27/04/2013

Page 1

Кеше Алматыда Ауғанстан жөніндегі Ыстамбұл үдерісі Сыртқы істер министрлерінің конференциясы болып өтті. Оған Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қатысып, сөз сөйледі.

№116 (28055) 27 СƏУІР СЕНБІ 2013 ЖЫЛ

Нўрсўлтан НАЗАРБАЕВ:

Ауєанстан маѕызды тарихи кезеѕге ќадам басќалы тўр Осы уақытқа дейін ынтымақтастық немесе қауіпсіздік ұйымдарының бір де бірі Ауғанстан мəселесін аттап өткен емес. Əлемдік қоғамдастықтың басын қос қан алқалы жиындар да оны ай налып кете алмайды. Кеше Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен өткен Ауғанстан жөніндегі Ыстамбұл үдерісі Сыртқы іс тер министрлерінің Алматы конференциясында қабылданған шешімдер бұл елге ұзақ күткен бейбіт өмірді оралтуға септесе ме? Халықаралық күштердің миссиясы аяқталуына орай маңызды тарихи кезеңге қадам басқалы тұрған Ауғанстанға енді қандай көмек қажет? Айнаш ЕСАЛИ,

«Егемен Қазақстан».

Отыз жыл бойы соғыс өрті сөнбеген Ауғанстанның қарапайым халқы қажығаны, саясаты сансырап, экономикасы тұралап тұрғаны анық. Оның үстіне бұл елдің билігі өз мəселесін өз бетінше шеше алмайтындығын баяғыда-ақ мəлімдеген. Шиеленісті жағдайы ширек ғасырдан да асып кеткен халық халықаралық қоғамдастықтың жанжақты көмегіне мұқтаж. Халықаралық қоғамдастық та өз тарапынан бұл елдегі жағдайдың тұрақталғанына мүдделі. Ендеше, өз аумағындағы бейбітшілікті мұрат тұтқан Қазақстан бұл мəселеден еш шет қалған емес. Тіпті еліміз Орталық Азия аймағында Ауғанстанға көмек көрсету жоспары бар жалғыз ел екендігін атап өтуге болады. Бұл елде жағдай əбден шиеленіскен тұста Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен Алматыда кездесу өтіп, БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне төтенше жиналыс жасауға өтініш жасалып, арнайы ұйғарым қабылданғанын да еске алсақ артық болмайды. Жыл сайын гуманитарлық көмек көрсетуге, инфрақұрылымдық нысандар салуға айтарлықтай қаржы бөлініп отыр. Қазақстан Ауғанстанға астық пен азық-түлік өнімдерін жеткізіп, жол салды. Қазір онда мектеп пен аурухана құрылысы аяқталып келе жатыр. Бұдан бөлек, ауған кадрларын дайындау бағдарламасы бойынша Үкіметіміз 500 миллион доллар қаржы

бөліп, 1 мың ауған студентін дəрігер, мұғалім, инженер, ауыл шаруашылығы сияқты азаматтық мамандықтар бойынша оқытуда. Өңірлік тұрғыдан алып қарағанда, Ауғанстанның əлмисақтан көрші, барыс-келісі, алыс-берісі үзілмеген ел екендігіне барлық кезде басымдық беріп келе жатқан Елбасы: – Ауған мəселесі халықаралық деңгейде күн тəртібінде тұрғаны баршамызға белгілі. Бауырлас ауған халқының кейінгі бірнеше онжылдықтың ішіндегі шеккен зардабы, ішінде болып жатқан азамат соғысы барлығымызды қынжылтады. Ел жаңадан бейбіт өмірге келіп, экономикасын көтеріп, жағдайын жақсартатын болса, бəрімізге үлкен мерей болатын еді. Сондықтан бүгінгі қабылдайтын шешімдеріміз Ауғанстанға ұзақ күткен бейбіт өмірге қайта оралуына ықпал етеді деп сенемін, – деді. Осы арада Алматы конференциясына Ауғанстан, Үндістан, Қырғызстан, Пəкстан, Ресей, Тəжікстан, Түркия, Біріккен Араб Əмірліктерінің сыртқы істер министрлері, сондай-ақ, АҚШ, Франция, Ұлыбритания, Швецияны қоса алғанда, өңірден тыс бірқатар елдердің министрлері мен жоғары лауазымды өкілдері қатысқанын айта кетелік. Халықаралық ұйымдар атынан ЕҚЫҰ, АӨСШК, ИЫҰ, ШЫҰ, ЭЫҰ өкілдері,

Қазақстан Республикасы Президентінің Өкімі А.М.Карапетян туралы

сондай-ақ, БҰҰ-ның Ауғанстандағы миссиясының жəне басқа халықаралық ұйымдардың басшылары сөз алды. Қазақстан Президенті өз сөзінде бүгінгі кездесуге Ауғанстанның одан арғы дамуына байланысты мəселелердің талқылауға шығарылғанын атап өтті. Бұл ел қауіпсіздікті қамтамасыз ету ісіне көмек көрсетуші халықаралық күштердің миссиясы аяқталуына орай маңызды тарихи кезеңге қадам басып отыр. – Ел аумағының көп бөлігі қазір Ауғанстан үкіметінің жауапкершілігінде. Біз бұл үрдісті нығайта түсу жөніндегі ел басшылығы мен халықаралық қоғамдастықтың күш салуына қолдау білдіреміз. Алайда халықаралық коалиция күштерінің шығарылуы, менің пікірімше, Ауғанстанға əлемнің назарының бəсеңдеуінің белгісі ретінде қарастырылуға тиіс емес. Ол елдің барлық толыққанды күштері үшін жаңа, бейбіт даму кезеңіне өтудің белгісі болуға тиіс, – деді Елбасы. Нұрсұлтан Назарбаев басты міндет ішкіұлттық келісімнің жетістігі мен ұзақ мерзімді бейбітшіліктің негізін қамтамасыз ету екенін атап өтті. – Ауғанстан проблемасын шешудің кілті, ең алдымен, оның заңды өкілдері ретінде ауған халқының жəне үкіметінің өз қолында. Əлемдік қоғамдастық үшін ауғанаралық үнқатысудың дамуын

Князь Ибрагимович Мирзоев Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары болып тағайындалсын. Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ. Астана, Ақорда, 2013 жылғы 24 cəуір. № 198

Қазақстан Республикасы Президентінің Өкімі З.И.Касанов туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің Өкімі А.И.Барон туралы

АҚПАРАТТАР аєыны

 Астанада еңбек жəне өнеркəсіп қауіпсіздігінің көрме-конференциясы жұмысын бастады. Ол мұнай-газ, таукен металлургиясы, химия өнеркəсібі, көлік жəне инфрақұрылым, құрылыс индустриясы секілді салаларда еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған өнім мен қызмет түрлерін ұсынып отыр.  Қазақстанның Iшкi əскерлерi за манауи ұшақ сатып алды. Кеше

Александр Иосифович Барон Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары болып тағайындалсын. Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ. Астана, Ақорда, 2013 жылғы 24 cəуір. № 199 Астанада Əуе қорғанысы күштерiнiң əскери аэродромында Ан-74ТК-200 əуе көлігінің таныстырылу рəсімі болып өтті.  Польшаның парламенттік делегациясы Солтүстік Қазақстанда болды. Сеймнің вице-спикері Еже Вендерлих бас таған поляк парламентшілері 1936 жылдан бері сол жылдарда күштеп қоныс аударылған поляктар тұратын Тайынша ауданының Зеленый Гай ауылына аялдады.  Павлодар облысының Шақа ауылында «Саябақтар маршы-2013» шарасы басталды. «Табиғатты болашақ үшін сақтайық» ұранымен өтетін акция барысында

сақтап отыр. Сондай-ақ, оның қызметі Ауғанстанды қақтығыстан кейінгі оңалтуға бағытталатын болады. Мұндай құрылым БҰҰ-ның өңірлік жəне субөңірлік өкілдіктері, халықаралық жəне өңіраралық ұйымдар арқылы бұл елде қаржылық-экономикалық көмекті үйлестіру үшін қажет. Бұл қазіргі бағдарламаларды жəне келешекте көпжақты ынтымақтастық міндеттерін тиімді жүзеге асыруға мүмкіндік береді, – деді Қазақстан Президенті. Нұрсұлтан Назарбаев Ауғанстанды қалпына келтіру жөнінде халықаралық қоғамдастықтың гуманитарлық күшжігер жұмсау ісіне еліміздің белсене қатысып отырғанын атап өтті. – Ауғанстандағы қауіпсіздікті қамтамасыз етуге көмек көрсету жөніндегі халықаралық күштер операцияларының басынан бастап Қазақстан Альянспен бірге жүктерді транзиттеу туралы келісімді, сондай-ақ АҚШ-пен, Германиямен, Франциямен, Испаниямен жəне Ұлыбританиямен екіжақты уағдаластықты жүзеге асыру аясында коалиция əскерлеріне жəрдемдесуде. Қазір біз Ақтау порты есебінен НАТОның жүктері үшін транзиттік əлеуетті арттыруға дайындалып жатырмыз, – деді Нұрсұлтан Назарбаев. Мемлекет басшысы 2007 жылдан бері еліміздің арнайы Ауғанстанға

Бəрекелді!

Қазақстан Республикасы Президентінің Өкімі К.И.Мирзоев туралы

Артуш Месропович Карапетян Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары қызметінен босатылсын. Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ. Астана, Ақорда, 2013 жылғы 24 cəуір. № 196

Зиятдин Исмиханович Касанов Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары қызметінен босатылсын. Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ. Астана, Ақорда, 2013 жылғы 24 cəуір. № 197

толығымен ынталандыру маңызды. Ауғанстанда бейбітшілік пен тəртіп орнықтыруға дайын екенін көрсеткен күштер қолдауға ие болуға тиіс. Осы орайда 2014 жылға жоспарланған Ауғанстандағы президенттік сайлау өте маңызды болып отыр. Біз сайланған мемлекет басшысы мейлінше ауған қоғамының барлық буынының қолдауына ие болады деп үміттенеміз, – деді Мемлекет басшысы. Қазақстан Президенті халықаралық көмек көрсету бағдарламаларының негізін құраушы элемент Ауғанстанды экономикалық тұрғыдан оңалту екенін атап көрсетті. Ол бұл үшін өңірлік интеграцияның маңызды шарт болып табылатынына тоқталды, Қазақстан өңірлік көлік инфрақұрылымын құруға белсенді түрде инвестиция салуда, сондай-ақ əлі пысықталып жатқан өңірлік ірі жобаларға қолдау көрсетуде. Мемлекет басшысы Ауғанстанды дамытуға байланысты міндеттерді шешу үшін қуатты көлік торабы ретінде Алматы қаласының мүмкіндіктерін іске қосқан жөн екені туралы пікірін білдірді. – Алматы – халықаралық, соның ішінде БҰҰ жүйесі агенттіктері орналасқан орын. Сондықтан Алматыда БҰҰ халықаралық орталығын құру туралы ұсыныс əлі күнге дейін өзектілігін

Сїт ґѕдеу зауыты

жылына 4,8 мыѕ тонна ґнім береді Көсемəлі СƏТТІБАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан».

Қордай ауданында сүт өнім де рін өндіретін «Үміт Қордай» ЖШС-ның жаңа кəсіпорны өзінің алғашқы өнімдерін шығара бастады. Сүт өнімдерін өндіретін бұл зауытты іске қосу үшін 100 миллион теңге қаражат жұмсалды. «Үміт Қордай» ЖШС 2010 жылы Қырғызстан инвесторларымен бірігіп Ауқатты ауылындағы тоқтап тұрған сүт зауытын сатып алып, Ресей жəне Беларусь елдерінен сүт өңдейтін заманауи құрал-жабдықтар əкеліп орнатқан болатын. Жоба бұрнағы жылы облыстың индустрияландыру картасына енгізілді. Соның арқасында, міне, жаңа зауыт өмірге келіп отыр.

ауылдағы жастар мен жоғары сыныптың тəлім алушылары бірегей қарағайлы орманның аумағын тазалауға қатысады.  Атырау малшылары малдарды спутниктен бақылайтын дəрежеге жетті. Аталмыш мүмкіндік түлікке чип енгізу арқылы жүзеге асады. Егілген малдар арнайы мəліметтер базасына енгізілгеннен кейін оларды табу қиынға соқпайды.  Оңтүстік Қазақстан облысында су тасқыны орын алатыны ескертілді. Бұл облыс аумағында 26 сəуір күні нөсер жаңбыр жаууына байланысты кейбір

көмек жоспарын жүзеге асырып келе жатқанына тоқталды. – Оның аясында жас ауған азаматтары үшін 1000 бейбіт мамандық иелерін даярлау бағдарламасы жүзеге асырылуда. Жыл сайын Қазақстан Ауғанстанға қайтарымсыз техникалық жəне гуманитарлық көмек көрсетеді. Қазақстанның қаражатына Талукан – Құндыз – Ширхан – Бандар автожолы қайта салынды. Қазақстанның көмегі есебінен мектеп пен аурухана тұрғызылды. Қазіргі уақытта Қазақстанда «КаzAID-тың» дамуына ресми жəне техникалық тұрғыдан көмек көрсету жөніндегі ұлттық агенттік құрылу үстінде. Оның қызметінің басым бағытының бірі Ауғанстандағы жобаларды жүзеге асыру болатын болады, – деді Қазақстан Президенті. Нұрсұлтан Назарбаев бұдан əрі де Қазақстанның Ауғанстандағы бейбіт өмірді қалпына келтіруге əлеуметтік жəне білім беру бағдарламалары мен жобаларына, азық-түлік пен жанар-жағармай жеткізу түріндегі гуманитарлық көмекке ден қою арқылы жəрдемдесе беретінін атап өтті. Сонымен қатар, ол өңірлік дамудың есірткі өндірісімен жəне есірткі тасымалымен күрес мəселесі сияқты сынқатеріне назар аударды. – Оны кешенді түрде шешіп алмай, 2014 жылдан кейін де Ауғанстандағы тыныштық пен тұрақтылыққа қол жеткізу қиын болады. Бұл үдерістегі маңызды рөлді, біздің ойымызша, есірткілік, психотроптық заттар мен олардың прекурсорларының заңсыз айналымымен күрес жөніндегі Орталық Азия өңірлік ақпараттық үйлестіру орталығы атқаруға тиіс. Алматыда БҰҰ қолдауымен құрылған бұл бірегей құрылым қазірдің өзінде өңірдегі трансшекаралық есірткі қылмысымен күрестің тиімді тетігі ретінде өзін көрсете білді, – деді Мемлекет басшысы. Қазақстан Президенті өңірлік тағы бір маңызды мəселе халықаралық терроризм мен діни экстремизмнің қатері болып қала беретінін атап өтті. Ауғанстан террорлық жəне экстремистік əрекеттің көзі жəне оны соның ішінде көршілес елдерге де таратушы болуды жалғастырып отыр. Мемлекет басшысы бұл конференция Ауғанстан үшін маңызды осы кезеңде «шешуші сəтке» айналуға тиіс екендігін алға тартты. (Соңы 2-бетте).

Демократия – даму даңғылы

«Бірлік» партиясы ќўрылды

Жаңа зауыт жылына 4,8 мың тонна сүт өнімдерін өндіретін болады. Сонымен бірге, аталған кəсіпорынның ашылуы 100-ге жуық адамды жаңа жұмыс орнымен қамтамасыз етті.

Бўл «Руханият» жəне «Əділет» партияларыныѕ бірігуі нəтижесінде жїзеге асты

Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Қордай ауылы.

Қоғамның даму үдерісінде партиялардың құрылуы мен таралуы заңдылық. Ал Қазақстан тəуелсіздік алған тұста өз жолын таңдап, жарқын бастамаларды жүзеге асыра бастады. Осы істерді жүйелі ұйымдастыру үшін белгілі бір партиялардың ықпалы қажет болды. Сөйтіп, көпшілік дауысымен партиялар құрылды. Олар мемлекетіміз дамуына ықпал ететін бағдарламалардың өркен жаюына бірлесіп кірісті. Ал кейбір жекелеген партиялар уақыт өте келе бірігіп, еліміздің əлеуметтікэкономикалық дамуына үлес қосты. Нақты айтқанда, азаматтық қоғам белсенділігінің арта түсуі, оның маңызы мен рөлі күн өткен сайын жаңа қырынан көрініп, тепетеңдік заңдылығын бұзған жоқ. Бұл орайда үкіметтік емес сектордың да үлесі басым болды. Ал негізінен мүдделес партиялар елді серпінді жаңғырту идеясын қолдай отырып, мынадай басым бағытты ұстанды. Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бағыты

тау беткейлеріндегі өзендердің тасуы ықтималдығынан деп күтіліп отыр.  Қарағанды облысында 3 күннің ішінде 182 қару қайтарылды. Ішкі істер қызметкерлері өткізген «Қару» жедел алдын алу шарасы сондай-ақ рұқсатнама жүйесінің тəртібі бұзылған 181 фактіні анықтады. «ҚазАқпарат», Tengrinews, «Қазақстан жаңалықтары» агенттіктерінің хабарлары бойынша дайындалды.

Əмірхан АЛМАҒАНБЕТОВ, «Егемен Қазақстан».

аясына жалпыұлттық топтасудың идеялық жəне ұйымдастырушылық негізін нығайту; қазақстандық қоғамның негізгі құндылықтарын одан əрі дамыту; мемлекеттік басқару жүйесінің сапасын арттыру. Міне, алға ұстанған негізгі тұғырлар осындай. Ең бастысы, Қазақстанның 2020 жылға дейінгі даму стратегиясын тиімді іске асыру қажет. Осы миссияның ойдағыдай іске асуы үшін партиялар мүшесінің белсенділігі ерекше рөл атқарады. Алда мұнан да өзге сан алуан міндеттер тұр. Көп біріксе, алынбайтын қамал жоқ демекші, кеше ғана «Руханият» пен «Əділеттің» бірігіп, жаңа «Бірлік» партиясы аясына топтасуы біздің ел алға қойған міндеттерді орындау мақсатынан туындап отырған жайт екені анық. Бұрын «Əділет» партиясында 70 мың, ал «Руханият» партиясында 72 мың мүше болған екен. Енді екі партия бірігу арқылы олардың қатары екі еседей артты. Кеше «Руханият» партиясы өткізген кезектен тыс съезде осыған екпін беріліп, ортақ істі бірлесіп атқаруға уағдаласылды. (Соңы 8-бетте).


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.
27/04/2013 by Egemen - Issuu