27032014

Page 1

Бїгінгі нґмірде:

№59 (28283) 27 НАУРЫЗ БЕЙСЕНБІ 2014 ЖЫЛ

Азаматтыќ ќызметшілердіѕ мəртебесі 4-бет Еленбеген ерен ерлік 5-бет Əр науќанныѕ ґзіндік салмаєы бар 6-бет Əлем назары Шымбўлаќќа ауды 14-бет

Жаћандыќ ќауіпсіздік жолында кїш біріктірейік Ќазаќстан Президенті Нўрсўлтан Назарбаев əлем мемлекеттері басшыларын ядролыќ ќауіпсіздікті ныєайтуєа шаќырады

Оқырмандар назарына Қазақстан Президентінің Гаагада өткен ІІІ Жаһандық қауіпсіздік саммиті қарсаңында жарияланып, əлемнің жетекші интерактивті саяси алаңдарында – «Euractiv» жəне «Washington Times»-те орналастырылған мақаласын ұсынамыз. Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ,

Қазақстан Республикасының Президенті.

Ќырєызстан Президентімен кездесті Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қырғыз Республикасының Президенті Алмазбек Атамбаевпен кездесті, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.

Алматыдағы кездесуде мемлекет басшылары сауда-экономикалық, инвестициялық, су-энергетикалық жəне мəдени-гуманитарлық ынтымақтастықпен қатар, екіжақты қарымқатынастарды нығайту мəселелерін талқылады. Сондай-ақ, бірлескен қазаққырғыз инвестициялық қоры жұмысының бағыттары да қаралды. Бұған қоса, Нұрсұлтан Назарбаев пен Алмазбек Атамбаев Еуразия кеңістігіндегі интеграциялық бірлестіктер аясындағы өзара ықпалдастықтың негізгі жолдарын талқылады. Қазақстан Президенті мұндай

Елбасы – Алматыда

Мемлекет басшысы Алматы қаласына жұмыс сапарымен келді, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.

Сапар барысында Мемлекет басшысы Алматы қаласын дамыту мəселелеріне арналған кеңес өткізеді.

Таєайындау

Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасының Сауд Арабиясы Корольдігіндегі Төтенше жəне өкілетті елшісі, Қазақстан Республикасының Ислам Ынтымақтастығы Ұйымы жанындағы Тұрақты өкілі Бақыт Данабекұлы Батыршаев Қазақстан Республикасының Бахрейн Корольдігіндегі Төтенше жəне өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы қызметіне тағайындалды.

келіссөздердің алдағы уақытта екі елдің экономикалық дамуына ықпал ететін маңыздылығын атап өтті. – Екіжақты тауар айналымы 2011 жылмен салыстырғанда 41%-ға өсіп, 1 миллиард доллардан асты. Қазақстан тəуелсіздік жылдары Қырғызстан экономикасына 1 миллиард доллардан астам инвестиция салды. Алда əлі де көп жұмыс бар. Біз мемлекетаралық комиссияны жəне Қазақстан мен Қырғызстан Жоғары мемлекетаралық кеңесінің отырысын өткізуіміз керек. Осыған байланысты ынтымақтастығымыздың барлық бағытын талқылауға

дайынбыз, – деді Мемлекет басшысы. Қырғыз Республикасының Президенті кездесу үшін алғысын білдіре келе, Қазақстанның бейбітшілік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету ісінде де, əлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер тұрғысынан да Орталық Азиядағы жетекші ел екенін атап көрсетті. – Кездесулеріміз кезінде мен əрдайым өзім үшін пайдалыны ойға түйемін жəне Сізден əрқашан көп нəрсені үйренуге болатынын айтқым келеді, – деді А.Атамбаев. Тараптар өңірдегі қауіпсіздіктің жай-күйі мен халықаралық күн тəртібінің өзекті жайттары жөнінде де пікір алмасты. -----------------------------------------

Жапония елшісімен жїздесу Мəжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин Жапонияның Қазақстандағы елшісі Масаеси Камохарамен кездесті. Тараптар екі елдің қарым-қатынасын талқылады. Сондай-ақ, қос мемлекеттің стратегиялық əріптес жəне өзара түсіністік деңгейінде жолға қойылған жоғары ынтымақтастық жағдайын сөз етті. Сонымен қатар, халықаралық қауіпсіздік, соның ішінде ядролық қарусыздану жəне таратпау мəселелеріне де баса назар аударды. Мəжіліс Төрағасы Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың осы саладағы бастамаларының маңыздылығы мен өзектілігіне тоқталды. Одан əрі, ол біздің елдеріміз ядролық қарудан жапа шеккен ел ретінде жаппай қырыпжоюға соқтыратын қаруды таратпау жəне атомды бейбіт мақсатта пайдалану жолындағы жауапкершілікті сезінетінін атап көрсетті. «Сондықтан, ядролық қаруды таратпау туралы шарт халықаралық қауіпсіздік үшін өте маңызды», – деді Нұрлан Нығматулин. Осы ретте Мəжіліс Төрағасы ядролық қауіпсіздікке байланысты Гаагада өткен

саммит Елбасы бастамасының заманауилығының тағы бір көрсеткіші екеніне назар аудартты. Спикердің тағы бір атап өткені, Жапонияның жетекші энергетикалық компанияларымен өзара ықпалдастығы. Соның нəтижесінде еліміздің атом өнеркəсібі саласын үздік технологиялармен қамтамасыз етуге мүмкіндік туды. Өз кезегінде Масаеси Камохара Жапония Қазақстанмен барлық бағытта, əсіресе, атомды бейбіт мақсатта пайдалану мəселесінде етене байланыс жасауға дайын екенін жеткізді. Елші Қазақстанның дамуын жоғары бағалап, жапондықтардың біздің елімізге деген қызығушылығының

 VІІ Астана экономикалық форумы қарсаңында

Даєдарысќа ќарсы əлемдік їнќатысу алаѕы

Жыл сайын Астана қаласында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен əлемдік экономикалық форум өткізу дəстүрге айналды. Міне, биыл жетінші рет өткізілгелі отырған бұл халықаралық басқосуға əлемнің жүзге тарта мемлекеттерінен дуалы ауыз сарапшылар, белгілі саясаткерлер, экономика ғылымының көшбасшылары, Нобель сыйлықтарының лауреаттары қатысады деп күтілуде. Астана экономикалық форумы шеңберінде осымен екінші рет жаһандық экономикалық дағдарыстың себеп-салдарларын айқындап, қиындықтан шығу жолдарын белгілейтін Дағдарысқа қарсы дүниежүзілік конференция ұйымдастырылады. Əлем сарапшыларының берген бағасы бойынша, жаһандық шешімдер қабылдайтын алаңға айналған – VІІ Астана экономикалық форумына бүгінде дайындық жұмыстары кең көлемде өріс алуда. Жылқыбай ЖАҒЫПАРҰЛЫ, «Егемен Қазақстан».

Əлемдік дағдарыс – барлық экономикалық бастауларды өзгертуге ұшырататын ерекше құбылыс. Осы дағдарысқа қарсы дүниежүзілік жоспар əзірлеу

Суретті түсіргендер С.БОНДАРЕНКО, Б.ОТАРБАЕВ.

мақсатында БҰҰ қолдауымен Қазақстан Республикасының елордасы – Астана қаласында 2013 жылы тұңғыш рет Дағдарысқа қарсы дүниежүзілік Конференция (ДҚДК) ұйымдастырылды. Шара дəстүрлі түрде жылда өтетін Астана экономикалық форумы

аясында өтті. Осылайша Қазақ елі ұсынған бірегей алаңда əлемнің ең салмақты теоретиктері мен практиктері өзара пікір алмасты, дағдарысқа қарсы жаһандық жоспарға өз ұсыныстарын қосты. (Соңы 5-бетте).

жыл санап артып отырғанын жеткізді. Осы ретте М. Камохара Президенттің «Қазақстан-2050» Стратегиясы зор мүмкіндіктер ашатынына сенім білдірді. Нұрлан Нығматулин аталған елдің энергетика саласындағы озық тəжірибесін ескере отырып, жапондық компанияларды ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысуға шақырды. Ал саудаэкономикалық байланысқа келсек, қос тараптың да бұл бағытты одан əрі дамытуға қызығушылығы зор. 2013 жылы тауар айналымы 1,7 млрд. АҚШ долларынан асқан. Қазақстан экономикасына тікелей жапондық инвестиция арқылы келген ішкі жиынтық түсім мөлшердегіден 6,2 млрд. АҚШ долларына артық. Одан əрі парламентаралық қарым-қатынасты нығайту жайында əңгіме өрбіді. Кездесу иелері осы жолда бейінді комитеттер мен ынтымақтастық жөніндегі топтар арасындағы өзара іс-қимылды кеңейтудің өзектілігін атап өтті.

1991 жылы Қазақстан тəуелсіздігіне қол жеткізген кезде, қуаты жөнінен əлемдегі төртінші ядролық арсеналды иеленіп қалды. Біз бұл қарудан өз еркімізбен бас тарту туралы шешім қабылдап, оны қатаң қауіпсіздік жағдайында Ресейге өткіздік. Осындай іс-қимыл Қазақстанның аталған саладағы көшбасшылығына негіз қалады. Мен бейбіт кезеңде ядролық қарудың салдарынан біздің елімізден көп қасірет шеккен бірде-бір мемлекет болған жоқ деп есептеймін. Семей полигонында ауада жəне жер астында 500-ге жуық ядролық жарылыстар жасалды. Қырық жылға жуық уақытқа созылған сынақтардан таралған радиоактивті шөгінділердің

Тўраќтылыќ. Бейбітшілік. Бірлік Лəйла ЕДІЛҚЫЗЫ,

«Егемен Қазақстан».

Жиын барысында сөз алған А.Башмаков 18 сəуірде өтетін Қазақстан халқы Ассамблеясының жылдық сес сиясында ағымдағы саяси жəне халық аралық маңыздағы мəселе лер қаралатынын жеткізді. «Сессияның тақырыбы: «Қазақстан-2050» Стратегиясы бейбітшілік, руханият жəне келісім мəдениеті деп аталады. Өздеріңіз байқап отырғандай, тақырып ауқымды жəне ол кездейсоқ

«Қазақстан-2050» Стратегиясында алға қойылған басты мақсат еліміздің əлемдегі ең дамыған отыз мемлекеттің қатарына қосылуы екендігі белгілі. Жалпы, осы ретте айта кетер бір мəселе, біздің мемлекетімізде халықтың алдына ұзақмерзімдік стратегиялық мақсат белгілеп, оны жүзеге асыру тəжірибесінің қалыптасқандығы. Соның жарқын бір мысалы ретінде бұған дейін қабылданып, іске асырылған «Қазақстан-2030» Стратегиясын айтуға болады. Тəуелсіздіктің елең-алаң шағында қабылданған бұл құжат еліміздің алдындағы бағдаршам секілді бізді тура жолдан тайдырмай, нақты белгіленген бағытқа қарай бастап келді. Соның нəтижесінде біз 16 жылдың ішінде үлкен істерді тындырып, отыз жылға межеленген жолдың негізгі соқпақтарын жүріп өтіппіз.

Халыќты адастырмайтын баєдаршам Əрине, осы аралықта бүкіл əлем үлкен өзгеріске түсті. Адамзаттың алдында жаңа сын-қатерлер пайда болды. Үшінші индустриялық революцияның толқынында мүлдем жаңа технологиялар өмірге келіп, солардың нəтижесінде

(Соңы 2-бетте).

Кеше Орталық коммуникациялар қызметінде биылғы жылдың 18 сəуірінде өтетін Қазақстан халқы Ассамблеясының XXI сессиясына орай брифинг ұйымдастырылды. Оған Қазақстан халқы Ассамблеясы Хатшылығы секторының меңгерушiсi Назипа Шанаи, Сенат депутаты, «Қазақстанның орыс, славян жəне казак ұйымдары қауымдастығы» қоғамдық ұйымы төрағасының орынбасары Анатолий Башмаков, «Қазақстанның əзербайжан мəдени орталықтары» бірлестігінің басшысы Видади Салахов, Астана қаласындағы болгар этномəдени бірлестігінің жетекшісі Ольга Андриевская қатысып, Қазақстан халқы Ассамблеясының XXI сессиясына, ҚХА қызметіне қатысты ой-пайымдарымен бөлісті.

ЎМТЫЛЫС

«Егемен Қазақстан».

алаңдаушылық білдірді. Бұған қоса, біздің заманымыздың сын-қатерлеріне «ядролық клуб» елдерінің кеңеюін тежеуді де жатқызуға болады. Мəселе мынада: ядролық технологиялардың дамуына кедергі жасамай, қарудың таралуын қалай тежеуге болады? Бұл сұрақтың жауабын адамзат атом дəуірі басталған кезден бері іздестіріп келеді. Осы аптада Гаагада бүкіл дүниежүзінен алпыс шақты мемлекет басшылары жиналатын ІІІ Жаһандық қауіпсіздік саммиті өтіп, онда аталған қатерлерге қарсы жауап табудың тетіктері қарастырылады. Біз назарымызды айналымда жүрген ядролық материалдардың санын одан əрі қысқартуға жəне олардың шашау шықпау шараларын күшейтуге аударатын боламыз.

 Біз – қазақстандықтармыз!

 Ойымыз – отыздықтан орын алу

Сұңғат ƏЛІПБАЙ,

əсерінен бір жарым миллион адам зардап шекті. Сондай-ақ, орасан зор аумақ зақымданды. Біз, ядролық сынақтардан көп зардап шеккен ел ретінде, дүниежүзі ядролық апат қатерінен барынша қорғалуы үшін өзіміздің айтарлықтай үлесімізді қостық. «Қырғи-қабақ соғыс» текетірес кезеңі келмеске кеткенімен, бүгінде алаңдаушылықтың өзге де себептері пайда болып отыр. Ядролық қарудың экстремистердің қолына түсу ықтималдығы да жоқ емес. Бүкіл əлем үшін террорлық топтардан шығатын қатер арта түсті. Олардың саны ғана емес, қатыгездіктері мен адам өміріне жүрдім-бардым қарау деңгейі де өсіп отыр. Міне, нақ сондықтан АҚШ президенті Барак Обама ядролық лаңкестік халықаралық қауіпсіздік үшін аса үлкен қатерлердің бірі болып табылатыны туралы

елдер арасындағы бəсеке одан əрі күшейе түсті. Осыны ескерген Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев əлемде жүріп жатқан кең ауқымды өзгерістерге прагма тикалық тұрғыдан баға бере келе, халқымыздың алдына жаңа мақсат қойды. (Соңы 4-бетте).

таңдалып отырған жоқ. Менің ойымша, бүгінгі əлем өз дамуында аса өткір саяси халықаралық кезеңді бастан кешіріп отырға ны анық, бірақ ең алдымен, дүние танымдық проблемалар, мəдениет пен руханилық мəселелер дағдарысқа ұшырап отыр», деді А.Башмаков өз сөзінде. Сондай-ақ, ол қазақстандық делегацияның Нəсілшілдік кем сі ту шілікпен күресу туралы халықаралық конвенцияның орын далу мəселелері бойынша Женеваға жасаған жұмыс сапары жəне оның қорытындысы туралы

əңгімелеп берді. А.Башмаковтың айтуынша, шараға қатысушылар Қазақстанға өз тараптарынан алғыстарын білдірген. «Ұлттық баяндаманы қорғауға əр елге екі күннен берілді. Біз де басқалар сияқты регламент бойынша жұмыс істедік жəне бұл ретте қатысушылар бізге алғыстарын білдірді, сондай-ақ, ұлтаралық келісімнің жұмыс тəжірибесімен алмасу үшін Қазақстанға делегациялар жіберетіндерін айтты», деді депутат бұл орайда. (Соңы 3-бетте).


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.