Бїгінгі нґмірде: Ли Куан Ю
5-бет Аќ моншаќтай їзілген бір тамшы жас 6-бет Ќаржы ќатаѕ ќадаєаланады 8-бет Їйлесім 9-бет
№55 (28533) 27 НАУРЫЗ ЖҰМА 2015 ЖЫЛ
Мїмкіндік деген міне, осы!
Кеше Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Оңтүстік Қазақстан облысындағы жұмыс сапарында көкөніс өндірумен айналысатын «Аделя» шаруа қожалығына арнайы келді. Бақтияр ТАЙЖАН,
«Егемен Қазақстан».
Ордабасы ауданының Бадам елді мекенінде орналасқан бұл жылыжай кешені 2011 жылы құрылып, бастапқыда 5 гектар алқапта өзінің жұмысын бастаған еді. 2014 жылы «ҚазАгроҚаржы» АҚ-ы арқылы 2200 млн. теңге көлемінде қаржы алып, үдемелі-индустриялы инновациялық даму бағдарламасы ая сында шаруашылық басшылары жылыжай көлемін қосымша 11 гектарға ұлғайтты. Қазір еліміздегі ең ірі көкөніс кешенінің бірі болып отырған бұл шаруашылық франциялық «Richel» компаниясының
қондырғыларымен жабдықталған. Мұнда жылына 8,5 мың тонна өнім алынып, 160 адам жұмыспен қамты лып отыр. Сондай-ақ шаруашылықта 72 гектар алқапқа тамшылатып суару əдісімен интенсивті 14 мың түп алма сорттары жəне 6 мың түп алқоры егілген. Олар да қазір жақсы өнім беруде. Заманауи қондырғылармен жабдықталып, мақтаулы мемле кеттердің жылыжайларымен бəсекеге түсуге қабілетті кешенді Елбасына облыс əкімі Асқар Мырзахметов қысқаша таныстырып өтіп, əңгіме барысында өңірдегі ауыл шаруашылығы жағдайын баяндап берді. Мемлекет басшысы өз кезегінде осы
шаруашылықта облыстағы шағын жəне орта кəсіппен айналысып, табысқа жетіп жүрген кəсіпкерлермен пікірлесті. Олардың Елбасына айтары көп еді. Өткен жылы 325 млрд. теңгеге ауыл шаруашылығы өнімі өндірілсе, ол осы адамдардың маңдай терінің өтеуі. Мəселен, «Қайып ата» серіктестігінің басшысы С.Ертаев əу баста ірі қара бордақылайтын шаруашылық ашқанда ферманы 80 бас өгізден бастаған. Бүгінде мемлекеттік қолдау арқылы 3 000 бас ірі қара бордақылайтын жағдайға жетті. Былтыр Өзбекстанға 100 тонна ет экспорттаған. Шаруашылық басшысының ендігі межесі – Ресей нарығына кіру. Қолдан келмейтін іс деуге болмайды, бір күнде екі отар қойды түскі тамақ асханаларының қажетіне жаратып жіберетін Мəскеудің үлкен
Ґшпес мўра ќалдырєаны аталды Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Сингапур Республикасының Премьер-министрі Ли Сянь Лунге осы елдің тұңғыш Премьер-министрі Ли Куан Юдың қайтыс болуына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. Жеделхатта Қазақстан Президенті Сингапур халқына көңіл айтамын», – делінген жеделхатта. мемлекетінің не гізін қалаған жаһандық ауНұрсұлтан Назарбаев Сингапурдың əлемдік қымдағы көрнекті саяси қайраткер Ли Куан беделін нығайтып, оның Азиядағы жетекші ел Юдың қайтыс болғаны туралы хабарды күйзеле ретінде қалыптасуы үшін Ли Куан Юдың орасан қабылдағаны айтылған. күш-жігер жұмсағанын жəне сол арқылы артына «Біз жиі кездесіп тұрдық. Мен оны жақын дос өшпес мұра қалдырғанын атап өткен. санадым, одан көп тəжірибе алдым. Орны толмас «Қазақстан халқы Ли Куан Юдың біздің қайғыны бөлісе отырып, Қазақстан халқының елдеріміздің арасындағы берік достық қатыжəне жеке өзімнің атымнан туған-туыстары настарды нығайтуға қосқан зор үлесін ешқашан мен жақындарына, сондай-ақ, барша Сингапур ұмытпайды», – делінген жеделхатта.
Кґѕіл айту жеделхаттарын жолдады Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Германия Федералдық канцлері Ангела Меркельге Germanwings авиакомпаниясы ұшағының апатқа ұшырауына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. Жеделхатта Қазақстан Президенті ұшақ апатының салдарынан Германия азаматтарының қаза болғандығы туралы қайғылы хабарды күйзеле қабылдағаны айтылған.
Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқының жəне жеке өзінің атынан Федералдық канцлерге, қаза болғандардың туыстары мен жақындарына, сондай-ақ, барша Германия халқына көңіл айтты.
*** Мемлекет басшысы Испания Королі VI Фелипеге Germanwings авиакомпаниясы ұшағының апатқа ұшырауына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады. Жеделхатта ұшақ апаты салдарынан Испания Елбасы Қазақстан халқының жəне жеке өзінің азаматтарының қаза болғандығы туралы хабарды атынан Испания Короліне, қаза болғандардың Нұрсұлтан Назарбаевтың күйзеле қабылдағаны туыстары мен жақындарына, сондай-ақ, барша атап өтілген. Испания халқына көңіл айтты. *** Елбасы Germanwings авиакомпаниясы ұшағының апатқа ұшырауы салдарынан қаза тапқан Қазақстан азаматтарының туған-туыстары мен жақындарына көңіл айту жеделхатын жолдады. Жеделхатта ұшақ апатынан қазақстандықСондай-ақ, Мемлекет басшысы қаза тардың қаза тапқаны туралы хабарды Мемлекет тапқандардың отбасыларына қажетті көмек басшысының күйзеле қабылдағаны айтылған. көр сету, марқұмдардың мəйіттерін анықтау Нұрсұлтан Назарбаев олардың туған-туыстары жəне Отанына жеткізу жөнінде Қазақстан Ресмен жақындарына Қазақстан халқының жəне жеке публикасының тиісті мемлекеттік органдарына өзінің атынан шын ниетпен көңіл айтты. тапсырма берді.
Есімі мен еѕбегі ўмытылмайды Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазатомөнеркəсіп» ҰАК» АҚ басқармасының төрағасы Нұрлан Қаппаровтың қайтыс болуына байланысты оның отбасы мен жақындарына көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. Елбасы Н.Қаппаровтың кенеттен қайтыс болуына байланысты көңіл айтты. Жеделхатта ел тəуелсіздігінің алғашқы жылдарында Н.Қаппаров жастар арасынан дараланып шыққан кəсіпкер ретінде танылғаны атап өтілген. Ол əр жылдары «Қазақойл» ұлттық мұнай-газ компаниясы» ЖАҚ президенті, Қоршаған орта жəне су ресурстары министрі, «Қазатомөнеркəсіп» ҰАК»
АҚ басқармасының төрағасы болды, сондай-ақ, басқа да жауапты лауазымдарда өзіне жүктелген міндеттерді абыроймен атқарды. « Н . Қ ап п ар о в ө з і н і ң мо л б і л і мі мен тəжірибесін əрдайым еліміздің өсіп-өркендеуіне жұмсаған дарынды ұйымдастырушы болды. Халқымыз оның есімі мен еңбегін ұмытпайды», – делінген жеделхатта.
кəсіпорын басшылары Оңтүстік Қазақстандағы осы жерге де келіп, бірге жұмыс жасаймыз деп уағдаласып кеткен. Жүздесу барысында облыстық мəслихаттың депутаты, белгілі кəсіпкер Ə.Досболов, «Сарыағаш жер сыйы» ЖШС директоры Т.Шыңтасов, «Амангелді» корпорациясының президенті Н.Құралов сөз алып, шаруаларға мемлекет тарапынан бөлініп жатқан көмекке ризашылықтарын білдірді. – Мен жеміс-жидек өсіретін фермерлік қожалықтың жетекшісімін. Біз Мақтаарал ауданында бұрын ол өңірде болмаған 300 гектарға ірі өндірістік бау жобасын іске асырып отырмыз. Мұнда толығымен италиялық интенсивті технологиялар əкеліп орналастырылды. Бұл жоба тікелей Өзіңіздің берген бағытыңызбен іске асып отыр. Осыдан 8 жыл бұрын Сіз бастаған бір топ қазақстандық кəсіпкерлермен бірге Гол ландияда өткен бизнес форумға қатысқан болатынбыз. Сіз сол фо румда: «Осылардың істеген тірлігін сендер неге жасамайсыңдар? Қолдарыңнан келеді, мүмкіндіктер бар», деген едіңіз. Енді бүгін біз сол екі елдегі техно логияның керектілерін игеріп, ірі шаруашылыққа айналып отырмыз. Егер бұрын қарапайым əдіспен 1 гектар баудан 5-7 тонна жеміс алынған болса, жаңа технологиямен 1 гектардан 100 тоннаға дейін өнім алып жатырмыз. Жоспарымыз келесі жылдан бастап Еуразиялық экономикалық одақтың нарығын игеру. Қазірдің өзінде бақша өнімдерін Ресей мен Германияға экспорттаудамыз деді «Қаршыға» шаруа қожалығының басшысы Қ.Ақтөреева. Мемлекет басшысы облыстың кəсіпкерлерімен жəне ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілермен əңгімелесіп болғаннан кейін, өңірдің əлеуметтік-экономикалық оң көрсеткіштерін атап өтті. (Соңы 2-бетте).
Индустриялыќ аймаќтар – алаѕсыз болашаќ Оѕтїстікте ќўрылыс материалдарыныѕ 90 пайызы ґндіріледі Бақтияр ТАЙЖАН,
«Егемен Қазақстан».
Наурыз – нўрлы жол Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев елордадағы «Сарыарқа» велотрегінде Наурыз мейрамына орай өткен мерекелік шараға қатысты. Динара БІТІКОВА,
«Егемен Қазақстан».
Мерекелік театрландырылған қойылым «Жаңғырған табиғат, бақ қонған ел», «Қазақстан – нұрлы жол!», «Астана – Мəңгілік Елдің ортасы», «Наурыз – нұрлы жол» атты төрт бөлімнен құралды. Шарада белгілі қазақстандық өнерпаздар əн шырқап, би биледі. Елорда тұрғындары мен қонақ тары алдында сөз сөйлеген
Нұр сұлтан Назарбаев барша Қазақстан халқын Наурыз мейрамымен құттықтады. – Құрметті қауым, қазақстандықтар, отандастар, баршаңызды əз Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймын. Біздің бұл мерекеміз – ата-бабамыздан келе жатқан үлкен мереке. Көп мемлекеттер бұл күнді жаңа жыл деп санайды. Біздің тарихымызда бірнеше жүз жылдан бұрын атап, көктемнің алғашқы күнінде ағайындар бір-бірімен
қауышып, туысқандар бірін бірі қыстан шығып көріп, барлық орын алған жаманшылықтарды кешіріп, бір-біріне көмектесіп, наурыз көже үлестіріп жататын. Біз еліміздің ақ тілекпен, бірлікпен тəуелсіздігін орнаттық. Қазақстанды дү ниежүзіне белгілі мемлекет еттік. Қандай қиын-қыстау заман болса да бірге болып, бірлігімізден ажырамай, алға басып келе жатырмыз. Еліміз көркейді, ел ордасы – халықтың, мемлекеттің жүрегі бүкіл дүниежүзіне белгілі болды, – деді Елбасы. (Соңы 2-бетте).
Қазақстан Республикасының Заңы Халыќаралыќ Валюта Ќоры Келісімініѕ Баптарына Тїзетулерді ратификациялау туралы 1-бап. Халықаралық Валюта Қорының Басқарушылары Кеңесінің «Халықаралық Валюта Қорында квоталарды жəне дауыстарды реформалау» деген 2008 жылғы 28 сəуірдегі № 63-2 Қарарымен мақұлданған Халықаралық Валюта Қоры Келісімінің Баптарына Түзету, Халықаралық Валюта Қорының Басқарушылары Кеңесінің «Халықаралық Валюта Қорының инвестициялық өкілеттіктерін кеңейту» деген 2008 жылғы 5 мамырдағы № 63-3 Қарарымен мақұлданған Халықаралық Валюта Қоры Келісімінің Баптарына Түзету жəне Халықаралық Валюта Қорының Басқарушылары Кеңесінің «Квоталарды он төртінші жалпы қайта қарау жəне Атқарушы кеңестің реформасы» деген 2010 жылғы 15 желтоқсандағы № 66-2 Қарарымен мақұлданған Халықаралық Валюта Қоры Келісімінің Баптарына Түзету ратификациялансын. 2-бап. Халықаралық Валюта Қорының Бас қарушылары Кеңесінің «Халықаралық Валюта Қорында
квоталарды жəне дауыстарды реформалау» деген 2008 жылғы 28 сəуірдегі № 63-2 Қарарымен мақұлданған Халықаралық Валюта Қоры Келісімінің Баптарына Түзету 2011 жылғы 3 наурызда күшіне енді. Халықаралық Валюта Қорының Басқарушылары Кеңесінің «Халықаралық Валюта Қорының инвестициялық өкілеттіктерін кеңейту» деген 2008 жылғы 5 мамырдағы № 63-3 Қарарымен мақұлданған Халықаралық Валюта Қоры Келісімінің Баптарына Түзету 2011 жылғы 18 ақпанда күшіне енді. Осы баптың бірінші жəне екінші бөліктерінде көзделген түзетулер Қазақстан Республикасына қатысты күшіне енген кезден бастап қолданылады.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ.
Тəуелсіздіктің алғашқы жылдары Қазақстан халқына оңай болған жоқ. Бүгінгі жастар айтсаң сенбейді, дүкен сөрелері жылан жалағандай бос тұратын. Алматыда ұбақ-шұбақ кезек, қалтасында азын-аулақ тиын-тебені бар азаматтар не сатылып жатқанына қарамай соңына тұра қалатын. Қаламгерлер Шерхан Мұртаза мен Камал Смайлов баспасөзде бір-біріне хат жазды. Əрбір хаттан күңіренген, қазақтың ертеңі үшін алаңдаған зарлы леп сезіліп тұратын. «Шикізатымыз мол, бірақ өндірісіміз жоқ, түйме де шығара алмай жатырмыз ғой» деп күйінетін екеуі. «Орнында бар оңалар» деген. Құдайға шүкір, бұрынғы шақ көрген түстей болып қалды. Елбасының тікелей тапсырмасымен үдемелі индустриялық-инновациялық бағдарлама қабылданып, түйме емес, түйменің ата-бабасындай алып кəсіп орындар қосылып, күні кеше Қазақстанның кетеуі кетті деп мысқылдағандар қызығатындай биіктіктерді бағындырдық. Оңтүстік Қазақстан облысының əкімі Асқар Мырзахметов республикада алғашқылардың бірі болып «Оңтүстік» индустриялық аймағын ашқан. Соншама алып кəсіпорындарға лайықты жерді қайдан табам, инфрақұрылым жүйесін қалай өткізем деген жоқ, қирап қалған фосфор зауыты аумағынан 337 гектар жерді дайындықтан өткізді. Үкі меттік жеңілдіктерді пайдаланып, кəсіпорындарды шоғырландырды. Содан бері айналдырған бес жылдың көлемінде бұл аймақ өнімділігі жөнінен республикадағы бірінші орынға шықты.
Сенат Төрағасы Абдалла II-ге Қазақстан Президенті Н.Назарбаевтың жылы шырайлы сөздерін жеткізді. «Халықаралық жағдайды сауықтыруға, сондай-ақ, Корольдіктің қоғамдық-саяси өмірі мен экономикасын реформалауға бағытталған сіздің қызметіңізді біздің еліміздің Президенті жоғары бағалайды», деп атап өтті Қ.Тоқаев. Сенат Төрағасы əлемдік діндер мен конфессиялардың өзара іс-қимылын қалыптастыру жөніндегі Иорданияның көзқарасы Қазақстанға да ортақ екенін атап өтті, исламның бейбітсүйгіш дін екені, сондайақ, түрлі діндер өкілдерінің арасындағы үнқатысудың маңыздылығы «Амман жолдауында» көрініс тапқаны айтылды. «Бұл идеялар Қазақстанға да өте жақын. Біздің пікірімізше, бейбітшілік, қауіпсіздік жəне өзара ынтымақтастық қағидаларын бекемдеуде əлемдік қоғамдастықта басқа діндер сияқты исламның да зор əлеуеті бар», деді Қ.Тоқаев.
Тараптар барлық сала бойынша екіжақты қарым-қатынасты дамыту жайында пікір алмасты. Мəжіліс Төрағасы Корея Қазақстанның Шығыс Азиядағы маңызды стратегиялық əріптестерінің бірі екенін алға тарта келіп, саяси, саудаэкономикалық саладағы жетістіктерге тоқталды. Корея Республикасының Президенті Па Кын Хенің өткен жылғы Қазақстанға жасаған мемлекеттік сапары өзара саяси іс-қимылға тың серпін берді. Қос мемлекет арасындағы тауар айналымы өткен жылы 2 млрд. долларға жуықтады. Бүгінгі күні Қазақстанда 800-ден астам бірлескен кəсіпорын жұмыс істейді.
(Соңы 7-бетте).
(Соңы 4-бетте).
(Соңы 4-бетте).
Сенат Тґраєасыныѕ Иордания Королімен жїздесуі
Амманға жұмыс бабындағы сапары барысында Парламент Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Иордания Королі Абдалла II-мен кездесті, деп хабарлады Парламент Сенатының баспасөз қызметі.
Астана, Ақорда, 2015 жылғы 20 наурыз. № 298-V ҚРЗ
Кореялыќ делегациямен кездесті Кеше Парламентте Мəжіліс Төрағасы Қабиболла Жақыпов Корея Республикасы Ұлттық Ассамблеясының «Қазақстан Республикасы – Корея Республикасы» ынтымақтастық жөніндегі парламентаралық топ жетекшісінің орынбасары, Корея Республикасы Ұлттық Ассамблеясының депутаты Чаң Юнсок бастаған делегация өкілдерімен кездесті.
АСТАНА ЭКОНОМИКАЛЫҚ ФОРУМЫ 21-22 МАМЫР 2015