27052014

Page 1

10

www.egemen.kz

27 мамыр 2014 жыл

Суреттерді түсірген Алтынбек ҚАРТАБАЙ.

 Еркін елдің ертеңі

Аттандыќ сапарєа, кґѕілде мол арман Оралхан ДƏУІТ,

«Егемен Қазақстан».

Биылғы оқу жылында Жамбыл облысы бойынша 9349 оқушы мектеп бітіріп, бұл күні барлық білім шаңырақтарында соңғы қоңырау соғылды. Тарыдай болып кіріп, таудай болып шыққан бұл оқушылар соңғы қоңырау жиынында алтын ұя – мектептерімен қимай-қимай қоштасты. «Біз сапалы білім, адал еңбегімізбен елдің дамуына өз үлесімізді қосамыз. Мен психолог мамандығын таңдап отырмын. Бұл адамға

Тїлектер ќанат ќаќты

Мерекелік шараға Алматы облыстық білім басқармасының басшысы Жандарбек Далабаев, Талдықорған қаласының əкімі Ермек Алпысов арнайы келіп қатысып, түлектер қуанышын бөлісті. Əлбетте, мектеп директоры Гүлайым Байжикенова бастаған ұстаздар мен ата-аналар құттықтау сөзді əдемі жалғастырды. Сонымен, айтулы білім ордасынан тағы бір лек түлектер қанат қақты.

жүргізілді. Атына заты сай осынау оқу ордасы мектеп мақтаныштары, халықаралық, республикалық пəн олимпиадаларының жеңімпаздары, ғылыми жобалар жарысының жеңімпаздарымен де мақтана алады. Сөйтіп, өңірдегі өзге білім шаңырақтарынан биіктігін көрсетіп, мемлекеттік талапқа сай өскелең ұрпақты білім нəрімен сусындатып жатқанын тағы бір мəрте көрсете алды.

Нұрбол ƏЛДІБАЕВ,

«Егемен Қазақстан».

Талдықорған қаласындағы физика-математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің соңғы қоңырау мерекесіне арналған «Қош бол, алтын ұя мектебім!» атты салтанатты жиыны болып өтті. Оның бірінші ерекшелігі – қазақ жəне ағылшын тілдерінде

Алматы облысы.

 Достық дəнекері

Ынтымаќтастыќ əуендері ќалыќтады Бақберген АМАЛБЕК, «Егемен Қазақстан».

Шахмет Құсайынов атындағы облыстық қазақ драма театрында «Поющая Полония» атты поляк əндерінің ІV республикалық фестивалі болып өтті. Айтулы шараға Польша Республикасының Қазақстандағы Төтенше жəне өкілетті елшісі Яцек Ключковский жəне Ақмола облысы əкімінің бірінші орынбасары Рəшит Əкімов қатысып, құттықтау сөз сөйледі. Қазақстанда өзінің ұлттық салтдəстүрлерін сақтап, бейбітқатар күн кешіп жатқан 32 мың поляк халқының басын біріктіретін фестивальге Астана, Алматы қалалары мен Ақтөбе, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Қостанай жəне Ақмола

облыстарынан өкілдер қатысты. «Менің Қазақстаным» деп аталатын музыкалық-би қойылымымен ашыл ған фестиваль көрермен қауымның жүрегіне жылылық ұялатты. Əн байқауында солтүстікқазақстандық Валерия Лопата, Владимир Ободзинский, алматылық Елена Яворская, ақтөбелік Илья Цыбульский, қостанайлық «Nadzeija» триосы, астаналық «Glosy Astany» вокалдық тобы жəне павлодарлық Елена Крицкая əнсүйер қауымның ерекше қошеметіне бөленді. Ал, ақмолалық əншілердің арасынан Елизавета Рыль ская, Валерия Суховецкая мен Жанна Филипович өзіндік орындаушылық мəнерлерімен көзге түсті. Біз сөзге тартқан «Kolorove jarmarki» деп аталатын туындыны

тамылжыта орындаған Татьяна Леонхардт туған халқының əнін білуді өз міндеті санайтынын, мұндай шараларға қатысу арқылы өзіне жаңа достар тауып қана қоймай, шеберлігін шыңдай түсетінін алға тартты. Фестивальдің жабылу рəсімінде сөз алған облыс əкімінің бірінші орынбасары Рəшит Əкімов осындай ауқымды шараның облысымызда ұйымдастырылып отырғандығына қуанышты екен дігін жеткізіп, өңірдегі 9,5 мың ға жуық поляк этносы өкіл дерінің қоғамдық өмірдегі белсенділігіне ризашылық білдірді. Ал Яцек Ключковский екі ел Президенттерінің бейбітшілік пен келісімді сақтау бағытында жүргізіп отырған саясатын жоғары бағалап, бүгінгі шараның дүниенің екі қиырында жатқан қос мемлекеттің ынтымақты байланысын жалғастыратын игі дəстүрге айналғанына ризашылығын жеткізді. Ақмола облысы.

 Апыр-ай!

БЎЛ ЖЕРДЕ

шыбын-шіркей, сары маса... Фарида БЫҚАЙ,

«Егемен Қазақстан».

Ертіс ауданынан жолсапардан келе жатып, жолай Ақтоғайға соғып едік, аудан орталығына кіреберістен-ақ бізді ызыңдаған сары маса қарсы алды. Қарсы беттен кеп соғылған шіркейден машинамыздың əйнегі де сарыжағал болды да қалды. Жалғыз Ақтоғай ауданы емес, жалпы өзі, жыл сайын жаз шыға Ертіс өзені жиегінде отырған ауылдарды сары маса, шыбын-шіркейдің мазалайтыны рас. Биыл аудан орталығы Ақтоғайда 3114 түп ағаш, 1115 көшет егіліпті, шыбын-шіркей жиналмас үшін ауылдардан 4684 тонна қоқыс шығарылған екен. Ал, негізінен, сары маса, шыбын-шіркейлерді улау жұмыстары облыстағы үш қалада – Ақсу, Екібастұз жəне облыс орталығында жүргізілуде. Улауға республикалық бюджеттен 160 миллион теңге бөлініп, 26 мыңнан

Меншік иесі:

“Егемен Қазақстан” республикалық газеті” акционерлік қоғамы Президент Сауытбек АБДРАХМАНОВ Вице-президент – бас редактор Жанболат АУПБАЕВ Вице-президент Еркін ҚЫДЫР

астам гектар жер тазаратыны əкімдікте болған отырыста да айтылды. Облыс əкімі Қанат Бозымбаев шыбын-шіркейді құр улай салу еш нəтиже бермейтінін ескертті. Улау құралдарының сапасы, құрамы қандай деген де мəселе бар. Бұл жұмыс гидротехникалықсанитарлық жүйелі шаралар нəтижесінде қолға алынуы тиіс. Қалаларға маса қайдан келеді демеңіз. Мысалы, Екібастұздың айналасындағы 60 су қоймасын қамыс басып кетіпті. Қоймаларды тазалау оңай жұмыс емес. Облыстық тұтынушылар құқығын қорғау департаменті басшысының міндетін атқарушы Сəуле Оспанованың айтуынша, жалпы, облыс көлемінде жаңа талап, өркениеттілік тұрғысынан қарағанда инновациялық гидротехникалық-санитарлық жұмыстар жөнді қолға алынбай тұрған сияқты. Егер бұл жүйе бүтіндей қолға алынса, онда ауыл-қала деп бөлмей кешенді түрде жұмыс жүргізуге болушы еді. Ақтоғайлықтар сияқты басқа аудан орталықтарының тұрғындары, ауылдар да сары маса, шыбын-шіркейге таланбайтыны анық. Павлодар облысы.

сенім, үміт беретін, жанына үнемі қолдау көрсетіп отыратын мамандық. Кеше ғана мектеп табалдырығын аттаған сияқты едік, міне, енді үлкен өмірге жолдама алып отырмыз. Соңғы қоңырау менің мəңгі есімде қалады. Бізге білім берген ұстаздарымызға мың алғыс. Лайым, арман арқалаған құрбы-құрдастарымның бəріне сəттілік тілеймін», дейді жүзі қуаныштан бал-бұл жанған Тараз қаласындағы №5 мектеп түлегі Іңкəр Советова. Бүгiнгi заман – бiлiмдiнiң заманы. Тəуелсіз елімізде жас түлектердің интеллектуалдық жəне шығармашылық

қабілеттерін көрсетуге барлық жағдай жасалған. Енді алда үлкен сын тұр. Биыл Жамбыл облысындағы мектеп бітіруші түлектердің 72,4 пайызы Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысуға ниет білдіріп отыр. Оның 300-і «Алтын белгіге», 118-і үздік аттестатқа үміткер. Жалпы, жамбылдық оқушылардың биылғы оқу жылындағы жетістіктері мақтан етуге тұрарлық. 2014 жылғы республикалық пəн олимпиадалары мен ғылыми жоба жарысының қорытындысы бойынша облыс оқушылары командалық есепте І орынды иеленді.

Жамбыл облысы.

 Спорт

«Реал» жеѕімпазєа тəн ойын кґрсетті Сенбі күні түнде Португалияның астанасы – Лиссабон қаласында Испания Мадридінің «Реал» жəне «Атлетико» командалары Чемпиондар лигасының финалында кездесіп, бұлардың алдыңғысы 4:1 етіп ұтып шықты.

Матч көпшілік күткендей, «Реалдың» қауырт шабуылымен басталды. Бұған «Атлетико» тасқамал қорғанысты ұйымдастыра отырып, оқта-текте үдере шабуыл жасау тактикасын қарсы қойды. Түбінде осы тəсіл өзінің оң нəтижесін де берді. Кездесудің 36-минутында бұрыштамадан

соққы жасаған «матрасшылар» қақпашы Икер Касильястың алға шығып кеткенін кезінде пайдаланып, есеп ашты. «Реал» ойыншылары айып алаңынан шығарған доп қайтадан кері келтірілгенде, «Атлетиконың» жартылай қорғаушысы Диего Годин оны басымен алыстан ұрып түсірді.

Осыдан кейін «бланкос» футболшылары шабуылды бұ рынғыдан бетер күшейтті. Криштиану Роналду бастаған реалдықтар алға қарай өршелене ұмтылды. Осындай үстін-үстіне жасалған жойқын шабуыл негізгі уақытқа қосылған 3-минутта ғана өз нəтижесін берді. Əуелі Лука Модрич бұрыштама добын жеткізді. Оны Серхио Рамос басымен ұрып, қақпашы Тибо Куртуаның ту сыртынан бір-ақ шығарды – 1:1!

Осыдан кейін қосымша екі таймға кезек келді. Ол жұртшылық күткен сценарий бойынша өрбіді. Соңғы голдан үлкен қуат алған Карло Анче лоттидің жігіттері тағы да алға қарай жөңкіле шапты. Бұл жолы олар атқанын құр жіберген жоқ. Сөйтіп, Гарет Бэйл (110), Марсело (118), Криштиану Роналду (120-пенальти) секілді ойыншылар соққан голдардың арқасында «Реал» есепті 4:1-ге жеткізіп, бір-ақ тоқтады. Руслан ИГІЛІК.

Жалаулы жарыстар

Ресей ќўрамасы – əлем чемпионы Мамырдың 25-нен 26-на қараған түні Беларусь астанасы – Минск қаласында мəреге жеткен хоккейден əлем чемпионатының финалында Ресей құрамасы Финляндия командасын 5:2 есебімен ұтып, əлем чемпионы атанды. Ресей құрамасы есепті бірін ші болып ашты. Оны 11-минутта Сергей Широков жасады. Дегенмен, бірінші жиырма минут бітуге шамалы қалғанда фин Ииро Пакаринен есепті теңге жеткізді. Бұл 17-минутта тіркелді. Кездесудің екінші бөлігінде Олли Палола бір шайба салып, Суоми хоккейшілерін алға шығарды. Мұның есесіне бұдан кейін тек орыстар ғана шайба салумен болды. Алдымен Александр Овечкин

есепті қайтадан тең етті. Сосын араға 8 минут салып, Евгений Малкин өз командасын алға шығарды. Бұдан кейін финдер қақпасына тағы екі шайба түсті. Оларды Данис Зарипов пен Виктор Ти хонов өз есептеріне жазды. Осылайша Олег Знароктың жігіттері чемпионаттағы барлық 10 ойынын да негізгі уақытта жеңіске жетумен аяқтап, талассыз чемпион атанды. Дамир ҚОЖАМҚҰЛ.

Велоспорт. Кеше «Сарыарқа» велотрегінде тректегі жарыстардың соңғы күні өтті. Ал бүгін Азия чемпионатында тас жолдағы жарыстар басталады. Футбол. Демалыс күндері Қазақстан чемпионаты премьерлигасының 13-туры өтті. Бұл турда Қызылорданың «Қай сар» командасы маңызды жеңіске жетті. Олар өз алаңында «Астананы» 1:0 есебімен ұтып, екінші орынға шықты. Ал үш турдан бері жеңілістің дəмін көрмей кел ген Алматының «Қайраты» Шымкентте «Ордабасыдан» ұтылды. Кездесудің 84-минутында Михаил Бакаев өз қақпасына гол соғып алды. «Атырау» өз алаңында «Ертіс тен» жеңілді. Бұл ойында Константин Дудченко жал ғыз доптың авторы атанды. Қарағандыда «Шахтер» «Таразды» ұтты. Бұл матчта да жалғыз гол соғылды. «Ақтөбе» ойыншылары сырт алаңда Семейдің «Спартагын» 1:0 есебімен жеңді. Ал «Жетісу» өз алаңында «Тобылдан» 1:2 есебімен ұтылып қалды. Теннис. Қазақстандық теннисші Зарина Дияс Страсбургте өтіп жатқан Tennis Internationaux de Strasbourg турнирінің ширек финалына шықты. Бірақ, ол ақтық сын кездесуі үстінде ойыннан бас тартты. Оның себебі бізге əзірге белгісіз. Зарина екінші айналымда 21 жастағы хорват Айли Томляновичті ұтқан болатын. Бұл матч екі сетке созылып, 6:4, 7:6 есебімен Заринаның пайдасына шешілді. Енді Дияс ширек финалда америкалық Кристина МакХэйлмен

МЕКЕН-ЖАЙЫМЫЗ: 010008 АСТАНА, “Егемен Қазақстан” газеті көшесі, 5/13. 050010 АЛМАТЫ, Абылай хан даңғылы, 58 А. АНЫҚТАМА ҮШІН: Астанада: АТС 37-65-27, Алматыда: 341-08-12.

БАЙЛАНЫС: Астанада: факс (7172) – 37-19-87, электронды пошта: egemenkz@maіl.onlіne.kz egemenkz@maіl.ru, egemenkz@maіl.kz Алматыда: факс (727) – 341-08-12, электронды пошта – egemalm@mail.ru

МЕНШІКТІ ТІЛШІЛЕР: Астана – (717-2) 37-61-21; Ақтау – 8 (701) 593-64-78; Ақтөбе – (713-2) 56-01-75; Талдықорған – 8 (728-2) 27-05-70; Атырау – (712-2) 32-94-07; ЖАРНАМА-АҚПАРАТ БӨЛІМІ:

Биылғы жылы халықаралық, республикалық деңгейдегі білім сайыстарында облыс оқушылары барлығы 143 медальді иемденді. Оның 37-сі алтын, 41-і күміс, 65-і қола медаль. Соңғы қоңырау – жастарға үлкен жауапкершілік жүктейді, бойларына рух, күш, сенім береді. Адамды есейтіп, арманға бөлейтін ерекше күн. Болашаққа нық қадам басып, азамат атанған жастардың сапарлары сəтті болсын дейік.

Көкшетау – (716-2) 25-76-91; Павлодар – (718-2) 68-59-85; Қарағанды – (721-2) 43-94-72; Семей – (722-2) 52-26-86; Қостанай – (714-2) 39-12-15; Тараз – (726-2) 43-37-33; Қызылорда – (724-2) 27-00-85 Шымкент – 8 (701) 747-63-01; Орал – (711-2) 28-80-35; Петропавл – (715-2) 50-72-50. Өскемен – (723-2) 25-28-41; Астанада – 8 (717 2) 37-60-49, факс – 37-64-48, egemen_adv@mail.ru Алматыда – 8 (727) 273-74-39, факс – 341-08-11, gulnurekkz@mail.ru А Материалдың жариялану ақысы төленген. Жарнама, хабарландырудың мазмұны мен мəтініне тапсырыс беруші жауапты.

Газет мына қалалардағы: 010000, Астана қ., Сілеті к-сі, 30, «ERNUR» Медиа холдингі» ЖШС, 050000, Алматы қ., Гагарин к-сі, 93 А, «Дәуір» РПБК ЖШС, 100008, Қарағанды қ., Ермеков к-сі, 33, «Қарағанды полиграфия» ЖШС, 110007, Қостанай қ., Мәуленов к-сі, 16, «Қостанай полиграфия» ЖШС, 120014, Қызылорда қ., Байтұрсынов к-сі, 49, «Энергопромсервис» ПФ» ЖШС, 130000, Ақтау қ., 22-м/а, «Caspiy Print» ЖШС, 030010, Ақтөбе қ., Смағұлов к-сі, 9 К, «Хабар-Сервис» ЖШС, 060005, Атырау қ., Ж.Молдағалиев к-сі, 29 А, «Атырау-Ақпарат» ЖШС, 160000, Шымкент қ., Т.Әлімқұлов к-сі, 22, «Ernur prіnt» ЖШС, 140000, Павлодар қ., Ленин к-сі, 143, «Дом печати» ЖШС, 150000, Петропавл қ., Қазақстан Конституциясы к-сі, 11, «Полиграфия» АҚ, 080000, Тараз қ., Төле би д-лы, 22, «ЖБО «Сенім» ЖШС, 090000, Орал қ., Мұхит к-сі, 57/1, «Жайық Пресс» ЖШС, 040000, Талдықорған қ., Қабанбай батыр к-сі, 32, «Офсет» баспаханасы, 070002, Өскемен қ., Абай д-лы, 20, «Печатное издательство-агентство Рекламный Дайджест» ЖШС баспаханаларында басылып шықты.

кездеседі. Турнирде қазақ теннисшісі бірінші айналымда əлемнің 22-ракеткасы 28 жасар бельгиялық Кристен Флипкенсті 2 сағат 2 минутқа созылған тартысты кездесуде 6:2, 6:7, 6:3 есебімен ұтқан еді. Бокс. Жақында Астанада Қазақстан бокс федерациясының кубогы жолындағы турнирдің ширек финалдық кездесулерінің жеребесі тартылды. Жеребе бойынша «А» тобын Маңғыстау, Шығыс Қазақстан, Павлодар облыстары мен Алматы қаласы құраса, «В» тобында Астана қаласы, Жамбыл, Ақтөбе, Батыс Қазақстан облыстары ойнайтын болды «С» тобына Оңтүстік Қазақстан, Ақмола, Қостанай мен Қызылорда облыстары түсті. «D» тобында Қара ғанды, Алматы, Атырау жəне Солтүстік Қазақстан облыстары күш сынасады. Осы шарада жартылай финалдық жекпе-жектерде қай топтың командалары кездесетіні де белгілі болды. Сөйтіп, жеребе бойынша «А» жəне «С», «B» жəне «D» топтарында бірінші орын алған командалар күш сынасатыны анықталды. Ширек финалда «А» тобының кездесулері Алматыда, «С» тобының жекпе-жектері Көкшетауда 1-3 тамыз күндері өтеді. «В» тобының айқастары Ақтөбе де, «D» тобының жарыстары Қарағандыда 8-10 тамыз күндері жала уын көтереді. Жар тылай финал мен финал қа лып тасқан дəстүр бойынша Астанада 14-15 желтоқсан күндері өтеді. Дастан КЕНЖАЛИН, «Егемен Қазақстан».

Газетті есепке қою туралы №01-Г куəлікті 2007 жылғы 5 қаңтарда Қазақстан Республикасының Мəдениет жəне ақпарат министрлігі берген. «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ ҚР СТ ИСО 9001-2009 Сапа менеджменті жүйесі. Талаптар» талаптарына сəйкес сертификатталған.

Таралымы 201 715 дана. Нөмірдің кезекші редакторы

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ.

Индекс 65392. Аптасына 5 рет шығады. «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ компьютер орталығында теріліп, беттелді. Көлемі 5 баспа табақ. Нөмірдегі суреттердің сапасына редакция жауап береді. «Егемен Қазақстанда» жарияланған материалдарды сілтемесіз көшіріп басуға болмайды. Тапсырыс 8921 Газет Астана қ., Сілеті к-сі, 30, «ERNUR» Медиа холдингі» ЖШС-те басылды, тел. 99-77-77. Тапсырыс №318 ek


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.