Кеше Беларусь астанасы – Минск қаласында Тəуелсіз Мемлекеттер Достастығына мүше елдер Мемлекет басшыларының кезекті кеңесі болып өтті.
№240 (28179) 26 ҚАЗАН СЕНБІ 2013 ЖЫЛ
МЇДДЕЛЕР МЕН МЇМКІНДІКТЕР ЕКШЕЛГЕН КЕЅЕС
Кеңеске Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев, Беларусь Президенті Александр Лукашенко, Ресей Президенті Владимир Путин, Украина Президенті Виктор Янукович, Армения Президенті Серж Саргсян, Молдова Президенті Ни колаэ Тимофти, Өзбекстан Президенті Ислам Каримов, Тəжікстан Президенті Эмомали Рахмон, Əзербайжан Президенті Ильхам Əлиев, сондай-ақ, Қырғызстан Премьер-министрінің орынбасары Жоомарт Оторбаев пен Түркіменстан Үкіметі төрағасының орынбасары Аннамұхаммед Гочыев қатысты. Лəйла ЕДІЛҚЫЗЫ,
«Егемен Қазақстан» – Минскіден.
Тəуелсіз Мемлекеттер Достастығына мүше елдер мемлекет басшылары мұндай ауқымды жиын аясында жылына бір рет бас қосып отырады. Былтыр Достастық елдерінің басшылары Ашғабадқа келіп, бір үстел басында сан салалы мəселелерді талқы таразысына салған болатын. Ал биылғы жылы Достастық елдері Мемлекет басшылары кеңесінің төрағалық тізгіні Беларусь мемлекетінде болғандықтан, 2013 жылы бірқатар жобалар мен бастамалар легі жүзеге асырылған еді. Ендігі кезекте Достастық кеңістігіндегі елдер осы үдерістерді одан əрі жалғастыруы тиіс. Мемлекет басшыларының кеңесі – Достастық елдерінің ең жоғары органы. Сол себепті де мұнда ТМД-ға, оның қызмет ету тетіктеріне тікелей қатысты барлық мəселелер қаралады. Ал Кеңес аясында көтерілген мəселелердің барлығы консенсус, яғни өзара келісім ауанында қабылданып отырады. Минскіде өткен Тəуелсіз Мемле кеттер Достастығына мүше
елдер Мемлекет басшыларының кеңесі алдымен шағын құрамдағы келіссөзбен басталды. Отырыста алғашқы болып сөз алған төраға елдің Президенті Алек сандр Лукашенко Əзербай жан Президенті Ильхам Əлиевті президенттік сайлаудағы жеңісімен құттықтады. Бұдан кейінгі кезекте А.Лукашенко ТМД -ға мүше елдер Мемлекет басшыларының кеңесін ашық деп жариялап, сөз тізгінін ТМД-ның Атқарушы комитетінің төрағасы Сергей Лебедевке берді. Ол өз сөзінде Кеңес отырысында қаралатын мəселелер шоғыры туралы баяндап берді. ТМД елдері ұсынған мəселелерге сəйкес, ТМДның Атқарушы комитеті бүгінгі күн тəртібіне 14 мəселе шығарып отыр. Бұлардың барлығы тиісті сараптан жəне саралаудан өтті. Кейбір құжаттарға байланысты айтылған ұсыныстар да ескерілді, деді С.Лебедев. Бұдан кейінгі кезекте Əзербайжан Президенті И.Əлиев сөз алды. Біз ТМД кеңістігіндегі елдермен тығыз ынтымақтастық байланыс орнатуға əрдайым мүдделіміз. Себебі, біздің елдерімізді кезінде тарихи тамырластық байланыстырды. Ал бүгінгі таңда бізді
Женевадаєы ќызметі аяќталды
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Швейцарияға жұмыс сапары жалғасуда. Женевада Қ.Тоқаевтың БҰҰ Бас хатшысының орынбасары, БҰҰ Женева бөлімінің Бас директоры қызметін аяқтауына байланысты бірқатар шаралар өтті, деп хабарлады осы палатаның баспасөз қызметі.
Қ.Тоқаевтың құрметіне «Виктория Хол» концерт залында Швейцария Федералдық үкіметі мен Женева Кантоны билігінің атынан салтанатты концерт болды. Шара сондай-ақ жыл сайын 24 қазанда атап өтілетін БҰҰ күніне арналды. Шарада Қазақстан өкілінің жетекшілігі кезінде Женеваның халықаралық рөлі БҰҰ еуропалық штаб-пəтері тұрғысында ғана емес,
көп тарапты дипломатияның жаһандық орталығы ретінде де арта түскені атап көрсетілді. Со нымен бірге, бұл күндері Қ.Тоқаев Қарусыздану жөніндегі конференцияның Бас хатшысы уəкілеттігін де тоқ тат ты. Оның басшылығымен конференциядағы ядролық мəселелер жөніндегі пікірсайыстарда ілгерілеушілік айқындалды. (Соңы 2-бетте).
экономикалық, саяси ықпалдастық байланыстыруда. Əзербайжан үшін ТМД елдерімен сыртқы саясаттағы əріптестік айрықша маңызға ие. Біз интеграциялық үдерістердің
жетілдірілуін, екіжақты, көпжақты байланыстардың нығаюын қуаттаймыз. Бірнеше күннен кейін Бакуде үшінші Халықаралық гуманитарлық форум өтеді. Бұл
форум аз ғана уақыт ішінде гуманитарлық саладағы ең бір өзекті мəселелер көтерілетін маңызды үнқатысу алаңына айналады. Осы орайда, мен мүмкіндікті пайдаланып, форумға белсене қатысуға ниет танытып отырған ТМД елдеріне алғысымды білдіргім келеді. Мұндай басқосулар біздің елдеріміздің гуманитарлық саладағы ынтымақтастығын дамыта түсері сөзсіз. Себебі, гуманитарлық сала – біздің əріп тестігіміздің негізгі өзегі. Біз сондайақ экономикалық ықпалдастыққа да айрықша мəн беріп келеміз. Бүгінде ТМД елдері арасындағы тауар айналымы өсу үстінде. Күн тəртібінде қаралатын экстремизммен, терроризммен күрес мəселесі де өте өзекті болып отырғанын атап өту керек. Əлем елдерінің əрқайсысы мұндай қатерлерге тек күш біріктіру арқылы ғана қарсы тұра алатынына көз жеткіздік. Біз осы бағыттағы жұмыстарымызды жетілдіріп, мемлекеттеріміздің қауіпсіздігін үнемі назарда ұстап отыруымыз керек, деді И.Əлиев. Сондай-ақ, Əзербайжан Президенті ТМД кеңістігіндегі ынтымақтастық болашақта да назарда тұратынын атап өтті. Бұдан кейінгі кезекте сөз Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа берілді. Ең алдымен, ТМД-ға төраға болған Беларусь мемлекетіне алғысымды білдіргім келеді. Соңғы жылдары Беларусь Достастық аясындағы көптеген мəселелердің жүзеге асырылуына ұйытқы болды, деп бастады сөзін шешен. Біз ТМД-ның болашақтағы дамуын əрі қарай айқындайтын тұжырымдаманы қабылдадық. Оны жүзеге
Шетелдік компанияєа ќатаѕ талап ќойылды Нұрбол ƏЛДІБАЕВ,
«Егемен Қазақстан».
Жетісуда жүзеге асырылып жатқан серпінді жобалар санатына кіретін «Сарыбұлақ компаниясы» ЖШС жобасының жалпы құны 4 млрд. 500 мың теңге. Тұтастай алғанда, республикамызда өндірілетін құс етінің 30 пайызы, яғни 68 мың тоннасы Алматы облысының еншісіне тисе, соның ішінде 16 мың тоннаға жуық құс етін осы өндіріс орны келесі жылдан бастап өндіруді көздеп отыр. Бұл өндіріс орнының өзге құс фабрикаларынан артықшылығы
– бүгін іске қосылған ет бағытындағы зауыттың осыдан үш жыл бұрынғы жұмыртқа бағытын да дамытып, бір жылда 220 млн. дана жұмыртқа өндіретіндігі. Бүгінгі күнге дейін 167 миллион дана жұмыртқа өндіріп, мемлекеттен 504 млн. теңге субсидия алды. Ет бағытындағы жұмысын жүйелі түрде жүргізуге ұмтылған осынау жаңа өндіріс орнына Италия, Нидерланды, Германиядан арнайы сатып əкелінген құрал-жабдықтар орнатылып, іске қосылғаны көңілге қонымды. (Соңы 2-бетте).
ТМД-ға келесі жылғы төрағалығы Достастықты одан əрі нығайтуға жəне дамытуға септігін тигізеді деп үміттенетінін білдірді. Қырғызстаннан келген өкіл Жоомарт Оторбаев та Кеңес отырысында қаралатын барлық ұсыныстарды қолдайтынын мəлімдеді. Ұлы Жеңістің 70 жылдығын жоғары деңгейде өткізу, ТМД аумағында 2015 жылды Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің жылы деп жариялау жөніндегі ұсыныстар өте құптарлық. Бүгінде ТМД кеңістігінде көптеген интеграциялық бірлестіктер құрылды. Оларға ҰҚШҰ, ЕурАзЭҚ, Кеден одағы секілді ауқымды ұйымдарды жатқызуға болады. Біз бұл ұйымдардың жұмысын қолдаймыз. Бұл біздің елдеріміз экономикаларының дамуына ықпал етеді деп білеміз. Алдағы уақытта ТМД аумағында энергетика, көлік, жоғары технологиялар, əлеуметтік жəне гуманитарлық даму бағыттарында маңызды жобаларды қолға алып, тиімді бастамаларды көтеруіміз керек деп есептейміз, деді Ж.Оторбаев. Молдова Президенті Николаэ Тимофти Достастық елдері арасында бұған дейінгі орныққан достық пейілді жоғалтпай, ынтымақтастық тетігін одан əрі беріктендіруге мəн берілу керектігін атап өтті. Бұл орайда, біз кез келген келісімге қол жеткіземіз деп ойлаймын. Молдова бұл бағыттағы жұмыстарға мүдделі екенін атап көрсеткім келеді, деді Н.Тимофти өз сөзінде. (Соңы 2-бетте).
Индустриялыќ облыстаєы игілікті істер
Өзгеріс өлшемі – өндіріс
Премьер-Министр Серік Ахметовтің Алматы облысына сапары аграрлы сала жетістіктерін көруден басталды.
асыратын іс-шаралар жоспарын бекіттік. Бұл алдағы уақытта қай бағытта жұмыс істейтінімізді айқындау үшін керек. 2011 жылы қабылданған Еркін сауда аймағын құру туралы келісім бүгінде инфрақұрылымның дамуына, қажетті құжаттардың жүзеге асуына, елдердің болашақтағы көпжақты ықпалдастығын жандандыруға жағдай жасады. Біз 2014 жылды «ТМД-дағы Туризм жылы» деп жариялауға келістік. Бұл бағытта елдеріміз министрліктерінің қолға алуы мен тиісті бағдарламалар қабылданды. Бұл бағдарламалар біздің мемлекеттер арасындағы өзара ынтымақтастықты дамытуға серпін береді деп ойлаймыз. Мен «Достастық елдерінің мəдени астаналары» мемлекетаралық бағдарламасының маңызы өте зор деп есептеймін. Келер жылы «Достастықтың мəдени астанасы» атын Қазақстанның Алматы қаласы иеленеді. Біз бұл шараны жоғары деңгейде өткізу үшін əзірлік жұмыстарын жүргізетін боламыз, деді Н.Назарбаев. Қазақстан Президенті өзінің сөзінде ТМД аумағында 2015 жылды Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің жылы деп жариялау жөніндегі жəне ТМД аумағында Жеңістің 70 жылдығын тойлау жөніндегі ортақ іс-шараларды бірлесе өткізу туралы шешімдерді, сондай-ақ, Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арналған бірыңғай мерейтойлық наградаларды айқын дау туралы ұсыныстарды толықтай қуаттайтынын жеткізді. Себебі, біз əрдайым аға буын ардагерлеріміздің алдында борыштармыз, деді Қазақстан басшысы. Сондай-ақ, ол Украинаның
Кеше Астанадағы Орталық коммуникациялар қызметінде Қарағанды облысының əкімі Бауыржан Əбдішевтің республикалық бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен баспасөз мəслихаты болып өтті. Əдеттегідей оны ашып, жүргізген Орталық коммуникациялар қызметінің өкілі Алтай Əбибуллаев ең алдымен журналистерді бұл облыстың ерекшеліктерімен таныстырып өтті. Сұңғат ƏЛІПБАЙ,
«Егемен Қазақстан».
Қарағанды облысы – Қазақстан дағы алдыңғы қатарлы ірі индустриялық орталық. Өнеркəсіптік өндіріс тау-кен-металлургиялық кешеннің басым дамуымен ерекшеленеді. Тамақ,
фармацевтикалық жəне химиялық өнеркəсіп, жеңіл өнеркəсіп жəне құрылыс материалдарының индустриясы дамыған. Облыстың жер қойнауы сирек кездесетін металдарға бай: висмут, күміс, сүрме, титан, никель, кобальт, корунд, күшəла, олунит жəне басқалары. Облыс аумағында республикадағы
марганецтің 100 пайызы, мыстың – 36, вольфрамның – 80, молибденнің – 64, қорғасынның – 54, көмірдің 40тан астам пайызы (оның ішінде кокстелген көмірдің 100 пайыз қоры) шоғырланған. Облыс өнеркəсіп өнімінің 50 пайыздан астамы «Қазақмыс» корпорациясы жəне «АрселорМиттал Теміртау» компаниялары сияқты ірі жүйе құраушы кəсіпорындардың үлесіне тиесілі. (Соңы 4-бетте).
----------------------------------------------------Қарағанды облысына арналған айқарма бет материалдарын 4-5-беттерден оқисыздар.