Бїгінгі нґмірде:
№120 (28598) 27 МАУСЫМ СЕНБІ 2015 ЖЫЛ
Милан кґрмесіндегі Ќазаќстан кїні
СЫРТЌЫ САЯСАТ СОЌПАЌТАРЫ Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен журналист Сауытбек Абдрахмановтың сұхбат кітабынан
Бїгін «Expo Milano 2015» кґрмесінде осындай атты акция ґткелі тўр
Италияның солтүстігіндегі Милан қаласында үстіміздегі жылғы 1 мамырдан бастап ЭКСПО көрмесінің өз жұмысын бастап кеткені белгілі. Өлшеулі мерзімі қазан айының 31-іне дейін созылатын оған күллі əлемнің 144 мемлекеті, 3 халықаралық ұйым, 16 мемлекеттік емес ұйым жəне 5 корпоративті павильон қатысуда. Бас тақырыбы –«Планетаны асырау. Өмір сүруге қажетті қуат» деп аталатын бүкілəлемдік көрме шеруі сапында біздің еліміздің де өз павильоны бар. Маусымның 27-сінде осы жерде Қазақстан күні аталып өтеді. Оған Италияға қысқа мерзімдік жұмыс сапарымен келген Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қатысады деп күтілуде. Серік ПІРНАЗАР,
«Егемен Қазақстан» – Миланнан.
Миландағы осы тойдың өту барысын жазып-түсіріп көрсетуге белгіленген қазақстандық бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері мұнда бұрнағы күні Мəскеу арқылы алдын ала келіп жетті. Альпі тауының етегіндегі айдын шалқардай кең көсілген қаланың дидары бізге соншалықты жылы
көрінді. Елдің солтүстігінде, таудың қапталында жатқан, айналасын жапжасыл орман қоршаған шырайлы шаһардың жылылық мөлшері де біздің Астанадан төмен емес екен. Бірақ
қазіргі таңда көрмесінің өзі 150-ден астам ел мен ұйымнан жұрт жинап отырған құтты қоныста пəлендей абыр-сабыр байқала бермейді. Мұның бəрі мұндағы жұмыстардың
белгілі бір тəртіпке бағындырылып, өзіндік ұтымды жүйемен жүргізіліп жатқанының белгісі болса керек. (Соңы 4-бетте).
Қазақстан Республикасы Президентінің Өкімі Ќазаќстан Республикасы Президентініѕ бўќаралыќ аќпарат ќўралдары саласындаєы сыйлыќтарын беру, гранттарын тапсыру жəне Алєысын жариялау туралы 1. Елдің экономикалық, əлеуметтік жəне саяси жаңғыруын ақпараттық қамтамасыз етудегі бұқаралық ақпарат құралдарының елеулі рөлін ескере отырып, Қазақстан Республикасы Президентінің бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы сыйлықтарын беру, гранттарын тапсыру жəне Алғысын жариялау жөніндегі қоғамдық комиссияның ұсынымдарын қарай келіп: Қазақстан Республикасы Президентінің Бұқаралық ақ па рат құралдары саласындағы сыйлықтары берілсін: Жанболат Əлиханұлы АУПБАЕВҚА – «Егемен Қазақстан» республикалық қоғамдық-саяси газетінің бас редакторына – Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығына арналған материалдар топтамасы жəне ұлттық бұқаралық ақпарат құралдарын дамытуға қосқан зор шығармашылық үлесі үшін; Алексей Владимирович ПАНҒА – «Экспресс-К» газеті» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас директорына (марқұм) – елдің ақпараттық кеңістігі деңгейін өрістетуге бағытталған қызметі, отандық журналистиканы дамытуға қосқан үлесі үшін; Қазақстан Республикасы Президентінің бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы гранттары тапсырылсын: Зарица Георгиевна ЕСЕКЕЕВАҒА (Зарина Мұхамедəліге) – «Арша» медиастудиясының продюсеріне
– республиканың əлеуметтік-экономикалық дамуы жəне моноқалаларын мемлекеттік қолдау туралы «24 KZ» телеарнасындағы «Большие города» – «Дархан қала» атты авторлық жобасы үшін; Ринат Думанұлы КЕРТАЕВҚА – «Хабар» агенттігі акционерлік қоғамы «Хабар» телеарнасы Бағдарламалар өндірісі дирекциясының бас продюсеріне – қазақстандық телевизияны дамытуға қосқан шығармашылық үлесі үшін; Қазақстан Республикасы Президентінің бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы Алғысы жариялансын: «Достық-Дружба» рес пуб ликалық қоғамдықсаяси журналының шығармашылық ұжымына – қазақстандық патриотизмді қалыптастыруға, қоғамдағы этносаралық келісімді нығайтуға қосқан елеулі үлесі үшін; «Жетісу» өңірлік қоғамдық-саяси газетінің шығармашылық ұжымына – өңірде мемлекеттік бағдарламалардың орындалу барысын терең əрі жан-жақты жариялап-көрсеткені үшін; «Қазақстан» ұлттық телеарнасының шығармашылық ұжымына – мемлекеттік саясаттың жүзеге асырылу барысын белсенді жариялап-көрсеткені жəне отандық ақпараттық кеңістікті өрістетуге қосқан зор үлесі үшін; «Астана» радиосындағы «Көкжиек» жəне «От и
Кїн тəртібі ќаралды Палата Спикері Қабиболла Жақыповтың төрағалығымен Мəжіліс бюросы өтіп, онда алдағы жалпы отырыстың күн тəртібі нақтыланды, деп хабарлады осы палатаның баспасөз қызметі. Депутаттар назарына бірқатар ратификациялық заң жобаларын қарау ұсынылып отыр. Олар: Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа Қырғыз Республикасының қосылуына байланысты ЕАЭО құқығына кіретін жекелеген халықаралық шарттарға түзетулерге, сонымен қатар, Италиямен, адамдарды ұстап беру жəне Италиямен, Румыниямен, Болгариямен қылмыстық істер
бойынша өзара құқықтық көмек туралы шарттарды ратификациялауға қатысты болмақ. Сонымен қатар, жалпы отырыста 2014 жылғы 29 мамырдағы ЕАЭО туралы шартқа Қырғыз Республикасының қосылуы туралы шартқа Армения Республикасының қосылуы туралы хаттаманы ратификациялауға байланысты бейінді комитеттерге қорытынды əзірлеу мерзімі тағайындалады.
Кґѕіл айту жеделхатын жолдады Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинге белгілі мемлекет жəне қоғам қайраткері Евгений Примаковтың қайтыс болуына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. Көңіл айту жеделхатында Е.Примаковтың қайтыс болғаны туралы хабарды Мемлекет басшысының күйзеле отырып қабылдағаны атап өтілген. «Евгений Максимович мемлекеттік жəне саяси қайраткер, Ресей қоғамы мен халықаралық деңгейде зор беделге ие ғалым болатын. Ол өзінің бітімгерлік қызметімен көптеген елдерде шынайы құрметке бөленді», – делінген жеделхатта. Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқының жəне жеке өзінің атынан Е.Примаковтың барша туыстары мен жақындарына көңіл айтты.
Ќаулы жобалары талќыланды
Қайрат Мəмидің төрағалығымен Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының кезекті жалпы отырысы өтті. Оты рыс тың күн тəртібіне сəйкес авторлық жəне сабақтас құқықты қорғауға, қылмыстық жаза тағайын дауға қатысты Жоғарғы Соттың екі нормативтік қаулысының жобасы талқыланды. Алғашқы жобаны таныстыра келе, Жоғарғы Сот судьясы Ирина Калашникова зияткерлік қызмет нысандарын қорғауға жəне қолдануға қатысты қатынастар азаматтық құқықтың нормаларымен реттелетіндігін атап өтті. Автор лық құқықты қорғау республиканың экономикалық өсімінің тұрақты жəне қарқынды дамуын қамтамасыз етудің маңызды шарттарының бірі ретінде қарастырылады жəне Қазақстанның ДСҰ-ға кіруі қарсаңында айрықша өзекті болып табылады. (Соңы 4-бетте).
до» бағдарламаларының шығармашылық ұжымына – маңызды мемлекеттік бағдарламалардың Еуразиялық экономикалық одақтың кызметі аясында жүзеге асырылу барысын жариялап-көрсеткені үшін; «Қазақстан Республикасы Президентінің телерадиокешені» коммерциялық емес акционерлік қоғамының шығармашылық ұжымына – Қазақстан туралы жаңа өзекті телевизиялық жобалар жасау арқылы отандық құжаттану саласын дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін; «Тіл» республикалық ақпараттық-сараптамалық журналының шығармашылық ұжымына – əлеуметтікэкономикалық реформалардың жүзеге асырылу барысын, мемлекеттік тілді жəне ұлттық мəдениетті дамыту мəселелерін белсенді жариялап-көрсеткені үшін; «Vesti.kz» спорттық-ақпараттық порталының шығармашылық ұжымына – саламатты өмір салтын кеңінен насихат тағаны, Қазақстанның спорт журналистикасын дамытуға қосқан үлесі үшін. 2. Осы өкім бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ. Астана, Ақорда, 2015 жылғы 26 маусым. №9
Елорда – егемендік еншісі 8-бет Жемќордыѕ жемсауын желімдеу 10-бет Полковниктіѕ беймəлім ќырлары 11-бет Ќоќыстан коттедж тўрєызєан... 16-бет
– Қазақстанның тəуелсіздік жылдарындағы жеткен жеңістері мен татқан жемістерінің баршасының басты кепілдерінің бірі – сыртқы саясатымыздың сарабдалдығы. Тəуелсіздік жолына қатар түскен елдердің арасында халықаралық аренада дəл Қазақстандай тез танылған, тез құрметтелген, Батыс та, Шығыс та қатар мойындаған дəл біздің елдей ел жоқ десем артық айтқандық болмайды. Басқасын былай қойғанда Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалыққа қол жет кізуінің өзі білген жанға тамаша табыс. Біз бұл биікке бүкіл ТМД кеңістігінде, бүкіл түркі əлемінде, бүкіл мұсылман дүниесінде бірінші көтерілген мемлекетпіз. Осылай тарихта қалдық. – Сөзің дұрыс. Ал сен ЕҚЫҰ-ға төраға болып тұрғанда сол ұйымның саммитін өткізе алған жəне өзінде өткізе алған қазірше жалғыз ел де Қазақстан екенін айтуды ұмытпасаң тіпті дұрыс болады. Оның үстіне ол саммит кезегі келгенде өткізілген, былайша айтқанда, сол жылы өткізілуге тиісті сам мит емес еді. Ол кезең ЕҚЫҰ белгілі бір дəрежеде дағдарысқа ұшырап, тұрақты шақырылатын саммиттері ұйымдастырылмағанына он бір жыл болған күрделі кезең еді. Астана саммитінің қадір-қасиетінің бөлектігі де сонда. – Енді сол биікке қалай кел генімізді əңгімелеуді сұраймын. Осы əңгімеге дайындалу барысында кезінде оқыған «Сто великих дипломатов» деген кітапты тыңғылықты түрде қайтадан қарап шықтым. Бы ла йын ша біз дипломаттар дегенде ең алдымен елшілерді, елшіліктің, консулдықтың, Сыртқы істер министрлігінің қызметкерлерін ойға аламыз ғой. Ал жаңағы кітаптағы ұлы дипломат аталғандардың арасында патшалар, корольдер, императорлар, президенттер, канцлерлер көп-ақ. – Тарихқа қарап отырсаң ертедегі əміршілердің де, бертіндегі бас шылардың да бəрінің (əрине, мен елін жақсы басқарып, ізгі із қалдырғандарын айтып отырмын) халықаралық қатынастардың, соғыс пен бейбітшіліктің барлық мəселелерін тікелей өз қолдарында ұстап отырғанына көзің жетеді. «Ғасырлар тоғысында» деген кіта бымда маған ерекше əсер еткен саясат керлердің арасында Шарль де Голльді бөле айтқан едім. Оның өз елін Германия фашизмінен азат ету соғысын КСРО-мен, АҚШ-пен, Ұлыбританиямен бірлесе, солардың көмегіне сүйене отырып жүргізіп, сонымен қоса бірде-бір мəселеде одақтастарының
ырқына кетіп қалмауы, кейіннен Франция колонияларындағы ұлт-азаттық қозғалыстарының алдын алып, Африкадағы бұрынғы 15 колонияға тəуелсіздікті өзі ұсынуы дипломатиялық ке меңгерлігін көрсетеді. 1958 жылы Алжирде əскери бүлік басталғанда Фран ция парламенті де Голльді ел билігіне шақырып, сол жылы ол Француз Республикасының президенті болып сайланған. Ол кезде Алжирдің Франция құрамында қалуын ел халқының көпшілігі жақтайды екен. Шын мəнінде француз халқы сол тұста атақты генералды Алжирді қолда сақтап қалатын адам ретінде президенттікке қалаған. Алжир дағдарысының төрт жылы ішінде Шарль де Голль отаршылдықтың күні өткеніне, Алжир мəселесін ел тағдырын елдің өзі таңдау қағидаты бойынша шешу керектігіне халықтың көзін жеткізіп, 1962 жылы Алжирге тəуелсіздік беру жөніндегі келісімге қол қойғанда содан біраз бұрын көпшілігі Алжирді қолдан жібермеуді жақтап тұрған француздардың тоқсан пайыздан астамы енді Алжир тəуелсіздігін қолдайтын болып шыққан. Міне, дипломатияның күші деген осы. Шарль де Голльдің «Саясат – қолдан келетінді жасай білу өнері» деген атақты сөзі сол кезде айтылған. Оның «На острие шпаги» деген тамаша кітабы бар. Сонда саясаткер бар қайрат-қабілетін халықты соңынан ертуге жұмсауға, кейбір мəселелерде кезі келгенге дейін өзінің түпкі мақсатын ішіне бүге ұстауға, оны дəл дер шағында ғана ашуға тиісті екендігі айтылған. Есте ұстайтын сөз. Осындай мысалдарды ел басқарған адамдардың талайынан табуға болады. Солардың бірі – өзіміздің айбынды ханымыз Абылай. Оның басқа еңбегін былай қойып, тек Ресей мен Қытай арасында жүргізген дипломатиясын дұрыстап айта алсақ та кім-кімді де қайран қалдырар едік. Екі жақпен де тіл табыса жүріп өз елін ондаған жылдар бойы іс жүзінде, «де-факто» дейміз ғой, тəуелсіз ұстап тұра алғаны, ақыр аяғында өзінің дұшпанын, яғни жоңғарларды олардың өзінің дұшпанының, яғни Цин империясының қолымен қырғызып салғаны, сөйтіп Жоңғар мемлекетін жер бетінен жойып жібергені (аман қалған аз бөлігі қазақ даласы арқылы Еділ бойына жетіп, Ресейдің құрамына қосылып, қалмақ күйінде сақталды ғой) əлемдік дипломатия тарихындағы ғажайып құбылыстардың бірі деп сеніммен айтуға болады. Тек соны тарихшы ғалымдарымыз жеріне жеткізіп жаза алмай жүр. (Соңы 2-3-беттерде).
Лайыќтылар марапатталды Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан».
Кеше Мемлекеттік хатшы Гүлшара Əбдіқалықова елдің үздік журналистеріне Байланыс жəне ақпарат қызметкерлері күніне байланысты берілетін Қазақстан Рес публикасы Президентінің бұқаралық ақпарат құрал дары саласындағы сыйлық тары мен гранттарын тапсырып, Алғыстарын жариялады. Алдымен Мемлекеттік хатшы биылғы сыйлықтар мен гранттарды алу құрметіне ие болған қаламгерлерді жəне Мемлекет басшысының Алғысын алған шығармашылық ұжымдарды, сондай-ақ, Қазақстанның барша журналистер қауымын кəсіби мерекелері – Байланыс жəне ақпарат қызметкерлері күнімен құттықтады. – Қазақстанның бұқаралық ақ парат құралдары азаматтық қоғамның маңызды бөлшегі ретінде билік органдары мен ел аза мат тары арасындағы дəнекер қызметін атқарып қана қоймайды, сонымен қатар республиканың барлық табыстары мен жетіс тік теріне лайықты үлес қосады, ортақ шаңырағымыздағы татулық пен келісімді нығайтады, – деді Г.Əбдіқалықова. Одан əрі Мемлекеттік хатшы Қазақстан халқын ұйыстыру, патриотизмге тəрбиелеу, елімізді ба рын ша дамыған 30 мемлекет қа тарына қосу жөніндегі страте гиялық міндеттерді жүзеге асыру ісінде отандық
БАҚ қызметінің зор ықпалы бар екенін атап көрсетті. – Қазақстанның бұқаралық ақ парат құралдарының сапасы мен кəсіби тұрғыдан жетілуін ын таландыру үшін Мемлекет бас шы сының арнаулы марапаттары тағайындалған болатын. Жыл сайын берілетін
осы марапаттарды тапсыру арқылы біз елдің медиакеңістігінің ең лайықты, талантын барынша жарқыратып көрсеткен өкілдерін атап өтеміз, – деді Мемлекеттік хатшы Г.Əбдіқалықова. (Соңы 4-бетте).