27072013

Page 1

АҚПАРАТТАР аєыны №178 (28117) 27 ШІЛДЕ СЕНБІ 2013 ЖЫЛ

Мїдделерді ќорєау кїшейтілуі тиіс

 Үйренетін үрдіс

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасының Бас прокуроры Асхат Дауылбаевты қабылдады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. Бас прокурор бірінші жарты жыл дықтың қорытындылары бойынша елдегі заңдылықтың жайкүйі мен құқықтық тəртіп туралы хабардар етті, сондайақ Мемлекет басшысының тапсырмаларының орындалу барысы жөнінде баяндады. Нұрсұлтан Назарбаев елдегі криминогендік ахуалды жақсарту жөніндегі жұмысты одан əрі жандандыруға, сондай-ақ құқық қорғау органдары қызметінің тиімділігін арттыруға назар аударды. Бас прокурор алты айдың қорытындысы бойынша ашылмаған қылмыстың азайғаны туралы мəлім етті. Бұл ретте ол барлық қылмысты тіркеу нақты көріністі біліп отыруға жəне анағұрлым проблемалы учаскені анықтап, уақтылы алдын алу шараларын қабылдауға мүмкіндік туғызатынын атап өтті. – Бірінші жартыжылдықта біз 177 мың қылмысты, соның ішінде тонау, ұсақ бұзақылық тəрізді қылмыс түрлерін тіркедік. Оның бəрі есепке алынып, олар

бойынша тексеріс жүргізіледі. Қазіргі уақытта ауыр жəне аса ауыр қылмыс 16 пайызға азайғаны, адам өлімі, қарақшылық пен тонаушылық саны да азая бастағаны атап өтілуде, – деді А.Дауылбаев. Бұған қоса, А.Дауылбаев азаматтардың еңбек құқықтарын, жетім балалар құқықтарын қорғау салаларындағы заңдылықтың жай-күйі, ұйымдасқан қылмысқа, діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөнінде жүргізілген жұмыстар, сыбайлас жемқорлық пен бюджет қаражатын ұрлау фактілері бойынша өзекті қылмыстық істердің тергелу барысы туралы хабардар етті. Кездесу қорытындысында Мемлекет басшысы заңдылық пен құқықтық тəртіпті қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты жалғастыруды, сондай-ақ азаматтардың, шағын жəне орта бизнес өкілдерінің құқықтарын, мемлекет пен қоғам мүдделерін қорғауды күшейтуді тапсырды.

Ашыќ аспан астындаєы алєашќы кґрме

Міндеттер жїктеп, тапсырмалар берді

Президент Нұрсұлтан Назарбаев Экономикалық қылмысқа жəне сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің төрағасы Рашид Түсіпбековті қабылдады, деп хабарлады Елбасының баспасөз қызметі. Р.Түсіпбеков бірінші жартыжылдық қорытындылары бойынша қаржы полициясы органдарының жедел-қызмет жұмысының нəтижесі жəне ел назарындағы бірқатар істердің тергелу барысы туралы баяндады. Агенттік төрағасы сыбайлас құқық бұзушылықты

ашу 8 пайызға артқаны туралы да хабардар етті. 2013 жылдың алты айында мұндай қылмыстың 1192 фактісі анықталды. Кездесу қорытындысында Мемлекет басшысы Агенттік алдына бірқатар міндеттер қойып, қаралған мəселелер бойынша нақты тапсырмалар берді.

Ќаржы жїйесініѕ тўраќтылыєы саќталуы ќажет

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің төрағасы Григорий Марченконы қабылдады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.

Г.Марченко негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер мен валюта нарығындағы ахуал туралы мəлімдеді. Мемлекет басшысы қазіргі уақытта алтын-валюта резервтері көлемін, сондай-ақ отандық экономиканың даму қарқынын ескергенде ұлттық валютаның девальвацияға ұшырауына ешқандай негіз жоқтығын атап өтіп, бұл ретте Ұлттық Банк жұмысын бастапқы режімде жалғастыру қажеттігіне тоқталды.

Ұлттық Банк төрағасы қаржы нарығының барлық сегменті бойынша орнықты өсім байқалғанын, ал инфляция деңгейі 2012 жылғы шілде мен биылғы шілде аралығында 5,9 пайызды құрағанын жəне жоспарланғаннан 6-8 пайыз төмен тұрғанын хабардар етті. Кездесу қорытындысында Мемлекет басшысы қаржы жүйесінің тұрақтылығы мен экономиканың даму қарқынын сақтауды қамтамасыз ету жөнінде бірқатар нақты тапсырмалар берді.

Назар аударатын мəселелер бар

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Сауат Мыңбаевты қабылдады.

С.Мыңбаев ұлттық компа нияның бірінші жартыжылдықтағы қызметінің қорытындысы туралы хабардар етті жəне таяу келешектегі жоспарлар туралы айтып берді. Нұрсұлтан Назарбаев «Қаз Мұ найГаз» ҰК» АҚ отандық ірі компаниялардың бірі болып табылатынын, еліміздің экономикасының дамуы көп жағдайда оның қызметіне байланысты екенін

атап өтті, сондай-ақ технологиялық күрделі жобаларды іске асыру үшін өзіміздің жоғары білікті кадрларымызды даярлау қажеттігіне назар аударды. Кездесу қорытындысында Мемлекет басшысы қаралған мəселелер бойынша бірқатар нақты тапсырмалар берді, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі .

 Президент поштасынан

Тереѕ білім їшін ризашылыќ

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың атына М.В.Ломоносов атындағы Мəскеу мемлекеттік университетінің Қазақстандағы филиалы түлектерінен ұжымдық хат келді, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.

Өз хатында ММУ филиалының дипломын алған түлектер Қазақстан Президентіне ризашылық тарын білдіріп, əлемдегі үздік университеттердің бірінде білім алуға мүмкіндік жасағаны үшін алғыс айтады. «Сіздің бастамаңызбен Астанада ММУ-дің Қазақстандағы филиалы ашылуының арқасында біз терең білім алғанымыз үшін Сізге ризамыз. Бұл біздің алдымыздан еліміздің игілігі үшін қызметте өз қабілетімізді жүзеге асыру үшін, сол арқылы ел өмірі мен дамуында лайықты орнымызды табуға мол мүмкіндіктер ашады», – делінген хатта. Хат иелері Мемлекет басшысының қызметі ел игілігіне, сондай-ақ Қазақстан мен Ресей арасындағы достықты нығайтуға

бағытталғанын атап өткен. «Біздің оқу орнын бітіріп шығуымыз – Сіздің бұдан 20 жылдай бұрын Мəскеу университетінде жария еткен Еуразия қағидаттарын іске асырудың тағы бір мысалы», – деп атап өтеді түлектер. Хатта 2013 жылы оқу бітірудің айрықша екеніне, өйткені, елорданың 15 жылдығын мерекелеумен тұспа-тұс келгеніне де тоқталған. ММУ-дің Қазақстандағы филиалының құрылуы мен қалып тасуы – Астана тарихының ажырамас бөлігі. Соңында хат иелері Қазақстан Президентінің сенімін ақтауға жəне еліміздің өсіп-өрк ендеуіне лайықты үлестерін қосуға ұмтылатындары туралы мəлімдейді.

Көңіл айту жеделхатын жолдады

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Испания Королі Хуан Карлос I-ге Галисия провинциясында болған темір жол апатына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. Қазақстан Президенті көп адамның қазасына əкеліп соқтырған Сантьяго-де-Компостела қаласы маңында болған темір жол апаты туралы жайсыз хабарды терең күйзеліспен қабылдағанын, сондайақ жеке өзінің жəне Қазақстан халқының атынан қайғырып көңіл айтатынын жеткізген. «Осы қиын сəтте, қымбатты досым, қаза тапқан жəне зардап шеккен жандардың туған-туыстары мен жақындарына менің көңіл айтуымды жəне қолдауымды жеткізуіңізді сұраймын», – делінген жеделхатта.

Ақмола облысының Шортанды ауданында «Жаңа дала-2013» Қазақстан егіс алқабы күні» бірінші мамандандырылған көрме көрсетілімі табысты өткізілуде. Бақберген АМАЛБЕК, «Егемен Қазақстан».

Диқан қауымының көңілінен шыққан мұндай көрменің А.И.Ба раев атындағы Астық ша руашылығы ғылыми-өндіріс тік орталығында ұйым дастырылуының өзі агроөнеркəсіп кешенінің заманалық технология мен жер баптау, топырақ өң деу қадамдарына айрықша маңыз беретінін көрсетеді. Сондықтан да болар, аумағы 20 гектарды алып жатқан көрме көрсетілімге ТМД елдерінің, Герма ния, Польшаның, отандық өндірісшілерді біріктіретін 40-тан астам компания өкілдері ықылас танытып отыр. За мана уи ауылшаруашылық тех ни ка ларының таныстырылымы шараларына 1 мыңға жуық маман тартылғанын да айта кетуіміз керек.

Халықаралық деңгейдегі көрме көрсетілімге қатысушыларды Қазақстан Рес публикасы Ауыл шаруашылығы вице-министрі Мүсілім Өмірияев құттықтады. Ол өз сөзінде заманауи техника өндірістің жоғары тиімділігі мен табыстылығын қамтамасыз ететін алғышарт, деп атап көрсетті. Бүгінгі шараның мақсаты ауылшаруашылық тауар өндірушілеріне уақыт талабындағы технологиялар мен техникалар түрін таныстыру, оларды жұмыс барысында сынап көру жəне болашаққа инвестиция құюға жол ашу болып табылады. Сондықтан, диқан қауымы мен мамандарымыз бүгінгі мүмкіндікті, яғни делдалсыз сатылым шарасын пайдаланып қалуға тиісті. Шетелдік мамандар, керек болған жағдайда, сіздердің егістік алқаптарыңызда

жұмысқа тартылып, жергілікті механизаторларды оқыта алады. Ақмола облысы əкімінің бірінші орынбасары Рашид Əкімов «Жаңа дала-2013» Қазақстан егіс алқабы күні» бірінші ма мандандырылған көрме көрсетілімінің топырақ құнарын сақтаудың нөлдік технологиясы ойлап табылған академик А.И.Бараев атындағы астық шаруашылығы орталығында өткізілуі біз үшін үлкен құрмет. Астықты Ақмола өңірі бүгінгі шараның үлкен қайтарым беретініне сенімді, деді. Айтулы шараға дайындық барысында топырақ өңдеудің дəстүрлі, төменгі шектеулі жəне нөлдік технологиялары бойынша, сондай-ақ, суландыру мен жемшөп жинау техникаларын қамтитын 12 демонстрациялық көрсетілім ұйымдастырылған екен.

 Қазақстанда жылдың алғашқы жартысында 69 875 жаңа көлік сатылды. Елімізде 2010 жылы қолға алынған автомобиль нарығының қазіргі ахуалы сатып алушылардың басым бөлігінің өзімізде құрастырылған машиналарды таңдай бастағанын байқатты.  Республикалық талапкер лерді кешенді тестілеу сынағының қорытындысы шықты. Оған 76655 мектеп түлегі қатысты. Нəтижесінде 48680 талапкер шекті межеден өте алмады. Бұл барлық қатысушылардың 63,5 пайызын құрайды.  Алматы хайуанаттар бағын қайта жаңғыртатын бизнесмендер табылды. Бұл жұмыс құрамына жеті адам енген қоғамдық кеңестің құрылуы арқылы жүзеге асады.  Қостанай облысында биылғы 6 айда 270 млрд. теңгенің өнеркəсіп өнімдері шығарылды. Бұл жөнінде облыс əкімі Нұралы Сəдуақасов мəлімдеді. Аймақта қазір өнеркəсіп өнімдерін шығарумен 500-ден астам кəсіпорын айналысады.  Қызылорда қаласында 20 көшенің табанжолдарын жөндеу қолға алынды. Бұл туралы мəлімдеген қала əкімі Нұрлыбек Нəлібаев жергілікті бюджеттен бөлінген 923 млн. теңгеге қазір 24,3 шақырымдық табанжол, 37 көп қабатты тұрғын үйдің аулаішілік алаңдары мен автотұрақтары реттеліп жатқанын айтты.  Ақтөбе облысында ауыл округтері əкіміне үміткер 434 кандидат тіркелді. Мұнда 149 орынға 449 өтініш келген. Енді олар 7 тамыз күні сайлаушылар жиналысында таңдауға түседі.  Павлодарда жыл басынан бері 286 жұмыссыз адам даярлықтан өтті. Облыста «Еңбекпен қамту-2020» бағдарламасы бойынша биыл жалпы сомасы 3,112 млн. теңгенің жұмысы атқарылады.  Ішкі істер қызметкерлері апта ішінде 22,5 кило героин тəркіледі. Олардың арасында Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл жəне Алматы облыстарында қолға түскен «өнімнің» салмағы ауыр. «ҚазАқпарат», «Қазақстан жаңалықтары», Bnews.kz, TengriNews, EgemenNews хабарлары бойынша дайындалды.

Оймақтай ой Мінез – жанның айнасы. Əбу Насыр ƏЛ-ФАРАБИ.

(Соңы 2-бетте).

ЕЛ ЌАМЫН ЖЕГЕН ЕРЛЕРДІЅ, Əділет ќайда, ар СҐЗ БІЛГЕН ЖАНДА ЌАЌЫ БАР ќайда?!  Жанайқай

«Ўлттыќ тарих жəне кґркем əдебиет» таќырыбында «Егемен Ќазаќстан» газетініѕ «дґѕгелек їстелі» басындаєы əѕгіме

Тəуелсіз еліміздің жаһандану үдерісі туындатқан жаңа белестерге көтерілуі, жаңа сындарға төтеп беруі үшін ұлттың тарихи санасын қалыптастыруға басымдық берілуге тиіс. Елбасының «Қазақстан-2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Жолдауында Қазақстан тарихын ғылыми танудың жаңа жолдарын іздестіру мəселесінің күн тəртібіне қойылуы осының айқын дəлелі. Мемлекеттік хатшы Марат Тəжиннің жетекшілігімен Астанада Қазақстан Республикасының ұлттық тарихын зерделеу жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобының кеңейтілген отырысы өткізіліп, осы орайдағы міндеттер жан-жақты талқыланып, ата тарихтан асыл тағылым алу жолдары айқындалғалы біршама уақыт өтті. Кеңейтілген отырыста қозғалған əңгіме көптің көкейінде жүрген түйіндерді дөп басқаны, Мемлекеттік хатшының ұлттық

тарихты нақтылау, жаңғырту жəне дамыту хақында айтқан сөздері ел тарихын зерделеуге қатысы бар адамдардың арасында серпіліс туғызғаны анық байқалады. Тарих тақырыбына қалам тербеп жүрген, есімдері елімізге жақсы танымал жазушылар: Əкім ТАРАЗИДІҢ, Əнес САРАЙДЫҢ, Қажығали МҰХАНБЕТҚАЛИҰЛЫНЫҢ, Марат МƏЖИТОВТІҢ, Алдан СМАЙЫЛДЫҢ жəне Тұрсын ЖҰРТБАЙДЫҢ қатысуымен «Ұлттық тарих жəне көркем əдебиет» деген тақырыпта өткен «Егеменнің» «дөңгелек үстелі» басындағы əңгіме де осы бағытта өрбіді. «Дөңгелек үстел» басындағы əңгімені «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» акционерлік қоғамының президенті Сауытбек Абдрахманов жүргізіп отырды. (Соңы 4-5-беттерде).

Редакциямызға Жамбыл жерінен əділет іздеген хат келіп түскен еді. «Жамбыл-Құнарлылық» акционерлік қоғамының бір топ акционерлері қол қойған бұл хатпен бірге осы ғасыр басында басталып, күні бүгінге дейін əділетсіз жолмен сағыздай созылған істің барлық деректері қоса тіркелген екен. Сол құжаттармен етене таныса келіп, бір топ акционер жазған хатта баяндалған оқиғаны шып-шырғасын бұзбай оқырман назарына ұсынуды жөн көрдік. Қанат ЕСКЕНДІР,

«Егемен Қазақстан».

«2004 жылдың наурыз, сəуір, шілде айлары аралығында «Жамбыл-Құнарлылық» ААҚтың дауыс беруге құқығы бар 49,9 пайыз акциясын Азамат Алишев сатып алып, оны ҚР «Бағалы қағаздар туралы» Заңының 36-бабына сай бағалы қағаздарды тіркеу орталығына тіркетеді. Сосын аталған акционерлік қоғамның президенті Сағымбай Жұмановқа хабар беріп, ірі акционер ретінде А.Алишев өзіне берілген құқық тар ға сəйкес С.Жұмановқа кезектен тыс акционерлік жиын өткізуді

ұсынған еді. Алайда С.Жұманов жиын өткізуден бас тартты» деп бас талады бізге келіп түскен үшбу хат. С.Жұманов жиналыстан бас тартқаннан кейін акционер А.Алишев ҚР «Акционерлік қоғамдар туралы» Заңының 14бабы 2-бөлігіне сүйене отырып С.Жұмановты Тараз қалалық сотына береді. Өйткені, заңның бұл бабында «егер акция иесінде акционерлік қоғамның 10 пайыз акциясынан көп құнды қағаз болатын болса, ол жағдайда кезексіз акционерлік жиын жасатуға құқылы» деген жолдар бар. (Соңы 3-бетте).

Бїгінгі нґмірде:

Аєайынныѕ емес, ауылдастыѕ аты озсын!

Ќайсысы ќымбат: адам ба, айлаќ па?

2-бет

3-бет

Сіздіѕ зайыбыѕыз 7-бет


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.