СІЗ не дейсіз? Жер алдыѕ ба, пайдалан!.. Елбасы еліміздің өңірлеріндегі ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді тиімді пайдалануға, пайдаланылмай бос жатқан жерлерді түгендеуге орай бірқатар тапсырмалар бергені белгілі. Біздің облыста осы тапсырмаға орай 2011 жылдан бастап ауыл шаруашылығы жерлеріне түгендеу жүргізілді. Осындай мақсат нəтижесінде өңіріміз де жалпы көлемі 686,8 мың гектарды құрайтын 1752 жер бөліктерінің пайдаланылмағаны анықталды. Ал бұл күндері облыс аумағындағы ауылшаруашылық мақсатын дағы жерлерді тиім ді пайдалануға байланыс ты жұмыстар қалай жалғасын табуда, қанша тексеру жұмыстары жүргізілді, нəтижелері қандай, заң бұзушылықтар азайды ма, жоқ па, мемлекетке қайтарылған жерлер бар ма деген сұрақтар туындайды. «Егемен Қазақстанның» Павлодар облысындағы тілшісі Фарида Бықай облыстық аумақтық жер инспекциясының бастығы Асылбек Сəрсекеевке: – Сіз бұған не дейсіз? – Əрине, бар. Ал жоғарыда өзіңіз мəлімет келтірген 686,8 мың гектар жердің 683,1 мың гектары ауыл шаруашылығы алқаптары болып табылады. Бұлардың ішінде 135,2 мың гектар болатын 383 жер учаскесінің иелері жоқ. Аумақтық жер инспекциясы 179 ауылшаруашылық мақсаттағы жерлерге (жалпы көлемі 124,405 мың гектар) жоспардан тыс тексеру жұмыстарын жүргізді. Нəтижесінде, 117 жер учаскесі (77,257 мың гектар) айналымға қайта енгізілді. 62 жер телімін (көлемі 47,148 мың гектар) мəжбүрлеп қайтару бойынша сотқа арыздар берілді. Біз еліміздегі жер заңнамасы талаптарын орындау үшін өткен жылы жер қатынастары мекемелерінде 965 тексеру жұмысын жүргіздік. Яғни, 577 заң бұзушылық оқиғасы анықталды (55,2 мың гектар). 122 əкімшілік іс қозғалып, жерді жеке тұрғын үй құрылысына пайдалану туралы 455 ескерту жасалды. Жер заңнамасы талаптарын бұзуға қатысты 8,4 миллион теңгенің 108 əкімшілік айыппұлы салынды. Соның бірі, мемлекеттік жерді өз бетінше иеленіп алғаны үшін «Пик-Тайм» ЖШС-іне қатысты «Əкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодекстің 118-бабымен жалпы сомасы 400 мың теңгеден аса айыппұл түрінде үш мəрте əкімшілік жауапкершілікке тартылды. Өңірімізде анықталған заң бұзушылықтар сараптамасына орай ауыл шаруашылығына тиесілі жерлердің 42 пайызы қолданылмайды деген қорытынды жасалды. Осылайша, биыл ауыл шаруашылығы мақсатындағы 36 898 гектар жердің тиімді пайдаланылмайтыны анықталды. Нəтижесінде, кінəлілер 3 миллион теңгеден астам айыппұл түрінде əкімшілік жауапкершілікке тартылды. Жер пайдалануға қатысты заң бұзушылықтардың анықталуына байланысты ауыл шаруашылығы жерлерін мақсатты пайдалану қажеттігі туралы жазбаша ескертулер жасалды. Бұл ескертулер бір жылдың ішінде орындалмаса, айналымға енгізілмеген жерлердің тағдыры сот арқылы шешілетін болады. Павлодар облысы.
№76 (28015) 27 АҚПАН СƏРСЕНБІ 2013 ЖЫЛ
Өңір өмірі
ЕЛБАСЫ МЕКТЕБІ есігін айќара ашты
Арааєайындыќта жїрген «алтылыќ» ќиын тїйінді тарќатуєа тырысуда Айнаш ЕСАЛИ,
«Егемен Қазақстан».
Жылан жылы жақсы жаңалықтармен басталды. Күні кеше ғана «Батыс-1» шағын ауданында 600 орындық орта мектеп пайдалануға берілген болатын-ды. Енді, міне, араға апта салып облыс орталығығында тағы бір жағымды жаңалық болды. Ақтөбе қаласындағы «Батыс-2» шағын ауданында физика-математика бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебі шəкірттерге өз есігін айқара ашты. Бұл – Мемлекет басшысының бастамасымен ашылғалы отырған республикамыздағы оныншы зияткерлік мектеп. Сатыбалды СƏУІРБАЙ, «Егемен Қазақстан».
Жаңа мектептің тұсаукесерінде сөз алған облыс əкімі Архимед Мұхамбетов еліміздің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстанның тұрақты дамуының маңызды факторы ретінде білім беруге айрықша көңіл бөліп, адами капиталдың мүмкіндігін ашуға басымдылық беріп келе жатқанын атап өтті. Елбасының Қазақстанның жарқын болашағының кепілі білімді ұрпақ екенін ұдайы айтып келе жатқанын жеткізді. Бүгін осы білім ордасына қабылданған талантты да талапты балалардың осы зияткерлік мектепте оқып, терең білім алып, жоғары білікті маман болып шығып еліміздің ертеңіне қызмет етуі қажеттігін тілге тиек етті. «Назарбаев зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының басқарма төрайымы
Оймақтай ой Ойыңдағы болмаса, орайы келетінді ғана ойла. Соломон ГАБРИОЛ.
Күлəш Шəмшидинова зияткерлік мектебінің негізгі екі басты мақсатына тоқталды. Оның біріншісі – талантты да талапты балалардың терең білім алуын қамтамасыз ету болса, екіншісі білім берудің отандық жəне шетелдік тəжірибелерін ұштастыра отырып, өзге білім ошақтарындағы білім беру деңгейін анағұрлым көтеру болмақ. Ата-аналар атынан сөйлеген Ғайнижамал Саттарова Елбасының осындай əкелік қамқорлығына сай балалардың үздік оқуларына тілектестігін білдірді. Білім ордасы ның құрылысын жүргізген «Еурострой-А» ЖШС директоры Ризабек Өтегенов мектеп директоры Сəуле Өмірбековаға символдық кілтті тапсырып, өздеріне осындай маңызды да үлкен ғимаратты салуға сенім артқан облыс басшылығына ризашылығын білдірді. Шараға жиналған қауым оқушыларды зияткерлік мектеп шəкірттері қатарына қабылдау рəсімінің куəгері болады. Сондай-ақ, «жүзден жүйрік» шығып, осында ұстаздық етуге қабылданған ұстаздардың ант қабылдауы да жиналғандарды жылы əсерге бөледі. Ақтөбе қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебі 720 адамға ар налған, 120 орындық жатақханасы бар. Мектеп
ғимаратында 59 кабинет, зертханалар, педагогикалық жəне ақпараттық технологияларды интеграциялау орталығы, жеке сабақ беру жəне психологиялық бейімдеу кабинеттері, 360 орындық асхана, екі спорт жəне акт залы, қысқы бақ орналасқан. Мектептегі жаңа құрылғылар, био жəне нанотехнологиялық зертханалар, 159-дан астам компьютер мен 660 ноутбук, 60 интерактивті тақта – бəрі оқушылар игілігіне қызмет етеді. Мектеп аумағындағы 5400 шаршы метрлік футбол алаңы, теннис жəне хоккей корты, волейбол жəне баскетбол алаңы бар заманауи спорт кешені шəкірттердің шымыр да денсаулығы мықты болып өсуіне қолайлы жағдай туғызады. Мектеп құрылысын жүргізген «Еурострой-А» ЖШС оны бір жарым жылда сапалы аяқтады. Оның құрылысына 1750 миллион теңге жұмсалды. Еліміздің ертеңі – жас ұрпаққа есігін айқара ашқан білім ордасында алғашқы ашық сабақтар өткізіліп, білім жолындағы бəсеке басталып та кетті. Бұл мектептің қабырғасынан Қазақстанды өрге сүйрейтін ұлттық кадрлардың негізін құрайтын түлектер түлеп ұшатынына сенім мол. Ақтөбе облысы.
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Куба Республикасы Мемлекеттік Кеңесінің жəне Министрлер Кеңесінің төрағасы Рауль Кастроға құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлады Мемлекет басшысының баспасөз қызметі. халықтарымыздың игілігі үшін алдағы уақытта да нығая түсетініне кəміл сенемін» делінген жеделхатта. Сонымен қатар, Қазақстан Президенті Р.Кастроға жəне оның отбасына зор денсаулық, аса жауапты қызметіне табыс, ал достас Куба халқына амандық жəне өсіпөркендеу тіледі.
Осылайша, Алматы Иранның ядролық бағдарламасы бойынша келіссөздердің кезекті кезеңі өткізіліп жатқан ымыра алаңына айналды. Уран байытуды тек бейбіт тірлікке қызмет еткізуге делдал болып жүрген алты мемлекеттің аузы дуалы делегациясы белгілі бір мақсатқа қол жеткізе ала ма? Кеше күннің жартысы ауғанда да бұл мəселенің басы ашық қала берді. Дегенмен, адамзаттың мұнан кейінгі ахуалын анықтауда орасан зор мəні бар осынау келіссөздер барысына күллі əлем құлағын түруде. Алдын ала мəлім болғанындай, бұл күндері келіссөздер барысын күллі əлемге тарату үшін Қазақстанда тіркелген 100-ге тарта журналиске қоса əлемнің 200ге тарта жетекші БАҚ өкілдері Алматыда тұрақтап тұр. Е3/EU+3 тұрпатындағы Иран келіссөздерін жүргізуге Еуропалық Одақ атынан ЕО-ның Сыртқы істер жəне қауіпсіздік саясаты жөніндегі жоғарғы өкілі Кэтрин Эштон қатысуда. Ал Иран тарапының сөзін Иран Ұлттық қауіпсіздігі жоғары кеңесінің хатшысы Саид Джалили айту үстінде. Араағайындықта жүрген елдердің делегацияларының басында Ұлыбритания Сыртқы істер министрлігінің саяси мəселелер жөніндегі департаментінің директоры Саймон Гасс, Германия Сыртқы істер министрлігінің саяси мəселелер жөніндегі директоры Ханс-Дитер Лукас, Қытай Халық Республикасы Сыртқы істер министрінің көмекшісі Ма Чжаосюй, Ресей Федерациясы Сыртқы істер министрінің орынбасары Сергей Рябков, АҚШ Мемлекеттік хатшысының саяси мəселелер жөніндегі орынбасары Уэнди Шерман, Францияның Өкілетті кеңесшісі жəне Франция Сыртқы істер министрлігінің саяси жəне қауіпсіздік мəселелері жөніндегі бас директоры Жак Одибер бар. Сонымен, Қазақстандағы жоспарлы келіссөздердің түске
Кеше Премьер-Министр Серік Ахметовтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында «Қазақстан-2020: Болашаққа жол» мемлекеттік жастар саясаты тұжырымдамаcы қабылданды.
Болашаќќа жол Динара БІТІКОВА,
«Егемен Қазақстан».
Ќўттыќтау жеделхатын жолдады Мемлекет басшысы Қазақстан халқының жəне жеке өзінің атынан Р.Кастроны Куба Республикасы Мемлекеттік Кеңесінің төрағасы лауазымына қайта сайлануымен құттықтады. «Қазақстан мен Куба арасында өзара сенім мен өзара түсіністік негізінде қарқынды дамып келе жатқан ынтымақтастық
Қай кезде де бейбітшіліксүйгіш саясатымен танылып келген Қазақстан кезекті рет жаһандық маңызы бар мəселені мəмілеге келтіруге мұрындық болуда. Бірден айта кету керек, Иранның ядролық бағдарламасын талқылауға Қазақстан кездейсоқ таңдап алынған жоқ. Бір жағынан ядролық қарудан бас тартуда көрсеткен үлгісі мен үрдісі бар, келесі жағынан арандатудан ада бейтарап бағыт ұстап отырған Қазақстанда басқосу қай тарапқа болмасын тиімді екендігі басы ашық жайт.
Үкімет жастар саясатына байланысты бірқатар мə селелерді өткен жылдың желтоқсан айында жан-жақты талқылаған болатын. Содан бері тұжырымдама жобасы мемлекеттік органдармен қатар, еліміздің қоғамдық жəне жастар ұйымдарының қатысуымен кеңінен қаралып, жалпыұлттық пікірталастар ұйымдастырылды. Соның нəтижесі «Қазақстан-2020: Болашаққа жол» тұжырымдамасы дайындалды. Тұжырымдамада Президенттің Қазақстан халқы Ассамблеясының ХІХ сессиясында, Қазақстанның əлеуметтік жаңғыртылуы жайындағы мақаласында, «Жас Отанның» съезінде жəне «Қазақстан-2050» Стратегиясында айқындалған негізгі ережелердің барлығы қамтылыпты. Бұл жөнінде кешегі Үкімет отырысында Білім жəне ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов баяндады. «Жастардың ортасындағы жинақталған мəселелер жастарға қатысты мемлекеттік саясаттың көкейкесті күн тəртібін қалыптастырды. Оның қатарында жастарды қолжетімді баспанамен қамту, жұмысқа орналастыру проблемалары
бар. Бұл мəселелер тұжырымдамада толығымен ескерілді», дейді Б.Жұмағұлов. Министрліктің мəліметінше, 2013 жылы жастар саясатын қаржыландыруға республикалық бюджеттен 1,5 млрд. теңге, оның ішінде мемлекеттік тапсырыс бойынша 590 млн. теңге қарастырылған. Жергілікті бюджеттен 2 млрд. теңге, оның ішінде мемлекеттік тапсырыс бойынша 940 млн. теңге көзделген. Бұл 2010 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 2 есеге артық. «Жаңа тұжырымдаманың ерекшелігі – ол білім алушы жастарға ғана арналмаған. Ол жұмыс істейтін, ауыл жастарын қоса алғанда, өзін өзі жұмыспен қамтыған, сондай-ақ жұмыссыз, маргиналды жəне тағы басқа жастардың барлық санаттарын қамтиды», деп атап өтті Б.Жұмағұлов. Білім жəне ғылым министрінің баяндамасынан соң Мəдениет жəне ақпарат министрі Мұхтар Құл-Мұхаммед сөз алды. Министрдің атап өтуінше, тұжырымдамада көзделген негізгі мақсат-міндеттер халыққа кеңінен жетіп, əсіресе, жастар арасында барынша талқылануы үшін оған ақпараттық сүйемелдеу керек. (Соңы 4-бетте).
дейінгі кезеңінің жай-жапсарын былай суреттеуге болады. Əрине, шетелден арнайы келген 200-ге тарта журналист, Қазақстанның өзінен тіркелген 100 шақты БАҚ өкілдері құлағын қанша түріп отырса да, кездесулер жабық есік жағдайында жүріп жатты. Нақты дерек көздері «алтылықпен» өз мүддесін талқылауға келген Иран тарабы бастапқыда қол алысуға икем білдіргендей болғанымен, əр қадамы аңдулы делегация қол алысу рəсіміне рай білдіре қоймаған. Сондықтан əңгіме райы қалай болатындығын кесіп-пішу де қиын еді. Сол сияқты Иран ядролық бағ дарламасының келешегіне қатысты сөз айтуға келгенде, бұл күнде ең көреген саясаткердің өзі қандай да бір сəуегейлік айта алмайды. Айналасына бір шоқып, екі рет қарайтын делегация мүшелерінің қай тарабы болса да əр сөзіне абай. Сондықтан, Қазақстан жерінде қандай да бір кесімді сөз, шешімді пікір айтылғанша əңгіме басына орала тұруға тура келеді. Иран ядролық бағдарламасының тарихы қай тұстан басталмақ? Қысқасы, Қазақстандағы бұл басқосу аталмыш тақырыптағы келіссөздердің басы емес. Бұған дейін де 2012 жылы Теһран мен құрамына Ресей, АҚШ, Қытай, Франция, Ұлыбритания, Германия кіретін «алтылық» Ыстамбұлда (14 сəуір), Бағдатта (23-24 мамыр) жəне Мəскеуде (18-19 маусым) келіссөздердің үш кезеңін өткізген-ді. Бұл кездесулердің ешқайсысы да жөндем нəтиже көрсеткен жоқ. Осыдан кейін «алтылық» пен Иранның келіссөздері жылдан астам уақыт бойы саябыр тауып қалғандай-тын. АҚШ пен Батыс елдері жəне Израиль Иран уранды бейбіт мақсатта өндіруді желеу етіп, ядролық қару жасауға ұмтылып жатыр десе, Теһран өзінің ядролық бағдарламасы елдің электр қуатына тапшылығын қанағаттандыру үшін бағытталған деп мəлімдеуде. Иран атом бағдарламасы айналасындағы жағдай алай-бұлай
болып тұрған кезде 90-жылдардың басында ядролық қарудан бас тартқан Қазақстан мен өзге де елдер адамзат қауіпсіздігіне нұқсан келтіретін ядролық бағдарламаларды жүзеге асыруға қарсы шыққан-ды. Дегенмен, бұл бастама бір бөлек, Иран ядролық бағдарламасына қатысты қордаланған əңгіме бір бөлек өмір сүріп жатқанын бүкіл дүние біліп отыр. Он жылға жуықтаған даудың нүктесі қойылмауына мүд делілік танытып отырған мемлекеттер де бар екені жасырын емес. Оған қоса, осы мақсатта 1996 жылдың 24 қыркүйегінде БҰҰ Бас Ассамблеясында қандай да бір ядролық сынақтарды жүргізуге қарсы бағытталған келі сімге қол қойылғанын көзі ашық адамдар біледі. Соның ілкімді бір нəтижесі – 2009 жылдың желтоқсан айында Қазақстан бастамасымен БҰҰ Бас Ассамблеясы 29 тамызды Ядролық сынақтарға қарсы халықаралық іс-қимыл күні деп жариялады. Алайда, ядролық сынақтарға қарсы күрес əлі күнге дейін күн тəртібінен түскен жоқ. Ал Иранның ядролық бағдарламасы 1957 жылдан бастау алады. Осылайша, бұл ел келер жылы-ақ МАГАТЭ мүшелігіне өтіп, 60-жылдардың басынан бастап дамыған елдердің қатарында ұлттық бейбіт атом бағдарламасын, яғни жабық ядролық отын циклын құру мен 23 ядролық реактордың құрылысын жүзеге асыруды бастайды. Дегенмен, Ислам төңкерісі Иран ядролық бағдарламасын тоқырауға ұшыратқан еді. Иран өз ядролық бағдарламасын қайта жаңғыртуға тек 1989 жылы қол жеткізеді. Негізгі құрылыс іргетасы 1970 жылы қаланған Бушердегі АЭС болатын. Алайда, 1980-жылдардың аяғына қарай жік шығып, халықаралық қауымдастық Иран ядролық қару-жарақты таратпау жөніндегі шартты бұзуда деп айыптай бастағаны аян. (Соңы 2-бетте).
Партиялыќ ыќпалдыѕ ќайтарымы керек «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек 26 ақпанда жұмыс бабындағы сапармен Ақмола облысында болды. Бақберген АМАЛБЕК, «Егемен Қазақстан».
Б.Байбек алдымен Бурабай ауданындағы «Жаңа-бас» ет өңдеу кешеніне барды. Оның сөзіне қарағанда, жаңа тұрпатты кəсіпорынға бұрылудың өзіндік себебі бар екен. «Нұр Отан» ХДП Бурабай аудандық филиалында жергілікті тұрғындармен байланыс күн өткен сайын нығайып келеді. Қоғамдық қабылдауға жүгінушілер қатары қалыңдаған. Өткен жылы филиалдағы партиялық бақылау бекеті республикамызда үздік танылуы да жұртшылықтың жетекші партияға сенімін ғана емес, бірлесіп іс-қимыл жасау жүйесін күшейтті деуге болады. «Жаңа-басқа» атбасын бұрудың астарында жаңа өндіріс орнының
екі жылдан астам уақыт бойы өнім шығара алмай отырғанына байланысты дабыл əсер еткен көрінеді. Ауданға абырой қосқан «Богви» ауыл шаруашылығы фирмасы 2008 жылы осынау ет комбинатын іске қосқан еді. Бұл – кластерлік тізбені қамтамасыз ете білген өндіріс ошағы. Кешенде австриялық озық фирманың жабдықтары орнатылған. Мұнда əр ауысымда 10 тонна ет өндіріліп, шұжықтың 49 түрі, бұған қосымша 3 тонна ет өнімдері шығарыла бастағанын газет оқырмандарына жеткізгенбіз. Қазір өңірдегі ірі кəсіпорын тоқтап тұр. Жұмысшылардың басым бөлігі үйлерінде отыр. Кəсіпорын басшылары күрделі жағдайды айналым қаражатының жетпейтіндігімен байланыстырады. (Соңы 4-бетте).