Бїгінгі нґмірде:
№40 (28264) 27 АҚПАН БЕЙСЕНБІ 2014 ЖЫЛ
Ауыл адамдарыныѕ да айтары бар 2-бет Ґзен жаєалаєанныѕ ґзегін талдыруєа бола ма? 4-бет Орта буын медицина мамандары 5-бет «Таѕсўлу» – 3D пішімінде сахналанєан алєашќы ќойылым 6-бет
Ґзара мїдделестік аясындаєы əѕгіме Ќауіпсіздік мəселесіне – басты назар Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен Қауіпсіздік Кеңесінің отырысы өтті, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Бомбардьер» компаниясының президенті Пьер Бодуэнді қабылдады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. Кездесу барысында ком панияның Қазақстандағы қызметінің перспективалары, атап айтқанда, елдегі көлік қызметінің аясын кеңейту жайы талқыланды. Мемлекет басшысы Давостағы Дүниежүзілік экономикалық форум аясындағы соңғы кездесуден кейін көлік саласында тығыз ынтымақтастық орнату жөнінде қазірдің өзінде нақты жұмыс жүргізілгенін атап өтті. – Біз «Бомбардьер» тəрізді белгілі компанияның Қазақстан на рығына келуіне мүдделіміз. Осыған байланысты тағы бір отандық «Эйр Қазақстан» əуе жолы компаниясын құруды жоспарлап отырмыз, ол бастапқы кезеңде ішкі рейстерді атқаратын болады.
Өздеріңіз білетіндей, біз сондай-ақ BAE Systems компаниясымен бірлесіп, «Эйр Астана» əуе жолы компаниясын құрдық. Басқарудың осы тəжірибесін жаңа компания құру кезінде де пайдалануға болады. Авиация саласындағы ынтымақтастықпен қатар, біз үшін көлік саласының өзге секторларындағы жобалар да қызықты. Бұдан бөлек отандық ұшқыштар жəне еліміздегі техникалық қызмет көрсету орталықтарына мамандар даярлау саласындағы ынтымақтастық аса маңызды, – деді Нұрсұлтан Назарбаев. Қазақстан Президенті мейлінше тығыз ынтымақтастық үшін республикамызда компания өкілдігін ашу жəне бірлескен
Президент поштасынан
Бўл – сарабдал саясаттыѕ нəтижесі Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың атына Ингушетия Республикасының басшысы Юнус-Бек Евкуровтан хат келді, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. Өз хатында Ю.Евкуров ингуштердің сан ғасырлық тарихындағы қасіретті датаның бірі 1944 жылғы 23 ақпан екенін атап өткен. Бұл күні ингуш халқы аяқ астынан тарихи отанынан айырылды, ал жаппай жер аудару мен қуғын-сүргін салдарынан жартысынан астамы қаза болды. «Қазақстанның мыңдаған қарапайым тұрғындары біздің халқымыздың сол мүлде адам төзгісіз жағдайда аман қалуына көмектесті. Олар жан күйзелісімізге ортақтасты, баспанасы мен нанын бөлісті, науқастарды емдеп, қайтыс болғандарды жерледі», – делінген хатта. Ю.Евкуров ингуштер үшін Қазақстан екінші отанға
айналғанын жəне көпшілігі əлі де осы елде тұрып жатқанын, оның толыққанды азаматы болып саналатынын атап көрсеткен. Ол осының бəрі Нұрсұлтан Назарбаев жүргізген саясаттың арқасында мүмкін болғанына тоқталған. «Ингушетия Республикасы халқының жəне жеке өзімнің атымнан барша қазақ халқына қиынқыстау жылдары өз ота нынан айырылған адамдарға көрсеткен көмегі үшін шынайы ризашылық білдіремін», делінген хатта. Соңында Ю.Евкуров Қазақстан Президентіне жəне еліміздің барша көпұлтты халқына бақыт, жақсылық, игілік жəне бақ-береке тілеген.
АҚПАРАТТАР аєыны ● Астанада алдағы кезеңде 10 мың адамға арналған заманауи студенттік кампустың құрылысы басталады. Осы жоба бойынша емхананы пайдалануға беру жоспарланған. ● Жуырда «Алматы қаласының көшелері» атты анықтамалық оқырмандар қолына тиді. Көлемді анықтамалықта шаһардың барлық көшелері туралы мағлұмат берілген. ● Алматы облысында өткен жылы «Қолжетімді тұрғын үй2020» бағдарламасы бойынша 866, 6 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Ал үш жыл ішінде 111 көпқабатты тұрғын үйге күрделі жөндеу жүргізілген. ● Келешекте еліміз бойынша тұңғыш радиологиялық кластер Семей қаласынан ашылады. Бұл жерден əрбір азамат тексеруден өте алады. ● «Бейнеу – Бозой – Шымкент» ма гистральды газ құбыры жыл
қызметті өңірлік деңгейге көшіру қажеттігіне тоқталды. «Бомбардьер» компаниясының басшысы бұл кездесудің көлік саласындағы түрлі бағыттардағы ынтымақтастықты одан əрі дамыту үшін маңызды екенін айтты. – Біз көлік қызметінің сапасын арттыру жəне жалпы Қазақстанның көлік саласын дамыту үшін бірлесе жұмыс істеуге дайынбыз. Авиациялық техниканы жеткізу – бірлескен қызметіміздің шағын ғана бөлігі екеніне сендіргім келеді. Біз өз технологияларымызды енгізуді əрі мол тəжірибемізді қолдануды да жоспарлап отырмыз. Бұған қоса, Қазақстанның ұшқыштарын оқытып, ұшақтарға қызмет көрсететін сервистік орталықтар құрып, осы арқылы Қазақстанмен ұзақ мерзімді перспективада жұмыс жүргізетін боламыз, – деді П.Бодуэн.
Отырыста екі мəселе – Қазақстан ның Ұлттық қауіпсіздік стра тегиясының орындалу барысы, ЭКСПО-2017 көрмесіне дайындық жəне оны өткізу кезеңінде қауіпсіздік шараларын қамтамасыз ету жайы қаралды. Қазақстан Президенті елдің Қауіпсіздік стратегиясын бекіткен кезде қазіргі заманның негізгі үрдістері ескерілгенін атап өтті. – Əлем жылдам өзгеруде, жоспарларымыз бен болашақтағы іс-қимылымызды тиісті деңгейде өзгертуге мəжбүр ететін жаңа сынқатерлер пайда болуда. Бүгінде оларға қарсы тұратын тəсілдер, ықпал ету əдістері, ақпараттық технологиялар өзгеруде. Өзіміз көріп отырғандай, бүгінгі күні конституциялық құрылым, егемендік, мемлекеттің аумақтық тұтас тығы жаңа деструктивтік ықпал дарға ұшырауда. Осыған байланысты Қазақстан өте қырағы жəне мұқият болуға тиіс, – деді Мемлекет басшысы. Нұрсұлтан Назарбаев ел халқына биылғы Жолдауында
Қазақстанның 23 жыл ішінде көпұлтты, бірақ біртұтас, ел азаматтарының құқықтары мен бостандықтарына шек қоймайтын іргелі мемлекет ретінде тұрақты дамығаны айтылғанын еске салды. – Мен біздің ешқандай да ойластырылмаған «бұралаңдарға» жол бермеуге тиіс екенімізді айттым. Халқымыздың əл-ауқатын біртіндеп жақсартып жəне эконо миканы дамыта отырып, бұрын ғыша орнықты ілгерілей беруіміз қажет. Соңғы оқиғалар кейбір арандатушылардың елдегі ахуалға ықпал ете алатындығын көрсетті. Ақпараттық техноло гия лар қазір жаңаша қолданылуда жəне біз оған сай əрекет етуіміз қажет, – деді Қазақстан Президенті. Мемлекет басшысы ішкі тұрақтылықтың, толеранттылықтың жəне халық сенімінің маңызды екенін атап өтті. – Еліміздегі тұрақтылық, жалпыға бірдей теңдік, азаматтар құқықтарының сақталуы жұмысымыздың басты бағыттары болуға
Жалаќыны ќорєау жалпыєа ортаќ Мəжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулиннің жетекшілігімен өткен палатаның кешегі жалпы отырысының күн тəртібінде он мəселе қаралды. Депутаттар назарына бұл жолы екінші деңгейдегі банктер, жеке детективтік қызмет, гендік-инженерлік қызметті мемлекеттік реттеу жəне бірқатар халықаралық құжаттарды заңдық бекіту мəселелері ұсынылды. Асқар ТҰРАПБАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан».
Қазақстан мен Қытай үкіметтері арасындағы Қорғас өзенінде «Достық» бірлес кен су торабын салудағы ын тымақтастық келісіміне қа тысты заң жобасы бойынша баяндап берген палатаның Халықаралық істер, қорғаныс жəне қауіпсіздік комитетінің төрағасы Мəулен Əшімбаев су торабы ортақ қаржыландыру шарттары бойынша жүзеге асарын ерекше атады. Заң жобасына қорытынды əзірлеу мерзімі
соңына дейін іске қосылатын болды. Сондай-ақ, төртінші мұнай өңдеу зауытын салу мəселесі де қарастырылады. ● Қостанай облысының шаруаларына биыл 6,5 млрд. теңге көлемінде субсидия бөлінеді. Оның бір бөлігі минералдық тыңайтқыштар мен гербицидтер сатып алуға жұмсалады. ● Батыс Қазақстан облысында индустрияландыру картасына енгізілген 4 жоба іске қосылды. Соның бірі құрылыс материалдары комбинаты. ● Биыл республика өңірлерінде 5 онкологиялық орталық ашылады. Осы орындарға заманауи құралжабдықтар орнатылмақ. ● Қарағанды облысында мүгедектерге арналған бос жұмыс орындарының жəрмеңкесі өткізілді. Онда бірнеше азамат тұрақты жұмыспен қамтылды. Egemen.kz хабарлары мен облыстық əкімдіктер сайттарының материалдары бойынша дайындалды.
анықталып, тиісті комитетке тапсырылды. Жəне де гендік-инженерлік қызметті мемлекеттік реттеу мəселелеріне құрылған заңдық құжатқа да қорытынды əзірлеу мерзімі белгіленді. Ал Жеке детективтік қызмет туралы заң жобасы мен оған ілеспе заңдық құжат депутаттар тарапынан 70 пайызға дейін өзгертілетіндіктен, олар бойынша жұмыс жалғасатын болды. Аталған заңдық құжат тек жеке тұлғаларға ғана емес, заңды тұлғаларға да детективтік агенттіктер арқылы жұмыс
істеуге мүмкіндік туғызады деп күтілуде. Мұнда, сондай-ақ, əкімшіліктік жəне қылмыстық жауапкершілік мəселесі де назардан тыс қалмаған. Жалпы отырыста депутаттар Сенат тарапынан бірқатар түзетулерімен қайтарылған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне екінші деңгейдегі банктерді қайта ұйымдастыру мəселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын талқыға салды. Бұл заңдық құжат Мемлекет басшысының қайта құрылымдаудан өткен екінші деңгейлі БТА, Альянс Банк жəне Темірбанктердің құрамынан мемлекеттің шығуы туралы тапсырмасына орай ұсынылып отыр. (Соңы 2-бетте).
Ќор алдында ќыруар міндеттер тўр Кеше Премьер-Министр Серік Ахметовтің қатысуымен «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының кеңейтілген алқа мəжілісі өтті. Онда қордың 2013 жылғы қызметі қорытындыланып, осы жылғы басым міндеттер анықталды. Нұрбай ЕЛМҰРАТОВ, «Егемен Қазақстан».
«Самұрық-Қазына» ұлттық əл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы басқармасының төрағасы Өмірзақ Шөкеев: «Биылғы жылы біз «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Президент Жолдауындағы тапсырмаларды іс жүзіне асырып, холдингтің алдына қойылған мақсаттарды толықтай орындауды міндетімізге аламыз», деп бастады сөзін. Сөйтіп, Мемлекет басшысының жекешелендірудің кешенді жоспарын дайындау туралы тапсырмасын орындау мақсатында, Қор 2014 жылдың І тоқсанында жеке секторға шығарылатын компаниялар тізімін Үкіметке ұсынатынын
айтты. Қазіргі уақыттың өзінде Қор аталған тізімге 80-нен астам компанияны енгізіп үлгеріпті. Қор еншілес, бағынышты компаниялардағы акцияларды шығару барысында стратегиялық жəне портфельдік инвесторларды тартып, оларды қаржы нарығына шығаруды көздеп отыр. Бұл «Халықтық IPO» бағдарламасына да қатысты. Қор Үкіметпен бірлесе отырып, бір айдың ішінде «Халықтық IPO» бағдарламасын одан əрі жүзеге асыру бойынша нақты ұсыныстар енгізетін болады. Сондай-ақ, Қор тобының құзырынан бейінді емес активтер мен нысандарды шығаруды аяқтаймыз. (Соңы 2-бетте).
тиіс. Қалғанының бəрі осыған негізделеді. Мен мұны қатаң қадағалаймын жəне басқалар да солай жасауға тиіс. Осындай тəсілмен ғана біз кез келген қиындықты еңсереміз, – деді Нұрсұлтан Назарбаев. Ұлттық қауіпсіздіктің жайкүйі мен алдағы кезеңге арналған міндеттер туралы Президенттің көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Қайрат Қожамжаров баяндама жасады. Мемлекет басшысы Ұлттық қауіпсіздік стратегиясының 2013 жылғы орындалу барысына жалпы оң баға берді. Қауіптер мен сын-қатерлерге қарсы тиісінше əрекет етудің оңтайлы тəсілдері мен тетіктерін іздестіру қажеттігі атап өтілді. Орта мерзімді кезеңге арналған Қазақстан қауіпсіздігінің жаңа сын-қатерлері мен қауіптерін ескере отырып, Стратегияға түзетулер енгізу міндеті жүктелді. Екінші мəселені талқылау барысында ел Президенті отырыс қа қатысушылар назарын ЭКСПО-2017 кезінде қауіпсіздік шара ларын қамтамасыз етудің бірқатар негізгі қағидаттарының сақталуына аударды.
Біріншіден, Қазақстанға қоғамдық қауіпсіздік саласындағы əлемдік озық тəжірибелерді тарту. Екіншіден, көрмеге барлық қаты сушылар мен қонақтар үшін қолайлы жағдайдың жасалуын қам тамасыз ету. Үшіншіден, бірыңғай қауіп сіздік қағидалары мен нормаларын енгізу. Төртіншіден, уəкі летті мемлекеттік органдардың жауапкершілігі аясының нақты аражігін ажырату жəне олардың өзара тиісті іс-қимылын қамтамасыз ету. Осыған байланысты Мемлекет басшысы алдағы көрменің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар аясында мемлекеттік органдардың өзара іс-қимылын ұйымдастыру үшін Ішкі істер министрі басшылық ететін арнайы ведомствоаралық штаб құруды тапсырды. Қауіпсіздік Кеңесі оты рысының қорытындысында тиісті мемлекеттік органдарға бірқатар нақты тапсырмалар берілді. Олардың орындалуын бақылау Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшылығына жүктелді.
----------------------------------------Суреттерді түсіргендер С.БОНДАРЕНКО, Б.ОТАРБАЕВ.
Рухы мықты ел қашанда биіктен көрінері хақ. Түп-тұқиянымыз болып саналатын сақтар өмірін бейнелеген көрініспен тербелген жетісулық жастар жанарлары ұшқындап, бойларын билеген бұла күш рух беріп, Талдықорған төрінде сап түзеп, Қазақстан халқы Ассамблеясы ұйытқы болған «Мəңгілік Ел» акциясын өткізді. Негізгі мақсаты – жастарды патриоттық тұрғыда тəрбиелеу болып табылатын бұл шараға өңір басшысы ерекше мəн берген.
Бірлігі кїшті ел озады Нұрбол ƏЛДІБАЕВ,
«Егемен Қазақстан».
Соның бір дəлелі ретінде «Жастар» спорт сарайына сықаса толған жасөспірімдердің көрсем, білсем, осынау игіліктен көкейіме бір қажеттілікті тоқысам деген ынта-ықыласын айтуға болады. Мемлекеттік Əнұран орындалғанда сол жас өскіндердің қайсарлықтары анық байқалып тұрды. Дүйім жұрттың алдына Алматы облысының əкімі Аңсар Мұсаханов шығып: – Елбасының биылғы Жолдауы ның маңызы ерекше. «Қазақ стан-2050» Стратегиясының мақсат-міндеттері айқындалған бұл құжатта елдің ұлы мұраттары да белгіленіп, «Мəңгілік Ел» ұлттық идеясы жарияланды, – деді. – Бұл еліміздің кемел келешегін, даму мүмкіндіктерін көрсететін жасампаз жоба! Қазақстанды жаңа сатыға көтеру жолында бұл идея басты бағдарымыз, айнымас темірқазығымыз болатыны анық. Өскелең ұрпақты отаншылдық рухта тəрбиелеуде негізгі идеологиялық ұстанымға айналмақ. Мəңгілік Ел бо луға Қазақстанның əлеуеті жет кілікті. Ол үшін индустрия мен инновацияға негізделген экономикамызды нығайтып, əлауқатымызды арттырумен қатар, рухани қуатымыз зор, біліміміз бəсекеге қабілетті, денсаулығымыз мықты, бірлігіміз бекем болуы керек. Арға – мінəжат, барға – қанағат, жоққа – салауат айтқан халқымыз
талай қиын-қыстау күндерді бастан өткерді. Елбасының көреген саясатының арқасында азаттықты аңсаған бабаларымыздың арманын жүзеге асыру біздің ұрпақтың еншісіне тиді. Жетісу өңірі – қол бастаған батыр, сөз бастаған шешен, арқалы ақын, күміс көмей əнші-жыршылардың жұлдызды шоғыры көптеп шыққан қасиетті өлке. Татулықты ту еткен жетісулықтардың Елбасының «Мəңгілік Ел» идеясын бір кісідей қолдап, жүзеге асыруға белсене атсалысатыны күмəнсіз. Біз қандай биікке көтерілсек те, елдің ынтымағы мен татулығы арқасында қол жеткіздік. Бұл «Бірлігі күшті ел озады» деген мақалдың өмір шеңдігін көрсетеді». Қазақстанның халық əртісі Нұрғали Нүсіпжанов «Өз елім» атты патриоттық тұрғыдағы əнді нақышына келтіре шырқағанда арнайы ұйымдастырылған акция өз мəресіне жақындай түсті. Астанадан осы шараға арнайы келген Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Лəззат Сүлеймен адами тұрғыда үндеу тастай сөз сөйлеген соң, өңірге танымал жандар мінбеге көтеріліп, ұлттық рухты көтерер əңгіме қозғады. Патриоттық əндер ағытылды. Қорыта айтқанда, «Мəңгілік Ел» акциясы Жетісу жерінде де жо ға ры деңгейде ұйым дас тырылып, жалпыхалықтық қолдау тапты.
ТАЛДЫҚОРҒАН.