26082015

Page 1

24 саєат №162 (28640) 26 ТАМЫЗ СƏРСЕНБІ 2015 ЖЫЛ

 Əлем жəне Қазақстан

Пəкістан Премьер-министрі Наваз ШАРИФ:

«Біз Ќазаќстанныѕ жаћандыќ бейбітшілік пен ќауіпсіздік жїйесіндегі рґліне таѕєаламыз»

Жаѕєырту жґніндегі ўлттыќ комиссия отырысы Жиында бес институттық реформаның жүзеге асырылу барысы туралы есеп тыңдалды, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.

Мемлекет басшысы жаңғыртудың əрбір бөлігі бойынша нақты қадамдар көзделгенін атап өтті. Бүгінгі таңда комиссия үлкен жұмыс атқарды. Біз қолданыстағы

заңнамаға өзгеріс енгізуге бағыт талған актілердің жобасын тыңғылықты қарауды қажет ететін кезеңге келіп жеттік. Қазірдің өзінде 57 заң жобасы əзірленді, соның 29-ын Үкімет 1

қыркүйекке дейін Парламенттің қарауына енгізеді, – деді Қазақстан Президенті. Отырыс қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы бірқатар нақты тапсырма берді. ----------------------------------------Суретті түсіргендер С.БОНДАРЕНКО, Б.ОТАРБАЕВ.

Біздің елімізге Пəкістан Ислам Республикасының Премьер-министрі Миан Мохаммад Наваз Шариф ресми сапармен келді, ол Қазақстан Республикасы басшылығымен кездесу өткізеді. Оның қорытындысы бойынша өзара мүдделерді білдіретін бірқатар екіжақты құжаттарға қол қойылу күтілуде. Сапар қарсаңында пəкістандық Премьерминистр көпжақты пішімді қоса алғанда,

қызметтестіктің түрлі салаларындағы екіжақты өзара іс-қимылдардың перспективалары туралы өз елінің экономикалық бастамалары туралы əңгімелеп, өңірлік қауіпсіздіктің көкейкесті мəселелері бойынша ой бөлісті, сондай-ақ, оқырмандарды Пəкістанның мəдени дипломатиясының постулаттарымен жəне өзінің саяси кумирлерімен таныстырды. (Соңы 4-бетте).

 Орақ-2015

Алтын астыќќа аттаныс Қызылжар өңірінде шығарылған жаңа комбайндарды сынақтан өткізу басталды

Елбасыныѕ апталыќ жоспары Президенттің баспасөз қызметі былай деп хабарлады:

26 тамызда Пəкістан Ислам Республикасының Премьерминистрі Наваз Шариф Қазақстанға ресми сапармен келеді. Сапар барысында екіжақты келіссөздер өтіп, бірқатар құжатқа қол қойылмақ. 27 тамызда Нұрсұлтан Назар баевтың ТМД елдері мен

ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің бас прокурорларымен кездесуі жоспарланған. Қазақстан Президенті сондайақ, осы күні МАГАТЭ бас директоры Ю.Аманоны жəне АҚШтың бұрынғы сенаторы С.Наннды қабылдайды. Ал 28 тамызда Елбасы Қазақстанға ресми сапармен келген Сербия Президенті Томислав Николичпен кездеседі.

Ынтымаќтастыќ арта тїсетін болады Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев жəне ҚКП ОК Саяси бюросы Тұрақты комитетінің мүшесі, ҚХР Мемлекеттік кеңесінің вице-премьері Чжан Гаоли Пекинде Ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Қытай комитетінің жетінші отырысын өткізді, деп хабарлады Премьер-Министрдің баспасөз қызметі. Бұл отырыс Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 31 тамыз – 3 қыркүйек

ара лы ғын дағы Қытайға сапары қарсаңында өтіп отыр. Отырыс барысында тараптар

Сонымен қатар, Мемлекет басшысының сол күні ел Консти туциясының 20 жылдығына арналған халықаралық конференцияға қатысуы жоспарлануда. Қазақстан Президентінің ҚХРға сапары барысында қол қойылатын бірқатар келісімдерді қарады, Нұрсұлтан Назарбаев жариялаған «Нұрлы Жол» Жаңа Экономикалық Саясаты мен ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің «Бір белдеу, бір жол» бастамасы шеңберіндегі жобаларды жүзеге асыру жолдарын талқылады. Ал олар елдер арасында өзара тиімді ынтымақтастықтың жаңа перспективаларын ашатын болады. (Соңы 4-бетте).

Облыс əкімі Ерік Сұлтановтың төрағалығымен Аққайың ауданы «Солтүстік Қазақстан тəжірибе шаруашылығы» ЖШС базасында орақ науқанына қатысты барлық шараларды қарастыруға арналған «Алқап күні» семинар-кеңесі өтті. Оған Ауыл шаруашылығы министрінің орынбасары Сапархан Омаров, А.И.Бараев атындағы Астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығының директоры Жексенбай Қасқырбаев, аудандар мен ауылдық округтердің əкімдері, аумақтық жəне облыстық ведомстволардың, аумақтық инспекциялардың, «ҚазАгро» АҚ филиалдарының, аудандық ауыл шаруашылығы жəне ветеринария бөлімдерінің, астық қабылдау кəсіпорындарының басшылары, ғалымдар қатысты. Өмір ЕСҚАЛИ,

«Егемен Қазақстан»,

Ќўрылыс ќарќыны бəсеѕдемеуі тиіс Оралхан ДƏУІТ,

«Егемен Қазақстан».

Кеше Жамбыл облысына жұмыс сапарымен келген Премьер-Министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаев Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойына дайындық жұмыстарымен танысты. Еліміздің 14 облысы көмекке келіп, көне қаланың той өтетін жерлерін абаттандыру, жаңарту, көркейту жұмыстарын жүргізуді міндеттеріне алғалы бері Тараз күн санап құлпырып келеді. Қазірдің өзінде Қызылорда, Қостанай, Маңғыстау облыстары міндеттеріне алған құрылыстарды

толық аяқтаса, Атырау, Солтүстік Қазақстан жəне Павлодар облыстары жұмыстың 95 пайызынан астамын еңсеріп тастапты. Көне қаланың қақ төрінен бой көтеріп жатқан «Ежелгі Тараз» музейі, ашық аспан асты мұражайы, «Қазақ хандығы» монументі, «Атшабар» ипподромы, Достық үйі секілді нысандардың құрылысы қызу жүруде. Алғашқы үш нысанның құрылысын қыркүйек айының соңы мен қазан айының басында аяқтау жоспарланған. Ал, Достық үйі жыл соңына дейін пайдалануға берілмек. (Соңы 4-бетте).

 Мұғалімдердің республикалық тамыз кеңесі

Ўстаз – ўлт ойыныѕ діѕгегі Кеше елордада «Жаңа білім беру бағдарламалары, инновациялар жəне білікті ықпал ету – табысты мектепке бастар қадам» деген тақырыпта білім беру қызметкерлерінің республикалық педагогикалық тамыз кеңесі болып өтті. Оған Премьер-Министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаев қатысты. Асқар ТҰРАПБАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан».

Пленарлық отырыста алдымен сөз алған Білім жəне ғылым министрі Аслан Сəрінжіпов Елбасы ұсынған жаңа экономикалық саясат бəсекеге қабілетті адами капиталды қалыптастыру үшін орта білім беру саласын жаңғыртуды талап ететіндігіне ерекше тоқталды. Бүгінгі таңда адами капиталды даярлау білім беру арқылы шикізатқа деген тəуелділіктен құтылуға, экономиканы əртараптандыруға

жəне бəсекеге қабілеттілікті арттыруға өзіндік ықпал беретін болады. Алайда, министр білім беру практикалық қолданысқа емес, теорияға негізделетінін баса айтты. Экономикалық ынтымақтастық жəне даму ұйымына мүше елдердің білім беру жүйесі біліктілікті арттыруға негізделген. Сондықтан да жаңа білім беру моделі оқушылардың жағдайды бағалауға жəне саралауға, сондайақ функционалдық сауаттылығын арттыруға бағытталған.

(Соңы 4-бетте).

Нұрсайын ШƏРІП,

● Оймақтай ой Жаның жай тапсын десең – еңбектен. Жан Жак РУССО.

журналист.

Алқалы басқосу басталар ал дында қатысушылар «Солтүстік Қазақстан тəжірибе шаруашылығы» ЖШС-нің тəжірибе алқаптарында болып, бастауыш тұқым шаруашылығы бөлі мінің өнімдерімен танысты. Ерік

Хамзаұлы Петропавл қаласындағы «КазТехМаш» ЖШС базасында шығарылып жатқан «Sampo Asia» комбайнын тізгіндеп, масағы кереқарыс бидай алқабына шалғы түсірді. Соңғы рет 1978 жылы СК- 5 комбайнында жұмыс істеген едім. Екі мəрте астық бастыратын тетігі бар, жоғары жылдамдықта сабан үгітетін, бункеріне 8 тонна астық сиятын заманауи техниканың артықшылығы бірден байқалды,

 Еркін елдің ертеңі

ОЌУЛЫЌТАРМЕН ЌАМТАМАСЫЗ ЕТІЛЕДІ контурлық карталар жəне т.б.) ата-аналар өз қаражаттарына кітап дүкендерінен сатып алатынын атап өткен жөн. Оқу жылының басында дүрлігіс болмау үшін оқушылар мен олардың ата-аналарына оқулықтарды, сондай-ақ, қосымша əдебиеттерді жəне мектеп жабдықтарын дүкеннен сатып алуды кешіктірмеулеріңізді өтінеміз. Білім жəне ғылым саласындағы бақылау комитетінің жəне оның өңірлік департаменттерінің интернет-ресурстар да оқулықтардың сапасы мен мектептерге жеткізу бойынша жұртшылықпен кері байланыс орнату мақсатында жедел желілер қосылады. Атап айтқанда, БҒСБК сайтындағы «Азаматтарды қабылдау» бөлімінде «Оқулық2015» чаты орналастырылған, сол жерге пікірлеріңіз бен ұсыныстарыңызды қалдыра аласыздар, деп хабарлайды ата-аналарға Білім жəне ғылым министрлігінің баспасөз қызметі.

(Соңы 5-бетте).

Интернет материалдары негізінде əзірленді.

Партияныѕ алдаєы міндеттері

«Мектепке жол» акциясы: Жаңа оқу жылының баста л уына бірнеше күн қалды. Биылғы 2015-2016 оқу жылындағы оқу барысында 4, 5, 6 жəне 11-сыныптарға арналған қайта шығарылған оқулықтар пайдаланылатын болады. Ол оқулықтарды жергілікті атқарушы органдардың сатып алуы үшін өңірлік бюджеттен шамамен 13 млрд. теңге бөлінді. Облыстық жəне Астана мен Алматы қалаларының білім басқармаларынан алынған ақпаратқа сəйкес, бүгінде еліміздің барлық өңірлеріне жаңа оқулықтар таратылды. Ал 1, 2, 3, 7, 8, 9, 10-сынып оқушыларын алдыңғы жылдары шыққан оқулықтармен қамтамасыз ету мектеп кітапханаларының қорынан жоспарлы түрде жүзеге асырылады. Қазіргі уақытта респуб лика ның барлық мектептерінде оқушыларға оқулық тарату жүргізіліп жатыр. Сонымен бірге, қосымша білім беру əдебиеттерін (жұмыс дəптерлері, атластар,

деді облыс əкімі қанағаттанғандық сезіммен. Қоңыр күзге дейін оның 50 бірлігін құрастыру көзделіп отыр. Ауылшаруашылық техника лары мен мал шаруашылығы жетістіктері көрмесінде қостанайлық «ESSIL-740», «ESSIL-760», көкшетаулық «Vector» комбайндары мен шетелдік техникалар ұсынылды. Тайынша ауданындағы «Алабота» асыл тұқымды мал зауыты» ЖШС-нің 1245 килолық 5 жасар «герефорд», Мамлют ауданындағы «Қызылəскер» ЖШС-нің қалмақ бұқаларына, «М.Жұмабаев ауданындағы «ЖНВ» ЖШС-нің 560 килолық белоруссиялық «лимузиніне», Аққайың ауданындағы «Дайындық» ЖШС-нің ирландиялық асылтұқымды мініс жылқысына жəне тағы басқа да қара малдардың «элита-рекорд» тұқымдарына қызығушылар көп болды.

 Иранға қарсы санкцияның келесі жылғы көктемде толық алынып қалуы мүмкін. Ұлыбританияның сыртқы істер министрі Филип Хаммонд осындай пікір айтты. Оның ойынша, Иран мен АҚШ шілдеде қол жеткен ядро жөніндегі келісімді қазанда тиянақтап шыға алады. Министр тек тараптардың Сирия президентінің бола шағы жөніндегі ғана түбірінен екі бөлек көзқарас ұстанатындарын атап өтті.  Германияның канцлері Ангела Меркель елдің шығысындағы Хайденау қаласында демалыс күндері оңшыл бағыттағы экстремистердің бастауымен орын алған босқын дарға зорлық-зомбылық жасаумен ұласатын наразылық акцияларын «масқара тірлік» ретінде бағалады. «Мен Саксонияның Хайденау қаласындағы оқиғалар барысынан түсірілген сұмдық кадрларға қарай отырып, ондағы көрініс көрсеткен зор лық-зомбылықты, ондағы нəсілшілдік атмос фера сын қатты айыптай мын. Экстремистер мен неонацистердің өз өшпенді ліктерін қа лай көрсетіп жатқанына қараудың өзі жиіркенішті», – деді ол. Швейцария АҚШ-тың өтініші бойынша Өзбекстан президентінің үлкен қызы Гүлнара Каримованың барлық қаржыларына тұсау салып тастады. Америка билігі өзінің Еуропадағы əріптестеріне осы іске байланысты Скандинавияның TeliaSonera, Ресейдің «Вымпелком» жəне МТС атты ұялы телефондар провайдерлерінің $1 миллиардқа жуық ақшаларын айналымнан тоқтатып қоюды сұраған болатын. Мəскеу мен Вашингтон арасындағы қарым-қатынастың жақсара бастауының алғашқы қоңыраулары қағыла бастаған сияқты. Мұны білдірген Ресейдің сыртқы істер министрі Сергей Лавров екі арадағы бір жарым жылдан бері нашарлап кеткен байланысты қайта қалпына келтірудің кейбір ишаралары соңғы күндері қарсы жақтан көрсетіліп жүргенін тілге тиек етті. АҚШ пен Еуропа одағы бəсекелестерін санкциялар арқылы тұқырта түсуге ынта танытып келгендерімен, көптеген халықаралық мəселелер бойынша түсіністікпен жұмыс жасаспауға болмайтынына көз жеткізген сияқты.  Қытайдың Тяньцзин қаласындағы қоймада орын алған жарылыстар салдарынан қаза тапқандар саны кеше 135 адамға жетті. Бұдан бұрын бұл апаттан 129 адамның ажал құшып, 38 адамның хабар-ошарсыз кеткендері туралы хабарланған еді. Тағы 582 адам əртүрлі дене жақараттарымен ауруханаларда жатса, олардың ішіндегі 11 адамның ахуалдары ауыр қалпында қалып тұр. Жарылыстың алды 12 тамыз күні басталды.

Кеше «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Асқар Мырзахметовтің қатысуымен партияның республикалық жиналысы өтті. Онда 2015 жылдың бірінші жартыжылдығында атқарылған жұмыстар талқыланып, екінші жартыжылдыққа арналған міндеттер белгіленді.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан».

Жиналысты ашқан кіріспе сөзінде А.Мырзахметов Президент Н.Назарбаевтың бес институттық реформасына жəне оны іске асырудың 100 қадамына

байланысты партияның алдында тұрған міндеттер, «Нұрлы Жол» бағдарламасының орындалуын бақылау туралы Елбасының тапсырмаларын еске салып өтті. Бүгінгі жиынымызда осы алда тұрған мақсаттарды орындауға байланысты атқарылатын

жұмыстарды айқындағалы отырмыз. Екіншіден, үсті міздегі жылдың алғашқы жартыжылдығында атқарылған істердің қорытындысын қарайтын боламыз, деді ол. (Соңы 5-бетте).

Бїгінгі нґмірде:

Қарқара қасіреті ІЗАШАР

10-бет

11-бет

Дала

дастаны 14-бет


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.