27062014

Page 1

Бїгінгі нґмірде:

№125 (28349) 27 МАУСЫМ ЖҰМА 2014 ЖЫЛ

Ел жəне Елбасы 2-бет Ел баєына туєан, елдік жолын ќуєан 3-бет Їлкен ґмір ўшќыны 5-бет Туєан елін əлемге əйгілеген 6-бет Жўлдыздар кїнде тумайды 14-бет

Өңір өмірі

Атом ќуаты – адам игілігі

Раушан НҰҒМАНБЕКОВА, журналист.

Қазақстан, Ресей, Беларусь елдерінің Еуразиялық экономикалық одағы – бұл ортақ экономикалық, гуманитарлық жəне мəдени кеңістікті қамтитын біріккен жоба. 2015 жылдың 1 қаңтарынан өз жұмысын бастайтын оның іс-шаралар кешеніне орай Курчатовта да біршама жұмыстардың легі атқарылуда. Атап айтқанда, экономикаға зор үлес қосатын АЭС-тің салынуы. Ресей Президенті В. Путин біздің елге сапары барысында екі елдің озық технологияларын пайдалана отырып, АЭС салу туралы

меморандумға қол қойған еді. Соған орай Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен АЭС салынатын орын Курчатов қаласы болып таңдалынып алынып, Ресейдегі «Росатом» басшысы Сергей Кириенко арнайы үкіметаралық келісім жобасына қатысты. Сонымен Ресей мен Қазақстан ғалымдары Жапониямен бірге АЭС-ті салуға 2018 жылы кіріспек. Осы жөнінде Курчатов қаласында баспасөз мəслихаты өтіп, оған Индустрия жəне жаңа технологиялар вице-министрі Бақытжан Жақсалиев, Жапонияның Қазақстандағы Төтенше жəне өкілетті елшісі Масаеси Камохара, Токио технологиялық институтының құрметті профессоры, атом энергетикасы бойынша Жапония комиссиясының төрағасы Йоши Фуджиё қатысты. Біздің вицеминистрдің айтуынша, алғашқы кезеңде Курчатов қаласы мен Балқаш көлі маңында зерттеу жұмыстары жүргізілмек. Бұл 2 жылдай уақытқа созылады. – Жапондық ғалымдар бүгін, міне, өздерінің озық технологияларымен, атомды бейбіт мақсатта пайдаланудағы тəжірибелерімен бөлісіп отыр. Сондықтан да біз Еуразиялық экономикалық одақ көлемінде ауқымды міндетті жауапкершілікке алып отырмыз, – деді Курчатовтағы Ұлттық ядролық орталық директоры Ерлан Батырбеков. Біздің ел осы

«Ќазпошта» неге ќалєиды?

Кеше Парламент Сенатының Төрағасы ҚасымЖомарт Тоқаевтың төрағалық етуімен палатаның жалпы отырысы болды. Бұл – сенаторлардың кезекті сессиядағы соңғы отырысы. Енді депутаттар қызметі аймақтарда жалғасады. Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан».

Соңғы отырыстың күн тəртібіне 8 заң жобасы енгізілген екен. Əрине, қай заңның да қоғам үшін қажеттілігі айқын, алайда, депутаттарды да, журналистерді де бір мəселе ерекше елеңдетті. Ол «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасының пошта туралы заңнамасының нормаларын Дүниежүзілік пошта одағы актілерінің нормаларымен біріздендіру мəселелері бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» заң жобасы еді. Мəселенің мəнісіне үңілсек, 2011 жылы елімізде осы салада тағайындалатын оператор туралы шешім қабылданып, Қазақстан алты айдың ішінде оны айқындауы тиіс болатын. Бірақ ол жүзеге асырылмай, ақырында Дүниежүзілік пошта одағы атынан EMS кооперативі 2014 жылдың 1 шілдесінен бастап, Қазақстанға барлық мүшелік жеңілдіктерді беруді тоқтататыны туралы Ұлттық пошта операторына хабарлама жіберген. Негізінде, заң жобасы бұдан бұрын Көлік жəне коммуникация министрлігі тарапынан екі мəрте дайындалған, алайда, ол Əділет министрлігі тарапынан қолдау таппапты. Енді, міне, əбден уақыт таянғанда бір топ Мəжіліс депутатының бастамасымен заң жобасы қолға алынса керек. Заң Елбасының Жолдауын дағы еліміздің транзиттік əлеуетін, логистикалық көрсетілетін қызметтер мен халықаралық сауданы дамыту саласында қойған міндеттерді орындау аясында əзірленген екен. Заңға қатысты өз ойларын білдірген депутаттар А.Савченко, С.Жалмағамбетова, Қ.Айтаханов еліміздегі пошта қызметіндегі ащы шындықтарды ортаға салды. Мəселен, сенатор

Светлана Жалмағамбетова ауылды жерлерде жұмыс істеп жүрген пошташылардың тым мардымсыз жалақы алатынын айта келіп, керісінше, «Қазпошта» басшыларының ақшаны миллиондап алатынын айтты. «Мен біреудің қалта сындағы ақшасын санаудан аулақпын, алайда, басшылар мен жұмысшылардың жалақысы арасындағы айырмашылық мəселесі ел үкіметіне ой салуы тиіс деп ойлаймын» деген ол Ақмола облысының Жарқайың ауданын мысалға келтірді. Аудан бойынша 20 пошташы жұмыс істесе, олардың барлығы жиылып 5,5 мөлшерлемеде ғана жалақы алады екен. Ал бір мөлшерлеме –7 мың теңге, сəуірдің 1-інен бастап ол 44 560 теңгеге көтерілген. Гастелло атындағы ауылда 758 тұрғын бар. Ол жердегі пошташы-оператор 0,3 мөлшерлемеде, яғни тек 12 300 теңге көлемінде жалақы алатын көрінеді. Ал Тассуат ауылындағы пошта қызметкері 0,2 мөлшерлемемен жұмыс жасаса, бұл – 8 900 теңге айлық деген сөз. Ауылдардың басым бөлігінде солай. Бүгінде жалғыз Тасты-Талды ауылында жұмыс істейтін пошта қызметкері ғана толық мөлшерлеме алып отыр екен. Жарқайыңдық пошташылардың барлығы жиылып, ай сайын 244 мың теңге алғанымен, олар зейнеткерлерге зейнетақы жеткізудің арқасында «Қазпоштаға» 750 мың теңге табыс əкелетін көрінеді. Демек, үш есе артық жұмыс істейді. (Соңы 6-бетте).

бағытта Жапониямен қатарынан 20 жыл бойы əріптестік байланыс жасап келеді. Қазақстан мен Жапонияның тығыз қарымқатынаста жұмыс істеуіне тағы бір себеп, екі елдің де атом жарылыстарын бастан кешуі, осыған орай соғыс атомы емес, бейбіт атомды

дамыту мəселесі аса маңызды. Мұнда АЭС-тің 1 кВт электр энергиясына 4 мың АҚШ доллары жұмсалмақ. Яғни, АЭС құрылысы өте қымбат болғанмен, оның халыққа берер игілігі, тиімділігі бұл қымбатшылықты жүз есе ақтайды. Əрі салынған АЭС 80-100

жыл сапалы қызмет ете алады. Халық Фукусимадағы секілді апат болады деп қауіптенбегені жөн. – Фукусимадағы апат бүгінде толығымен анықталып отыр, – деді өз кезегінде сөз алған Жапонияның Қазақстандағы Төтенше жəне өкілетті елшісі Масаеси Камохара. – Бұл тұрғыда жапондық ғалымдар мен атом энергетиктері бірлесіп еңбек сіңірді. Енді əлемде тұрғызылатын жаңа стансалар сол кезде кеткен қателіктерді толығымен есепке алып, оларды болдырмауға тырысады. Өздерінің тəжірибелерін біздің ел сіздің елмен бөлісуге толық дайын. Сондықтан да біз Курчатовта тұрғызылатын АЭС қауіпсіз болады деп айта аламыз. 1994-2014 жылдар аралығында Қазақстандағы Ұлттық ядролық орталық атом саласы бойынша жапондық ең ірі JAEA, JAPC, TOSHIBA жəне Marubeni US Ltd компаниялармен əріптестік қарым-қатынас орнатып келеді. Осыларда жасалған келісімшарттар бойынша АЭС құрылысының біртіндеп жүзеге асу мəселесі қарастырылған. Ядролық сұйық отынды сапалы жасау, өткенде кеткен қателіктерді болдырмай атом энергетикасы саласын бейбіт өмір бағытында дамытуға ықпал ету алғашқы атқарылар жұмыстардың қатарына жатады. КУРЧАТОВ.

● Президент тапсырмасы қалай орындалуда?

Жеке жауапкершілікті кїшейту талап етілді Президент Əкімшілігі басқарушы лауазымды тұлғалардың Мемлекет басшысы алға қойған міндеттерді жүзеге асыру үшін жеке жауапкершілігін күшейту жөніндегі саясатын жалғастыруда. Апта сайынғы пішінде Мемлекет басшысының актілері мен тапсырмаларын сапалы жəне уақтылы орындау бойынша Премьер-Министр Кеңсесі басшы лығының, министрлердің орын басарларының, жауапты хатшылардың, облыс əкімдері орынбасарлары мен ұлттық компаниялар басшыларының жүргізіліп жатқан жұмыс туралы есептерін тыңдау өткізіледі. Президенттің 2010 жылдың 27 сəуіріндегі №976 Жар лығына сəйкес кезекті есеп беру қорытындылары бойынша Мемлекет басшысының тапсырмаларын сапасыз орындағаны үшін 5 саяси мемлекеттік қызметкер

тəртіптік жауапкершілікке тартылды. Премьер-Министрдің өкімімен Мемлекет басшысының «Ел агроөнеркəсіп кешенін дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасын жасау бойынша» тапсырмасын сапасыз орындағаны үшін Ауыл шаруашылығы вицеминистрі С.Омаровқа ескерту жарияланды. Астана қаласы, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Маңғыстау облыстары əкімдерінің өкімдерімен: – Мемлекет басшысының «Коммуналдық қызмет пен Жерұйық саябағының құрылысына төлем үшін біртұтас төлем құжатын енгізу бойынша» тапсырмасын сапасыз орындағаны үшін Астана қаласы əкімінің орынбасары В.Л.Крыловқа сөгіс жарияланды; – Өскемен қаласындағы Қан орталығы құрылысын аяқтау мерзімін бірнеше

Тиісті шешімдер ќабылданды

мəр те ауыс тырғаны, сондайақ, Мемлекет бас шысының денсаулық сақтау нысандары бойынша тапсырмасы шеңберінде «350 дəрігерлік амбулаториялар мен емханалар құрылысы бойынша» құжаттамаларды уақтылы жасамағаны үшін Шығыс Қазақстан облысы əкімінің орынбасары Е.Текешовке қатаң сөгіс жарияланды, Қарағанды облысы əкімінің бірінші орынбасары Ғ.Мұхамбетовке сөгіс жарияланды, Маңғыстау облысы əкімінің бірінші орынбасары С.Алдашовқа ескерту жарияланды. Президент Əкімшілігі мен Үкіметтің Мемлекет бас шысының тапсырмаларын уақтылы жəне сапалы орындау бой ынша бірлескен жұмысы жалғастырылатын болады.

РУХАНИ ЖАЅАРУ АЙЫ – РАМАЗАН ЌЎТТЫ БОЛСЫН! Ержан қажы МАЛҒАЖЫҰЛЫ хазірет,

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти.

Мейірімді, рақымды Алланың атымен бастаймын! Баршамызды қасиетті Рамазан айына аман-есен жеткізген Алла тағалаға сансыз шүкіршілік айтамыз. Құрметті мұсылман бауырлар! Əлем мұсылмандары мүбəрак Рамазанда Алланың рақымына бөленуді үміт етіп, сауабы мол ізгі амалдарды атқаруға ниетті. Сіздерді бір ай бойы жалғасатын ұлық Рамазан айының келуімен құттықтаймын! Алланың рақымы мен кешіріміне бөлейтін, əр игі амал еселеніп жазылатын Рамазанды асыға күткен баршамызға бұл қасиетті ай құтты болсын! Құран Кəрімде айтылған Рамазан айының ерекшелігі сол, бұл мезгілде жасалған кез келген қайырлы амалдың сауабын санау мүмкін емес. Сондықтан айлардың сұлтаны болған Рамазан – Алла тағаланың мұсылмандарға берген сыйы əрі нығметі. Қасиеті мен шарапаты мол айда күнəларымыздан арылып, сауап жинауға, ішкі дүниемізді тазартып, Жаратушыға жақындауға берілген мүмкіндіктер көп. Мүбəрак Рамазанның құндылықтары мен қадір-қасиетін жақсы түсінген ізгі адамдар оразаға алты ай қалған сəттен бастап: «Раббымыз, бізді Рамазан айына аман-есен жеткізе гөр!» – деп дұға жасап, Жаратушымызға жалбарынған. Өйткені, адамның осы айда ұстаған оразасы, қосымша құлшылықтары, өзгелерге жасаған қайырымдылығы, барлық сауапты амалдары Алланың мейіріміне бөлеп, разылығын алуға жақындата түспек. Ораза – Алла мен адамның арасындағы риясыз құлшылық, тек Раббымыздың разылығын көздейтін ұлық ғибадат. Құдси хадисте Алла тағала: «Аузы берік адам ішіпжеуін мен үшін доғарды. Ораза – Мені мен құлымның арасындағы ғибадат. Оған берілетін сыйды

Мен ғана өлшеп, Мен ғана беремін. Аузы берік құлымның аштық пен шөлдегенде шығатын аузының исі мен үшін мисктен де артық», – дейді. Рамазан – рухани жаңару айы. Жерді мекен еткен аң мен құстың, барлық тіршілік иесінің жыл мезгілдерінде жаңару, түлеу, өзгеру үдерісінен өтетіні белгілі. Ал Алланың адам баласына берген шексіз нығметі, теңдессіз сыйы саналған ораза – күнəға бетпебет келуден сақтайтын, жан дүниемізді, мінез-құлқымызды жақсылыққа тəрбиелейтін, рухани түлеп шығатын құлшылық. Ауыз бекітудің адам өмірін ізгілікке бастайтынын білген пенденің одан, əсте бас тартуы мүмкін бе?! Олай болса, ораза ұстап, ұлы ғибадаттың сауабынан құр қалмайық, бауырлар! Иман жолы сабырлық пен тақуалықты талап етеді. Ораза нағыз, шынайы тақуалық пен сабырлыққа жетелейді. Құранда Алла тағала: «Ей, мүміндер! Сендерге бұрынғыларға парыз етілгендей ораза парыз етілді. Əрине, сақтанарсыңдар» («Бақара» сүресі, 183-аят), – деп бұйырған. Биыл шіліңгір шілдеге тұспатұс келген оразада ауыз бекітуге күннің ыстығы немесе басқа да себептер кедергі бола алмайды деп сенеміз. Себебі, иманның бал дəмін татқан жан Алланың теңдессіз сыйынан шет қалғысы келмейтіні хақ. Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) бір хадисінде: «Расында, əр адамға өзінің ниет еткен нəрсесі беріледі», – деген. Бұл – адам баласы өзінің ниетіне орай, мақсатына жетеді деген сөз. Кімде-кім сауабын Алладан үміт етіп, ораза ұстаса, күнəлары кешіріліп, Оның ризалығына бөленеді. Екі дүниеде де Алланың ризалығына кенелуден артық бақыт жоқ. Қадірлі ағайын! Қасиетті Рамазан айы құтты болсын! Ұстаған оразаларыңыз бен дұға-тілектеріңіз қабыл болғай! Рамазан айында жасаған игі істеріңіз сауаптан жазылып, Алла тағала елімізге, жерімізге берекесін, мол ризығын жаудырғай! Мұратымыз асыл, дұғамыз қабыл болғай!

● Тосын табиғат

Кеше Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасы Б.Бекназаровтың басшылығымен Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің кезекті отырысы өтті.

Отырыста сот жүйесінің ұйымдастыру-кадрлық мəселелері қарастырылды. Отырыс қорытындысы бойынша Жоғары Сот Кеңесінің тиісті

шешімдері қабылданды жəне ұсынымдары берілді.

Қазақстан Республикасының Президенті Əкімшілігінің Мемлекеттік-құқық бөлімі.

Тауыќ жўмыртќасындай бўршаќ їйлердіѕ шатырын тесіп кетті Темір ҚҰСАЙЫН,

Оќырман назарына!

Заман талабына орай жаңарған «Егемен Қазақстан» газетінің сайтын енді əлеуметтік желілер арқылы оқу мүмкін болып отыр. Ол үшін, құрметті оқырман, мына төменде көрсетілген сілтемелерді теру арқылы тікелей біздің сайтымызға өте аласыз. Сонымен қатар, аталмыш желілер арқылы «Егемен Қазақстан» газетінің бай сурет қорымен танысуға да тікелей мүмкіндік алатындықтарыңызды естеріңізге сала кетпекпіз.

«Егемен Қазақстан».

Табиғат тосын мінезін танытты. Үлкендігі тауықтың жұмыртқасындай болатын бұршақ Бөрлі ауданының Березовка ауылындағы 277 үйдің шатырын қиратып кеткен. 27 автокөліктің терезелері сынып,

шанақтары майысқан. Бау-бақша мен егіс алқаптары да аман қалған жоқ. Нөсер жаңбырдың соңы бұршаққа ұласып, 10 минут бойы аспаннан диаметрі 4,5 сантиметрге дейін жететін мұз кесектері жауған. Ауданда құрылған арнайы комиссия кеше төбесі тесілген баспаналардың тізімін анықтап

бітірді. Табиғат апатынан келген шығынның мөлшері қазір есептелуде. Төтенше жағдайдың зардабын жою жолдарын содан кейін белгілейміз, дейді Бөрлі аудандық əкімдігінің төтенше жағдайлар жөніндегі бас маманы Болат Тукупов. Батыс Қазақстан облысы.


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.