27082015

Page 1

АҚПАРАТТАР аєыны №163 (28641) 27 ТАМЫЗ БЕЙСЕНБІ 2015 ЖЫЛ

БАЙЛАНЫСТАРДЫ БЕКІТЕ ТЇСУДЕГІ ТЫЅ ЌАДАМДАР

Кеше Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев елімізге ресми сапармен келген Пəкістан Ислам Республикасының Премьер-министрі Наваз Шарифпен кездесті. Динара БІТІКОВА,

«Егемен Қазақстан».

Кездесуде сауда-экономикалық, көлік-транзиттік, ғылымитехникалық жəне мəдени-гу манитарлық салалардағы екіжақты

ынтымақтастықты нығайту мəселелері талқыланды. Сонымен қатар, халықаралық күн тəртібіндегі өзекті жайттар сөз болды. Кездесу барысында Қазақстан Президенті Пəкістанның жүйелі

дамуындағы Наваз Шарифтің атқарған рөлін атап көрсетті. «Сіз күрделі жағдайда елде экономикалық жəне саяси реформаларды табысты іске асырып, Пəкістанның беделі мен рөлін көтеретін белсенді халықаралық саясат жүргізіп отырсыз. Қазақстан мен Пəкістан орналасқан өңірдің елдері өзара сауда жəне мəдени қарым-қатынастар тұрғысынан

əрдайым тығыз байланыста болды. Ілгеріде Сіз біздің бұрынғы астанамыз Алматыға келген болатынсыз. Содан бергі аз уақыт ішінде біз жаңа елорда салдық, оны бүкіл қазақстандықтар мақтан тұтады. Бұл қала – біздің тəуелсіздігіміз бен еліміз егемендік жылдарында жеткен жетістіктердің символы», деді Мемлекет басшысы. Ал Н.Шариф өз кезегінде

Нұрсұлтан Назарбаевқа шақыртуы үшін алғыс айтып, екі халықтың байланыстарының сан ғасырлық тарихы бар екенін атап өтті. «Мен Сіздің көшбасшылық қасиетіңізге тəнтімін жəне Сізді ерекше қабілет иесі деп есептеймін. Бүгінде Астанадан біздің көретіндеріміздің бəрі – Сіздің еңбегіңіз», деді Пəкістан Премьер-министрі. Екіжақты кездесуден соң

Қазақстан Президенті мен Пəкістан Премьер-министрі кеңейтілген құрамда өткен келіссөздерге қатысты. Онда Қазақстан Президенті өз сөзінде Наваз Шарифтің сапары екіжақты қарым-қатынасты жандандыруға тың серпін беретініне сенім білдірді. (Соңы 2-бетте).

 Əлем жəне Қазақстан Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы

Ќазаќстан Республикасы Президентініѕ кейбір жарлыќтарына ґзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің одан əрі жұмыс істеуі мақсатында қаулы етемін: 1. Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына енгізілетін өзгерістер бекітілсін. 2. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ. Астана, Ақорда, 2015 жылғы 25 тамыз. №73. –––––––––––––––––––– (Жарлықтың түсіндірмесі 3-бетте).

Таєайындау Мемлекет Басшысының Жарлығымен Рашид Төлеутайұлы Түсіпбеков Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасы қызметінен босатылды.

Хроника Мемлекет Басшысының жарлықтарымен Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары Серік Нөгербекұлы Нөгербековтің жəне Ерлан Зайроллаұлы Нығматулиннің өкілеттіктері тоқтатылды.

 Президент поштасынан

Реформалардыѕ табысты жїзеге асырылуы – əрбір ќазаќстандыќтыѕ наќты іс-əрекетіне байланысты Мемлекет басшысының атына елдің барлық өңірінен Қазақстанның бұдан арғы қоғамдық-саяси, əлеуметтік жəне экономикалық даму үдерісінде басшылыққа алынар негізгі құжатқа айналуы тиіс Ұлт жоспарына бірауыздан қолдау білдірген көптеген хаттар келіп түсті, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. Атап айтқанда, Астана қаласының этномəдени жəне қоғамдық бірлестіктері «100 нақты қадам» жоспарының тиімді жүзеге асырылатынына сенім білдірген жəне бұл шара халықтың тұрмыс деңгейін көтеріп, елдің əрі қарай дамуына жағдай туғызатынын айтқан.

«Біз оны Қазақстан үшін оңтайлы бағдарлама деп ойлаймыз, өйткені ол қоғамдық-саяси жəне экономикалық қызметтің барлық қырын қамтып, елімізді жаңа биіктерге жеткізеді», – деп жазады авторлар. (Соңы 3-бетте).

Ќазаќстандаєы МАГАТЭ ТБУ банкі – ядролыќ ынтымаќтастыќтаєы маѕызды кезеѕ Юкия АМАНО,

Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің бас директоры.

Қазақстан Үкіметі мен Атом энер гиясы жөнiндегi халықаралық агенттiктің (МАГАТЭ) ара сында Қазақстанда Төмен байытылған уран банкін (ТБУБ) құру туралы келісімге қол қою бұл маңызды қызметтегі ірі кезеңді білдіреді. 2010 жылғы желтоқсанда МАГАТЭ Басқарушылар кеңесі ядролық энергетикалық реакторлар үшін отынды жеткізіп дайындауда күтпеген кідіріс

болса, елдерге сенімділік беретін кепілдік механизм рөлін атқаратын коммерциялық емес сипаттағы себептермен байланысты емес ТБУ-ды ала алатындай төмен байытылған уран резервін құру жұмысын бастады. Келесі жылы азаматтық ядролық материалдарды қауіпсіз жəне сенімді сақтау, оларды жеткізу мен оны пайдалануда 60 жылдық тəжірибесі бар Қазақстан өз елінде МАГАТЭ ТБУ банкін орналастыруға ұсыныс жасады. Үш жыл бойы оның ішінде құқықтық жəне техникалық мəселелерді келістіру бойынша, сындарлы келіссөздер жүргізілді.

Міне, енді 27 тамызда Астана қаласында Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов, Энергетика министрі Владимир Школьник жəне менің қатысуыммен Қабылдаушы мемлекет пен оған байланысты техникалық шарттар келісіміне қол қою үшін кездесу өткізіледі. Бұл келісімдер Өскемендегі Үлбі металлургия зауытындағы жобаның құқықтық базасын қалайды жəне оның толық көлемді жүзеге асуын бастап береді. Қай жағынан алсақ та, дəл осында МАГАТЭ ТБУ банкінің орналасуы өте мəнді. Қазақстан өзін таратпау ісінің

Тəжікстанєа кґмек кґрсетіледі Кеше Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев Халықаралық гуманитарлық көмек мəселелері жөніндегі комиссияның отырысын өткізді, деп хабарлады Премьер-Министрдің баспасөз қызметі. Тəжікстандағы сел мен су тас қынынан зардап шеккен халықтың басындағы ахуалды назарға ала отырып, комиссия Қазақстан Үкі метіне ол елге ресми түрде гуманитарлық

көмек көрсету жөнінде кеңес берді. Тəжікстанның зардап шеккен аудандарына ет жəне сүт консервілері, өсімдік жəне сары май, қант, күріш, металл прокаты мен шифер жеткізілетін болады.

Ґѕірдегі экономикалыќ жаєдай тўраќты

Бұрнағы күні Премьер-Министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаев Оралға келді. Осы жерде кəсіпкерлермен жəне жұртшылық өкілдерімен кездесті. Облыс активін Батыс Қазақстан облысының əкімі Нұрлан Ноғаев ашып, жүргізіп отырды. Сəкен ƏБІЛХАЛЫҚОВ, журналист,

Темір ҚҰСАЙЫН,

«Егемен Қазақстан».

Бүгінде Үкімет пен Ұлттық банктің шешімімен теңге еркін айналымға жіберілгені белгілі. Соған орай Үкімет басшысының орынбасары облыста құрылған

жедел штабтың қызметіне оң баға берді. Оның құрамына жергілікті атқарушы билік, қоғамдық ұйым өкілдері жəне мəслихат депутаттары кіреді. Ақпарат құралдары арқылы бұл бағытта жан-жақты түсінік жұмыстары жүргізілуде. Жедел желі ұйымдастырылған. Ірі сауда орындары мен базарлардағы бағаға тұрақты түрде

Ауа температурасының күрт көтерілуіне байланысты Тəжі кстанның көптеген таулы өңірлерінде мұздақтардың еруі күшейіп, нөсер жауындар со ңы сел мен су тасқынына апарып соқтырды. Пяндж, Вахш, Зеравшан, Кафирниган, Исфара жəне Исфана өзендері бассейндерінің бойында осындай күрделі жағдай қалыптасып отыр. мониторинг жасалып, рейдтер өткізіліп келеді. Облыс, аудан, ауылдық округ орталықтарында ауылшаруашылық тауар өндірушілерінің жəрмеңкесі ұйымдастырылуда. Мектепке қажет заттар, кеңсе тауарлары, дəрі-дəрмек, жанаржағармай бағаларына да мониторингтік зерттеулер жасалу үстінде. Ұлттық банк филиалынан алынған мəліметке қарағанда, қазіргі таңда облыста теңге, доллар, еуро сынды валюталардың қолма-қол ақшасының жетіспеушілігі орын алып жатқан жоқ, жағдай тұрақты. (Соңы 6-бетте).

қолдаушысы ретінде көрсете білді. Қазақстан Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығымен Кеңес Одағынан мұра болып қалған ядролық қарудан ерікті түрде бас тартты, Семей ядролық полигонын жапты жəне ядролық қаруы жоқ мемлекет ретінде Ядролық қаруды таратпау шартына қосылды, сондай-ақ, МАГАТЭмен бəрін қамтитын кепілдіктер келісімі мен қосымша хаттамаға қол қойды. Мұнымен қоса, 2009 жылы Орталық Азияда ядролық қарудан азат аймақты құруда жетекші орын алды. (Соңы 2-бетте).

 Елімізде апатты жəне үш ауысымдағы мектептер проблемасы 2017 жылға қарай шешіледі. Білім жəне ғылым министрі Аслан Сəрінжіповтың мəліметінше, республикамызда үш ауысымдағы мектептер саны 80 болса, апаттық жағдайдағы білім ордасы 66 екен. Министр бұл проблемалар таяу жылдары толық шешіледі деп отыр.  «Көкнəр-2015» шарасы барысында еліміздің шекарашылары 61 килодан астам героин тəркіледі. Ал аталған акция кезінде есірткі тасымалымен айналысқан 73 адам ұсталған. Қамалғандардың 38-і біздің елдің азаматтары болса, 12 адам ресейлік, 1 өзбек азаматы, 17 адам Қырғыз Республикасының азаматы мен 5 тəжікстандық болып шықты.  Астанада жұмыссыздық деңгейі едəуір төмендеді. Екінші тоқсанның қорытындысы бойынша қаладағы жұмыссыздық деңгейі 4,6 п а й ы з д ы қ ұ р а д ы. Б ұ л – республикалық көрсеткіштен 0,4 пайызға төмен. Ал Астанада алты ай ішінде 10 530 жаңа жұмыс орындары ашылған.  Осы жылдың 29 тамызынан бастап Астана қаласында қоғамдық көліктердің 20 бағдары өзгертіледі. Бұл жаңғыру үлгісі ретінде алдын ала бекітілген жоспарға сəйкес болып отыр. Қала əкімдігі өзгерістердің негізгі мақсаты – қоғамдық көліктер қозғалысының желісін жақсарту, жолаушыларға көрсетілетін қызмет сапасын арттыру дейді.  Алматының «Алатау» арнайы экономикалық аймағында құны 298 млрд. теңгені құрайтын 32 ірі жоба жүзеге аспақшы. Бұл жаңа экономикалық аймақ 2016 жылдан бастап жұмыс жасайтын болады. Айта кетейік, қазіргі таңда жобаға жұмсалатын қаржының 80 пайызы республикалық бюджеттен бөлінді. Жоба толық жүзеге асқан жағдайда, Алматыдан бірнеше өндіріс ошақтары бой көтеріп, жұмыс орындары ашылатын болады.  Қарағандыда денсаулық сақтау саласының қайраткері Хафиз Мақажановқа ескерткіш ашылды. Шараға облыс əкімі Нұрмұхамбет Əбдібеков қатысып, халқымыздың көрнекті ұлын есте сақтап, құрмет тұту баршаның парызы екенін атап өтті. Айта кетейік, Хафиз Жаңабайұлы Қарағандыда 25 жыл облыстық денсаулық сақтау бөлімінің бас хирургі болған.  Байқоңыр ұшыру алаңына «Инмарсат 5F3» ғарыш аппараты бар «Протон-М» зымыраны орнатылды. Роскосмос баспасөз қызметі хабарлағандай, «Протон-М» зымыран тасығышы монтаждаусынақтан өткізу кешенінен ғарыш алаңының №200 ұшыру кешеніне жеткізілген. Сондай-ақ, аталған құрылғы орна тыл ғаннан кейін Ресей зымыран-ғарыш саласы кəсіпорындарының мамандары ұшыру алдындағы жұмыстарға кірісті. Хабарлар Үкімет, облыстық əкімдіктер сайттары, «ҚазАқпарат» агенттігі жəне «24kz» телеарнасының деректері бойынша дайындалды.

 Еркін елдің ертеңі

«Мектепке жол» акциясы: ЇМІТІЅДІ ЇЗБЕ, БАЛАЌАЙ! Шымкенттегі саңырау балаларға арналған №1 мектеп-интернатта екі жүздің үстінде оқушылар білім алады. Сыртқы дүниенің ың-шыңынан хабары жоқ, адамдардың қабағына жаутаңдап қалған балалар қамқорлыққа зəру. Бақтияр ТАЙЖАН,

«Егемен Қазақстан».

Облыстық жəне Шымкент қалалық мəсли хатының депутаттары жақында тағы бір сауапты істі қолға алды. Олардың бір тобы №1 мект еп-интернатқа қажетті бірталай дүниені білім ордасының басшылығына табыс етті. Қытайдың жаймабазарды бермейтін арзанқол дүниесі емес, сапасы мықты тауарлар енді қамкөңіл балаларға қуаныш сыйлап, қызмет ететін болады. Облыстық мəслихаттың депутаты, Шымкент қалалық «Нұр Отан» партиясы филиалы төрағасының бірінші орынбасары Өмірзақ Мелдеханов бұл өзін сыйлаған əрбір азаматтың борышы екендігін айтады. Бюджет қаржысына қарап отыра беруге болмайды. Оның басқа да балалар

керегіне жұмсалатын тетігі көп. Депутаттар білім ошақтарына хабар шалып, қажетті тізімдерді алып, қолдарынан келмей жат қан мəселелерді бірлесіп шешіп жатыр. Игілікті істер адам жанын ізгілікке баулиды. Ел қалаулылары осылай өнеге көрсетуде. ШЫМКЕНТ.


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.