АҚПАРАТТАР аєыны №261 (28200) 26 ҚАРАША СЕЙСЕНБІ 2013 ЖЫЛ
Елорда аясы шексіз емес
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы Ќазаќстан Республикасы Президентініѕ кейбір жарлыќтарына ґзгерістер мен толыќтырулар енгізу туралы
Қаулы етемін: 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін. 2. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ. Астана, Ақорда, 2013 жылғы 21 қараша. № 697
--------------------------------------------
(Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар 8-бетте жарияланып отыр).
Президент тапсырмасы қалай орындалуда?
Кемшілікке кеѕшілік жоќ Їкімет басшысы Елбасы тапсырмаларын орындауєа байланысты кейбір органдар жўмысын ќатаѕ сынєа алды
Өткен сенбіде Премьер-Министр Серік Ахметов Мемлекет басшысының Үкіметтің кеңейтілген отырысында берген тапсырмаларын орындау мəселесі жөнінде арнайы кеңес өткізді. Сұңғат ƏЛІПБАЙ,
«Егемен Қазақстан».
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Астанабасжоспар» ғылыми-зерттеу жобалау институтында» болды. Елбасы қазіргі уақытта белсенді көші-қон үдерісі есебінен елорда тұрғындары 900 мың адамға жақындап қалғанын атап өтті, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. – Бүгінгі күні елорданы ауқымды кеңейтіп, халқының санын 2-3 млн. тұрғынға жеткізу жобалары жоқ. Бұл үшін көп нəрсе – коммуникациялар, сумен жабдықтау жəне өзге де инфрақұрылымдар жеткіліксіз. Сондықтан бірнеше мəселені шешетін кез келді. Мысалы, қала сыртында жеке адамдар кезінде арзан бағамен сатып алған алаңдар əлі күнге дейін көп. Қазір олар ол жерлерді кейін құрылыс салу кезінде сатып жіберіп, мемлекет есебінен «жеңіл жолмен» ақша табу үшін ұстап отыр. Мен ол жерлерді қайтарып алып, мемлекеттік мақсаттарда пайдалану үшін тексеруді жалғастыруды прокуратураға арнайы тапсырамын. Біз олардың иелері кімдер екенін білетін боламыз
жəне дəрежесіне, лауазымына, кім екендігіне қарамастан, жер телімдері мемлекетке қайтарылатын болады, – деді Қазақстан Президенті. Мемлекет басшысы қала тұрғындарының əлеуметтік жағдайын одан əрі жақсарту жəне елорданың инфрақұрылымдарын дамыту шараларын қабылдау қажеттігіне тоқталды. – Кəсіпорындар, сондай-ақ, ұлттық компаниялар мектепке дейінгі мекемелер мен басқа да əлеуметтік маңызы бар нысандарды өздері тұрғыза алады. Бұл мəселені біз арнайы қарайтын боламыз. Бұдан бөлек, ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі қарсаңында алғашқы жылдары асығыс салынған үйлердің қасбетін жақсартуды жалғастыру қажет.
Елбасыныѕ апталыќ кестесі Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев 29 қарашада Астанада өтетін Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықара лық сти пен диясының 20 жыл дығына арналған форумға қатысады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.
Форум барысында Мемлекет басшысының сөз сөйлеуі, соның аясында халықаралық бағдарлама қызметінің қорытындыларын шығарып, «Қазақстан-2050» Стратегиясын іске асыру аясында ұлттың бəсекеге қабілеттілігін қалыптастырудың жаңа міндеттерін айқындау жоспарланған.
Комиссияныѕ кезекті отырысы
Кеше Ақордада Мемлекеттік хатшы Марат Тəжиннің төрағалығымен Ведомстволық наградалар жөніндегі геральдикалық комиссияның кезекті отырысы өтті, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі. Геральдикалық комиссияның қызметі мен атқарған жұмыстары туралы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Ə.Байменов есеп берді. Комиссия мүшелері Геральдикалық комиссияның 2014 жылға арналған жұмыс жоспарын талқылады. Жұмыс қорытындысында
ведомстволық наградалар жүйесінің нормативтік құқықтық базасын жетілдіруге, ведомстволық наградалармен марапаттау тəжірибесін жинақтауға, мемлекеттік органдар қызметін үйлестіруге, комиссияның хаттамалық шешімдерін орындау сапасын арттыруға бағытталған нақты тапсырмалар берілді.
Көңіл айту жеделхатын жолдады
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Латвия Республикасының Президенті Андрис Берзиньшке Рига қаласындағы «Maxima» сауда орталығы төбесінің құлап түсуі салдарынан көп адамның қаза болуына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі. Жеделхатта Мемлекет басшысының қайғылы жағдай туралы хабарды күйзеле отырып қабылдағаны атап өтілген. Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқының жəне жеке
өзінің атынан шын ниетпен көңіл айтып, қаза тапқандардың отбасылары мен туған-туыстарына, сондай-ақ, барша Латвия халқына қайғыларына ортақтастығын білдірген.
Сонымен қатар, жеңіл рельсті көлікті іске қосу арқылы көлік проблемаларын жəне жоғары жылдамдықтағы автобус бағдарлары үшін жолақтарға бөлу мəселесін дер кезінде шешкен жөн, – деді Нұрсұлтан Назарбаев. Сондай-ақ, Қазақстан Президенті адамдар елордаға келген бетте тұрғын үй, мектепке дейінгі мекемелерден орын жəне т.б. алуға бірден өтініш беріп жататынын, ондайда жағдайды қиындатпас үшін тұрғын үй беру кезегіне қою туралы мəселені қарастыру қажеттігін айтты. – Бұған дейін айтқанымдай, ондай мүмкіндіктер жоқ жəне біз елорда аясын шексіз кеңейте алмаймыз. Астана – еліміздің əкімшілік орталығы. Ол тұратындар үшін ықшам əрі жайлы, қолайлы болуға тиіс. Ол қалыпты даму үстінде. Біз салынатын құрылыстар перспективасын зерттеуді жалғастыруымыз жəне елордаға көшіп келгенде бірден пəтер немесе үй беріледі деп үміттендірмеуіміз керек. Барлық
осы проблемалық мəселенің толғағы жетті. Мен мұқият дайындалып, арнайы кеңес өткізуді тапсырамын, – деді Мемлекет басшысы. Бұған қоса, Нұрсұлтан Назар баев елорда маңында жəне қала ішінде «жасыл белдеу» аясын ұлғайту жұмыстарын жалғастыруды тапсырды. Астана қаласының əкімі Иманғали Тасмағамбетов Қазақстан Президентіне елорда архитектурасы мен қала құрылысы саласында жүргізіліп жатқан жұмыс жөнінде баяндап, қала құрылысы туралы жобалық ұсыныстарды қарауға ұсынды, сондай-ақ, қабылданған жобалардың іске асырылу барысы жайында хабардар етті. Соңынан Мемлекет басшысы қаралған мəселелер жөнінде тиісті мемлекеттік органдарға бірқатар нақты тапсырмалар берді.
----------------------------------------Суретті түсіргендер С.БОНДАРЕНКО, Б.ОТАРБАЕВ.
Айтулы шаралар
Кеше Орталық коммуникациялар қызметінің ресми өкілі Алтай Əбибуллаев дəстүрлі брифингте осы аптаның атаулы шараларымен таныстырды. Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан».
Осы аптаның басты оқиғасы – 1 желтоқсанда атап өтілетін Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің күні. Бұл атаулы күн 2012 жылдың 1 желтоқсанынан бастап жалпыұлт тық деңгейде атап өтіле бастады. Қазақстанның басты жетістіктері еліміздің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен тікелей
байланысты. Қазақстандағы Тұңғыш Президент күні – тарихи таңдау жасалған күн, халықтың бірлік жəне келісім күні. Жалпыұлттық Тұңғыш Президент күні аясында елімізде бірқатар маңызды шаралар ұйымдастырылады, деген А.Əбибуллаев, сондай-ақ, жоспарланып отырған əлеуметтіксаяси оқиғалармен де таныстырып өтті. (Соңы 2-бетте).
Кеңесте Президенттің сынескертпелерін орындауға қатысты қаржы-экономикалық мəсе лелердің үлкен блогы қа растырылды. Орталық атқару органдарының, ұлттық компанияның жетекшілерінің есептері тыңдалды. Мəселен, Өңірлік даму министрлігі мен Экономика жəне бюджеттік жоспарлау министрлігінің арасындағы өңірлік даму, мемлекеттік сатып алуларды жетілдіру, мем ле кет тік жəне салалық бағдарламаларды қаржыландыру мен оңтайландыруға қатысты өкі леттіктерді шектеу мəселесі талқыланды.
Экономика жəне бюджеттік даму министрі Ерболат Досаевтың хабарлағанындай, мемлекеттік жəне салалық бағдарламаларды кешенді бағалау жұмыстары жүргізіліп, оларды əзірлеудің сапасына талдау жасалынған. Соның нəтижесінде оларды оңтайландыру жəне жүзеге асыру тетіктерін сапалы тұрғыдан жетіл діру жөнінде ұсыныстар əзірленді. Премьер-Министр Орта лық атқару органдарының жетекші лерінің назарын неғұрлым тиімді жұмыс істеп жатқан бағдарламаларды айқындау қажеттігіне аударды. (Соңы 6-бетте).
Талдықорғаннан Алматыға əуе қатынасы іске қосылады. Бұл туралы айтқан Алматы облысының əкімі Аңсар Мұсаханов онымен «Жетісу» компаниясы айналысатынын жеткізді. Оның құрамында əзірге 4 ұшақ бар жəне ол облыс əкімдігінің балансында тұр. Шығыстың туристік əлеуетін тиімді жарнамалау қажет. Өскеменде өткен арнайы кеңесте осы мəселені көтерген облыс əкімі Бердібек Сапарбаев өңірде мұны жасауға толық мүмкіндік бар екенін айта келіп, тиісті құрылымдарға осыған байланысты нақты тапсырмалар берді. Оңтүстік Қазақстан облысының Бəйдібек ауданында 3 медициналық нысан ашылды. Соңғы үлгідегі меди циналық жабдықтармен жарақталған олар ауылдық округтер қарауындағы Ақтас, Жиенқұм жəне Ынтымақ атты шағын елді мекендерде пайда болды. Атырау облысында «Қыс-2013» жаттығуы аясында комиссия отырысы өтті. Онда республикалық оқужаттығуға дайындық мəселесі талқыланып, алда атқарылатын жұмыстар сараланды. Жамбыл облысында Хантау цемент зауытының проблемасы шешілді. Таяуда Елбасының сынына ұшыраған бұл нысан айналым қара жатының жоқтығы салдарынан тоқтап қалған еді. Қазір жоба бойынша жаңа инвестор табылды, ол өнім өндіруді 2014 жылдың бірінші жартысында бастағалы отыр. Павлодарда 30 белсенді жасқа облыс əкімінің білім гранты тапсырылды. Өңір басшысы Ерлан Арын мұны Қазақстан халқы Ассамблеясы жастар бірлестігінің белсенділе рімен кездесу барысында жүзеге асырды. Қызылордада ауыр атлет Алмас Өтешовке құрмет көрсетілді. Қала əкімі Нұрлыбек Нəлібаев «Сыр жастары – жасампаздық жаршысы» атты қала жастарының дəстүрлі форумында жақында əлем чемпионатының күміс жүлдегері болып қайтқан спортшыға арнайы сыйлық табыс етті. Еліміздегі облыстық жəне қалалық əкімдіктер сайттары материалдары бойынша дайындалды.
Ќолдау наќтылыќќа негізделуі тиіс
«Нұр Отан» партиясының Орталық аппаратында партиялық куратор сараптама тобының «Жастарды қолдау» бағыты бойынша отырысы болып өтті. Оған сараптама тобының мүшелері, Астана мен Алматы қалалық жəне облыстық мəслихаттар депутаттары, мемлекеттік органдардың, мемлекеттік емес жастар ұйымдарының өкілдері қатысты. бойынша партиялық кураторлар Асқар ТҰРАПБАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан». анықталған-ды. Сарапшы топ мүшелері алдында сөз алған Еңбек Отырысқа Мəжіліс депутаты жəне халықты əлеуметтік қорғау Мейрам Бегентаев жетекшілік жа- министрлігінің өкілі қазіргі таңда саса, сарапшы топтың мүшелері жұмыссыз жүргендердің 30 пақұрамында палата депутатта- йызын жастар құрайтындығына, ры Алдан Смайыл, Шалатай олардың мамандығы не біліктілігі Мырзахметов, Анатолий Пепенин немесе еңбек дағдысы жоқтығына жəне Серік Оспанов болды. Бұл назар аудартпаққа тырысты. ретте Елбасы, партия Төрағасы Алайда, топ мүшелері мұндай Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсыр- уəжбен келісе қойған жоқ. Олар масымен 2012 жылы «Қазақстан. бұл ретте еңбек нарығындағы 2017 мақсаттары. Ұлттық іс- мамандыққа сұраныстар мен қимыл жоспары» Сайлауалды білім беру саласының арасында тұғырнамасын сапалы жүзеге байланыстың əлі күнге орнамай асыру мақсатында «Нұр Отан» отырғанына қынжылыстарын п а р т и я с ы н ы ң ф р а к ц и я с ы жасырмады. Жастарды қорғай мүшелерінің сапынан Мəжілісте сөйлеген Шалатай Мырзахметов сайлауалды тұғырнама бағыттары қазіргі жастардың білімі де, өмірге
бейімділігі де бұрынғы кезеңмен салыстырғанда əлдеқайда жоғары екендігіне тоқталды. Бір ғана мысал ретінде, мемлекеттік қызметке орналасуда бір жылдық еңбек өтілі болуын талап ететіндігін алға тартқан ол, алдымен жас маманды бір жылдық еңбек тəжірибесінен өткізу тетігін қарастыру қажеттігін ерекше атады. Жастардың басындағы қиыншылықтарды сөз еткен Мəжіліс депутаты, сараптама тобының мүшесі Алдан Смайыл оларды шешу үшін республикалық дербес жастар агенттігі құрылуы қажеттігін жеткізді. «Министрліктің жанында отырған комитет өз бетімен бірнəрсе шеше алады деп ойламаймын. Ол вице-министрге де, жауапты хатшыға да, министрге де бағынышты. Қалай болғанда да, солардың ықпалында кетеді», деді А.Смайыл. (Соңы 2-бетте).