27052015

Page 1

24 саєат  Испаниядағы билеуші Халықтық партия жексенбі күні өткен сайлауда елдегі автономиялы қоғамдастықтар мен муниципалитеттердің көпшілігінде жеңіске жетті. Сарапшылардың атап өткеніндей, сайлау нəтижелері елде соңғы 35 жыл бойы үстемдік құрып келген қоспартиялы жүйені айтарлықтай күйретті. Сөйтіп, Үкімет басшысы Мариано Рахой билігі ақырының басы көрініп қалды.  Польшада билікке жаңа президент келді. Жексенбі күні өткен сайлауда Бронислав Коморовски биліктен кетіп, оның орнын Анджей Дуда басты. Сайлаудың ресми нəтижелері жарияланбай тұрып-ақ, Коморовски өзінің жеңілгенін мойындады. Сарапшылар Коморовскидің жеңілісін заңды санап отыр.  Қытайдың Хэнань провинциясындағы Пиндиншань қаласындағы қарттар үйінде шыққан өрттің салдарынан 38 адам опат болды. Кем дегенде 10 нысан өртеніп кеткен. Көз жұмғандар саны өсуі ықтимал, өйткені, ауыр халде жатқандар қатары да аз емес көрінеді. Оқиға орнында құтқару жұмыстары біраз уақытқа дейін жүрді.  Мексиканың АҚШпен шекаралас жатқан Сьюдад-Акунья қаласында табиғат апаты орын алды. Бар-жоғы 6 секундқа ғана созылған торнадо соққысынан кем дегенде 13 адам қаза тапса, 200-ден астамы жараланды. 400 үй қираса, мектеп автобусын қоса алғанда, ондаған автомобиль төңкеріліп қалды. Қалада төтенше жағдай жарияланды.  АҚШ-тың Техас штатының орталық бөлігіндегі су тасқыны ішінде 13 адамы бар үйді шайып кетті. Олар дың 12-сі əлі күнге ізтүзсіз жоғалғандар санатында. Оқиға Хейс округінде тіркелді. Табиғаттың тентек мінез танытуына тоқтаусыз жауған нөсер себеп болса, артық ағын су Бланко өзенін ернеуінен асырып жіберген.  Малидің астанасы – Бамако қаласында БҰҰ күштерінің əскери қызметшісі өлтірілген. Қарулы жасақ автомобильмен əуежай жақтан келе жатқан бангладештік екі бітімгершіге қарсы оқ жаудырған. Бітімгершінің біреуі оққа ұшса, екіншісі ауыр жараланған. Бұл оқиға террорлық шабуыл ретінде бағаланып отыр.  Беларусь президенті Александр Лукашенконың шешесі Екатерина Лукашенко қайтыс болды. Мұны кеше «Беларусь-1» телеарнасынан президенттің баспасөз хатшысы Наталья Эйсмонт жария етті. Өлімнің себеп-салдары нақтыланбайды. Осының салдарынан А.Лукашенко Пəкістанға жоспарлаған сапарын екі күнге шегеруге мəжбүр болды. Е.Лукашенко 1924 жылдың тумасы екен.  «АвтоВАЗ» кеше 900 мыңыншы «Лада Приора» жеңіл автокөлігін шығарды. Мерейтойлы автомобиль люкс түрінде жинақталған қара седан болды. Əуелде аталған автокөлікті шығару 2015 жылы тоқтатылады деп жоспарланса, сұранысқа орай енді оны 2018 жылға дейін ұзарту туралы шешім қабылданған.

№97 (28575) 27 МАМЫР СƏРСЕНБІ 2015 ЖЫЛ

Президент Ресей телеарнасына сўхбат берді

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Россия 24» телеарнасының жүргізушісі Эвелина Закамскаяға сұхбат берді, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. Əңгіме барысында Қазақстан Президенті елде жүзеге асырылып жатқан бағдарламалар, ел экономикасын дамытудың негізгі бағыттары, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер ынтымақтастығының келешегі, жаһандық экономика дамуының маңызды жайттары туралы, сондай-ақ шетел мемлекеттерімен өзара іс-қимылды нығайтуға қатысты сұрақтарға жауап берді. Атап айтқанда, Мемлекет басшысы Астана экономикалық форумында негізгі мəселелердің бірі болған инфрақұрылымдық даму құрлықтың орталығында орналасқан жəне теңізге тікелей шығатын жолы жоқ Қазақстанның экономикасы үшін маңызды мəнге ие екеніне назар аударды. Нұрсұлтан Назарбаев еліміз əрі қарай өсу үшін жаңа бағыт қажет болатын белгілі бір даму деңгейіне жеткенін атап айтты. – Осы тұрғыдан алғанда, инфрақұрылымды жаңғырту дегеніміз жол құрылысын ғана емес, мультипликативті əсер тудыруды да білдіреді: Кəсіпорындар тапсырыспен қамтамасыз етіледі, жаңа елді мекендер пайда болады, азаматтар жұмысқа жəне табыс көзіне ие болады, бюджетке түсім түседі. Бұл Қазақстанның экономикалық өсімін сақтауға мүмкіндік береді деп сенеміз, – деді Мемлекет басшысы. Қазақстан Президенті республикамыз көрші елдердің – Қытай Халық Республикасы мен Ресей Федерациясының əлеуетін белсенді түрде пайдаланатынын атап өтті. Мəселен, Қазақстан өз аумағында автокөлік жəне теміржол бағыттарын ашу арқылы Жібек жолы экономикалық белдеуінің конфигурациясына іс жүзінде қосылды.

Мемлекет басшысы Жібек жолының экономикалық белдеуі жаңа көлік бағыттары бойында іскерлік белсенділікті дамыту ісін қарастыратынын еске салды. Осыған байланысты Азия инфрақұрылымдық даму банкі Қазақстан, Ресей жəне бүкіл Еуразиялық экономикалық одақ үшін зор мүмкіндіктер ұсынады. Нұрсұлтан Назарбаев экономикадағы Қытай ықпалының артуына байланысты қауіптенуді «фантомдық үрей» деп атады. Ол Қазақстанның бүгінде ҚХРмен бірқатар кəсіпорынның құрылысын салу туралы шарт жасау қарсаңында тұрғанын айтты. Қазақстан Президенті Ресейдің Қытаймен бірлесіп мұнай-газ саласында, коммуникация құрылысында ірі жобаларды жүзеге асыруы Ресей экономикасы на Азия өңірін қатыстыруға мүмкіндік беретінін, мұның да əрі қарай даму үшін оң серпінге ие болып отырғанына тоқталды. Қазақстан Президенті Батыс елдері мен Ресей арасындағы өзара санкциялар саясат пен экономиканың араласып кетуінің нəтижесі екеніне назар аударды. Бұл жағдайдан Ресей ғана емес, өзге елдер де зардап шегіп отырғанын айтты. Нұрсұлтан Назарбаев Украина төңірегіндегі ахуалды шешу үшін қажетті барлық күш-жігерін жұмсап отырғанын айтты. – Менен араағайындық етуді өтінгенде уақытты да, күшімді де аямаймын, кездесулер өткізіп, тараптарды келіссөздерге шақырамын. Бұл жағдайда ел басшылары кездесе отырып, ымыраласу арқылы ортақ тіл таба алады. Шешілмейтін мəселе көріп тұрғаным жоқ. Мен қазір ресейлік те, украиналық та тараптың мəселені шешіп, пайда болған қарама-қайшылық түйінін

тарқататын кезең жеткенін байқап отырмын. Мұның тезірек болғаны керек, еуропалық көшбасшылар да осыны қалайды. Қазіргі уақыт осындай қадам үшін қолайлы, – деді Қазақстан Президенті. Қазіргі қаржы жүйесіндегі қиындықтар туралы айтқан Нұрсұлтан Назарбаев жаһандық валюта архитектурасының ескіргенін атап өтті. Мемлекет басшысы əлемдік резервтік валютаның бір эмитентке ғана тəуелділігі өзге мемлекеттер үшін қатерлі екеніне тоқталды. Қазіргі кезде Латын Америкасы, араб əлемі өздерінің өңірлік валютасын енгізу жөнінде айтуда, бұдан доллардың ықпалын азайтуға ұмтылыс аңғарылып отыр. Сонымен бірге, бүгінгі таңда доллар əлі де қолданыстағы негізгі əлемдік валюта, ал АҚШ əлемдегі экономикасы ірі ел болып саналады. Осыған байланысты Қазақстан Президенті Астана экономикалық форумы сияқты халықаралық басқосулар əлемдік институттар мен халықаралық ұйымдардың қаржы мəселелері бойынша ортақ тіл табуы үшін жағдай жасайтынын атап өтті. Нұрсұлтан Назарбаев елде жүзеге асырылатын маңызды жоба – ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесіне, оның арқауында «Астана» қаржы орталығы құрылатынына назар аударды. Жаңа орталықтың қатысушылары үшін ағылшын тілін қолданатын британдық құқық қағидаттарына негізделген сот жүйесін қамтитын ерекше жағдайлар жасалатын болады. Мемлекет басшысы отандық білім беру ісіндегі үштілділік туралы айта келіп, келешекте Қазақстан мектептің жоғары сыныптары мен университеттерде жаратылыстану ғылымдарын оқытуды ағылшын тілінде жүргізуге көшу ниетінде екенін атап өтті. Жалпы алғанда, білім саласында қабылданып жатқан шаралар Астанадағы қаржы орталығының жұмысына тартылуы мүмкін ағылшын тілінде сөйлейтін жастар қатарын қалыптастыруы тиіс. Сондай-ақ, Қазақстан Президенті елдің бұдан əрі дамуы үшін бес институттық реформаның маңыздылығын, оны нақты əрі жүйелі түрде жүзеге асыру үшін Жаңғырту жөніндегі ұлттық комиссия құрылғанын айтты. Мемлекет басшысы бес институттық реформа аясында ұсынылған өзгерістер халық тарапынан кеңінен қолдау тапқанын, оны өткен президенттік сайлау қорытындысы көрсеткенін атап өтті.

Елбасы ќўттыќтады

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Польша Республикасының Президенті Анджей Дуданы Президент лауазымына сайлануына байланысты құт тықтады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.

Елбасы Қазақстан мен Польша арасындағы достық пен өзара түсіністікке негізделген қарым-қатынастар екі ел халқының игілігі үшін нығая беретініне сенім білдірді. Мемлекет басшысы, сондай-ақ, А.Дудаға мықты денсаулық, жемісті қызмет, ал достас Польша халқына бейбітшілік пен бақ-береке тіледі.

Насихат жўмыстары жандануы тиіс

рəміздерді пайдалану жəне насихат тау жөніндегі жұмыстары ту ра лы есептері тыңдалды. Аталған орталық пен жергілікті мем ле кеттік органдардың осы маңызды идеологиялық саладағы Кеше Мемлекеттік хатшы Гүлшара Əбдіқалықованың жұмысына жан-жақты талдау жатөрайымдығымен Мемлекеттік рəміздер жөніндегі салды. республикалық комиссияның отырысы өтті. Мемлекеттік хатшы Гүлшара Əбдіқалықова уəкілетті мемлекетЛəйла ЕДІЛҚЫЗЫ, Отанға деген сүйіспеншілікпен «Егемен Қазақстан». жəне оның мемлекеттік рəміз- тік органдардың басшыларының деріне деген құрметпен тəрбие- назарына мемлекеттік рəміздер Отырысты ашқан Мемлекеттік ленетінін атап көрсетті. «Отанды туралы заңнамалардың бұзылуына хатшы қазақстандық патриотизм қастерлеуде жəне елді құр- жол бермеу, ішкі бақылауды мен халықтың бірлігі Елбасы меттеуде Мемлекеттік рəміздер ұдайы қам тамасыз ету, құқық Нұрсұлтан Назарбаев ұсынған күнінің мəні зор», деді өз сөзінде қолдану тəжірибесін жетілдіру, сондай-ақ, мемлекеттік рəміздерді бес халықтық реформаны кезең- Мемлекеттік хатшы. кезеңімен іске асырудың жəне Комиссия отырысында елі- қолдану мен насихаттау саласына «100 нақты қадамды» өмірге та- міздің Қорғаныс, Денсаулық бақылауды күшейту мəселелеріне бысты енгізудің маңызды фак- сақ тау жəне əлеуметтік даму тоқталды. Жиын қорытындысында нақторы екенін көлденең тартты. ми нис тр ліктерінің, сондай-ақ, Гүлшара Əбдіқалықова қазақ- Астана қаласы мен Атырау об- ты тапсырмалар жүктеліп, ұсыстандық патриотизм ең əуелі лысы əкім дерінің мемлекеттік нымдар берілді.

Назар аударар мəселелер бар

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Премьер-Министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаевты қабылдады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. Б.Сапарбаев Мемлекет басшысына тапсырмалардың жүзеге асырылуы, əлеуметтік саладағы мемлекеттік бағдарламалардың орындалу барысы, сондай-ақ, алдағы кезеңге арналған жоспарлар туралы баяндады. Қазақстан Президенті азаматтардың жұмысқа орналасуына жəрдемдесу үшін мемлекет күшжігер жұмсап отырғанына назар аударды. – Бизнеспен, жұмыспен қамтудың «жол картасын» жəне «Нұрлы Жолды» қоса алғанда, барлық бағ дар ламалар тұр ғындарды жұмыс пен қамтамасыз етуге бағытталған, бұл мемлекеттің алдын да тұрған басты міндеттің бірі болып саналады. Бұл орайда, өңірдегі халық жергілікті биліктің осы бағытта қабылдап жатқан шаралары туралы хабардар болуы керек. Əкімдіктер кəсіп орындар дың кадрға деген қа жеттілігін қадағалап,

кəсіпкерлік субъектілерінің ашылуына, қосымша өндірістердің іске қосылуына ықпал еткені жөн. Ірі кəсіпорындар жаңа технологияларды, инновацияларды енгізу есебінен жұмыс орындарын қысқартуда. Мұндай жағдайда қызмет көрсету саласы, шағын жəне орта бизнес жұмыс беруші рөлін атқаруы тиіс, – деді Нұрсұлтан Назарбаев. Мемлекет басшысы 2020 жылға дейін балаларды мектепке дейінгі мекемелермен толық қамтуды, апаттық жағдайдағы жəне үш ауысымдық мектептерді жоюды, кадр даярлауды отандық экономика мен мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыруды ескере отырып, келісім негізінде жүргізуді тапсырды. Қазақстан Президенті жоғары оқу орындарының, ғылыми-зерттеу институттары мен өндірістік кəсіпорындардың негізінде ғылы ми-өндірістік кешендер

құрудың да маңыздылығын атап өтті. Нұрсұлтан Назарбаев бес институттық реформаның маңызын жəне «100 қадам» іс-қимыл жоспарын сапалы орындау қажеттігін айтты. Б.Сапарбаев биыл жұмыспен қамтуға белсенді жəрдем ету шаралары 320 мың адамды немесе жұмыссыздар мен өнімсіз жұмыспен қамтылғандардың 25 пайызын қамтитынын, бұл жұмыссыздық деңгейін 5,2 пайыз шамасында ұстап тұруға мүмкіндік беретініне тоқталды. Премьер-Министрдің орынбасары еңбекпен қамту саласындағы ахуалдың өзгеруіне дер кезінде ықпал ету үшін былтырдан бері жағдайы мүшкіл 199 кəсіпорынды күн сайын мониторингілеу жүргізіліп отырғанын мəлімдеді. Сонымен қатар, ақпан айында бүкіл республика бойынша өңір əкімдері мен жұмыс берушілер арасында жұмысшыларды жұмыстан босату жайттарын болдырмау мəселелері бойынша өзара ынтымақтастық туралы меморандумдар жасала басталды. Қазіргі кезде 46 мыңнан астам меморандумға қол қойылды, соның ішінде 1,6 мыңы – ірі кəсіпорындармен, 44,8 мыңы – жұмысшыларының жалпы саны 2,1 миллион адам болатын орта жəне шағын кəсіпорындармен меморандум жасалды. Б.Сапарбаев алдағы бес жылда денсаулық сақтау саласын дамытудың басты бағыттары осы саланың қаржылық орнық тылығын қамтамасыз ету, бастапқы медициналық-санитарлық жəрдемді жетілдіру, аурулар түрлерімен жұмыс жүргізу бағдарламасын енгізу, ұзақ мерзімді жоспарлау негізінде саланың кадрлық əлеуетін нығайту болатынын атап өтті. Кездесу қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы бірқатар нақты тапсырма берді. ----------------------------------------Суреттерді түсіргендер С.БОНДАРЕНКО, Б.ОТАРБАЕВ.

ЌАЗАЌСТАН ЎЛЫ ЖОСПАРЛАР АРЌЫЛЫ ЎЛЫ БОЛАШАЌ ЌАЛЫПТАСТЫРУДА Астанада сарапшылардың Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бес институттық реформасына арналған халықаралық дөңгелек үстелі болып өтті. «100 қадам» – Ұлт жоспары «Баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет» халықаралық қоғамдастық тарапынан кең көлемді резонанс туғызды. Сарапшылар Ұлт жоспары Қазақстанның əлемдегі аса дамыған 30 елдің қатарына қосылу жөніндегі стратегиялық мақсаттарына қол жеткізуіне мүмкіндік беретініне сенімді. Ал «Мəңгілік Ел» ұлттық идеясы тəуелсіздіктің барлық жетістіктерінің сабақтастығы мен қазақстандықтардың болашаққа ұмтылысын беркітетін тұғырнама қызметін атқаратын болады. Дөңгелек үстелдің спикері Қазақстан Президенті Əкімшілігі Басшысының орынбасары,

Жаңғырту жөніндегі ұлттық комиссияның мүшесі Бағлан Майлыбаев болды. Өздерінің пікірлерін Австрия Ұлттық қорғаныс академиясының аға ғылыми қызметкері Мартин Малек, Дж.Неру атындағы университеттің Ресей мен Орталық Азияны зерттеу орталығының төрағасы (Үндістан) Моханти Арун, саясаттанушы, Ұлттық стратегия институтының халықаралық жобалар бойынша директоры (Ресей Федерациясы) Юрий Солозобов, Жоғары геосаяси зерттеулер мен аралас ғылымдар институтының президенті (Италия) Тиберио Грациани, сондай-ақ, Ақпарат жəне саяси талдау орталығының президенті (АҚШ) Хуман Садри секілді белгілі ғалымдар ортаға салды. ––––––––––––– 2-3-беттерде оқырмандар назарына дөңгелек үстелге қатысушылардың пікірлері ұсынылып отыр.

Ақпарат агенттіктерінің материалдары негізінде əзірленді.

● Əлем жəне Қазақстан

Таяу Шыєыс проблемалары талќыланєан семинар Кеше Астанада БҰҰ Бас Ассамблеясының Палестина мəселесіне байланысты бекіткен Арнаулы ақпараттық бағдарламасының шеңберіндегі Таяу Шығыстағы бейбітшілік мəселесіне арналған екі күндік семинар басталды. Жақсыбай САМРАТ, арасынан тұңғыш рет Қазақстанда «Егемен Қазақстан». өткізіліп отыр. Семинар жұмысын БҰҰ Бас хатшысының орынБұл семинар жыл сайын БҰҰ- басары Кристина Галах ашып, ға мүше мемлекеттердің бірінде жүргізіп отырды. Ол өзінің өтіп тұрады. Биылғы, 22-ші се- сөзін БҰҰ бұқаралық ақпарат минар бұрынғы КСРО орнын- департаменті ұйымдастырған да пайда болған мемлекеттер осынау шараны өткізуге белсенді

Моѕєолиямен ынтымаќтастыќ арта тїспек

көмек көрсеткені үшін Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігіне алғысын жеткізуден бастады. Одан əрі ол Президент Нұрсұлтан Назарбаев пен БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мунның семинар жұмысына жолдаған құттықтау сөздерін оқып берді. Президент Нұрсұлтан Назарбаев өзінің құттықтауында Қазақстанның ежелгі дəуірден Шығыс пен Батысты, Оңтүстік

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев Моңғолияда келіссөздер жүргізді, деп хабарлады Премьер-Министрдің баспасөз қызметі. Улан-Баторға жұмыс сапары қ ы з м е т т е с т і к т і ң ж а ғ д а й ы н , барысында Бақытжан Са ғынтаев экономиканың басым дық қа ие М о ң ғ о л и я П р е з и д е н т і Ц . Э л - салаларындағы бір лес кен ин весбэгдоржбен кездесіп, оған Қазақстан тициялық жобаларды жүзеге асыру Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың мəселелерін талқылады. біздің елімізге сапармен келу туралы Жұмыс сапары шеңберінде шақыруын табыс етті. Бақытжан Сағынтаев Моң ғо лия Келіссөздер барысында та- Премьер-министрі Ч.Сайханбилэгпен раптар екіжақты сауда-экономикалық де келіссөздер жүргізді.

пен Солтүстікті байланыстыратын көпір ретінде қызмет етіп келе жатқанын айтыпты. Қазақстан əрқашан мəдениеттер мен өркениеттердің қиылысқан жері болды. Осы жолғы семинар да ежелгі дəстүрді жалғастырып, əлем халықтарының бір-бірімен түсінісуіне қызмет ететінінен үміттімін, делініпті құттықтауда. (Соңы 6-бетте).

Ўлы Отан соєысы ардагерлерін əлеуметтік ќолдау туралы

Мемлекет басшысының тапсырмасына сəйкес Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне жəне оларға теңестірілген адамдарға бір жолғы материалдық көмек көрсету үшін республикалық бюджеттен 5,8 млрд. теңге бөлінді. Оның сыртында жергілікті бюджет қаржыларынан ардагерлерге 1,7 млрд. сомаға бір жолғы материалдық көмек көрсетілді. Сондай-ақ, оларға «1941-1945

жж. Ұлы Отан соғы сындағы Жеңіске 70 жыл» бірегей мерейтойлық медальдар жəне мерейтойлық монеталар тапсырылды. (Соңы 6-бетте).


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.