27/03/2013

Page 1

ЖАҢА... ...əкімдер таєайындалды Бақберген АМАЛБЕК, «Егемен Қазақстан».

Облыс əкімі Қосман Айтмұхаметовтің қатысуымен Целиноград жəне Жарқайың аудандарында аудандық мəслихаттардың кезектен тыс сессиясы өткізілді. Онда ұйымдық мəселелер қаралды. Сессия шешімдері негізінде Ақмола облысы əкімінің өкімдерімен Целиноград ауданының əкімі болып, экономика ғылымдарының кандидаты Бақберген Мəуленов тағайындалды. Ол жаңа қызметке тағайындалғанға дейін Целиноград ауданы əкімінің орынбасары болды. Бұған дейін Ақмола облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы, Бұланды, Ақкөл, Целиноград аудандарының əкімі қызметін атқарған Асқарбек Үйсімбаев Жарқайың ауданының тізгінін алды. Бұған дейін Жарқайың ауданы ның əкімі болған Теміржан Хамитов облыстық кəсіпкерлік жəне өнеркəсіп басқармасының бастығы қызметіне тағайындалды.

№93 (28032) 27 НАУРЫЗ СƏРСЕНБІ 2013 ЖЫЛ

 Тосын табиғат

 Сауалдама

«А»-єа АУЫСУ Алда не кїтіп тўр?

Ќўсќанаты

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан-2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Жолдауында орталықсыздандыру идеясын ұсынып, оның мəні ең алдымен мемлекеттік басқару жүйесінің сапалық өзгерісін көздейтінін атап көрсеткен болатын. Осыған орай «Мемлекеттік қызмет бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға орай, 26 наурыз, яғни кешегі күннен бастап, елімізде мемлекеттік қызметтің жаңа моделі енгізілген еді. Төменде осы демократиялық өзгерістерге байланысты өңірлерде жүргізілген сауалдамаға орай жауаптар жарияланып отыр.

Ақмола облысы.

...мектеп есік ашты Жолдасбек ШӨПЕҒҰЛ, «Егемен Қазақстан».

Доссор кентіндегі Абай атындағы мектептің бір ғасырдан астам шежірелі тарихы бар. Кезінде алаштың ардақтысына айналған Хамит Ерғалиев, Берқайыр Аманшин, Зейнолла Қабдолов сынды тұлғалар білім алған бұл мектептің ғимараты ескірген еді. Енді білім ұясының əбден тозған ғимараты жаңарды. «100 мектеп, 100 аурухана» бағдарламасы аясында бой көтерген жаңа ғимарат 300 оқушының алаңсыз білім нəрімен сусындауына арналған. Осы мақсат үшін бюджеттен 641 миллион теңге жаратылып, таяуда облыс əкімі Б. Ізмұхамбетовтің қатысуымен салтанатты ашылу рəсімі өтті. Бұл күндері жаңа мектепте 370 оқушы екі ауысыммен білім алады. Шəкірттердің сапалы білім алуы үшін кабинеттер жаңа дəуір талабымен жабдықталыпты. Оқушыларды еңбекке баулу мақсатында ағаш, темір жонатын станоктары, сондай-ақ тігін машиналары бар шеберханалар ашылды. Атырау облысы, Мақат ауданы.

...индустриялыќ аймаќ ќўрылды Оралхан ДƏУІТ,

«Егемен Қазақстан».

Киелі Түркістан қаласының бас жоспарына сəйкес Түркістан – Балтакөл бағытындағы жолдың оң жақ бетінен 103 га жер бөлініп, жаңадан индустриялық аймақ құрылды. Басты мақсат – қаланың оңтүстік-батыс бөлігінде өнеркəсіп аймағын дамыту. Бүгінде оған инвесторлар тартылуда. Нақтырақ айтсақ, индустриялық аймаққа жалпы құны 3 млрд.теңгеден асатын 3 инвестициялық жобаны іске қосу үшін келіссөздер жүргізілуде. Түркістан қаласының əкімі Əліпбек Өсербаев-тың айтуынша, жеке кəсібін дамыту үшін кəсіпкерлерге мемлекет есебінен қолдау көрсету мақсатында 2012 жылдың өзінде 6691 жобаға 2 млрд. 87 млн. теңге несие алуына ықпал жасалды. Оған қоса, 5 жобаның инфрақұрылымын жеткізу бағытында 1 млрд.158,8 млн. теңгеге тиісті жұмыстар жүргізілді. Сондай-ақ, қаладан Шымкент бағытына шығатын жолдың оң жақ бөлігінен əкімшілік-іскерлік аумақ салу жəне осы жолдың сол жақ бөлігінен тұрғын үй массиві мен Кентау бағыты жолы бойына демалыс, ойын-сауық орындарын салу жобаланған. Оңтүстік Қазақстан облысы.

Алєышарттарєа негіз бар Қайырлы ЕДІРЕСОВ,

Солтүстік Қазақстан облыстық мəслихатының хатшысы.

Темір ҚҰСАЙЫН,

«Егемен Қазақстан».

Күн мен түн теңелген тұста, яғни 22 наурызда жəне одан кейінгі күндерде жауған қарды халқымыз Наурыздың ақша қары құсқанаты деп айрықша атайды. Əрі наурыз күндері қар жауса оны жақсы ырымға жориды. Табиғаттың дəл осындай құбылысы орын алса, ырыс пен ылғал, несібе мол болады деп есептейді. Кешегі күндері Ақжайық аты рабы Наурыздың ақша қа рымен қауышты. Қар болғанда қан дай? Əр түйіршігі баданадай, бармақтың басындай болып, жа палақтап жауған қар қас пен көз дің арасында Ақжайық алабын ақ көрпеге орап үлгерді. Халық ауыз əдебиетінде ерекше бір сүйіспеншілікпен, толғаныспен

Селекторлық режімде өткен Үкімет отырысына ПремьерМинистр Серік Ахметов

ОРАЛ.

Зауыт ќондырєылары жаѕєыртылуда Сатыбалды СƏУІРБАЙ,

Қазір қазақстандық үлесті ұлғайтуға баса маңыз беріліп отыр. Шыны керек, оның мол мүмкіндіктері де бар. Алайда, қашаннан өз өнімдерімізге «мұрын шүйіріп» қарайтын ескі əдеттен арыла алмай келеміз. Осылай өзге елдің экономикасын дамытып, шетелдік өнімдердің өтімділігіне қызмет етіп жатқанымызды əлі де жете түсіне алмай жүргеніміз жасырын емес. Мысалы, Ақтөбе мұ най қондырғылары зауыты – сорғылық штангалар шығаратын бірден-бір отандық өндіріс орны. Мұнда жылына 200 мың сорғылық штанга өндіріледі. Қазір зауытта қондырғыларды жаңғырту жүр гізілуде. Бұл өндірістік қуатты екі есеге дейін арттыруға мүмкіндік береді, сондай-ақ, бірқатар артықшылықтарға да қол жеткізіледі. Сұраныстың жоғарылығын есептей отырып, 400 мың сорғы штангасының қолдан-қолға тимей өтетініне де сенім мол. Алайда, ол өз

төрағалық етті. Отырысты Үкімет басшысы ашып берген соң, Білім жəне ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаның

Тағайындау

Мемлекет басшысының Жарлығымен Бауыржан Əлімұлы Мұхаметжанов Қазақстан Республикасының Литва Республикасындағы Төтенше жəне өкілетті елшісі қызметіне тағайындалды.

Ќазаќстанныѕ їлесі ќандай?

«Егемен Қазақстан».

Білім – елдің басты байлығы. Өркениетке өрістеп, өзгемен терезеңді тең еткің келсе, алдымен білімің таразыға түсері анық. Қазіргідей дамыған заман көшіне ілесу үшін кімге де керегі – сапалы білім-ғылым. Экономика, саясат, мəдениет, жалпы қай салада болмасын, білімі озық елдің ғана бəсі биік. Осыған орай еліміз білім беруді дамыту бағытына айрықша көңіл бөліп отыр. Айталық, білім беруді жаңғырту – адами капиталды дамытудың бір бағыты екенін ескере отырып, бұл саланы дамытуға 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама қабылдаған болатын. Кеше Үкімет отырысында осы бағдарламаның өткен екі жылғы қорытындысы талқыланды. «Егемен Қазақстан».

əдемілік пен сұлулықтың бір нышаны мен нысаны ретінде қарастырылады. Мысал керек пе? Бірден-ақ табылады. Қыз Жібектің ақтығы, Наурыздың ақша қарындай. Ақ бетінің қызылы, ақ тауықтың қанындай, деп келмейтін бе еді лиро-эпостық жырларда. Қараңызшы, Жайық қызы Жібектің айдай дидары қаңтардағы қарға емес, нақ, тұптура Наурыздың ақша қарына теңестіріледі. Бұл, əрине, тектен-тек емес. Əдемілік пен сұлулықты, наурыздың айрықша ажарын паш ететін тамаша тəсіл деп осыны айтыңыз. Несін айтасыз, дəл кешегі күні Ақжайықта жауған Наурыздың ақша қары тұрғындарға өзінің қайталанбас келбетін көрсетіп кеткендей көрінді. Қардың басын қар алар немесе құсқанаты деген осы да.

 Өзгеріс өлшемі – өндіріс

Білім беруге білікті кґзќарас ќажет

Динара БІТІКОВА,

жырланатын Наурыздың ақша қарының суреті дəл осындай-ақ болар. Өңірде өткен қыста түскен қардың мөлшері мен ылғалы мол делінгенімен күн күрт жылынған екі-үш күннің ішінде еріп бітуге таяған болатын. Наурыздың ортаңғы онкүндігінде жауған жаңбыр қардың еру үдерісін тездетіп кетті, дейді метереолог мамандар. Қалай дегенде де мұнда соңғы күндері жер жалаңаштанып, қарайып қалып еді. Көктемнің тым ерте шығып кеткені халықтық күнтізбе бойынша оң, жақсы құбылысқа жатпайды. Оның соңы құрғақшылыққа əкеліп соқтыруы əбден мүмкін. Осындай алаң көңілмен жүрген Ақжайық тұрғындарына Наурыздың ақша қары өзінің ырысы мен несібесін сыйлағандай күй кештік. Ауыз əдебиетінде Наурызда жауған қар

Лəйла ЕДІЛҚЫЗЫ,

«Егемен Қазақстан».

облысымызда емес, басқа өңірлерге шығарылады. Мұның сыры неде? Облыстық кəсіпкерлік жəне өнеркəсіп басқармасының бастығы Марат Балмұхановтың қазақстандық үлесті арттыруға арналған жиында мəлімдеуінше, өңірде табиғат пайдаланушы болып табылатын «СПНСАқтөбемұнайгаз» АҚ сияқты мұнай саласында жұмыс істеп жатқан ірі компаниялар осындай орындалу барысын баяндады. Ол бағдарламаның жалпы табысты жүзеге асырылып жатқанын айтып өтті. Қазіргі кезеңде барлық мақсатты индикаторларға қол жеткізілді. Ал кейбір индикаторлар артығымен орындалды, деді Б.Жұмағұлов. Министрдің хабарлауынша, осы уақыт аралығында білім жəне ғылым саласындағы заңнама толық жаңартылды. 257 құқықтық акті қабылданды. Оның ішінде 9 заң, 141 қаулы, 107 нормативтік бұйрық шығарылды. «Бағдарламаның табысты орындалуына екі фактор əсер етті. Біріншіден, заңнамалық база қалыптасты. Екіншіден, барлық негізгі бағыттар бойынша түбегейлі жаңа практикалық механизмдер əзірленді. Институттық жаңарту жүргізілді», деді министр. (Соңы 3-бетте).

өнімдерді шетелден əкелуге құмар көрінеді. Мұнайшылар болса, өз кезегінде, Ақтөбе мұнай қондырғылары зауытының АРІ (Америкалық мұнай институты) халықаралық сертификаты жоқтығын алға тартады. Осындай сертификат қана əлемдік рынокқа шығуға жол ашады. Зауытта қондырғыларды жаңғыртудың басталуы да сондықтан. (Соңы 3-бетте).

«Биылғы жылдың 26-27 ақ паны күндері Алматыда ұйымдастырылған Иранның ядролық бағдарламасы бойынша келіссөздердің қорытындысына сəйкес, келіссөздерге қатысушы тараптар 5-6 сəуірде келесі ке ліссөздерді Қазақстанда өт кізуге қол жеткізген болатын. Сондықтан, Иран ядролық бағдарламасы бойынша келіссөздерді Алматыда өткізу ту ралы өз ұсынысымызды халықаралық қауіпсіздік пен тұрақтылықты нығайту ісіне Қазақстанның қосып отырған үлесі ретінде қарастырамыз». Қазақстан Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің ресми өкілі Алтай Əбибуллаев журналистерге арналған дəстүрлі брифинг кезінде осылай деді. (Соңы 2-бетте).

АҚПАРАТТАР аєыны  Үстіміздегі жылы кəсіпкерлерге 9 мемлекеттік бағдарлама бойынша инновациялық грант беріледі. Бұл «Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекетті қолдау туралы» заңның күшіне енуіне байланысты жасалып отыр. Осыған орай енді кəсібін жаңа бастаған жас бизнесмен бастапқыда 50 млн., технологияларды коммерциялауға 30 млн., өндірістік зерттеу лерге 30 млн., ал шетелдік жəне өңірлік патенттік ұйымдардың патентін алуға 6 млн. 250 мың теңгеге дейін ала алады. Кеше Қазақстан Қарулы Күштерінің Құрлық əскерлері «Шоқпар-2013» жеделтактикалық командалық-штабтық оқужаттығуын бастады. Оған 4,5 мыңнан астам əскери қызметші мен 400-ден аса жауынгерлік техника тартылған. Жаттығуға

«Мемлекеттік қызмет бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға орай 26 наурыздан бастап елімізде мемлекеттік қызметтің жаңа моделі енгізілді. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жолдауында айтылған қағидаттарды жүзеге асырудағы мақсат – халыққа жəне мемлекетке қызмет етуді барлығынан жоғары қоятын кəсіпқой мемлекеттік аппарат қалыптастыру. Енді дəстүрлі əкімшілік жүйені мемлекеттік қызметтің кадрлық құрамын іріктеу жəне кəсіби даярлықтың жетілдірілген əдістемелерін енгізу талаптары алмастыратын болады. Мемлекеттік аппараттың реформалануынан ұтарымыз көп. Ең бастысы – кəсіби басқарушылар корпусын жасақтау нəтижесінде мемлекеттік қызметтің сапасы түбегейлі артатын болады. Олардың үлкен шоғырын «А» корпусына біріктіру арқылы ерекше кəсіби, біліктілік талаптары жүктеледі. Отандық заңдарды білу, мемлекеттік тілді меңгеру, проблемаларды шеше білу, халықпен қоян-қолтық байланыс

жауапкершілігі бірінші кезекке қойылады. Бұл жаңа тұрпатты топ қандай да бір артықшылықтарға ие болады деген сөз емес. Керісінше, іріктеу барынша ашық та қатаң жүргізіліп, кəсіби іскерлігі жоғары, халық, ел мүддесін бірінші орынға қоятын кадрлар резервін жасақтауға мүм кіндік туады. Бұдан былай мем лекеттік қызметкерлердің жеке тұлғалық құзыретін бағалау, өз қызметіне лайықтылығы шынайы жұмысымен өлшеніп, мемлекеттік бағдарламалық тапсырмаларды орындауы қатаң сұралатын болады. Осылайша жеке жауапкершілікті күшейту «командалық» сапырылысқа тыйым салары, мемлекеттік аппараттың жұмысын түбегейлі жақсартары, жемқорлықпен күресті күшейтері анық. Мемлекеттік қызметкерлердің ойлау деңгейі, жұмыс істеу жүйесі əр түрлі. Араларында өз істерін жетік білетіндері де, əупіріммен жүргендері де бар. Ал «А» корпусын құру мемлекеттік қызмет саласында еңбек еткісі келген кез келген адамды, əсіресе, жас буынды отандық басқару жүйесіне кеңінен тарта отырып, кəсіби машығын төселдіруге, ұйымдастырушылық қабілетін шыңдауға алғышарттар жасайтыны кəміл.

Еѕбек шартына ќол ќойды Мұхит ІЗБАНОВ,

Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Атырау облысы бойынша басқармасының бастығы – тəртіптік кеңес төрағасы.

Өткен жылдың аяғында толықтырулар мен өзгерістер енгізілген «Мемлекеттік қызмет туралы» Заң талабы кешеден бастап күшіне енді. Осыған байланысты енді əр өңірдегі мемлекеттік қызметкерге қойылатын талап та, жүктелетін міндет те өзгерді. Өңірдегі саяси қызметкерлер санатына 7 лауа зымды тұлға, яғни облыс əкімі мен оның 5 орынбасары,

Аты рау қаласы əкімі енгізілді. Сонымен бірге, мемлекеттік қызмет тегі жаңа модуль бойынша мемлекеттік қызметкерлер «А» жəне «Б» корпусына бөлініп отыр. Соның ішінде «А» корпусының өзі 1 жəне 2 санат болып екі топқа бөлінеді. Мəселен, Атырау об лы сында бірінші санаттағы топқа Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің облыстағы басқарма бастығы – тəртіптік кеңес төрағасы, облыс əкімі аппаратының басшысы жəне 7 аудан əкімі енді. (Соңы 2-бетте).

Кеше Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ə.Назарбаев «А» корпусының мемлекеттік əкімшілік қызметінің кадр резервіне іріктеу жəне «А» корпусының бос жəне уақытша бос мемлекеттік əкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларын бекіту туралы» №524, «Мемлекеттiк қызметтiң кадр резервi туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 4 желтоқсандағы №1243 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы» №525 жəне басқа да Жарлықтарға қол қойды. ------------------------------------------------Жарлықтар мəтінін газетіміздің 7-8-беттерінен оқи аласыздар.

мотоатқыштар, танкистер, артиллеристер, десанттық шабуылдаушылар арнайы бөлімшелерімен бірге армиялық авиация қатысатын болады.  Оңтүстік Қазақстан облысының кəсіпкерлерге қызмет көрсету орталығында бос жұмыс орындарының дерекқоры құрылды. Ол «Оңтүстіктің кадрлық ресурстары» атты жаңа жоба бойынша іске қосылды. Орталық аймақта жұмыс жасап жатқан мекемелер мен ірі компания бөлімшелерінің басшыларын серіктестікке шақырады.  Жамбыл облысында үш су қоймасы салынғалы жатыр. Бұған аймақта жылдан жылға суармалы жердің үлесі артып келе жатқаны себеп болды. Ал өзендерінің көбі өз жерінен бастау алатын облыс соңғы жылдары су тапшылығына қатты ұшырап отыр. Бүгінде өңірде 117 су қоймасы бар. Оның 5-уі республикалық меншікте болса, 102і коммуналдық жəне 10-ы жеке меншікке қарайды.

 Павлодарда жас музыканттардың республикалық байқауы өтуде. Реттік саны бойынша 47-ші болып саналатын бұл өнер байқауы кеше басталды. Ол қазақтың аса көрнекті композиторы, КСРО халық əртісі Мұқан Төлебаевтың 100 жылдығына арналды. Осы сынаққа қатысу үшін Кереку жеріне еліміздің барлық облыстарындағы музыка мектептерінен 500-ден астам оқушылар мен оқытушылар келді.  Kazakhmys 2012 жылы өткен жылғы табысқа қарсы $2,27 млрд. көлемінде таза шығынға батты. Компанияның жылдық түсімі 3,35 миллиард долларға, 5,9%-ға дейін қысқарып, операциялық табыс 368 миллион долларды, яғни 70%-ды құраған. EBITDA көрсеткіші 1,912 миллиард долларға, 34,6%-ға дейін төмендеген. ҚазАқпарат, СА-NEWS (kz), Bnews.kz агенттіктерінің хабарлары бойынша дайындалды.


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.