27042015

Page 1

«Біздің ел бақытты, Біздің ел осындай!» – Мемлекеттік Əнұранымыздағы осы жолдар бұл күндері айрықша асқақ естіледі. Президент сайлауына дауыс берушілердің барлығы дерлік қатысатын, олардың барлығы дерлік бірауыздылық танытатын халық – ынтымақшыл, жасампаз халық. Бұл жеңіс – бүкіл халықтың жеңісі. Жеңісіміз құтты болсын, ардақты ағайын!

№77 (28555) 27 СƏУІР ДҮЙСЕНБІ

(Арнаулы шығарылым)

2015 ЖЫЛ

ЕЛБАСЫ ЖЕЅІСІ –

ЕЛДІКТІЅ ЖЕМІСІ Сарабдал саясаттыѕ салтанаты Елбасы Қазақстан Республикасы Президентін сайлау нəтижелері бойынша еxit-poll қорытындысын жариялау рəсіміне қатысты, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. Іс-шара барысында еxit-poll нəтижелері жарияланған жаңалықтар шығарылымы көрсетілді. Оның қорытындысына сəйкес, президенттік сайлауда Нұрсұлтан Назарбаев ең көп дауыс жинады. Жиналғандарға арнаған сөзінде Қазақстан Президенті бүкіл Қазақстан халқына ризашылығын білдірді. – Мен əрбір азаматқа, əрбір отбасына маған ел дамуындағы бүкіл Тəуелсіздік жылдары бойы сенім артқаны жəне осы жолғы сайлауда қолдағаны үшін ризамын. Кезектен тыс президенттік сайлау өткізу идеясы Қазақстан халқы Ассамблеясына тиесілі. Бұл шешімді қазақстандықтар

қолдады. Менің кандидатурамды ұсынғаны үшін «Нұр Отан» партиясына рахмет айтқым келеді, партия мүшелері жергілікті жерлерде белсене жұмыс жүргізді. Сондай-ақ, Республикалық қоғамдық штабқа да ризамын. Оның өкілдері бүкіл республиканы аралады, халықпен кездесіп, елде жүргізіліп жатқан саясатты түсіндірді. Барлық сенімді өкілдер мен белсенділерге алғыс айтамын, – деді Мемлекет басшысы. Нұрсұлтан Назарбаев атқарылып жатқан жұмыстарды республика азаматтарының тағы да қолдағанын атап өтті. (Соңы 2-бетте).

ҚазАқпарат.

кендей, Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаев 97,5% дауыс жинады. Бұл Елбасының тамаша, салтанатты, бүкілхалықтық жеңісі. Қазақстан Елбасы Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаевтың басшылығымен одан əрі де бейбітшілік пен прогресс бағытымен алға басуға деген ұмтылысында бүкіл əлемге өзінің қуатты бірлігі мен топтасқандығын танытты. Осы жолғы президенттік сайлауда, халықаралық жəне қазақстандық сарапшылардың мəліметтері бойынша, тарихта алғаш рет сайлаушылардың теңдессіз көп келуі атап көрсетілген. Сарапшылар мұндай өте жоғары, рекордтық көрсеткіштің əлемдік сайлау үдерісі тарихына енетінін атап көрсетуде. Сайлауды өткізудің мұндай деңгейі мен тарихта мұндай көп келушілікті байқаушылар өзге елдерде көрмеген. Бүгінде қазақстандықтардың Президент сайлауына қатысуын

батыл түрде сенсациялық деп атауға болады – адамдар, үлкені бар, кішісі бар, бүтіндей отбасыларымен, еңбек ұжымдарымен таңертең ертесіменақ сайлау учаскелеріне келді. Қазақстандықтар сайлау учаскелері ашылғанға дейін кезекке тұрды, сайлаушылар легі учаскелер əбден жабылғанға дейін толастаған жоқ. Осының бəрі бұрын-соңды болмаған электоралдық белсенділікті, сай лау шы лар дың сенсациялық деңгейде көптеп келуін білдіреді. Ұйымдастырылған жəрмеңкелер мен концерттердің арқасында барлық жерлерде, бүкіл елде бүкілхалықтық мереке ахуалы орнады. Сайлау науқаны барысына 10 000-нан астам отандық жəне 1000нан астам шетелдік байқаушылар мен ұйымдар қадағалау жасады. Олардың бəрі, өздерінің бағалауынша, транспарентті, ашық жəне адал сайлаудың үлгісі болып табылатын сайлауды ұйымдастырудың аса жоғары деңгейін атап өтті.

Шетелдік байқаушылар Қазақстандағы сайлаудың демократиялылығын жəне халықаралық стандарттарға сəйкестігін атап өтуде, əсіресе, дауыс беру күнгі қазақстандық сайлаушылардың, оның ішінде жастардың белсенділігін ерекше атап көрсетуде. Бəрінен бұрын, бұл қазақстандықтардың патриотизмін, азаматтардың саяси жетілгендігін, олардың жоғары электоралды мəдениетін, сондай-ақ, қазақстандықтардың топтасқандығы мен бірлігін, олардың белсенді азаматтық позициясын білдіреді. Сайлауды ақпараттық қолдау да жоғары деңгейде болды. Қазақстанның барлық БАҚ-та, Интернет пен əлеуметтік желілерді қоса алғанда, таңер теңнен кеш қарайғанға дейін сайлау тақырыбы нөмір бірінші тақырып болды. Қазақстан Президенті сайлауын 37 елден 200-ден астам шетелдік журналистер жазып көрсетті.

97,5%

Біздің елімізде 26 сəуірде өткен Қазақстан Респуб лика сы ның Прези ден тін сайлау барысын да Демократия институты Қазақстанның Азаматтық альянсының тапсырысы бойынша бүкіл өңірлерде жалпыұлттық exit-poll өткізді. Институт Директоры Юлия Кучинская атап өткендей, зерттеулер 14 облысты, сондай-ақ, Астана жəне Алматы қалаларын қамтыды. Exit-poll сағат таңғы 7-ден кешкі 8-ге дейін 312-сі қалалық, 238-і селолық болып табылатын бес жүз елу сайлау учаскелерінде жүргізілді. Exit-poll-ды ұйымдастыру мен өткізуге мың жарымнан астам адам тартылды. Қолданылған сұрау салу əдістемесін шетелдік жəне қазақстандық ғалым дар талай рет сынақтан өткізген жəне сенімді, дəл іріктелген мəліметтер алуға жағдай жасайды. Exit-poll нəтижелері көр сет-


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.