26122013

Page 1

Бїгінгі нґмірде:

№282 (28221) 26 ЖЕЛТОҚСАН БЕЙСЕНБІ 2013 ЖЫЛ

Ескі жылдаєы соѕєы отырыс

● Өңір өмірі

Керек кешен

Мəжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулиннің жетекшілігімен палатаның осы жылдағы соңғы жалпы отырысы болып өтті. Бұл жолы депутаттар атқарушылық іс жүргізуді жетілдіру, екінші деңгейдегі банктерді одан əрі дамыту, əуе шабуылына қарсы қорғаныс жəне жол жүрісі мəселелеріне қатысты заң жобаларын талқыға салды.

Соколов-Сарыбай кен өндіру бірлестігіндегі Қызылжар кенішінде жақында əк күйдіретін кешен іске қосылды. Бұл кешеннің іске қосылуы осы арадан əк тастың өндірілуіне тікелей байланысты. Əк тасты алдымен қиыршықтап, одан кейін күйдіреді. Пайдалы кенді ұқсатып жүрген бұрынғы жабдық ескірді, оны жаңартуды уақыт талап етті. Сондықтан əк өндіруді жақсарту үшін облыстың индустрияландыру картасына енген жаңа жобаны жүзеге асыру керек болды. Əк күйдіретін екі пештің құрылысы 2011 жылы басталған болатын. Нəзира ЖƏРІМБЕТОВА, «Егемен Қазақстан».

– Қазіргі пештердің бұрынғылардан басты айырмашылығы бар, олар көмірмен емес, газбен жұмыс істейді. Бұл əктің өте сапалы өндірілуіне ықпал етеді. Сапа – кен өндіру бірлестігі үшін басым бағыт. Сондықтан жаңа жобаның біздің бөлімше үшін маңыздылығы да осында жатыр, – дейді Қызылжар кенішінің бастығы Валерий Клишин. Əк тек Соколов-Сарыбай кен өндіру бірлестігінің өндірістік қажетін өтеп қана қоймайды, ол жалпы облыс өңірінің тұтынушылары үшін шығарылады. Əр пеш тəулігіне 50 тонна əк күйдіре алады, ал жылдық көрсеткіш 30 мың тоннаны құрайды. Құны 1 миллиард теңгеден астам жоба арқасында əк

Ол не бїк, не шік болуы керек

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы тұрғындардың қалыпты өмірін қамтамасыз ететін əлеуметтік маңызы зор, мемлекет үшін өте жауапты салалардың бірі болып саналады. Еліміздің осы бір күрделі салада соңғы жылдары жүргізген реформалары ешбір тиімділік бермей отыр. Оған көпқабатты үйлердің тағдыры тапсырылған пəтер иелері кооперативтерінің (КСК) жұмысындағы белең алған берекесіздік те кесірін тигізуде. «Егемен Қазақстан».

Ортаќ меншік – иесіз мїлік

Жабайы капитализмнің «жыртық» кемесіне жармасқан сонау бір тоқсаныншы жылдардың бізге əкелген жаңалығының бірі – пəтер иелерінің кооперативі (ПИК) еді. Социализмдегі халықтың ортақ игілігі – мемлекеттік меншікті жаппай жекешелендіру желеуімен талантаражға салып, билік басындағы «реформаторлар» «түйені түгімен, биені жүгімен» жұтып жатқан кезде, тұрғын үй қоры, яғни мемлекеттік меншіктегі мың даған көппəтерлі үйлер иесіз қал ды. Кеңес дəуірінен мұраға қал ған мол байлықты су тегін жамбасқа басып, мұрты майланған жаңа кəсіпкер-бизнесмендердің ешқайсысы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығына көз алартпады. Ал шығыны шашетектен келетін көпқабатты тұрғын үй қо рын мемлекеттік меншікке қалдырса, əлеуметтік төңкерістің қоламтасы қаланбақ. Үкімет бұл тығырықтың да оңай жолын тапты. Кеңес өкіметінен мұраға қалған көпқабатты тұрғын үй қорын бүкіл коммуналдық жүйесімен бірге тұрғындардың мойнына арта салды. Кезінде шетелге қашқан Қажыгелдин үкіметі тұрғын үй купондарын ойлап тауып, көпқабатты үйлердің пəтерлерін жекешелендірді де жіберді. Кеңес дəуірінде көпқабатты тұрғын үй қорын иелігінде ұстап, бүкіл инженерлік-коммуналдық қызметін қамтамасыз ететін «үй басқармалары» (домоуправление) болатын. Мəселен, бүгінде мыңға жуық ПИК-тер (КСК) дұрыс қызмет көрсете алмай отырған Алматының бүкіл тұрғын үй қорын 56 үй

«Егемен Қазақстан».

Биылғы жылдың жұмысын қо рытындылай келіп, спикер 2014 жылы Елбасының «Қазақстан-2050» Стратегиясын жүзеге асыруды заңнамалық қамтамасыз етуге баса назар аударылатындығын атап өтті. Жалпы, 5-ші шақырылымның үшінші сессиясы барысында 16 жалпы отырыс өтіп, 41 заң жобасы мақұлданыпты. Соның 20-сы еліміздің басқа мемлекеттермен жəне халықаралық ұйымдармен халықаралық шарттарды жəне келісімдерді ратификациялауға қатысты екен. Ал үшінші сессия басталған төрт ай ішінде Елбасы 19 заңға қол қойыпты. Мəжіліс депутаттары 2012 жылдың қаңтар айынан бері, 175 заң жобасын мақұлдаса, оның 153іне Президенттің қолы қойылған. Депутаттар 21 заң жобасына бастамашы болса, бұл өткен жылмен салыстырғанда 2 есеге көп дегенді

Қостанай облысы, Рудный қаласы.

ПИК – кїрмеуі кїрделі кооператив

Жылқыбай ЖАҒЫПАРҰЛЫ,

Асқар ТҰРАПБАЙҰЛЫ,

күйдіру кешенінде қосымша тағы да 50 жұмыс орны ашылды. – Соколов-Сарыбай кен өндіру бірлестігі экономикалық жаңғырту мəселелерінде шешімді қадамдар жасап отыр. Тек Рудный қаласы ғана емес, тұтас Қостанай облысының экономикалық игілігі еліміздегі кен өндіру саласының ірі кəсіпорнындағы жұмыстың ырғақтылығына байланысты екенін біз жақсы түсінеміз, – дейді «Соколов-Сарыбай кен өндіру бірлестігі» акционерлік қоғамының президенті Мұхамеджан Тұрдахунов. Құрылыс қарқын алған қазіргі уақытта əк еліміздің қай шалғайында болсын қажеттілігі мол тауар. Оның сыртқы нарықта да сұранымына ешкім шек келтірмейді.

● Үкімет назарына

басқармасы тап-тұйнақтай ұстайтын. Кеңестік кезеңнің үй басқармаларында білікті мамандар, мықты материал дықтехникалық база болатын. Жекешелендіру желеуімен үй басқармаларының жылдар бойы жинаған техникалары, құралжабдықтары, кеңсе-қоймалары «көлденең көкаттылардың» қалтасында кетті. Өйткені, бұл үй басқармаларының басшылары мен инженерлері түгелдей дерлік тоқсаныншы жылдардың «өтпелі кезеңінде» шекара асқан басқа ұлттың өкілдері еді. Осы жерде айта кететін тағы бір мəселе, еліміздегі көпқабатты тұрғын үй қорын жаппай жекешелендіруден мол пайда тапқан да қарапайым қазақтар емес. Естеріңізде болса, кеңес заманында қалаларымыз дағы көпқабатты тұрғын үйде тұратындардың 80 пайызы өзге ұлт өкілдері болатын. Жас тəуелсіз мемлекетіміздің бұғанасы бекімеген өліара кезеңде олардың көпшілігі тарихи отандарына жаппай қоныс аударып, көпқабатты үйлердегі жекешелендірілген пəтерлерін жергілікті тұрғындарға сатып кетті. Қош. Сөйтіп, жүз мыңдаған қазақстандықтар Қажыгелдин үкіметінің тұрғын үй қоры саласында жасаған реформаларының нəтижесінде бір сəтте меншік иелері болып шыға келді. Көпқабатты тұрғын үйлердің ортақ инженерлік-коммуналдық жүйелеріне тəуелді бұл жеке меншік пəтерлерді қалыпты жағдайда ұстау проблемалары туындады. Шаңырағы ортасына түскен үй басқармаларының орнын басатын құрылым қажет болды. «Суға кеткен тал қармайдының» керімен қалалардағы мыңдаған жеке меншік пəтер иелері жаңадан құрыла бастаған кооперативтерге – ПИК-терге жармасты.

(Соңы 4-бетте).

Басымдыєы бар мамандыќтар тізбесі бекітілді

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Марат Тəжиннің төрағалығымен Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның отырысы өтті, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.

Отырысты ашқан Мемлекеттік хатшы Комиссияның 2013 жылғы жұмысының жалпы қорытындыларына тоқталып, оның «Қазақстан 2050» Стратегиясында белгіленген міндеттерді табысты іске асыруға қажетті мамандарды іріктеу мен даярлауға бағытталғанын атап өтті. Комиссия мүшелері Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясын алдын ала конкурстық іріктеуден өткен үміткерлерге беру жөніндегі мəселені қарады. Отырыста Комиссия 2014 жылы басшылыққа алатын Басымдығы бар мамандықтар тізбесі бекітілді,

 Жазылым – 2014  Жеделхат

«Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ президенті С.Абдрахмановқа Еліміздің бас газеті – «Егемен Қазақстан» отандық білім мен ғылым дамуының насихатталуына үлкен үлес қосып келеді. Білікті маман даярлау жұмысына, ғылыми жаңалықтарға, қазақстандық білім беру ісінің бəсекеге қабілетті болуына əрқашан ақпараттық қолдау көрсетіп, халықты күнделікті жаңалықпен хабардар ететін басылым. Газеттің əрбір жаңа саны əрқашан қолымызда. Əл-Фараби атындағы ҚазҰУ қызметкерлері, студенттері еліміздегі қоғамдық, саяси өзгерістерді, жаңалықтарды осы газет арқылы оқып, біледі. ҚазҰУ ұжымы газет редакциясымен тығыз қарым-қатынас орнатқан. Ғалым, профессорларымыз газет арқылы өз ойларымен, шығармашылықтарымен бөлісіп, пікір алаңына айналған «Егемен Қазақстанмен» үнемі байланыста. Университетіміз биыл да жылдағыдай газеттің 500 данасына жазылып отыр. «Егемен Қазақстан» газетінің ұжымына шығармашылық табыс, сарқылмас шабыт, қызықты да көкейкесті материалдар көп болсын деп тілейміз. Ғалымқайыр МҰТАНОВ, Əл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры.

* * * Байзақ ауданының тұрғындары бүгінге дейін 2000 данаға жуық «Егемен Қазақстан» газетіне жазылды. Елдің амандығы мен тыныштығы, халықтың бақыты мен берекесі жайлы үзбей ой толғайтын ақылман газетіміздің ұжымына келесі жылы да мықты денсаулық, табысты шығармашылық тілеймін. Мұратхан ШҮКЕЕВ, Байзақ ауданының əкімі.

Жамбыл облысы.

Наќты нəтиже, ілкімді іс 2-бет Тїгел тарих тірнектеп тїзіледі 5-бет Ќауіп ќайдан? «Əл-Каидадан»... 6-бет Информатика 8-бет

сондай-ақ, келесі жылы бөлінетін стипендиялардың жалпы саны 1100 болып белгіленді. 2014 жылғы басым мамандықтар тізбесі академиялық білім беруге арналған 99 мамандықты қамтиды. Оның 35-і медициналық, 35-і техникалық, 29-ы гуманитарлық мамандықтар. Бұған қоса, Тізбеге ғылымипедагогикалық, инженерлік-техникалық жəне медицина мамандарының тағылымдамадан өтуіне арналған 178 мамандық енеді. Сонымен бірге, стипендиядан айыру жəне Комиссияға келіп түскен өтініштерді қарауға қатысты мəселелер талқыланды.

білдіреді. Сондай-ақ, палата Төрағасы əріптестерін келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен құттықтап, алда «Қазақстан-2050» Стра тегиясын жүзеге асыруға қатысты ауқымды заңдық жұмыстарды қолға алу міндеті тұрғанын атап көрсетті. Ал қаралған құжаттарға келсек, Мəжіліс депутаттары Сенаттан кейбір өзгерістерімен қайтарылған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне атқарушылық іс жүргізуді жетілдіру мəселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын қолдады. Бұдан кейін қаралған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қайта құрылымдауды жүзеге асырған екінші деңгейдегі банктерді одан əрі дамыту мəселесі бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы да мақұлданды. (Соңы 2-бетте).

Тауар сапасын аныќтауєа не кедергі?

Кеше Үкімет басшысы Серік Ахметовтің қатысуымен өткен алқалы жиында осы сауал төңірегіндегі мəселелер талқыланды. Индустрия жəне жаңа технологиялар министрлігінің Техникалық реттеу жəне метрология комитетінің Эталон орталығында болған аталмыш жиынға орталық мемлекеттік органдар, ұлттық компаниялар, салалық қауымдастықтар басшылары жəне басқа да жауапты тұлғалар қатысты. Онда еліміздің техникалық реттеу жəне метрология жүйесін жетілдіру шаралары сөз болды. Динара БІТІКОВА,

«Егемен Қазақстан».

Елбасы «Қазақстан-2050» Стратегиясында қалыптасқан мемлекеттің жаңа экономикалық саясатының басым міндеті ретін де ең жаңа технологиялық

стандарттарға сəйкес өндірістік активтерді жаңарту қажеттігі мен ең бəсекеге қабілетті салаларда отандық өндіріс үшін жаңа нарықтық ортаны қалыптастыру стратегиясын əзірлеуді айтқан болатын. (Соңы 2-бетте).

Бір мїшелдіѕ белесі

Еуразиялық тарихи ресурстар корпорациясы (ENRC) мен «Егемен Қазақстан» газетінің төрт жылдан бері өткізіп келе жатқан республикалық «Алтын қалам» шығармашылық байқауының қорытындысын хабарлаған кешегі газет мақаласында («Өндіріс жайында өндірте жазғандар») рəсім соңында редакция жетекшісінің ENRC басшылығына «Етжеңді «Егемен Қазақстан» – 2012» кітабын шығаруға демеушілік жасағаны үшін алғыс білдіргені айтылған еді. Біз бүгін «етжеңді» материалдарынан құрастырылған жаңа жинақтың алғысөзін жұртшылық назарына ұсынамыз. Қадірменді оқырман, міне, қолыңызға «етжеңді» «Егемен Қазақстанның» он екінші кітабы тиіп отыр. Сонымен, «етжеңді» алғашқы мүшеліне толды. Өткен жылғы осындай кітапқа алғысөзімізде бүгінде 10, 12 беттік нөмірлер күнделікті қалыпты жайға айналғанын, 16 беттік нөмірлер апта құрғатпай шығып тұратын дағды қалыптасқанын айта келіп, соның өзінде де оқырман «етжеңді» нөмірлерді алғашқы бетінен-ақ жазбай таниды деген едік. «Егемен Қазақстан» қашанда елдің ойын жеткізеді, елдіктің сөзін айтады. Өйткені, редакция ұжымының өзінде елдік мінез бар. Осы кітапта жарияланып отырған естелікте кезінде газетте жұмыс істеген атақты ақын Хамит Ерғалиев: «Қоршаған ортаның қадір-қасиетін айтсаңшы!.. Жалпы бар ғой, осындай іскер, принципшіл, жұмыс бабында тартысып жатса да татулығын бұзбайтын, өзара сыйластығы мол коллективті мен бұған дейін де, бұдан кейін де көрген емеспін. Өзім жұмыс істеген аттай бес жыл ішінде арыздасу, тіктесу, жіктесу дегендердің ұшығын да көргем жоқ. Əлі күнге шейін бұның əр адамын еске алу менің жанымды

жадыратады», деп еске алады. Бұл біздің де ойымыз. «Етжеңді» нөмірлердегі ма териалдар оқырманның ой көкжиегін кеңейтеді деу аздық етеді. Ол материалдар бүгінде қо ғамдық ойға қуатты қозғау салып та отыр. Бір ғана мысал келтірумен шектелейік. Жамбыл жерінде, əсіресе, Жуалы жағында Батырбек датқа есімін білмейтін адам кем де кем. Біздің аталарымыз Қазығұртқа Жуалыдан көшіп келген. Менің жалғыз ағам Батырбектің есімін көкем ұлым сол кісідей болсын деп қойған екен. Кейін менің есімімді батырдың сауытына жарасын деп ырымдапты. Қойылуын солай қойылғанмен, мен өз басым ағамның аты Батырбек датқаның есімімен атастырылғанын көп айта бермейтінмін. Батыр болсын деген ғой деумен шектелетінмін. Өйткені, ел аузында Байзақ датқаны Батырбек датқа ұстатқан екен деген сөз де жүретін. «Біз бір жарым ғасыр бойы, яғни алты ұрпақ алмасқанға дейін Байзақ датқаны Батырбек датқа қоқандықтарға ұстап берген деген генерал Черняев тарат қан жалған сыбысқа алданып келдік», деп жазады осы

жинақтағы «Батырбек датқа» атты мақаласында Мекемтас Мырзахметұлы. Иə, сөйтсек, сол сойқан сөз де отаршылдықтың санаға салып кеткен бір сұмдығы екен. Шындық тіпті басқаша екен. Генерал Черняевтің соғыс министріне жазған рапортындағы: «Байзақтың өлімін өз мақсатыма пайдаландым, оның өліміне Сапақ, Шоқай, Батырбек датқалар кінəлі, өздері бірге келіссөзге бармады, Байзақты жалғыз жіберді деп жергілікті сенімді адамдар арқылы сыбыс тараттым. Бұл құпия əрекетім өз жемісін беріп жатыр. Қазір маған келіп жатқан астыртын мəліметтер бойынша, Байзақтың кейбір туыстары басқа датқалардың туыстарымен араз болуда» деген сөздер Ташкенттегі архивтен табылғалы, «Егемен Қазақстанда» жарияланғалы бері бəрі орынорнына келді. Жарықтық Баукең: «Аспанда құдай, жерде архив бар» дегенде осыны айтқан екен. Батырбек датқа, тіпті Шоқанды райынан қайтарған адам екен. Оған жаңағы Черняевтің басқа бір рапортындағы Шоқан туралы жазған: «...ол маған ренжіп, экспедициядан кетіп қалған. Ротмистрдің маған ренжіп кетуіне, естуімше, Батырбек датқаның тікелей қатысы бар, себебі, екеуі оңаша кездескен, ротмистрді ол жат дінділерге көмектесіп жүрсің деп кінəлаған, өз халқыңа қарсы соғысып жүрсің деп айыптаған көрінеді. Оларға шыдамаған ротмистр Ш.Уəлиханов экспедициядан кетті», деген сөздері дəлел. Кейінгі кезде Батырбек датқаның аты қайтадан лайықты ардақталып, елім деп еңіреп өткен ерге туған жерінде ескерткіш қою

жұмысы да қолға алынып жатыр. Бұл да біздің бір еңбегіміз. Айта берсе, «етжеңді» нөмірлер материалдары арқылы ашылар ақиқат, алар тағылым толып жатыр. Тек «Егеменнің» төл қаламгерлерінің жазғандарын алсақ та, Сұңғат Əліпбайдың, Қайсар Əлімнің, Қорғанбек Аманжолдың, Анар Төлеуханқызының, Жақсыбай Самраттың, Нəзира Жəрімбетованың, Ержан Байтілестің, Фарида Бықайдың, Көсемəлі Сəт тібайұлының, Гүлзейнеп Сəдірқызының, Жанат Елшібектің мақала, сұхбаттарынан алар тағылым көп. Атына Алаш жұрты қанық басқа авторлардың мақалаларынан да талай тың тұжырымдар, елең еткізер деректер таба аласыз. Қысқасы, бұл жолы да сізді кезінде көңіліңізден шыққан жақсы жарияланымдармен қайта жүздесу қуанышы күтіп тұр, ардақты ағайын. Сауытбек АБДРАХМАНОВ, «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» акционерлік қоғамының президенті.


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.