26092014

Page 1

Бїгінгі нґмірде:

№188 (28411) 26 ҚЫРКҮЙЕК ЖҰМА 2014 ЖЫЛ

Теннисшілер ґнерін тамашалады

Тарихи ґѕірден тараєан таєылым 2-3-беттер Бас басылым таралымы тґмендемейді 4-бет Аќўштап аќынныѕ баќыты 7-бет Азиада: медальдар саны 30-єа жетті 8-бет

Таєайындау

Мемлекет басшысының Өкімімен Рашид Тауфикұлы Жақыпов Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары қызметіне тағайындалды.

Лаѕкестікке ќарсы іс-ќимылдар жеделдетіледі Сенат Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жетекшілігімен өткен палатаның кешегі жалпы отырысының күн тəртібіне үш мəселе шығарылса, соның ішінде экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жəне мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мəселелері депутаттардың қызу талқысына түсті. Асқар ТҰРАПБАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан».

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Рафаэль Надаль мен Жо-Вильфрид Тсонга арасындағы теннис матчын тамашалады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. Мемлекет басшысы жарыс алдында əйгілі теннисшілерді қабылдап, кездесу барысында олардың осы келісі еліміздегі теннистің бұдан əрі дамуы үшін маңызды екендігіне тоқталды. – Бұл – қазақстандық жас спортшылар үшін үлкен оқиға. Сіздер оларға өздеріңізбен ойнау мүмкіндігін бердіңіздер. Бұл оларды айтарлықтай ынталандыру болып табылады. Сондай-ақ, сіздер біздің елімізге келіп, елорданың айтулы

нысандарын аралап көру мүмкіндігіне ие болдыңыздар, – деді Қазақстан Президенті. Нұрсұлтан Назарбаев бұрын теннис дəстүрі болмаған біздің елімізде қазір спорттың осы түрін дамыту тұрғысында үлкен жұмыс атқарылып жатқандығына тоқталды. – Мысалы, менің өзім теннисті 40-тан асқан соң ойнай бастадым. Бүгінде бүкіл елімізде, өңірлерде теннис орталықтары

салынып, оны танымал ету жұмыстары жүргізілуде, – деді Мемлекет басшысы. Өз кезегінде теннисшілер елімізге шақырғаны үшін алғыс айта отырып, Қазақстанға келу олар үшін үлкен құрмет екенін жеткізді. Кездесудің соңында Р.Надаль Елбасына өзінің ракеткасын тарту етті. Рафаэль Надаль мен Жо-Виль фрид Тсонга елімізге сапары аясында қазақстан дық жас тен нисшілерге – «Team Kazakhstan» академиясының тəлімгерлеріне шеберлік дəрісін өткізді жəне Астананың көрікті жерлерін аралап көрді. Рафаэль Надаль – испандық теннисші,

Екіжаќты ынтымаќтастыќќа ерекше маѕыз Қазақстан Республикасы Парла менті Мəжілісінің Төрағасы Қабиболла Жақыпов Сауд Арабиясы Корольдігі Консультативтік Кеңесінің Төрағасы Абдалла Əл ашШейхпен кездесті, деп хабарлады Мəжілістің баспасөз қызметі.

Мəжіліс Төрағасы делегация мүшелерін екі күн бұрын өткен маңызды мереке – Сауд Арабиясы Корольдігінің жарияланған күнімен жəне Консультативтік Кеңестің 90 жылдығымен құттықтады. Осы ретте Қабиболла Жақыпов Қазақстан Сауд Арабиясымен барлық салада екіжақты ынтымақтастықты дамытуға айрықша маңыз беретінін атап өтті. Сауда-экономикалық ықпалдастық мəселелерін сөз еткенде Мəжіліс Спикері жоспарланып

отырған Қазақстан – Түрікменстан – Иран – Парсы шығанағы теміржолының іске қосылуы қос елдің тауар айналымын арттыра түсетініне сенім білдірді. Мəжіліс Төрағасы, сондайақ, мейманға біздің еліміздің Əлемдік жəне дəстүрлі діндер көшбасшыларының съездері, БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшелігіне үміткерлігі, ЭКСПО-2017 көрмесі сынды басқа да маңызды халықаралық бастамалары туралы айта келіп, əлеуметтік маңызды нысандар құрылысына

Аурелия Бушезбен кездесті

Кеше Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев Еуропалық одақтың Қазақстандағы өкілдігінің басшысы Аурелия Бушезбен жəне ЕО-ның он тоғыз елінің дипломатиялық миссиясының өкілдерімен кездесті. Кездесу барысында Еуразиялық экономикалық одақтың қалыптасуы мен қызметінің негізгі қағидаттары таныстырылды. Сондай-ақ, Еуразиялық

эко номикалық одақты дамыту, соның ішінде ЕАЭО Сотын құру, ортақ нарықты қалыптастыру, ЕАЭО туралы шартты ратификациялау, ЕАЭО-ға Армения мен

көрсетіп жатқан қолдауы үшін ризашылығын білдірді. Қабиболла Жақыпов Қазақстанның Əзербайжан, Орталық Азия елдері жəне араб мемлекеттері экономикалық фору мын шақыру туралы Сауд Арабиясының бастамасын қолдайтындығын жеткізді. Ал Абдалла Əл аш-Шейх – еліміз тəуелсіздігін алған күннен бастап Қазақстанға көбірек атбасын бұрған меймандардың бірі. Ол Қазақстанның көлеңкеде қалып қоймай, бүкіл əлем алдында өзін мойындатқанын айта келіп, екі елдің алдағы уақытта да тиімді ынтымақтастықты жалғастыруының мүмкіндігі зор екенін тілге тиек етті. Қырғызстанның қосылуы, сондайақ, ЕАЭО мен ЕО-ның ықтимал ынтымақтастығы мəселелері бойынша пікір алысылды. Кездесудің қорытындысында тараптар Қазақстан жəне Еуропалық Одақ стратегиялық əріптестер екендігін атап өтті жəне өзара тиімді ынтымақтастықты кеңейтуге əзір екендігін білдірді. ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметі.

● Өңір өмірі

«Президент пен перзент» кітабы жас оќырмандар ќолына тиді Айқын НЕСІПБАЙ,

«Егемен Қазақстан».

Елбасының жас ұрпақты қолдап, уақытының тығыздығына қарамастан олармен жиі кездесіп отыратындығы белгілі. Сондай жүздесулерде талабымен танылып, алғысын алып, тілегін тыңдаған балалардың өмірде де, өнерде де бағы жанғандары аз емес. Жарық көрген кітап осындай жеткіншектер жайында баяндайды.

Əсем безендірілген жинақтың тұсаукесер рəсімі Теміртаудағы Тұңғыш Президент тарихи-мəдениет орталығында өтуінің де өзіндік үлкен себебі болды. Металлургтер қаласының Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың еңбек жəне саяси шыңдалу мектебі тұрғысында жастардың қай буынына да үлгілі тəрбиелік жақтары көп. Кітапта Елбасымен түрлі ісшаралар кезінде жүздесіп, тілдесу мүмкіндігіне ие болған, ал бүгінде əр салада еңбек етуші азаматтар туралы мол мағлұмат берілген. Президенттің батасын алып, ел дамуына қосып жүрген үлестері жайлы əңгімеленеді. Жинаққа республиканың əр өңірінен 32 мектеп оқушысының Елбасы туралы жазған «Ел тірегі – Елбасы» тақырыбындағы шығармалары енгізілген. Тұсаукесер рəсіміне облыс əкімі Нұрмұхамбет Əбдібеков, Білім жəне ғылым министрі Аслан Сəрінжіпов, Елбасымен металлургия комбинатында еңбек жолын бірге бастаған серіктестері қатысып, жас оқырмандарды жаңа кітаппен құттықтады. Қарағанды облысы, Теміртау қаласы.

Үлкен дулыға турнирінің 14 дүркін жеңімпазы, 2008 жылғы Олимпиаданың жеке сындағы чемпионы, «Алтын дулыға», сондай-ақ, Дэвис кубогының үш рет Испания құрамасы сапындағы иегері. Жо-Вильфрид Тсонга – кəсіпқой француз теннисшісі, ATP 15 турнирінің жеңімпазы, 2012 жылғы Олимпия ойындарының ерлер арасындағы жұптық сындағы күміс жүлдегері, 2014 жылғы Хопман кубогының Фран ция ұлт тық құрамасы сапындағы иегері.

----------------------------------------Суреттерді түсіргендер С.БОНДАРЕНКО, Б.ОТАРБАЕВ.

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экстремизмге жəне терроризмге қарсы іс-қимыл мəселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы бойынша Бас прокурордың орынбасары Жақып Асанов баяндап берді. Оның мəліметінше, 2010 жылдан бері Қазақстанда террорлық қылмыстың 10-нан астам оқиғасы тіркеліп, 21 адам қаза тапқан. Оның ішінде 17-сі құқық қорғау жəне арнайы органдар қызметкерлері екен. Жүзден астам қазақстандықтың шетелдік террорлық ұйымдардың қатарында жүргені де атап көрсетілді. Былтырдан бері арнайы органдар 9 террорлық актінің алдын алыпты. Жалпы, 2013 жылы экстремистік жəне террорлық қылмыстың 65 фактісі тіркелген. Ал биыл 52 қылмыс анықталып,

29 адамның сотталғаны аталды. Атырауда бір азамат əлеуметтік желілер арқылы Ауғанстанның террорлық ұйымдарына кіріп, өзгелерді содыр болуға шақырған. Бұл қылмысы үшін оның 8 жылға бас бостандығынан айырылғаны мысал ретінде келтірілді. 2004 жылдан бері елімізде 15 террорлық жəне 6 экстремистік ұйым қызметіне тыйым салыныпты. Бұл ретте Бас прокурордың орынбасары осындай ұйымдарды жабу үшін де айтарлықтай уақыт талап етілетіндігіне шағымданды. Прокурор арыз түсіргеннен кейін сот оны бір ай көлемінде қарап, 5 күн ішінде үкім шығаруы тиіс. Шешім күшіне ену үшін тағы да 15 күн керек болса, бұл екі ай, тіпті, жарты жылға дейін созылуы мүмкін. Сондықтан да заң жобасына соттың шешімді орындау үшін құзыретті органға жіберуге міндеттілігі белгіленді. (Соңы 4-бетте).

Отандыќ єылыми жобалар таныстырылды

Астана қаласында «Астана – жаңа қала» арнайы экономикалық аймағындағы «Led System Media» компаниясының аумағында «Парасат» ұлттық ғылыми-технологиялық холдингі орындап жатқан жобалардың таныстырылымы болып өтті. Бұл жобалар ЭКСПО-2017 көрмесі аясында еліміздің Білім жəне ғылым министрлігі қаржыландыратын 2013-2017 жылдарға арналған таза энергия көздерін жасау ғылымитехникалық бағдарламасы бойынша жүзеге асуда. Таныстырылымның негізгі мақсаты – ЭКСПО-2017 көрмесіне қазақстандық ғалымдар

əзірлейтін келешегі бар жобаларды жұртшылық назарына ұсыну. Бұл шараға Қазақстан

Рес публикасы Премьер-Министрінің орынбасары Гүлшара Əбдіқалықова, Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары, ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесінің комиссары Рəпіл Жошыбаев, «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық ком паниясы» АҚ басқарма төрағасы Талғат Ермегияев, «Самұрық Қазына» ұлттық қоры мен Астана қаласы əкімдігінің, Білім жəне ғылым министрлі гі нің өкілдері мен ұлттық

● Араша

Соѕєы сґзді сот айтады Шарафаддин ƏМІРОВ, «Егемен Қазақстан».

Ашынған адам арыз жазады. Айтқандары ескерілер деп дəметеді, үміттенеді. Мəселесі шешілсе жақсы. Шешілмесе, «жазған құлда шаршау жоқ» деп қаламды қайта қолға алады. Мақаламызға арқау болып отырған арыздың иелері де осындай жайды бастан кешіргені көрініп тұр. Жергілікті əкім қаралардан көңілі қалған олар «Егеменге» шағымданыпты. «Егеменді» ел газеті деп, арызымызға құлақ асады, айтқанымызды ескереді деп бас басылымға жүгініпті. Арыз иелері Айша Əбілқасымова жəне Буман Шертимова жеке кəсіпкерлер,

зейнеткерлер, алтын алқалы аналар. Əуелі олардың арызымен таныстық. «Бізді арыз жазуға мəжбүр еткен Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтаарал ауданы əкімдігінің заңсыз талаптары болып отыр. Себебі, Мақтаарал ауданы əкімдігі ауылшаруашылық суармалы шаруа қожалығын жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану құқығымен 49 жылға берілген жер телімін мемлекет мұқтажы үшін мəжбүрлеп иеліктен шығару туралы хабарламаны почта арқылы жіберіп тыныштық бермей келеді. Бұл суармалы жер шаруа қожалығын жүргізу үшін берілген жер телімі. Прези дент тің

Жарлығы бар, кешенді бағдарламаға сай олар халыққа қолдау көрсетулері керек еді ғой, бұл іс-əрекеттерін қалай түсінеміз? Біздің жерлер ҚР Жер кодексінің 35-бабына сəйкес ауылшаруашылық суармалы жер шаруа немесе фермер қожалығын жүргізу үшін 1997 жылы 4 желтоқсанда аудан əкімінің №666 қаулысымен уақытша өтеулі жер пайдалану құқы ғымен ұзақ мерзімге шаруа қожалығын жүргізу үшін ор тақ үлестік жер пайдалану құқығымен Əбілқасымова Айшада 7,5 га, ал Шертимовада 8 га жер телімі жалға 49 жылға бөлініп берілген. (Соңы 7-бетте).

компаниялардың, сондай-ақ, энергетика саласындағы ұйымдардың жетекшілері қатысты. Көрмеде қайта жаңғыртылатын жəне баламалы энергетика, қуат үнемдеу мен оның тиімділігін арттыру бағытындағы құрал-жабдықтар, сондай-ақ, голография саласындағы мультимедианы тарту арқылы макеттер, қолданыстағы қондырғылар көрсетілді. Сайхан САНАТОВ.

Оќырман назарына! Заман талабына орай жаңарған «Егемен Қазақстан» газетінің сайтын енді əлеуметтік желілер арқылы оқу мүмкін болып отыр. Ол үшін, құрметті оқырман, мына көрсетілген сілтемелерді теру арқылы тікелей біздің сайтымызға өте аласыз.


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.
26092014 by Egemen - Issuu