26092013

Page 1

№220 (28159) 26 ҚЫРКҮЙЕК БЕЙСЕНБІ 2013 ЖЫЛ

«Ең бастысы – үнқатысу бейбітшілік пен келісім аумағын, үйлесім мен айқындық уақытын қалыптастырады. Мен діни үнқатысудың сөзсіз құндылығын осыдан көремін. Осыған байланысты барлық діндер мен конфессиялардың өкілдеріне діндер форумын тұрақты негізде өткізу ұсынысымен қайырылып отырмын». Н.Ə.НАЗАРБАЕВ.

Маќсат – ґзара интеграцияны тереѕдету

(Əлемдік жəне дəстүрлі діндер көшбасшыларының І съезінде сөйлеген сөзінен)

Əлемдік жəне дəстүрлі діндер көшбасшылары съезінің 10 жылдығына орай өтетін Халықаралық ғылымитəжірибелік конференцияға қатысушыларға

Құрметті конференцияға қатысушылар! Əлемдік жəне дəстүрлі діндер көшбасшыларының Астанадағы съезі – уақыт сынынан табысты өткен жаһандық үнқатысу алаңы. Ол Жер шарындағы дінаралық жəне мəдениетаралық ықпалдастық пен өзара түсіністікті нығайтудың бірегей тетігіне айналды. Он жыл өткен кезде оның өзектілігі тек қана өсе түсті, өйткені бүгінгі жағдайда мəдени-өркениеттік қарым-қатынастар күрделеніп барады. Əлемде адамзаттың моральдық-ізгілік ұстындарына, конфессияаралық жəне этносаралық тұрақтылыққа қатер төндіретін проблемалар қордалануда. Қақтығыстардың пайда болуы мен өршуінің алдын алу үшін дін қайраткерлерінің, ғылыми жəне сарапшылық қоғамдастықтың, бұқаралық коммуникация құралдары өкілдерінің басын қосқан жанжақты диалогты дамыту қажет. Съезд толеранттылық пен сенім идеяларын ілгерілете отырып, жаһандық гуманитарлық диалогтың алғы шебінен табылуға тиіс. Осындай игі де жауапты миссияны жүзеге асыру үшін Съездің əлеуетін аша түсу арқылы форматын жетілдіру қажет. Конференция қызметі осы мəртебелі міндетті орындауға септігін тигізеді деп сенемін. Барша қатысушыларға жемісті жұмыс жəне табыс тілеймін! Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ.

ƏЛЕМ ТАНЫҒАН ҮНҚАТЫСУ АЛАҢЫ

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ақордада Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысына қатысу үшін Астанаға келген Кеден одағы мен Біртұтас экономикалық кеңістікке мүше елдердің үкімет басшыларымен кездесу өткізді, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. Кездесуге Қазақстан Премьер-Министрі Серік Ахметов, Ресей Федерациясы Үкіметінің төрағасы Дмитрий Медведев, Беларусь Республикасының Премьер-министрі Михаил Мясникович, сондай-ақ Украина Премьер-министрі Николай Азаров пен Қырғыз Республикасының Премьер-министрі Жанторо Сатыбалдиев қатысты. Кездесуге қатысушылар еуразиялық экономикалық интеграцияны одан əрі

 Президент поштасынан

Дана шешім ќашанда ќўрметке лайыќ

Мемлекет басшысы Нұрсұл тан Назарбаевтың атына «Uniao Planetaria» медиахолдингінің президенті, «TV Supren» телеарнасының бас директоры Улиссес Риедельден хат келді, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.

«Бірыңғай ғаламшар» қоғамдық бірлестігіне де жетекшілік ететін У.Риедель өз хатында 2013 жылдың 29 тамызында Қазақстанның Бразилиядағы елшілігінің ұйымдастыруымен бүкіл əлем бойынша ядролық сынақтардың құрбандарын бір минут үнсіздікпен еске алу рəсіміне қатысқаны туралы мəлімдеген. «Осы орайда, Сізді «АТОМ жобасы» жұмысының табысты жүргізілуімен, сондай-ақ өз еліңіздің аумағында ядролық қаруды сынауды толық тоқтатуға бағытталған дана күш-жігеріңіз үшін шын жүректен құттықтауыма рұхсат етіңіз», – делінген хатта. Автор ядролық қарусыздануға қол жеткізуге бағытталған мұндай науқанның аса маңызды екенін де атап өткен. У.Риедель мемлекеттердің, халықтардың жəне нəсілдердің бірлігін нығайту арқылы əлемдік, бауырластық жəне ынтымақтастық өркениеттің моделіне ие болатынымызға тоқталған. Хат соңында У.Риедель Мемлекет басшысын «Бірыңғай ғаламшар» бірлестігінің ақпараттарды тарату жəне бүкіл əлемде ядролық қаруды жою ісінде өзге де көмегін көрсетуге жан-жақты атсалысуға дайын екендігіне сендіреді.

тереңдету, сондай-ақ 2013 жылы 29 мамырда Астанада өткен Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысы барысында қол жеткізілген келісімдерді іске асырудың кең ауқымды мəселелерін қарастырды. Нұрсұлтан Назарбаев үкімет басшыларына ықыласын білдіре келіп, олардың жемісті жұмыс істеуі үшін барлық қажетті жағдай жасалғанына сенімді екенін айтты. – Мен сіздердің отырыстарыңыздың күн тəртібімен таныстым. Атап айтқанда, Кеден

одағы, Біртұтас экономикалық кеңістік бойынша, соның ішінде жаңа мүшелер мен бақылаушыларды қабылдауға қатысты одан арғы жұмысымызды талқылау міндеті тұр. Мұның бəрі оңай мəселе емес. Мен сіздер бұл жөнінде ортақ шешімге келесіздер деп сенемін. Кең ауқымдағы кездесу – еуразиялық интеграцияға зор көңіл бөлініп отырғандығының дəлелі, – деді Мемлекет басшысы. Кездесу барысында Қазақстан ПремьерМинистрі С.Ахметов Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысының күн тəртібіндегі негізгі тармақтар туралы баяндады. – Алдағы отырыстың күн тəртібі айтарлықтай ауқымды. Бірінші кезекте

Ортаќ мїдделер уаєдаластыќќа негіз

«Егемен Қазқастан».

Отырыстан кейін болған журналистермен кездесуде Қазақстан Үкіметінің басшысы Серік Ахметов пен Еуразиялық комиссия алқасының төрағасы Виктор Христенко осы жайында шағын хабарлама жасады. – Бірінші кезекте айтатын мəселе, бүгінгі басқосуда Еуразиялық экономикалық одақты қалыптастыруға негізделген интеграциялық үдерістерді одан əрі тереңдетудің жекелеген мəселелері қаралып, сəтті шешімін тапқандығын хабарламақпын. Бүгінгі

-----------------------------------------

басқосудың негізгі маңызды қорытындысы біртұтас кедендік аумаққа кіргізілетін азаматтық ұшақтар мен астық комбайндары туралы шешімге қол қойылуы болды. Бұл мəселе көптен бері талқыланып келе жатқан еді. Аталған құжат Кеден одағы елдеріне əуе көлігі, ауыл шаруашылығы, өнеркəсіп салаларын тиімді дамытуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ 2011-2012 жылдары қолданылған Кеден одағы аумағына кіргізілетін тауарларға кедендік баж салығын белгілеу мен бөлудің тетігі мақұлданды. Өйткені, бұл тетік өзінің тиімділігін көрсетті. Осы бағыттағы бірлескен

жұмыстардың біздің елдеріміздің арасындағы интеграциялық үдерістердің жоғары қарқынмен дамып келе жатқандығын жəне оның үлкен əлеуеті бар екендігін, сонымен қатар, біздің елдеріміздің арасында əріптестік қарым-қатынастардың бүкіл əлеуеті тиімді пайдаланылып келе жатқандығын тағы бір дəлелдеді, деп мəлімдеді Серік Ахметов. Виктор Христенко өз сөзінде басқосу өте тамаша жағдайда өткендігін мəлімдеді. Əдетте интеграциялық үдерістер тереңдеген сайын оның қаралатын мəселелері де жеңілдей түседі деген түсінік бар. Дегенмен, біз бүгінгі басқосуда интеграциялық үдерістер тереңдеген сайын қаралатын мəселелердің де тереңдеп, күрделене беретіндігін байқадық. Осындай кезде үш ел арасындағы ортақ түсіністік пен қарымқатынас əлеуетінің зор екендігі тағы бір дəлелденді. Бүгінгі астық комбайны мен азаматтық ұшақ жөнінде ортақ келісімге келгеніміз соның тағы бір көрінісі болды. Оның үстіне əлемді дағдарыс кернеп отырғандығына қарамастан, үш ел арасындағы сауда көлемі соңғы 7 айда тағы да 3,6 пайызға арта түсті, деп мəлімдеді Виктор Христенко.

Ўлылыќ пен ўлаєат ордасы

Жўмыспен ќамту

Кеше Астанада Қазақстан, Ресей, Беларусь елдерінің үкімет басшылары Серік Ахметов, Дмитрий Медведев, Михаил Мясникович Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің Үкімет басшылары деңгейіндегі отырысын өткізді. Отырысқа Украина мен Қырғызстан премьерминистрлері Николай Азаров пен Жанторо Сатыбалдиев байқаушылар ретінде қатысты. Отырыста Кеден одағы мен Біртұтас экономикалық кеңістікті одан əрі дамытудың жəне Еуразиялық экономикалық одақты құрудың күн тəртібінде тұрған неғұрлым өзекті мəселелері қаралды. Сұңғат ƏЛІПБАЙ,

мемлекет басшылары деңгейінде Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің шешімдерін іске асыруға байланысты мəселелер қаралатын болады. Біз кедендіктарифтік реттеуге байланысты Кеден одағы комиссиясы шешімінің, сондайақ Еуразиялық экономикалық комиссия алқасы шешімінің орындалу барысын да қарастырамыз, – деді С.Ахметов. Сондай-ақ, отырыста интеграция мəселелерін, өзге де түрлі бағыттар мен экономика саласында өзара ісқимылды күшейту жолдарын талқылау жоспарланған.

Бїгінгі нґмірде: Ќазаќстан жəне əлемдік кґрме 4-бет

5-бет

7-бет

Суретті түсіргендер С.БОНДАРЕНКО, Б.ОТАРБАЕВ.

ТАҒАЙЫНДАУ Мемлекет басшысының Жарлығымен Асқар Сағиұлы Тəжиев Қазақстан Респуб ликасының Норвегия Корольдігіндегі Төтенше жəне өкілетті елшісі қызметіне тағайындалды. ХРОНИКА Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасының Нидерланд Корольдігіндегі Төтенше жəне өкілетті елшісі Майнұра Саветқызы Мырза мадиева Қазақстан Респуб ликасының Норвегия Корольдігіндегі Төтенше жəне өкілетті елшісі міндетін қоса атқарушы қызметінен босатылды.

Кеше Тəуелсіздік сарайында Əлемдік жəне дəстүрлі діндер көшбасшылары съезі Хатшылығының ХІІ отырысы, сондай-ақ «Өркениеттер үнқатысуындағы Астана дінаралық форумының рөлі» тақырыбында халықаралық ғылыми-тəжірибелік конференция өтті. Бұл халықаралық жиын Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасы бойынша шақырылған алғашқы Əлемдік жəне дəстүрлі діндер көшбасшылары съезінің 10 жылдығына арналып отыр.

Діндер арасын жалєаєан бірегей жиын Маќсат – ой-пікір ортаќтыєына ќол жеткізу Əлемдік жəне дəстүрлі діндер съезі Хатшылығының ХІІ отырысына Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы, Съезд Хатшылығының басшысы Қайрат Мəми төрағалық етті. Əлемдік жəне дəстүрлі діндер көшбасшыларының съезі өткен он жыл ішінде өзін əлемдік қоғамдастық таныған тиімді үнқатысу алаңы екенін көрсетті, деді Хатшылық басшысы отырысты ашардағы кіріспе сөзінде. Біздің форумға қатысушылар бүгінде БҰҰ жəне ЮНЕСКО сияқты беделді халықаралық ұйымдардың өкілдері ретінде танылып жүр. Арамызда барлық төрт съезге қатысқан делегаттар да бар. Біз жаңа идеялар мен толеранттылық мəдениетті, өзара құрметтеуді қалыптастыруға əрқашан ашықпыз. Бұдан кейін төрағалық етуші қатысушыларды Хатшылықтың өткен кезеңдегі атқарған жұмыстарынан хабардар ете келіп, Хатшылық мүшелерін күн тəртібіндегі мəселелерді

АҚПАРАТТАР аєыны  Астанада «AstanaLeisure 2013» халықаралық туристік көрмесі ашылды. Онда соңғы туристік өнімдер, əуе компанияларының арнайы ұсыныстары жəне туристік нарықтағы мемлекеттік құрылымдардың қызметтері таныстырылады.  Павлодар да жас журн алист ердің бірінші республикалық слеті өтіп жатыр. Кеше басталған форумда жаңа буын газет қызметкерлері, репортерлер, телехабарлар жүргізушілері мен интернет-блогерлері қазіргі заманғы журналистиканың өзекті тұстары туралы пікір алмасуда.  Кеше Шығыс Қазақстан облысы құқық қорғау органдарының басшылары Риддер қаласының жұртшылығымен кездесті. Облыс əкімі Бердібек Сапарбаев бастап келген бұл жүздесу барысында аталмыш салада қордаланып

талқылауға белсенді қатысуға шақырды. Съезд Хатшылығы отырысының күн тəртібіне қойылған мəселенің бірі – 2012 жылдың мамырында өткен Əлемдік жəне дəстүрлі діндер көшбасшылары ІV съезінің қорытындылары туралы болды. Бұл жөнінде Сенат Төрағасы, Хатшылық басшысы Қайрат Мəми қысқаша тоқталып өтті. Хатшылықтың алдына қойылған міндеттердің барлығы жүзеге асты, деді Хатшылық басшысы. Съезге əлемнің 40 елінен келген делегация қатысты. Онда алғаш рет жастар жəне əйелдер мəселелеріне байланысты секциялар жұмыс істеді. Көптеген ұсыныстар мен пікірлер айтылды. Ал өткен IV Съезде Қазақстан Президентінің бастамасы бойынша Діндер көшбасшыларының кеңесі құрылған болатын. Мемлекет басшысы өзінің сөйлеген сөзінде Съезд Хатшылығына бірқатар тапсырмалар берген еді. Бүгінде біз Елбасының сол тапсырмаларын жүзеге асыру үшін нақты жұмыстар жүргізудеміз. (Соңы 3-бетте).

қалған көптеген мəселелер бойынша егжейтегжейлі əңгіме айтылды.  Шымкентте мүмкіндігі шектеулі кəсіпкерлерге тігін машинасы берілді. «Даму» қоры мен «Delta Bank» бірлесіп ұйымдастырған бағдарлама аясында биылғы жылы мүгедек кəсіпкерлерден келіп түскен 1 180 өтініштің 784-і қанағаттандырылды.  Атырауда «Сəтбаев Оперейтинг» ЖШС қо ғамдық тыңдау өткізді. Онда 2014 жылға арналған табиғат қорғау шаралары туралы есеп берілді.  Жамбыл облысында есірткі сатушылар айғақтарды жою үшін өздерінің үйін өртеп жіберді. Оқиға Шу ауданы Белбасар ауылында орын алған. Ал полицейлер 31 жастағы ер кісінің үйінен 60 килоға жуық марихуана тапқан. «ҚазАқпарат», «Қазақстан жаңалықтары», Bnews.kz, TengriNews, EgemenNews хабарлары бойынша дайындалды.


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.
26092013 by Egemen - Issuu