26112014

Page 1

24 саєат №231 (28454) 26 ҚАРАША СƏРСЕНБІ 2014 ЖЫЛ

ЌАЗАЌСТАН – БІЗ ЇШІН ЕЅ ЖАЌЫН ЕЛ Астанаєа ресми сапармен келген Ґзбекстан Президенті Ислам Кəрімов осылай деді

Лəйла ЕДІЛҚЫЗЫ,

«Егемен Қазақстан».

Кеше Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанға ресми сапармен келген Өзбекстан Президенті Ислам Кəрімовпен кездесті. Шағын құрамда өткен кездесуде екі мемлекеттің басшылары Нұрсұлтан Назарбаевтың 2013 жылы маусымда Өзбекстанға барған сапарында жасалған уағдаластықтардың жүзеге асырылу барысын талқылады. Сондай-ақ, саудаэкономикалық, су-энергетикалық, көлік жəне мəденигуманитарлық салалардағы екіжақты ынтымақтастықтың басымдығы бар бағыттары қаралды.

Бұған қоса, тараптар өңірлік қауіпсіздіктің негізгі қырлары мен өзекті халықаралық мəселелер туралы сөз қозғады. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев кездесу аясында Қазақстан мен Өзбекстанның тарихи жəне мəдени тұрғыдан жақын елдер екеніне тоқталып өтті. Көрші болғандықтан, біз тəуелсіздік жағдайында қарымқатынасымызды дұрыс құра білдік. Қазақстан Өзбекстанның барлық бастамаларын қолдайды. Біз екі елдің достығын нығайтуға, сауданы ұлғайтуға, өзара қарымқатынастарды ішкі жəне сыртқы қауіпсіздік мəселелері мен өзге де бағыттар бойынша дамытуға ниеттіміз. Біздің елдеріміз қазір осы

келіссөздерді жіті бақылап отыр, өйткені, бүкіл өңірдегі тұрақтылық пен даму Қазақстан мен Өзбекстанның ұстанымдарына, өзара жұмысына байланысты, деді Қазақстан басшысы. Ал Өзбекстан Президенті өз кезегінде бүгінде əлемдегі жағдай қар қын ды өзгеріп жатқанына тоқталды. Мұндай жағдайда əрбір ел өзіне таяныш іздейді, жоспарларын нақтылайды жəне таяу көршілеріне арқа сүйейді. Қазақстан – біз үшін ең жақын ел, ауыр сынақтар мен қуанышты күн дері ылғи да бізбен бірге болған жақын халық. Біз əрдайым бір-бірімізге көмекке келдік. Өркендеу жолына сенімді қадам басып бара жатқан Қазақ еліне зор құрметімді білдіргім келеді. Бізге «сағатымызды теңестіріп»,

Келісімніѕ ќазаќстандыќ їлгісіне жоєары баєа Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы ҚасымЖомарт Тоқаев Қазақстанға ресми сапармен келген Чех Республикасының Президенті Милош Земанмен кездесті, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі. Қ.Тоқаев мəртебелі мейманды Қазақстанға нəтижелі сапарымен құттықтады. Кездесу барысында Қазақстан мен Чехия қатынастарының ауқымды мəселелері жəне халықаралық саладағы өзекті тақырыптар жөнінде пікір алмасылды. Сенат Төрағасы парла мент аралық қаты нас тар дың қарқынды дамуына

қанағаттанғандық білдіріп, жүздесушіні Сенаттың заң шығару қызметі туралы хабардар етті. Чехия Президенті Қазақстан Парламентінде қаралып жатқан, біздің елімізбен ынтымақтасатын мемлекеттерге ресми көмек көрсетуге байланысты қатынастарды құқықтық рет теу ге арналған «Дамуға ресми көмек туралы» заң жобасына ықылас білдірді. Қ.Тоқаев Қазақстан дамудың жаңа сатысына өте отырып, көмек көрсетуді халықаралық ынтымақтастықтың маңыз ды бөлігі ретінде санайтынын атап өтті. «Шет мемлекеттермен ынтымақтастықты дамытуға Пре зидент Н.Назарбаевтың өзінің атсалысуы ықпалдастықты

үдетуге ықпал етеді», – деп атап өтті Сенат Төрағасы. Əлемдік жəне дəстүрлі діндер көшбасшылары съезі Хатшылығының басшысы ретінде Қ.Тоқаев М.Земанды 2015 жылға жоспарланған бесінші Съез ге əзірлік туралы хабардар етті. «Съезд діни көшбасшылар мен саяси қайраткерлердің бейбітшілік пен даму жолындағы үнқатысуына арналатын болады. Тараптардың бір-бірін тыңдауды үйренгені – ең маңызды мəселе», – деді Қ.Тоқаев. Чехия Президенті ұлтаралық жəне конфессияаралық бейбітшік пен келісім нің қазақстандық үлгісін жоғары бағалады.

Осыдан жарты жыл бұрын, нақты айтқанда 31 мамыр күнгі нөмірде біздің «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамының тəуелсіз директоры сэр Ричард Эванспен сұхбатымыз жарияланған еді. «Бəсекеге қабілетті болғымыз келсе, түбегейлі өзгеруге тиіспіз» деп аталған ол сұхбатта Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың «Самұрық-Қазына» Ұлттық əл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы басқармасының төрағасы Өмірзақ Шөкеевті қабылдауда акционерлік қоғамды трансформациялау, яғни өзгерту, қайта жаңарту бағдарламасын əзірлеуді тапсырғаны айтылып, ол жұмыстың алғашқы беттегі барысы əңгімеленген. Елбасымыз тапсырмасынан бері де жеті айдай уақыт өтіпті. Бұл кезеңде «Самұрық-Қазына» тарапынан трансформациялау тұрғысында қандай істер атқарылып үлгерді? Қандай шаруалар алда тұр? Қандай міндеттер шешімін күтуде? Акционерлік қоғам басқармасының төрағасы Өмірзақ ШӨКЕЕВПЕН сұхбатымыздың негізгі тақырыбы да осы. – «Қазақстан экономикасының ірі холдингтердің санатына кірелокомотиві саналатын, ел қазы- тін Ұлттық əл-ауқат қорының насының басым бөлігін басқарып ахуалына тікелей байланысты. отырған «Самұрық-Қазына» Ұлт- Бұл күндері еліміздегі 500-ге тық əл-ауқат қорындағы кез жуық түрлі саладағы кəсіпорынкелген өзгеріс қоғам тарапынан дардың басын біріктіріп отырүлкен қызығушылық тудырады. ған Қорда 300 мыңнан астам Себебі, халықтың əл-ауқатының адам жұмыс істейді» – бұл сөздер ж а қ с а р у ы , э к о н о м и к а л ы қ сізге таныс деп ойлаймын. Өйттұрақтылық пен даму əлемдегі ең кені, бұл сөздер сэр Ричард

Эванспен сіздің көмегіңіз арқылы ұйымдастырылып, «Егемен Қазақстанда» жарияланған сұхбаттан алынып отыр. Осы айтыл ған жайлар «Самұрық-Қазынаның» ел өмірінде алар орнын айшықты айғақтайды. Елбасы мыз дың ел экономикасын трансфор мациялауды «Самұрық-Қазынадан» бастауды тапсырып отырғаны да сондық тан. Жалпы, трансформациялау бағдарламасы не үшін керек? – Елбасымыз «Нұрлы Жол» Жолдауында Жаңа Экономикалық Саясат басталатынын жариялады. Мəнін түсінген адамға бұл тезистің мағынасы тереңде жатыр. Президент бұл саясат «біздің экономикамыздағы құрылымдық реформаларды жалғастыруға бағытталады» деп қадап көрсетті. «Дағдарыс жағдайларында, əлемдік тəжірибе көрсетіп отырғанындай, экономикалық саясатты қайта бағдарлаулар жүріп жатыр», деп те атап айтты.

отырған жоқ деп санаймын. Тауарлар номенклатурасының аясы тар екендігін ескере отырып, Үкіметаралық комиссия мен үкіметтеріміз сауда көлемін, тауар айналымын ұлғайту бағытында жұмыс істеуі керек, – деді Қазақстан басшысы. Н.Назарбаев, сондай-ақ, ЭКСПО-2017 халықаралық көрме сін өткізу мəселесіне орай, Өзбекстан Қазақстанның кандидатурасын қолдағаны үшін алғысын білдірді. Біз көрме кешенінің құрылысын салуға кірістік, ісшараны лайықты деңгейде өткізуге қажетті қаражат бөліп жатырмыз. Өзбекстан осы көрмеге қатысады деп үміттенеміз, ал біздің ел бұған қажетті жағдай жасауға əзір, деді Қазақстан Президенті. (Соңы 2-бетте).

Еліміздіѕ басты ќаржы ќўжаттары ќабылданды Кеше Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалық етуімен Парламент Сенатының отырысы болды. Отырысты аша келіп, Сенат Төрағасы Сенатта қаралып отырған заң жобаларының маңызды екеніне назар аударды. Асқар ТҰРАПБАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан».

Бұл құжаттар Мемлекет басшысының «Нұрлы Жол» Жаңа Экономикалық Саясатында белгіленген міндеттерді қаржылық тұрғыда қамтамасыз етуге бағытталған. «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2015-2017 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы» жəне

 Президент тапсырмасы қалай орындалуда?

ТРАНСФОРМАЦИЯЛАУ: ТЫЅ ТАЛАПТАР ТЎРЄЫСЫНАН

алдағы келешекті анықтау үшін жиі кездесіп отыру қажет, деді И.Кəрімов. Екіжақты кездесу Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Өзбекстан Президенті Ислам Кəрімовтің қатысуымен кеңейтілген құрамда жалғасты. Алғаш сөз алған Қазақстан Президенті Өзбекстан біздің еліміздің Орталық Азиядағы жетекші саудаэкономикалық серіктесі екенін айтты. Əлемдік экономикадағы жағымсыз үрдістерге жəне негізгі өнім түрлеріне бағаның төмендегеніне қарамастан, елдеріміздің арасындағы тауар айналымы өсіп келеді. Бұл көрсеткіш 2013 жылы 2 миллиард доллардан асты. Биылғы 9 айда да жақсы өсім байқалып отыр. Елдеріміз экономикалық əлеу етін толық пайдаланып

Қазір бүкіл əлем трансформа циялық жаңғыруды бастан кешіп жатыр деудің еш артықтығы жоқ. Қазақстан 2050 жылға қарай дамыған 30 елдің қатарына кіруді мақсат етіп отыр. Оған жету жолында атқарылуы тиіс кешенді шаралар жоспары «Қазақстан-2050» Стратегиясында кезең-кезеңімен анық жазылған. Осыған орай ел алдында тұрған маңызды міндеттердің бірі – мемлекетке құйылатын инвестиция көлемін ұлғайту мен еңбек өнімділігін арттыру. «Самұрық-Қазына» АҚ қолға алған трансформация бағдарламасын бүкіл ел экономикасына жасалып жатқан өте терең реформа деп түсінуге болады. Бұл реформа Қордың барлық салалардағы жұмысын қайтадан жандандыруды, құрылымын қарастырып, оңтайландыруды, жалпы алғанда біздің қызметкерлеріміздің деңгейін көтеруді көздейді. Өте қарапайым сөзбен айтар болсақ, трансформациялаудың мақсаты – біздің жұмыстың тиімділігін жоғарылату. Əлемде «СамұрықҚазынаға» ұқсас, əріптес компаниялар көп. Трансформациядағы ең басты мақсат осындай компаниялар мен қорлардың деңгейіне жету.

(Соңы 6-бетте).

«2015-2017 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заң жобаларын талқылауға Премьер-Министр К.Мəсімов, Үкі мет мүшелері, «Самұрық-Қазына» ұлттық əл-ауқат қоры» АҚ, «Бəйтерек» ұлттық басқару холдингі» АҚ, «Астана ЭКСПО-2017» АҚ, «ҚазАгро» АҚ басшылары қатысып, депутаттардың сауалдарына жауап берді. (Соңы 2-бетте).

Оймақтай ой

 Полицейлер АҚШтың Фергюсон қаласындағы тəртіпсіздіктер барысында 80нен астам наразылық білдірушілерді қамауға алды. Оларға ұр лықпен айналысты, өрт қойды жəне заңсыз жаппай акция ларға қатысты деген айыптар тағылған. Аталған қаладағы тəртіпсіздіктерге үстіміздегі жылдың тамызында 18 жасар қара нəсілді жасөспірімді атып өлтірген полиция қызметкерінің ақтап алынуы себеп болды.  Рим Папасы Франциск Еуропаның біртұтас жəне əділетті миграциялық заңнама қабылдауы тиіс екенін атап көрсетті. Ол бұл пікірін Еуропарламентте айтты. Оның сөзіне қарағанда, мыңдаған мигранттар жəрдемге мұқтаж. Сондай-ақ, Рим Папасы Еуропа елдері кəрі құрлыққа Африкадан жүзіп келетіндер үшін көмек қолын созуы тиіс екенін атап көрсетті. «Біз Жерорта теңізін үлкен зиратқа айналдыруға жол бермеуге тиіспіз», деді Франциск.  Солтүстік Корея көсемі Ким Чен Ын Корея соғысы кезінде америкалықтардың қатыгездігін көрсететін С инчхон окр угіндегі музейде болды. «Америкалық империалистік басқыншылар жасаған қан-қасап елге зор қасірет əкелді. Олар қантөгістен қанағат алатын каннибалдар», деп мəлімдеді КХДР көсемі. 1950-1953 жылдар аралығындағы Ко рея соғысына Солтүстік жəне Оңтүстік Кореямен қатар, АҚШ, ҚХР жəне КСРО тікелей қатысқаны белгілі.  Американың Огайо штатындағы Кливленд қаласында полиция атқан оқтан 12 жасар жасөспірім қаза тапты. Полициядағылардың хабарлауынша, құқық қорғау органдарына саябақта қолында тапаншасы бар бозбала жүргені туралы ақпар түседі. Олар сол орынға келген кезде, шынында да, қолында тапаншаға ұқсас бірдеңесі бар жасөспірімді көреді. Полицейлер балаға қолыңды көтер деген бұйрық береді. Ол бұйрыққа бағынудан бас тартып, қолын қойнына апара берген кезде офицерлердің бірі жасөспірімнің ішін көздеп оқ жұмсайды.  Ауғанстан тұрғыны ұлының қазасы үшін кек қайтару мақсатында «Талибан» қозғалысының кем дегенде 25 жауынгерін жер жастандырған. Əйелдің ұлы полиция отрядында қызмет етеді екен. Ал оны елдің батысындағы Фарах провинциясында орналасқан өткізу-тексеру бекетінде содырлар анасының көзінше атып өлтіреді. Ауғанстан ішкі істер министрлігінің өкілі Седик Седиккидің атап өтуінше, аталған əйел ұйымдастырған науқан жұртшылықтың «Талибанға» қарсы бас көтеруінің символы болып табылады.  Португалия соты елдің бұрынғы премьер-министрі Жозе Сократешті коррупциялық қылмыс жасады деген күдікпен қамауға жіберді. Судьяның сөзіне қарағанда, құқық қорғау органдары жинақтаған айғақтар бұрынғы үкімет басшысын алдын ала қамауға алу туралы шешім шығаруға толықтай жеткілікті. Ал Сократештің өзі болса, айып таулардан үзілдікесілді бас тартып отыр жəне өзінің сүттен ақ, судан таза екенін дəлелдеп шықпақ. Ақпарат агенттіктері материалдарының негізінде əзірленді.

Бүгінгі нөмірде:

Халық жетім болмайды – басшы болса данасы. Сырым ДАТҰЛЫ.

Герольд БЕЛЬГЕР:

Кемел дінніѕ келешегі 8-бет «Гїлдердіѕ» бəйшешегі 15-бет

Атаєа тартып ўл туса... 9-бет

«МЕН ҚАЗАҚ Ендігі їміт – ХАЛҚЫНА Тїркі академиясында РИЗАМЫН» 13-бет

11-бет


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.