары даусыз.

ќолда ґсіріліп, Каспий теѕізіне жіберілді Жолдасбек ШӨПЕҒҰЛ, «Егемен Қазақстан».

Каспий теңізіндегі табиғи байлықтың бірі – бекіре тұқымдас бағалы балық. Көк теңіздегі осы су маржанының табиғи қорын мо лай туға Каспийді жағалай қоныстанған елдер арасынан Қа зақ стан да үлесін қосып келеді. Оның ең тиімді жолы – бекіре тұқымдас балықтар ша ба ғын қолдан өсіру. Осы мақ сатта Атыраудағы бекіре зауы тында жыл сайын бекіре тұқым дас балықтардың қара уылдырығынан шабақтар өмірге келеді. Арнайы жабдықталған зауыттарда өсірілген шабақтар кезең-кезеңмен Каспий теңізіне жіберіледі. Биыл мұнайлы өңірдегі зауыттарда жетілген шабақтар екі рет Жайық өзені арқылы теңіз төріне жол тартты. Жайық-Атырау бекіре өсіру зауытының директоры Ғилман Сəрсемəлиевтің айтуынша, алғашында 1,3 миллион, арада айға жуық мерзім өткеннен кейін 1 миллион 251 мың шабақ теңізге жіберілген. Зауыттағы тоғандарда шабақ өсіру мақсатымен бастапқыда екі бекіре балығынан 62 кило уылдырық алыныпты. Сөйтіп,

Елбасы ќабылдады Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан Маямеровпен кездесті, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.

Кездесу барысында еліміздің рухани өміріндегі өзекті мəселелер талқыланды. Мемлекет басшысы Қазақстанда діни ахуалдың тұрақты екенін, түрлі конфессия өкілдері татулық пен келісім

жағдайында өмір сүріп жатқанын атап өтті. Сонымен қатар, кездесуде діни білім беру мəселесі қозғалды. Нұрсұлтан Назарбаев жастарға рухани-өнегелі тəрбие берудің

Кґѕіл айту жеделхатын жолдады Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Алжир Халық-Демократиялық Республикасының Президенті Əбдел Əзиз Бутефликаға «Алжир əуе жолдары» ұшағының апатқа ұшырауына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.

Жеделхатта «Алжир əуе жолдары» компаниясы ұшағының апатынан көп адамның қаза болғаны туралы қайғылы хабарды Мемлекет басшысының зор күйзеліспен қабылдағаны айтылған. «Қазақстан халқы жəне жеке өз атымнан қаза тапқандардың туғантуыстары мен жақындарына, сондай-ақ, барша Алжир халқына шын ниетпен көңіл айтамын», – делінген жеделхатта. ***

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Француз Республикасының Президенті Франсуа Олландқа «Алжир əуе жолдары» жолаушылар ұшағының апатқа ұшырауына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.

Жеделхатта «Алжир əуе жолдары» компаниясы ұшағының апатынан көптеген француз азаматтарының қаза тапқаны туралы қайғылы хабарды Қазақстан Президентінің зор күйзеліспен қабылдағаны айтылған. «Осындай қайғылы жағдайда Қазақстан халқы жəне жеке өз атымнан қаза тапқандардың туған-туыстары мен жақындарына, сондай-ақ, барша Франция халқына шын ниетпен көңіл айтамын», – делінген жеделхатта.

маңыздылығына, сондай-ақ, бұл салаға мейлінше мұқият талдау жүргізу қажеттігіне тоқталды. Е.Маямеров Мемлекет басшысына Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының қазіргі жұмысы жөнінде баяндады. Соңында Қазақстан Президенті еліміздің барша мұсылман қауымын алда келе жатқан Ораза айт мейрамымен құттықтады.

Алты айлыќ ќорытынды ќаралды Өткен бейсенбі күні Премьер-Министр Кəрім Мəсімовтің төрағалығымен «Бəйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Директорлар кеңесінің отырысы өтіп, онда холдинг пен оның еншілес ұйымдары қызметінің 2014 жылғы бірінші жартыжылдығындағы нəтижелері қаралды. Директорлар кеңесі мүшелеріне ұсынылған ақпаратқа жəне аудиты жүргізілмеген алдын ала деректемелерге сəйкес, 6 айдың қорытындылары бойынша холдинг активтерінің көлемі 2 113 449 млн.теңгені құрады. Соның ішінде холдинг табысы 73 775 млн.теңгені, ал таза кірістің көрсеткіштері – 11 851 млн.теңге құрады. Жартыжылдықтың қорытындылары бойынша «Бəйтерек» ком паниялары тобының басты оқиғалары: «Қазақстан – 2050»

Стратегиясын іске асыруға бағытталған холдингтің 2014-2023 жылдарға арналған Даму стратегиясын бекіту, өңдеу өнеркəсібіндегі шағын жəне орта бизнесті қолдау жөніндегі бағдарламаны іске қосу, ЭКСПО-2017 бағдарламасы шең берінде жылжымайтын мүлік нысандарының құрылысын қаржыландырудың тетігін айқындау, мемлекеттікжекешелік əріптестік жобаларын сүйемелдеу орталығын құру, сондай-ақ халықаралық рейтинг агенттігінен BBB+ (болжамы

Арнайы кеден рəсімі енгізілді «Астана ЭКСПО-2017» көрмесін ұйымдастыруға жəне өткізуге арналған Кеден одағы шекарасынан өткізілетін шетелдік тауарларға арнайы кеден рəсімі енгізілді. Еуразиялық-экономикалық кеңес комиссиясының

10-шы отырысында тауар категориясының тізіміне өзгерістер

сол уылдырықтан жетілген шабақтардың салмағы 7 грамға, ұзындығы 16 сантиметрге жеткен кезде ғана табиғи өрісіне жіберіле бастайды. Бағалы балықтар шабағының салмағы түріне қарай өзгеріп тұрады. Кей түрлерінің орташа салмағы 10-11 грамнан 15 грамға дейін жететіні де бар. Тіпті, салмағы 20 грамды құраған шабақтар да кездесіпті. – Каспий теңізіндегі бекіре тұқымдас балықтар қорын тек шабақтарды тоғандарда өсіру

енгі зілген. Бұл өзге рістерге байланысты бірқатар тауарларға арнайы кеден рəсімі ен гізілуі мүмкін. Яғни, бұл Кеден одағы шекарасынан өткізілетін шетелдік тауарларды кедендік баж салығын төлеусіз орнықтыруға,

сонымен қатар, бейтарифтік реттеу өлшемін қолданбауға жол береді. Бұл – тауарлар «Астана ЭКСПО-2017» халықаралық ма ман дандырылған көрмесіне арнайы кедендік рəсімімен ұйымдастыруға жəне өткізуге арналған шешім. Аталмыш шешімді қа былдаудың басты мақсаттарының бірі – бүкіл жоба шығындарын арзандатуға ұмтылу. Нə тижесінде көрмеге шетелдік қаты сушылардың құжаттарын ке дендік рəсімдеу үрдісі айтарлықтай оңтайлана түседі. Бұл тауарлар арнайы кеден рəсімінен ЭКСПО-2017 мамандандырылған көрмесі аяқталғаннан соң, 6 айдан ас пайтын мезгілде алынады. Сонымен қатар, тауарларды коммерциялық мақсатта қолдануға жол берілмейді. Бұл шешім Қазақстан Республикасы Үкіметі қабылдаған Көрмеге дайындық міндеттемелерін орындау туралы құжатқа сəйкес жа салған. Атап айтқанда, 2014 жылдың 16 сəуірінде ратификацияланған Париж конвенциясының (1928 жылғы) халықаралық көрмелер жайлы бекіткен міндеттемелерін орындау туралы құжаттағы құқықтық тұрғыдағы мін деттемелерді жүзеге асыру болып табылады. «Егемен-ақпарат».

тұрақты) кредиттік рейтингісін алу болып табылады. Холдингтің еншілес ұйымдары 32,7 млрд.теңге сомасына 7179 тұрғын үй займдарын беріп, 54,3 млрд.теңге сомасына 15 жобаны қар жыландырды. құны 46,8 млрд.теңгені құрайтын 6 жобаны пайдалануға берді, 1,7 млрд.теңге сомасына 17 экспорттық операцияны қолдады. Қаржыландырылғандардың арасында «Toyota» лицензиясы бойынша автокөлік өндірісін кеңейту, Ақтөбе қаласында рельсбөрене зауытының құрылысы, Қостанай қаласында сұрыпты прокат шығару зауыты, сонымен қатар, үй құрылысы комбинаттарын ұйымдастыру бойынша лизингтік мəмілелер,

Атырау облысы.

трансформатор шығаратын зауытты жаңғырту жəне қуаттылығын ұлғайту секілді жобалар бар. Отырыс барысында Ди ректорлар кеңесі Қазақстан Республикасы Ұлттық қорынан бөлінген қаражатты пайдалану туралы ақпаратты қарастырды. Бүгінгі күні 13 екінші деңгейдегі банктер жалпы сомасы 71 473 млн. теңгеге өңдеу өнер кəсібіндегі шағын жəне орта бизнес субъектілерінің 290 жобасын мақұлдады. Директорлар кеңесінің отырысында 2013 жыл үшін холдингтің басқарма төрағасы мен мүшелері қызметінің түйінді көрсеткіштер карталарының нəтижелілігі бекітілді. Директорлар кеңесі холдингтің корпоративтік шиеленісті жəне мүдделік шиеленісті реттеу саясатын, сондай-ақ, холдингтің ақпараттық қауіпсіздік саясатын бекітті, деп хабарлады «Бəйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ баспасөз қызметі.

Оќырман назарына!

Заман талабына орай жаңарған «Егемен Қазақстан» газетінің сайтын енді əлеуметтік желілер арқылы оқу мүмкін болып отыр. Ол үшін, құрметті оқырман, мына төменде көрсетілген сілтемелерді теру арқылы тікелей біздің сайтымызға өте аласыз. Сонымен қатар, аталмыш желілер арқылы «Егемен Қазақстан» газетінің бай сурет қорымен танысуға да тікелей мүмкіндік алатындықтарыңызды естеріңізге сала кетпекпіз.

● Астана қаласының Алматы ауданында 830 тұрғын үй жылыту маусымына дайын. Ал мұнда барлығы 1035 көп пəтерлі үй бар. Сонымен қатар, қазір 16 денсаулық сақтау мекемесінің 12-сі, 65 білім беру мекемесінің 58-і жəне 4 мəдениет орталығының біреуі дайындық жұмыстарын аяқтады. ● Биылғы жылы Қарағанды облысында «Жол картасы» бағдарламасы бой ынша 4,9 млрд. теңге жұм салып, жаңа 2,4 мың жұмыс орны ашылады. Бұл туралы айтқан об лыс əкімі Нұрмұхамбет Əбдібеков соңғы үш жылда аймақты аталмыш бағдарлама аясындағы жүзеге асырылған жобалар негізінде 30,9 мың жұмыс орны пайда болғанын мəлімдеді. ● Қостанай облысының бюджеті 2014 жылы 1 млрд. теңгеге ұлғайды. Бұл туралы кеше облыстық экономика жəне бюджеттік жоспарлау басқармасының жетекшісі Галина Кисленкова баяндады. ● Жамбыл облысының Жуалы ауданында жаңа Көк сай арнасы бойынша су жіберілді. Өткен жылдың кү зінде құрылысы тауды бұзып, тасты жарып басталған каналдың ұзындығы 20,4 шақы рымға созылады. Аудан əкімі Батырбек Күлекеев су жолының секундына 2,5 – 3,5 текше метр ағынды өткізіп, аудан өңірін суландыруға үлкен үлес қосатынын жеткізді. ● Солтүстік Қазақстандағы ауылдық цех макаронның 13 түрін шығарып отыр. Облыс əкімі Ерік Сұл танов Есіл ауданында болған жұмыс сапары барысында «Егін» серіктестігінде сондай-ақ, ұнның да бірнеше сұрыбы шығатынына қанығып, қожалық жетекшісі Владимир Чубыкинге аумақты абаттанды руды, жұмыс шылардың жала қы сын көтеруді тапсырды. ● Көкшетаудағы қоғамдық орындарға Wi-Fi интернет желісі орнатылды. Ол облыс орталығының халық көп жиналатын орындарын қамтиды. Ғаламтор желісіне кіргілері келгендер негізгі нысандар маңынан 150 метр аумақта оны лимитсіз пайдалана алады. Əзірге қызмет ақысы тəулігіне 190 теңгені құрап отыр. ● Өскеменде Ленинградтың ХХ ғасырда өмір сүрген суретшілерінің көрмесі басталды. Мұнда келген өнерсүйер қауым Нева жағалауы кес кіншілерінің бірқатар графикалық туындыларымен танысып жатыр. Олардың ара сында суретші Грета Немо ваның қылқаламынан туған А.Ахматова, А.Грин, Н.Гоголь сын ды қа лам герлердің портреттері де бар. ● Ақтау қаласында мұз сарайын салу жөнінде ұйғарым жасалды. Облыс орталығындағы 17 шағын ауданында «Каспий-Арена» деген атаумен бой көтеретін кешен 2,5 мың келушіні қабылдай алатын болады. Қала əкімі Еділ Жаңбыршин жаңа ғимаратта қысқы спорт түрлерінен бөлек, баскетбол алаңы, фитнес залы орналасатынын сөз етті. Хабарлар Egemen.kz, Altaynews.kz агенттіктері, «Индустриальная Караганда», «Знамя труда», «Наша газета», «Тумба» газеттері, облыстық жəне қалалық əкімдіктер сайттары деректері бойынша дайындалды.

Бїгінгі нґмірде: Əлеуметтіѕ əлеуеті – елдіѕ кїш-ќуаты 2-3-беттер

Жекешелендіру əділ ґтеді 4-бет

Тўрєын їй ќўрылыс жинаќ жїйесі жетілдірілуде 6-бет


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.