27062013

Page 1

Бүгінгі нөмірде: Жаужүрек

4-бет

Күрес күшейіп, қауіп сейілді ме?

6-бет

Пассионар

№157 (28096) 27 МАУСЫМ БЕЙСЕНБІ 2013 ЖЫЛ

7-бет

«Жиһад» мұсылманның алтыншы парызы емес

9-бет

Астана айшықтары Қала күні бүгінде бүкіл қазақстандықтардың ерекше ықыласпен атап өтетін айтулы мерекесіне айналды. Биыл 15 жылдығы аталып отырған Астана тəуелсіз Қазақстанның əлеуметтік-экономикалық даму тұғырына айналып, елімізді ертеңгі биіктерге бастауда. Бүгінде елордамыздың мерейлі мерекесіне дайындық шырқау мəресіне жетті.

Ќарсаѕда

«Жасыл белдеу» дамыса жарасымды Кеше Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Астана маңындағы «жасыл белдеуді» дамыту мəселесі жөнінде кеңес өткізді, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.

Ќала ќауырт ќимыл ќўшаєында

Кеңеске Президент Əкімшілігі Басшысының орынбасары Б.Сұлтанов, Қоршаған ортаны қор ғау министрі Н.Қаппаров, Қоршаған ортаны қорғау вицеминистрі Е.Нысанбаев жəне Астана қаласы əкімінің орынбасары В.Крылов қатысты. Мемлекет басшысына Астана маңындағы «жасыл белдеуді»

Жылқыбай ЖАҒЫПАРҰЛЫ, «Егемен Қазақстан».

Қаламыздың барлық еңбек ұжымдары, тұрғын-үй аулалары, əсем көшелері шынайы мерекелік рухқа бөленген. Ақиқатында Қала күніне дайындық шаралары жыл басынан, яғни, аулаларды, көшелер мен гүлзарларды, демалыс орындарын, тұрғын-үй аулаларын тазалаудан, қаламызды көгалдандыру мен абаттандырудан бастау алған болатын. Мереке қарсаңында Алматы, Сарыарқа, Есіл аудандарында 300 аула абаттандырылады. Қала күніне орай 15 спорт алаңы жəне 26 балалардың ойын алаңы пайдалануға беріледі. Биылғы Қала күнін атап өту мақсатында 100-ге тарта мəдени бұқаралық шаралардан тұратын мерекелік бағдарлама жасалды. Оның ішінде 20 концерттік бағдарлама мен фестиваль, 50ден астам бұқаралық мəдени шаралар өткізілмек. Биылғы жылы астаналықтар мен қала қонақтарына алаңдар мен скверлерде үлкен мерекелік концерттерді тамашалауға мол мүмкіндік жасалды. Мереке аясында «Астана Арқау» түркі музыкасының фестивалі, «Астана мыңжылдық аясында» атты көшпенділер өркениетінің дəстүрлі фестивалі, «Серпер» халық аспаптар оркес трлерінің байқауы өткізілетін болады. Мереке шеңберінде тұрғындардың əлеуметтік жағынан аз қамтылған топтарын қолдау

Ќауіпті ќару сату тыйыла ма? Мəжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулиннің жетекшілігімен өткен палатаның кешегі екі айлық жазғы үзіліске шығу алдындағы кезекті жалпы отырысында депутаттар ішкі істер органдары мен халықаралық қатынастарға қатысты заң жобаларын талқыға салды. Асқар ТҰРАПБАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан».

Суретті түсірген Ерлан ОМАРОВ.

мақсатында 7 түрлі атаулы акциялар ойластырылған. Арқа төсіндегі ару Астана ша дыман шаттық құшағында.

Сыбайластыќ – кесірлі дерт

Кеше Ақордада Мемлекеттік хатшы Марат Тəжиннің төрағалығымен Президент жанындағы Сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі комиссияның отырысы өтті. Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан».

Күн тəртібіне маңызды екі саладағы – көлік-коммуникация жəне құқық қорғау орган дарындағы сыбайлас жемқорлықпен күрес мəселесі қойылыпты. Отырысты ашқан Мемлекеттік хатшы: «Көлік жүйесі – отандық экономикадағы ірі саланың бірі. Өткен жылы бұл салаға мемлекеттен 400 млрд. теңге қаражат бөлінді. Осы аса ауқымды қаржыны игеру барысында бірқатар жемқорлық фактілері орын алды. Сонымен бірге, заңдылықты өздері сақтауға тиіс құқық қорғау органдарында да жемқорлыққа қатысты қылмыстар тіркелген. Осындай қылмыстардың салдарынан халықтың алдында мемлекеттік қызметтің беделіне нұқсан келуде. Сол себепті біз құқық қорғау саласы мамандарының арасында

 Масқара!

қалыптастыру жөніндегі жұмыс барысы туралы хабардар етілді. Орманды алқап аймағында рекреациялық аймақ құруға, сондайақ қала аумағын жасылдандыруға жəне жас көшеттер алаңын ұлғайтуға ерекше назар аударылды. Кеңес қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы бірқатар нақты тапсырмалар берді.

сыбайлас жемқорлыққа қарсы тəрбие жұмыстарын жүргізіп, олардың қызметтерінің ашықтығын қамтамасыз етуіміз керек», деді. Бұдан əрі Мемлекеттік хатшы сыбайлас жемқорлыққа қарсы ымырасыз күреске бағытталған реформаларды одан əрі дамыта беру еліміздің жалпы өркендеуінде əрі Отанымыздың бəсекеге барынша қабілетті мемлекеттердің қатарына қосылуында алға қойған міндеттерді іске асыруда маңызды шарттардың бірі екендігін баса айтты. Отырыста сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің нəтижелі болуы алдымен құқық қорғау органдарының қызметіне тікелей байланысты екендігіне мəн беріліп, Елбасының биылғы жылы сал а қызметкерлерімен өткізген соңғы кеңесінде осы орган қызметкерлерінің арасында тиісті тəрбие жұмыстарының

Қаланың алаңдары мен мəдени демалыс орталықтарында мерекелік шараларды өткізуге арналған қауырт жұмыстар қарқын алған.

тиімді тетіктерін жолға қоюды тапсырғаны айтылды. Алайда, осы бір қоғамды іштен жейтін, кесірлі дерт түріне сала қызметкерлерінің өздері шалынуы ойланарлық жайт. Мəселен, аталған қылмыс түрлерімен құқық қорғау саласында – 289, Төтенше жағдайлар минис трлігінде – 45, кедендік бақылауда – 43, ал қаржы полициясында 15 оқиға тіркелген екен. Комиссия алдында Көлік жəне коммуникация министрі Асқар Жұмағалиевтің, Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымовтың, Төтенше жағдайлар министрі Владимир Бож коның, Қаржы министрлігі Ке дендік бақылау комитеті төра ға сының орынбасары Аманияз Ержановтың, Экономикалық қылмысқа жəне сыбайлас жем қорлыққа қарсы күрес агенттігінің төрағасы Рашид Түсіп бе ков тің, Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Əлихан Байменовтің, Бас Прокурор Асхат Дауылбаевтың, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрағасы Аслан Мусиннің хабарламалары тыңдалды. Отырыс нəтижелері бойынша Комиссия мемлекеттік органдарға нақты ұсыныстар мен тапсырмалар берді.

Марихуана сатќан мўєалім оќушыларєа ќандай тəлім беріп келген? Қызылорда облысында есірткі сатумен айналысып жүрген орта мектептің денешынықтыру пəнінің мұғалімі қолға түсті.

«Қызылорда ОІІД есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасына Сырдария ауданының екі азаматы есірткі заттарын сатумен айналысып жүргендігі жайлы хабарлама келіп түскен. Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жүргізген арнайы жедел іс-шара нəтижесінде «Жалағаш – Тереңөзек» тас жолының бойында 1 кг. 523 гр. марихуана сатып тұрған аудан тұрғындары, 1972 жылы туған, бұрын сотты болмаған, осы аймақтағы орта мектептің денешынықтыру пəнінің мұғалімі мен еш жерде жұмыста жоқ, 1976 жылы туған азаматтар құрықталды», – делінген облыстық ішкі істер

департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада. Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 259-бабы 3-бөлігі «б» тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалды (Есiрткi заттарды немесе психотроптық заттарды өткiзу, дайындау, ұқсату, жөнелту мақсатында заңсыз иемденiп алуды, тасымалдауды немесе сақтауды не өткiзудi əлденеше рет жасау). Бұл бап бойынша он жылдан он бес жылға дейінгі мерзiмге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Қылмыскерлер уақытша ұстау абақтысына қамалды. Жыл басынан бері есірткі бизнесіне қарсы күрес басқарма қызметкерлері есірткі заттарына байланысты 35 қылмысты анықтады. Олардың 17-сі есірткі сату фактілерін құрайды. Сұлтан БОЗАЙҒЫР.

Астаналықтар мен қала тұрғын дарының жүздері жайдары, көңілдері көтеріңкі, оларды барлық алаңдар мен мəдени орталықтарда

күмбірлеген күй мен əуезді əн төгілген мерекелік шаралар күтуде. Астананың 15 жылдығына арналған материалдар топтамасын 3-беттен оқи аласыздар.

Жемқорлық – індет, жою – міндет

2 миллион теѕге парамен ўсталды Жолдасбек ШӨПЕҒҰЛ, «Егемен Қазақстан».

Атырауда басқасы басқа, қалалық прокурордың көмекшісіне ірі көлемде пара беру оқиғасы орын алды. Нақтылай айтқанда, тұрғын үй инспекциясының бөлім инспекторы Атырау қаласы прокуро рының көмекшісіне 2 миллион теңге көлемінде пара беру кезінде қолға түсті. Бұл туралы облыс прокурорының орынбасары Бауыржан Сауғабаев мəлім етті. Оның айтуынша, ірі көлемдегі параны бірнеше мердігер мекеменің басшылары алдын ала сөз байласқан топ болып, тұрғын үй инспекциясының ұсталған инспекторына бергені анықталып отыр. Мұның алдында Атырау қалалық прокуратурасының қызметкерлері 9 тұрғын үйдің терможаңғырту жұмыстарына тексеру жүргізген екен. Сол тексеру барысында мердігер мекемелердің бөлінген

АҚПАРАТТАР аєыны

Қазақстанға 2012 жылы 22,5 млрд. доллар көлемінде тікелей шетелдік инвестиция тартылды. Жалпы, 1993-2012 жылдары ел экономикасына тартылған инвестицияның көлемі 171,2 млрд. доллар болса, оның 81,6 млрд. доллары 2009-2012 жылдардың үлесіне тиеді. Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры осы аптада 1 422,6 млн. теңге көлемінде несие таратады. Ауыл тұрғындарын қолдауға арналған бұл құрылым несиесінің ең жоғары шекті көлемі 3 млн. теңге, ал мерзімі 4,5 жылға созылады. «Өнімділік - 2020» бағдарламасы аясында еліміздің 15 өңірінен 53 инвестициялық жобаға

қаржыны үнемдеу үшін құрылыс материалдарын толық көлемде пайдаланбағаны анықталған. Бұл өз кезегінде тұрғын үйлерге жүргізілген жөн деу жұ мыстарының сапасыз атқарылуына себеп болған. Бұдан басқа қолданыстағы заңнамалардың талаптарына қайшы атқарылған жөндеу жұмыстарына жəне оларды қабылдауға техникалық қадағалау өкілдері қатыстырылмаған. Осы кемшіліктерді жасыру мақсатымен тұрғын үй инспекциясының бөлім инспекторы прокурордың көмекшісіне пара ұсынған. Инспектор бұл қадамға бірнеше мердігер мекеме басшыларының өтінішімен барғаны, сонымен бір ге, оларды жауапкершілікке тартылмауын көздегені белгілі болды. Қазір осы фактіге байланысты Қылмыстық кодекстің 312-бабының 4-бөлімімен қылмыстық іс қозғалды. АТЫРАУ.

қолдау көрсетілді. Бағдарламаны жүзеге асырудың барлық кезеңінде жобалардың жалпы құны 154,3 млрд. теңгені, 2013 жылы – 1,8 млн. теңгені құраған. Көкшетауда «Вектор» комбайндары шығарылатын болды. Бұл Ресейдің «Ростсельмаш» компаниясы мен «ҚазАгроҚаржы» АҚ арасында өзара ынтымақтастық ту ралы меморандумға қол қоюдың арқасында мүмкін болды. Аталмыш жобаның іске асырылуы республиканың ауыл шаруашылығы техникалары паркін жаңартуға мүмкіндік береді. Қызылорда облысында балалардың құқықтарын қорғау басқармасы құрылады. Жаңа құры лымның бағынысына ба ла лар үйлері, жасөспірімдер үйлері жəне облыстық кəмелетке

Алдымен Төраға жаңадан келген Светлана Қадыралиеваны əріптестеріне таныстырып, артынан палата оны Аграрлық мəселелер комитетіне мүшелікке сайлады. Бұдан кейін депутаттар назарына «Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы» (жаңа редакция) жəне оған ілеспе заң жобасы бірінші оқылымда ұсынылды. Онда полицияның міндеттері мен құқықтарын айқындау жəне заңдылықты нығайтудың құқықтық кепілдіктерін қамтамасыз ету қарастырылған. Сондай-ақ, оған тəн емес функциялардан жəне мемлекеттік орган дардың басқа да функцияларын қайталаудан арылту көзделген. Қоғамдық тəртіпті сақтау жөніндегі іс-шаралардың тиімділігін арттыру мақсатында ішкі істер органдарында қоғамдық кеңестер мен қоғамдық бақылаушы комиссиялардың қызметі заңмен айқындалып отыр. Құқық қорғау органдарының қарумен қамтамасыз етілуі мəселесі ілеспе заң жобасында көрініс тапқан. Əсіресе, ішкі істер органдары қызметкерлерінің атыс қаруымен қатар, өзге де қа руды қолдану құқығы жанжақты қарастырылған. Мəжіліс Төрағасы қаруға қатысты мəселеге ерекше назар аудартты. Осы ретте спикер отырысқа қару сататын бизнеспен айналысушылар өкілдерінің де шақырылғанын еске сала отырып, бұл кəсіптің қайда апарарын меңзеді. «Əңгіменің ашығын айтатын болсақ, ешкім де ол кəсіпті шеттетіп отырған жоқ. Мə селе олар тек травматикалық қаруларды ғана сатып отырғандай болатындығында. Ал, олардың аңшылыққа арналған жəне газбен атылатын қарулар сатып жүргені мəлім. Травматикалық қарулар анау айтқандай көп сатылмайды. Мəселе басқада: біз кейін не істейміз? Басқа ел дер де не сұмдықтар болып

толмағандарды бейімдеу орталығы секілді құрылымдар беріледі. Петропавлда Мағжан Жұмабаевтың 120 жылдығы кеңінен атап өтілді. Ақынның туған күніне орай оқу орындары мен облыс орталығының мəдени-ағартушылық мекемелерінде түрлі шаралар ұйымдастырылды. Оңтүстік Қазақстан облысында əр 100 адамның 14-інде көлік бар. Бұл көрсеткіш бір жағынан халықтың əл-ауқаты артқанын көрсетсе, екінші жағынан көліктің көбеюі ауаның ластануына да елеулі əсерін тигізіп отыр. Осыған орай мұнда қазір қа ла дағы қоғамдық көліктердің зиянды əсерін төмендету мəселелері қарастырылуда. Тараз қаласының алаңында мың адамнан құралған хор қазақ

жатқанын көріп отырмыз. Бұл «жынды құмырадан шығарып жібергенмен» бірдей, енді сол құмыраның қай жағынан баруды білмей бас қатыруда», деді Нұрлан Нығматулин. Төрағаның пайымынша, біздің елге ол жолмен жүруге əсте болмайды. Статистика деректері травматикалық қару 19 жағдайда ғана өзін өзі қорғау мақсатында пайдаланылғанын көрсетеді. Жүздеген жағдайда ол азаматтардың өміріне қауіп төндіреді. «Біз келесі логикалық қадамдар жасауға тиіспіз. Заңсыз травматикалық қару сақтағандарға жазаны қатаңдата түсу керек», деді Нұрлан Зайроллаұлы сөзінің соңында. Бұдан басқа, заң жобасында спорттық-бұқаралық, ойын-сауық, мəдени-бұқаралық іс-шараларды ұйымдастыру жəне өткізу кезеңінде азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуді анықтаған жаңалықтар да енгізілгені белгілі болды. Сондай-ақ, кешегі жалпы отырыста Қазақстан мен Румыния үкіметтері арасындағы инвестицияларды көтермелеу жəне өзара қорғау туралы келісімді ратификациялау жөніндегі заң жобасы да қолдауға ие болды. Онда инвестициялық ахуалды жақсарта түсу үшін өзара ин вестициялық қатынастар кезінде инвесторларды қосымша кепілдіктермен қамтамасыз ету мəселесі көрініс тапқан. Əр тарап өз аумағына Келісімдегі өзге тараптың инвестицияларын мүмкіндігінше ынталанды рып, сол инвестиция ны өз мем лекетінің ұлттық заңнамаларына сəйкестендіре отырып қабылдайды. Қазақстан мен Ресей үкімет тері арасындағы шека ра маңындағы аумақтар тұр ғындарының Қазақстан-Ресей мемлекеттік шекарасын кесіп өту тəртібі туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттаманы ратификациялау мəселесі де қолдау тапты. (Соңы 2-бетте).

əндерін шырқайды. «Қаратау сарыны» деген атпен өтетін екі күндік халықаралық дəстүрлі музыка фестивалінде Қазақстан, Қырғызстан, Қытай, Түркия, Əзербайжан жəне Башқұртстан əншілері өнер көрсетеді. Көлік полицейлері биылғы 5 айда 131 есірткі қылмысын анықтады. Осы уақытта заңсыз айналымнан 1 тонна 118 килодан астам əртүрлі есірткі заттары алынды. Каспий теңізіндегі Шалыга аралында шағалалардың қырылғаны байқалды. Табиғат қорғау прокуратурасының қызметкерлері əзірге құстардың нендей себептен қырылғанын айта алмай отыр. «ҚазАқпарат», Tengrinews, «Қазақстан жаңалықтары» агенттіктерінің хабарлары бойынша дайындалды.


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.