27082014

Page 1

24 саєат Иран теңіз базасында ұшырылатын Ghadir жəне Nasr-e Basir атты қанатты зымырандарын, сондай-ақ, Karrar-4 жəне Mohajer-4 ұшу аппараттарын көпші лік назарына ұсынды. Ақпаратқа қарағанда, Ghadir мұның алдында шығарылған ұшыру құралдарынан жерден де, тіпті теңізден де 300 шақырым қашықтықты еркін қамти алады.

№166 (28390) 27 ТАМЫЗ СƏРСЕНБІ 2014 ЖЫЛ

АЌИЌАТТЫ АЙЌЫНДАР СƏТ ТУЫП ОТЫР

Кеше Беларусь астанасы Минскіде Кеден одағы елдерінің басшылары, яғни Қазақстан, Беларусь, Ресей мемлекеттерінің президенттері Нұрсұлтан Назарбаев, Александр Лукашенко, Владимир Путин, сондай-ақ Украина басшысы Петр Порошенко мен Еуропалық одақтың өкілдері бас қосты. Үлкен маңызы бар бұл жиынға Еуропалық одақтың сыртқы істер жəне қауіпсіздік саясаты мəселелері бойынша жоғарғы өкілі, Еуропалық комиссия төрағасының орынбасары Кэтрин Эштон, Еуропалық одақтың энергетика мəселелері бойынша жоғарғы өкілі, Еуропалық комиссия төрағасының орынбасары Гюнтер Эттингер жəне Еуропалық одақтың сауда мəселелері бойынша жоғарғы өкілі Карел де Гюхт қатысты. Лəйла ЕДІЛҚЫЗЫ,

«Егемен Қазақстан» – Минскіден.

Кездесуде Нұрсұлтан Назар баев тұтастай Украинаға, Украина экономикасына қолдау

көмек көрсету қажеттігін айтты. «Қазақстан Украинаның оңтүстік-шығысына гуманитарлық

көмек көрсетуге дайын. Егер де, гуманитарлық конвой болса, біз бұл мəселеге қазақстандық Қызыл крест тетігін іске қосуға əзірміз. Яғни біз егер, қажет болса, өз еліміздің тарапынан осындай елеулі қолдау көрсетуге дайын екенімізді айтқымыз келеді», деді Қазақстан Президенті. Сондай-ақ, Мемлекет басшысы екіжақты кездесуде Украинада қалыптасқан шиеленісті жағдай

Кеден одағы – Украина – Еуропалық одақ пішіміндегі кездесуді Минскіде өткізу туралы ұсыныс бұған дейін бірнеше мəрте көтеріліп, қолдау тапқан болатын. Сондықтан, Минскідегі Тəуелсіздік сарайында ұйымдастырылған жиында Кеден одағы елдері арасында экономиканың сан түрлі салалары бойынша байланыстарды жандандыру, Кеден одағы мен Украина ықпалдастығына қол жеткізу, Украинаның оңтүстікшығысындағы шиеленістерді ғана емес, осы елдегі жалпы жағдайды мейлінше реттеу, ел экономикасының тұрақталуына ықпал етіп, көмек қолын созу, бұл орайда, Еуропалық одақпен əріптестік орнату сынды көпті толғандырған мəселелер күн тəртібіне қойылды. Ауқымды пішімдегі жиын басталмас бұрын Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Украина Президенті Петр Порошенкомен кездесті. Кездесуде Нұрсұлтан Назарбаев пен Петр Порошенко екіжақты сауда-экономикалық ынтымақтастық ты жандандыруға бағытталған маңызды қадамдарды қарастырды.

бейбіт түрде шешілетініне үмітті екенін білдірді. «Егер осындай жағдай одан əрі жалғаса беретін болса, бұл ауқымды ғаламдық қақтығыстарға алып келуі мүмкін. Сондықтан, біздің ұстанымымыз, менің жеке ұстанымым – бір жерге тоқайласатын нүктені табу, соғыс өртін сөндіру, елді қалпына келтіру», деді өз сөзінде Қазақстан Президенті. Сөз орайында Қазақстан Пре зиденті Н.Назарбаев П.Порошенконы өткен Тəуелсіздік күнімен құттықтады. «Біздің елдеріміздің арасында əрдайым достық қарым-қатынастар болды. Сондықтан, Украинадағы қалыптасқан ахуал мені қатты мазалайды əрі алаңдатады. Сіздің Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен диалогыңыз үлкен маңызға ие. Ресей үшін де, Украина үшін де ақиқатты айқындар сəт туып отыр, өйткені мына қантөгісті жалғастыруға болмайды. Қарапайым адамдар жапа шегуде. Дəл қазір осы жөнінде айту керек», деді Мемлекет басшысы. Нұрсұлтан Назарбаев сонымен қатар, бүгінгі келіссөздер ымыралы шешім іздеу тұрғысынан сəтті болады деп үміттенетінін білдірді. «Украинадағы жағдай ірі жаһандық қақтығысқа əкелуі мүмкін. Сондықтан біздің ұстанымымыз – қақтығысты тоқтатып, қалпына келтіру үдерісін бастау үшін бітімге келу мүмкіндігін табу», – деді Мемлекет басшысы. Экономикалық мəселелерге тоқталған Қазақстан Президенті Украинамен еркін саудаға септігін тигізетін екіжақты

үкіметаралық комиссия жұмысын жалғастырудың маңыздылығын атап көрсетті. Мемлекет басшысы Қа зақстанның Украинамен жақсы қарым-қатынаста екенін жəне өзара сауда-экономикалық ықпалдастықты ұлғайтуға ниетті екенін де жеткізді. Өз кезегінде П.Порошенко Қазақстан əрдайым Украинаның сенімді досы болғанын атап өтті. «Біздің қарым-қатынасымыз дəстүрлі достық арнасында қалыптасып, дамыды. Бүгін маңызды пікірталас болып, соның аясында Еуропалық одақпен еркін сауда аймағын дамыту мəселесі, сондай-ақ, бірлескен тауар айналымын ұлғайту жолындағы барлық кедергілерді жоюға мүмкіндік беретін Кеден одағымен біздің ынтымақтастығымыздың үлгісі талқыланады. Біз бұған мүдделіміз жəне орасан зор əлеует бар», – деді Украина Президенті. Сондай-ақ, Украина басшысы өз елінің осы бірлескен кездесуге елеулі үміт артып отырғанына тоқталды. П.Порошенко, сондайақ, Нұрсұлтан Назарбаевқа Донбаста бейбітшілік орнату жөніндегі берік ұстанымы үшін ризашылығын білдірді. Кеден одағы – Украина – Еуропалық одақ пішіміндегі кездесуді ашқан Александр Лукашенко Беларусь жеріне келгені үшін жиынға қатысушы ларға алғысын білдірді. «Əрине, бүгінгі күн тəртібіндей емес, неғұрлым қуанышты жағдайда кездескеніміз бəрімізге де жақсы бо л ар еді. Ө кін іш ке қарай , өмірдің өзі біздің басқаша таңдау жасауымызға мүмкіндік бермей отыр. Сондықтан, бүгінгі күні біз елдеріміз үшін, Еуропа үшін тарих парағына жазылатын мəселелерді талқылауға мəжбүр болып отырмыз. Украинаның шығысында əскери текетірес пен қақтығыс əлі де жалғасып келеді. Бейбіт халық зиян шегіп, өлім құшуда. Кезінде бай, гүлденген мемлекеттердің бірі болған елдің экономикалық инфрақұрылымына нұқсан келуде. Жүздеген босқындар өздерінің атамекенін тастап кетуге мəжбүр болуда. Тұтас өңір «гуманитарлық апат» жағдайында қалды. Бұл – тарихтың бейнесі емес. Бұл – қазіргі таңда қалыптасып отырған жағдай. Ал біз осындай көрініске немқұрайды қарай аламыз ба? Əрине, жоқ», деді А.Лукашенко. Осылай дей келе, ол Минскі де ұйымдастырылған кездесудің маңыздылығына тоқталды. «Украина Президенті инаугурациясында Петр Порошенко «Украинаның Еуроодақпен ассоциация жөніндегі келісімге қол қоюына байланысты, Кеден одағы тарапынан Украинаға санкция енгізуге асықпау» қажеттігін айта келіп, осы ұстанымды Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путинге жеткізуімді айтып, жақын арада бұл мəселелерге байланысты кездесіп, келіссөз жүргізуіміздің маңыздылығына назар аударған еді. Мен сол ұсыныстың мазмұнын жеткіздім. Олар қолдады. (Соңы 2-бетте).

 Америкалық «Росс» эсминеці жəне француздық «Командат Биро» фрегаты Қара теңіз аумағына 3 қыркүйекте кіреді деп күтілуде. Қазіргі таңда аймақта француздардың «Дюпюи-де-Лом» барлау кемесі ғана бар. Бұған дейін Қара теңіз суында америкалық «Велла Галф» крейсері біраз болып, Жерорта теңізіне кеткен болатын. Монтре конвенциясына сəйкес Қара теңіз жағалауы мемлекеттеріне жатпайтын елдердің кемелері аймақта 21 күннен артық болуға рұқсат етілмейді.  Қытайлық жер серігі ел тарихында алғаш рет ҚХР аумағында ірі қара сора алқабын анықтады. Əзірге алқаптың нақты көлемі айтылмайды, белгілісі ол елдің солтүстік-шығысында, Цзинлинь мен Ішкі Моңғолияның тоғыс қан жерінде табылып ты. Қытайлық шенеуніктердің айтуынша, көршілес жатқан провинция аума ғын да да бірнеше осындай алқаптар табылған көрінеді.  Канада Арктикадағы Ресейдің өз əскери əлеуетін арттыруына алаңдаушы лықтарын білдіріп, өз мүдделерін қолдарына қару алып қорғауға ниетті. Бұл жөнінде осы ел сыртқы саясат ведомствосының басшысы Джон Бэрд даттық Berlingske газетіне берген сұхбатында мəлімдеді. Оның сөзіне қара ғанда, Оттава «өзінің Арк тикадағы тəуелсіздігін қор ғауға, егер қажет болса күш көрсетуге» дайын екендіктерін айтқан.  Ресей Үндістанға нысананы алыстан радиолокациялық жолмен табатын А-50 ұшағын сатпақ. Аталған ұшақ нысандардың қай мемлекетке тиесілі екенін нақты анықтай алады. Сонымен қатар, əуеде немесе жер мен теңіздегі нысандарды да дəл тауып, олар туралы əскери күштерді басқарудың автоматтандырылған жүйесіне мəлімет жібере алады. Бұл мəліметтер негізінде шабуылдаушы ұшақтарды əуе жəне қорғаныс авиациясын жердегі жəне теңіздегі нысандарына бағыттай алады.  Бірқатар Батыс елдері (АҚШ, Франция, Германия, Италия жəне Ұлыбритания) Египет пен Біріккен Араб Əмірліктерін Ливиядағы жағдайға араласпауларын сұраған. Бұл елдегі жағдайды ушықтырып, демократияны тежейтін болады. Мұндай мəлімдеме Батыс елдері Трипполидегі исламшыл əскери жасақтарға қарсы Египет пен БАƏ тарапынан əуеден жасалған соққыдан кейін жасалып отыр. Интернет материалдары негізінде əзірленді.

 Ел жəне Елбасы

ЎЛТ ЎЯСЫНДАЄЫ ЎЛАЄАТ Президенттің жұртшылыққа арналған əр сөзі халық жүрегіне жетіп келеді. Бұл жолғы əңгіменің жөні тіпті бөлекше болды. Өйткені, бұл жолғы əңгіме əр қазақтың жадында сақталып, жүрегінде жатталған қасиетті мекендеріміздің бірінде – ұлар құстар ұя салған, бағзы замандарда бабаларымыз бірлікке бəтуаласып,

таңбаларын қалдырған, ұлтты ұйыстыруға уағдаласқан Ұлытаудың төрінде айтылды. Əулиетөбеге қарап қойып, Əулиебұлақ басында ой толғаған Елбасымыздың ұлт мүддесін көздеген перзенттік сөзі көп көңілінен шыққанын «Егемен Қазақстанға» жедел жетіп жатқан жұртшылық пікірі де қуаттай түседі.

Ўлытаудыѕ даѕќын асырєан сўхбат Төрегелді ШАРМАНОВ,

академик, Қазақ тағамтану академиясының президенті.

Елбасының телеарнадан халқымыз үшін, оның болашағы, тағдыры үшін ерекше мəні, маңызы бар жан-жақты сұхбатын тыңдап таңғалдым əрі қатты толқыдым. Зады, көп жасап, көпті көрген мен көп нəрсеге таңғала бермеймін. Ал бұл сұхбаттың Ұлытаудың нағыз төрінде отырып, сонау ғұндардың заманынан бастап сөз қозғалуы жарасымды-ақ болып тұр. Əрине, Ұлытау менің туған жерім болғандықтан емес, жалпы халық үшін ондағы айтылған əңгіменің мəні өте зор

деп ойлаймын. Елбасының сол қасиетті жерде отырып Мəңгілік Ел туралы айтқанында бір сабақтастық, жалғастық жатқан сияқты көрінді. Əсіресе, тіл, дін жөніндегі ойлары тереңнен тамыр тартты. Онда діндегі келеңсіз жайттар орынды қозғалды. Əйтеуір жөні солай екен деп, мадақтап, мақтап «біз мұсылманбыз» деп дарақыланбай, дінге де тереңірек мəн беру керек екендігін əдемі жеткізді. Ал тіл мəселесі жөнінде өте ғажап ұғымдар бар. Біздің еліміз көп ұлтты халық. Бірақ соңғы уақыттағы қазақ халқының өсіміне, қазақ тілін сақтай отырып ұлтаралық татулықты орнықтыруда, қазақ тіліне

деген қызығушылық туғызатын орнықты ойлар берілген. Қазір бүкіл əлем өркениетке тартылып жатқанда тəуелсіздік жағдайын түсініп, біліп, құрметтеп, оған біз де түсіністік танытып, оларды шеттетпей өзіміздің жүйемізге қарай лайықтағанымыз тіліміздің дамуына оң əсер ететін сияқты. Қазақтар, біздер «қазақ тілі жетім», «қазақ тілі сондай» деп жатамыз. Мен баяғыдан осы мəселе жөнінде асығушылық бар деп айтатынмын. Тілімізді асықпай, байыпты түрде бірібірімізді сыйлап, ортақ құндылықтарды сақтай отырып дамытсақ деймін. Елбасының Еуразиялық экономи калық одақ жайындағы жай-жапсарды

түсінікті, қарапайым тілмен жеткізіп, көңілде жүрген түйткіл ойлардың шешуін тауып бергені мені қатты қуантты. Қытаймен, Ресеймен құдайы көрші ретінде құрлықта шектесіп жатқанымызды, олармен қалайда араласудың реті келетінін қалай əдемі жеткізіп отыр. Шынын айтсақ, осы мəселелер жөнінде елде түсінбестік əңгімелер айтылып жүрді ғой. Елбасы одан біздің тəуелсіздігімізге төніп тұрған қауіптің жоқтығын атап көрсетті. Тіпті, қауіп төнген жағдайда одан өзімізді өзіміз заң жүзінде сақтайтындай мүмкіндігіміз бар екендігіне тағы да көзімізді жеткізіп отыр. Бұл терең ой туғызатын, бекерге

үрейленіп бүгінгі Украинадағы жағдайға ұрынбайтындай жайт екенін айта келе, өз тыныштығымыздың өз қолымызда екендігін, тəуелсіз Мəңгілік Ел болуға біздің мүмкіндігіміз бар əрі мол екендігін жақсы көрсеткен. Мен өзі Кеңес одағының кезінде қазақтарды шеттетіп, орыстарға басымдық берілгенде намысқа тырысып күрескендердің бірімін. Сөйтіп, «ұлтшыл» деп талай таяқ жедім де. Шұбат, қымызды, халықтық, ұлттық дəстүрлерді дəріптегенім үшін биліктің қарсы əрекеттерін көп көрдім. Ал қазір ондай қауіп жоқ. Мүмкіншілігіміз мол. Қорықпай-ақ, байыпты түрде бəрі шешіліп жатыр. Мен Президентпен халық аралық терминдердің қолданыста болғанына келісемін. Қазір əуежай, төлқұжат деп айтуға үйрендік. Бірақ солардың қажеті шамалы-ақ. Дүниежүзінде əуежай – аэропорт, төлқұжат паспорт деп аталады. Рас, қазақ тілі онсыз да бай тіл, онсыз да байытуға болар. Бірақ басқа тілден орныққан ұғымдарды қорықпай-ақ енгізе берсек деймін. Елбасының, əсіресе сұхбаттағы Мəңгілік Ел жайлы айтылған ойлары қатты ұнады. Мен бұрын «Мəңгілік Ел» дегенде «мəңгілік ештеңе болмайды» деп

ұғатынмын. Ал шын мəнінде «мəңгілік» деген ұғымның кеңістігімізді кеңейте түсетін, мүмкіншілігімізді арттыра түсетін, ұлттық дəстүрімізді сақтауға, ең бастысы, тарихымыз ды одан əрі тереңдете, алға жылжытуға, болашаққа – мəңгілікке бағыштауға үлкен əсері, символикалық мəні бар екенін түсіндім. Қалай десек те, Елбасының осындай тағылымды əңгімелерді қасиетті Ұлытау дың төрінде отырып қозғауы тарихи жағынан да, болашақ еліміздің, халқымыздың өсіп-өркендеуіне, жанжақты дамуына ерекше əсер, ықпал етпек. Өйткені, сондай жарасымды əдемі əңгіме болды. Маған мақтаныш сезімін туғызды. Əсіресе, Ұлытаудың да даңқын өсіріп кетті. Баяғыдай Жошы ханның, Алаша ханның, Едіге, Тоқтамыс батырдың бейіті жатыр деп атүсті айтылатындай емес, оның тереңіне үңіліп, оның қасиетін, мəнді-мəнді оқиғаларды қозғай отырып, бола шақ үшін атабабамыздың тілін, дінін, ұлттық қасиетін сақтауға үндеуі – бұл ғажап дүние... АЛМАТЫ. ––––––––––––

(Осы тақырыптағы топтаманың жалғасын 3-беттен оқи аласыздар).


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.