Бүгінгі нөмірде: Елді елеңдеткен екпе 3-бет
"Арақтың арқа сүйері күшті..." №198 (28137) 27 ТАМЫЗ СЕЙСЕНБІ 2013 ЖЫЛ
Қызғыш құс
4-бет 5-бет
Қауын жеуден қалып барамыз
10-бет
Ішкі жалпы ґнімді ґсіруге мїмкіндік бар
● Ата Заң арналары
Даму болашаєыныѕ негізі
Енді төрт күннен кейін тəуелсіз Қазақстан Республикасы Конституциясының бүкілхалықтық талқылау арқылы өмірге келгеніне 18 жыл толғалы отыр.
Кеше Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев 2014-2016 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасын қалыптастыру мəселесі жөнінде кеңес өткізді, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. Мемлекет басшысы бюджетті қалыптастыру ел алдында тұрған, соның ішінде «Қазақстан-2050» Стратегиясында көрсетілген мақсаттарға қол жеткізуге бағытталғанын атап өтті. – Мемлекеттік қаражатты тиімді пайдаланып, бюджет түсімдерінің көздерін жыл сайын ұлғайтып отыру қажет. Көрсетілген өлшемдерге қол жеткізу үшін Парламент қарауына енгізілетін бюджет жобасы əзірленді, – деді Нұрсұлтан Назарбаев. Өз баяндамасында Премьер-Министр С.Ахметов 2014-2016 жылдарға арналған республикалық бюджеттің негізгі параметрлері туралы мəлім етті. – Аталған кезеңдегі экономиканың
нақты өсімі 6-7 % деңгейінде жоспарлануда. Осы көрсеткіштер негізінде 2014-2016 жылдарға арналған республикалық бюджет өлшемі қалыптастырылды, – деді ПремьерМинистр. Сондай-ақ, С.Ахметов Мемлекет басшысының ішкі резервтерді қарастыру жөніндегі тапсырмасын ескеріп, республикалық бюджеттің шығысы ішкі жалпы өнімнің 17,4 %-ын құрайтынынан хабардар етті. – Жергілікті бюджеттер ая сында субвенция 81 млрд.-қа қысқарады, ал бюджеттік ақшаны алу, біздің өңірлерімізді дамытуды ескере отырып, 24 млрд. теңгені құрайды. Республикалық бюджеттің базасында біз мемлекеттік
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын тағайындау туралы Қазақстан Республикасы Конституциясының 50-бабының 2-тармағына сəйкес қаулы етемін: 1. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары болып: Əйтімова Бірғаным Сарықызы; Бейсенбаев Асқар Асанұлы; Громов Сергей Николаевич; Қиынов Лəззат Кетебайұлы; Ким Георгий Владимирович; Косдəулетов Дулат Рашитұлы; Нөгербеков Серік Нөгербекұлы; Оразалин Нұрлан Мірқасымұлы тағайындалсын. 2.Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ. Астана, Ақорда, 2013 жылғы 26 тамыз №622
Хроника
Мемлекет басшысының Жарлығымен Бірғаным Сарықызы Əйтімова басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасының Біріккен Ұлттар Ұйымы жанындағы Тұрақты өкілі қызметінен жəне Қазақстан Республикасының Куба Республикасындағы Төтенше жəне өкілетті елшісі қызметін қоса атқарудан босатылды. *** Мемлекет басшысының Өкімдерімен басқа жұмысқа ауысуларына байланысты: Асқар Асанұлы Бейсенбаев Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан Республикасының Парламентіндегі Өкілдігінің басшысы қызметінен; Сергей Николаевич Громов Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары қызметінен; Дулат Рашитұлы Қосдəулетов Қазақстан Республикасының Əділет вице-министрі қызметінен босатылды.
бюджетті қалып тастырдық, оның шығысы ішкі жалпы өнімнің 20,4 %-ын құрайды. 2014 жылға арналған бюджеттің жаңа бастамасы Сіздің Қазақстан халқына Жолдауыңыздан бас тау алады. Негізінен, ол даму бағ дарламаларын жəне дағдарысқа қарсы шараларды іске асыруға бағытталады, – деді ПремьерМинистр. С.Ахметов жаңа бюджеттік саясат тұжырымдамасы аясында Үкімет Ұлттық қордың негізгі параметрлерін сақтайтынын да баяндады. Экономика жəне бюджеттік жоспарлау министрі Е.Досаев республикалық бюджет шығыстардың мақсатқа сəйкестілігі мен объективтілігі қағидаттарын ескеріп қалыптастырылғанын атап өтті. – Біздің тарапымыздан мемлекеттік салалық бағ дар лама лардың көпшілігі қайта əзірленді. Қаржы министрлігімен бірлесіп биыл біз бюджет қаражатын
пайдалану бойынша ай сайын мониторинг жүргіземіз. Біз белгіленген параматерлерге қол жеткізу үшін игерілмеген қаражатты азайту шараларын да қарастырамыз. Осы жылы инвестициялық жобалар бойынша құжаттарын ұсынбаған əкімшілерге рұқсат бермейміз. Біз сондайақ мемлекеттік органдарды ұстап тұруға байланысты ағымдағы шығыстарды қайта қарастырдық, – деді Е.Досаев. Қаржы министрі Б.Жəмішев биылғы жəне келесі жылдардағы са лықтық түсімдер ішкі жалпы өнім деңгейінің 10,2 % мөлшерінде жоспарланғанынан хабардар етті. Ол республикалық бюджетті мемлекеттік салалық бағдарламалар негізінде қалыптастыру соңғы нəтижені нақты бағалай отырып мемлекеттік шығысты кешенді жоспарлауға мүмкіндік беретініне тоқталды.
Алтай – тїркі əлемініѕ алтын бесігі Кеше Өскеменде «Алтай – түркі əлемінің алтын бесігі» атты халықаралық форум басталды. Оның тұсаукесер алғашқы шарасы осыдан екі жыл бұрын өткен болатын. Шығыс Қазақстан облысы əкімдігі, С.Аманжолов атындағы ШҚМУ жəне ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымы бірігіп ұйымдастырған форум жұмысына еліміздің Мəдениет жəне ақпарат министрі Мұхтар Құл-Мұхаммед, ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымының бас хатшысы Дүйсен Қасейінов, ЮНЕСКО-дағы Қазақстанның тұрақты өкілі Олжас Сүлейменов жəне облыс əкімі Бердібек Сапарбаев пен Түркия, Жапония, Ресей, Оңтүстік Корея, Моңғолия сынды 12 шет мемлекеттің ресми өкілдері мен белгілі ғалымдары қатысты. Мəртебелі меймандар алдымен халықаралық форум аясында ұйымдастырылған Алтайдың мыңжылдықтар тарихына қатысты құнды жəдігерлер көрмесімен танысты. Облыстық тарихи-өлкетану жəне өнер мұражайларының жəдігерлері қойылған көрме көпшілікті таң-тамаша қалдырды. Шілікті (б.з.д. VII – V ғғ.) жəне Берел қорғандары (б.з.д. І мыңжылдық) бейнеленген стендтер, қоладан жасалған орақ пен найзалардың ұштары (б.з.д. II мыңжылдық), Шілікті мəдениетіне жататын киім мен қорамсақтар əшекейлерінің
галваникалық көшірмелері, Берел жылқысы (б.з.д. IV ғ.), Шығыс Қазақстандағы петроглифтер (б.з.д. ІІ – І мыңжылдық), сондай-ақ, түркі халықтарының музыкалық аспаптары, оның ішінде қобыз, шертер, дауылпаз, сырнай, сақпан, жетіген қойылған. Сонымен бірге, Алтайдың ғажайып табиғат əлемінің өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, «Алтай-Ертіс кітапханасы» айдарымен жарық көрген көрнекті əдеби шығармалар да көрменің мазмұнын арттыра түсті. (Соңы 3-бетте).
(Соңы 2-бетте).
Ата Заңымызды қабылдау арқылы Қазақстан бүкілəлемдік де мо кратиялық қоғамға батыл еніп, қазіргі күні дүниежүзілік жаһандану үдерістерінің белсенді мүшесіне айналып отырғандығы баршамызға айғақ. Конституция ең алдымен көпұлтты Қазақстан азаматтарының өзара теңдігін қамтамасыз етіп, олардың мемлекет пен қоғамдағы алар орнын айқындады, міндеттері мен құқықтарын белгіледі. Осы тұрғыда онда: “Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық жəне əлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады; оның ең қымбат қазынасы – адам жəне адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары. ... Мемлекеттік биліктің бірденбір бастауы – халық”, – деп көрсетілген. Ата Заңымызда сонымен бірге мемлекеттік биліктің негізі сараланып, заң шығару, атқару жəне сот орындарына жүктелер жұмыстар айқындалды. Осы арқылы Конституция Қазақстанның əлемдік демократиялық қауымнан алатын орнын белгілеп берді. Қазақстан Республикасының Прези денті Н.Ə.Назарбаевтың атап көрсеткеніндей "Қоғам əрбір қадам басқан сайын демокра тияландыру мен адам құқықтары саласындағы ең жоғары стандарттарға жақындап келеді. Біз ел Конституциясында негізгі құқық тар мен бостандықтарды бекіттік. Бүгінгі күні Қазақстанның барлық азаматтары тең құқықтар
мен мүмкіндіктерге ие.” Аталған бағыттағы “Республика қызметінің түбегейлі принциптері: қоғамдық татулық пен саяси тұрақтылық; бүкіл халықтың игілігін көздейтін экономикалық даму; қазақстандық патриотизм; мемлекет өмірінің аса маңызды мəселелерін демократиялық əдістермен, оның ішінде республикалық референдумда немесе Парламентте дауыс беру арқылы шешу” деген талаптар қазіргі күні елімізде бұлжытпастан іске асырылып келе жатқандығы баршамызға жəне əлемдік қауымдастыққа аян. Ата Заңымыз мемлекеттің экономикалық, əлеуметтік тұрғыдағы дамуының жолдарын белгілеп, осы бағыттағы өркендеудің де басты кепіліне айналып отыр. Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ə.Назарбаевтың 2012 жылғы 14 желтоқсандағы “Қазақстан-2050” Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты” атты Қазақстан халқына Жолдауындағы: “Стратегия – 2030 қабылданғаннан бері 15 жыл ішінде мемлекетіміз əлемдегі ең серпінді дамушы елдер бестігіне енді. Нəтижесінде, 2012 жылдың қорытындысы бойынша ІЖӨның көлемі жағынан біз əлемнің 50 ірі экономикасының қатарына кіреміз,” – деген сөзі қазақ елінің қысқа мерзімнің ішінде өзінің тарихында болмаған экономикалық жетістіктерге жеткендігін паш етеді. (Соңы 4-бетте).
Еркін елдің ертеңі
БІЗ МЕКТЕПКЕ БАРАМЫЗ! Білімді жастыѕ жїзі жарќын Берікқали СƏРСЕНҒАЛИЕВ,
Атырау облыстық білім басқармасының басшысы.
«Бұлақ көрсең, көзін аш» деп данагөй бабаларымыз өсиет еткендей, біздің елімізде ілімбілімге ұмтылған жастарға кең қолдау көрсетіліп келеді. Əрине, əр оқушының білім деңгейі ҰБТ сынағы кезінде белгілі болады. Биылғы ҰБТ қорытындысымен Атырау қаласындағы ағылшын тілін те реңдетіп оқытатын техникалық гимназияның үш түлегі – Самал Құмарова, Нұржан Қамзаев жəне Ақбөкен Сахтанов он бір жыл бойы жинаған білімінің нəтижесінде ең жоғары көрсеткіш – 125 баллға ие болды. Осы оқу ордасының жəне бір түлегі – Айнаш Əубекерова білім сынағынан 124 баллдық көрсеткішке қол жеткізіп, ұстаздарының сенімін ақтады. ҰБТ сынағының биік шыңын бағындырған үш түлектің талпынысы барша қазақты үлкен абыройға бөледі. Олардың ілім-білім нің көкжиегіне қол созған
талпынысына облыс əкімі Бақты қожа Ізмұхам бе тов қолдау көрсетіп, əрқайсысына 1 миллион теңгеден қаржылай сый жасады. Өз қатарластарынан білімімен оқ бойы озып шыққан түлектің ұстаздары да үлкен құрметке бөленді. Жалпы, өңір басшылығы тарапынан көрсетілетін қолдаудан алыс ауылдардағы мектеп оқушылары да тыс қалып отырған жоқ. Бұрынғыдай емес, алыс ауылдарда да мектептер жаңарды, осы заманғы құрал-жабдықтармен қамтылуда. Соған орай мұғалімдердің де біліктілігін арттыруына
мүмкіндік молайды. Ал бұл оқушылардың сапалы білім алып, еркін еліміздің білімді, білікті тұлғасы ретінде қалыптасуына игі ықпалын тигізері даусыз. Жақын арада Атырау облысында тағы да бірнеше жаңа мектеп ашылғалы отыр. Сонымен бірге, Назарбаев Зияткерлік мектебі де оқушыларды қабылдай бастамақ. –––––––––––––– 1 қыркүйек – Білім күні мерекесі қарсаңына орай беріліп отырған топтаманы 2-беттен оқисыздар.