27092013

Page 1

СІЗ не дейсіз? Ќыс шанаѕды жаз сайла Тамызда басталған жауын-шашын ара-тұра ашылғанымен, бұлт көбесі сөгілмей, күн əлі де жылы қабақ танытпай тұр. Қоңыр күз түскелі бері ауа райы суытпаса жылыр түрі жоқ. Бұл биыл қыс ерте түсер ме екен деп қауіптендіреді. Синоптиктер де мұны жоққа шығармайды. Мұның өзі қысқа тиянақты дайындалудың қажеттігін алға тартады. Өңірде жылу беру маусымына дайындық қандай деңгейде? Қыста қысылмас үшін қандай шаруалар атқарылды? «Егемен Қазақстан» газетінің Ақтөбе облысындағы меншікті тілшісі Сатыбалды Сəуірбай облыстық энергетика, тұрғын үй жəне коммуналдық шаруашылығы басқармасының басшысы Мамырғали Аққағазовқа:

– Сіз бұған не дейсіз? – Қазақ «Қыс шанаңды жаз сайла» дегенді тегін айтпаса керек. Сондықтан да, жылдағы дəстүр бойынша жаз бойы қыстың қамын жасау бағытында бірқатар шаруа тындырылды. Облыста жергілікті атқару ор гандарының қабылдаған шараларының нəтижесінде 2013-2014 жылдардағы жылу беру маусымына тиянақты əзірлік жасалды. Үстіміздегі жылғы 20 қыркүйекке дейін жоспарланған 127 жылу қазандығының 125-і жөнделді немесе олардың қысқы маусымға дайындығы 98,4 пайызды құрады. 281,7 шақырым жылу желілерінің 275,7 шақырымы жөнделді. Бұл – жылу желілері 97,9 пайыз дайын деген сөз. 624,6 шақырым электр желілерінің 612,4 шақы рымы, 216,0 шақырым су жəне кəріз құбырларының 208,9 шақырымы қыста жұмыс істеуге дайын. Жылу беру маусымына білім беру жəне денсаулық сақтау нысандары толықтай əзір етіп қойылды. Жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған 1014 тұрғын үй жылу маусымына сақадай-сай əзір. Əлеуметтік жəне өндірістік нысандарды жылу беру маусымына дайындауға мекемелердің өз қаражаты көздерінен жəне жергілікті бюджет есебінен 8,6 млрд. теңге, оның ішінде 2,1 млрд. теңге нормативтік отын қорын дайындауға бөлінді. Осы мерзімге мемлекеттік мекемелерге жоспарланған 51,4 мың тонна қатты отын толықтай, 10,7 мың тонна дизель отынының 10,3 мың тоннасы тасып жеткізілді. Бұл жұмыс аяқталып қалды десе де болады. Заңды жəне жеке тұлғалардың коммуналдық қызметтерге берешегі былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 17 пайызға азайды немесе 36,2 миллион теңгені құрап отыр. Жы лыту маусымы бас талғанға дейін тұтынылған коммуналдық берешектерді жою бағытында тиісті шаралар алынуда. Жалпы, облыс бойынша жылу беру маусымына дайындық мəселесі облыс əкімдігі тарапынан тұрақты бақылауда ұсталып отыр. Осы орайда айта кететін бір жайт – біздің облыста соңғы жылдары қысқы кезеңде төтенше жағдайлар туындаған жоқ. Бірақ, бұл біз үшін арқаны кеңге салуға итермелейтін нəрсе емес. Сондықтан қысқы кезеңге дайындықты тиянақтаудың шаруалары жүйелі жүргізіле беретін болады. Ақтөбе облысы.

№221 (28160) 27 ҚЫРКҮЙЕК ЖҰМА 2013 ЖЫЛ

 Өңір өмірі

Берген – алады, еккен – орады

Елбасы Қызылорда облысына сапары кезінде күріш шаруашылығына қатысты нақты тапсырмалар берді. Мəселен, аймақта күріш өндіру барысында əлі күнге бұрынғы технологиялардың қолданылатынын айтты. Күріштің өзіндік құны неліктен қымбат екеніне де тоқталды. Осыған сəйкес шаруашылықта жаңа технологияларды пайдалану керектігін ескертті. Ержан БАЙТІЛЕС,

«Егемен Қазақстан».

Жалпы, аймақта 19 ірі, 24 орта, 328 шағын шаруашылықтар егін егіп жатыр. Əрине, олардың барлығы өз жұмыстарында замана

жетістіктерін қолданып жатыр десек, əбестік болар еді. Дегенмен, олардың арасында да соңғы техно логиялардың игілігін кө р іп жатқандар жеткілікті. Солардың бірі – «Мағжан жəне К» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.

Биыл аталған серіктестік 4826 гектар алқапқа дəн септі. Егін тəуір шықты. Өнімділігі де жаман емес. Осы күндері күріш орылып болып қалды. Шаруашылық гектарынан 65 центнерден өнім жинап жатыр. Салыстырмалы түрде айтар болсақ, бұл бұған дейінгі науқандардан жоғары. Жыл сайын күріштің молынан орылып жатқанына қолымыздағы деректер куə. Айталық, 2008 жылы гектарынан 54 центнерден өнім алған екен. Одан бері жыл сайын нəтиже артып отырған.

Бас Ўйымныѕ басты сессиясы басталды

Сапар маќсаты елімізді БЎЎ Ќауіпсіздік Кеѕесініѕ тўраќты емес мїшелігіне ўсыну мəселесіне арналуда Қазақстан Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов БҰҰ Бас Ассамблеясының 68-ші сессиясының тұрақты даму жөніндегі жоғары деңгейлі саяси форумының жəне жалпы дебаттарының ашылуына қатысты, деп хабарлады ҚР СІМ-інің баспасөз қызметі. Бас Ассамблея сессиясының алаңында Ерлан Ыдырысов Катар Əмірі шейх Тамим бен Хамад Əл Танимен кездесті. Кездесу барысында əңгімелесуші тараптар екіжақты қарым-қатынастың кең ауқымды мəселелерін талқыға салды. Е.Ыдырысов екі ел арасын дағы сауда-экономикалық əлеуеттің үлкен болашағын атай отырып, Катарды Қазақстанның ауылшаруашылық, мал өсіру, мұнай-газ, тау-кен өндірісі, сонымен қатар, инфрақұрылым мен көлік салаларындағы инновациялық жобаларын жүзеге

асыруға белсенді қатысуға шақырды. Сондай-ақ, Қазақстан сыртқы саясат ведомствосының басшысы АҚШ Мемлекеттік хатшысының бірінші орынбасары Уильям Бернспен кездесу өткізіп, оның барысында екіжақты қарым-қатынас, ғаламдық жəне аймақтық қауіпсіздік пен басқа да халықаралық қатынастардың өзекті мəселелерін талқыға салды. Тараптар осы жылы іске қосылған АҚШ – Қазақстан ғылыми-техникалық ынтымақтастық жөніндегі комиссиясының жұмысын ерекше атады.

(Соңы 2-бетте).

(Соңы 2-бетте). ХРОНИКА Мемлекет басшысының Өкімімен Ғұсман Кəрімұлы Əмірин басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіз дік комитеті Төрағасының орынбасары қызметінен босатылды.

Бїгінгі нґмірде: Жан алауы сґнбейтін тўлєа 5-бет

Їміт желкенін кґтерген теѕіз 9-бет

АҚПАРАТТАР аєыны

 Мəселенің мəнісі

Таєы да Капустин Яр жəне Азєыр полигондары туралы Гүлбаршын ƏЖІГЕРЕЕВА, журналист, Темір ҚҰСАЙЫН, «Егемен Қазақстан».

Орал қаласында Капустин Яр жəне Азғыр полигондарының экологиялық жағдайы мен экологиялық залалын анық тайтын республикалық комиссияның көшпелі отырысы өткізілді. Оған Қоршаған ортаны қорғау вице-министрі, аталмыш комиссияның төрағасы Бектас Мұхамеджанов төрағалық етті. Онда Капустин Яр жəне Азғыр əскери поли гондарының əсері аймағындағы экологиялық жағдайлар жөніндегі мəселелер қаралды.

У.Бернс Қазақстанға АҚШ атынан Ауғанстандағы өмірді тұрақтандыруға қосқан үлесі, Иранның ядролық бағдарламасы жөніндегі келіссөздер үдерісіне қатысқаны үшін алғыс білдірді. Сонымен қоса, Е.Ыдырысов өзінің шетелдік əріптестерімен екіжақты қарым-қатынастың қазіргі жағдайы мен болашағын талқыға салды. Атап айтқанда, Джибути Сыртқы істер министрі Махмуд Али Юсуфпен, Гайана Сыртқы істер министрі Кэро лин Родригес-Брикеттпен, Кипр Сыртқы істер министрі Иоаннис Касулидиспен, Либерия Сыртқы істер министрі Августин Нгафуанмен, Монако Сыртқы істер министрі Жозе Бадиамен,

Ал оның бірнеше себебі бар. Енді осыған тоқталайық. Ең алдымен, жерге егілетін тұқым дұрыс болуы керек. Көптеген шаруашылықтар мұрты сынған, қабығы аршылған, құрт жеген тұқымды себетіні жасырын емес. Мұндай тұқымнан жөні түзу өнімнің алынбасы белгілі. Оның сыртында тұқымдық күрішті өңдейтін құрал-жабдықтың бəрі дерлік кеңестік кезеңнен келе жатқан, əбден ескірген дүниелер. Бол маса, арзан бағаға сатып алынған сапасы аса мықты деуге келмейтін жабдықтар. Ал ол күрішті күрмектен толық айырмайды. Біз айтып отырған серіктестік Нағи Ілиясов ауылында тұқым өңдейтін зауыт салды. Арнайы Германиядан əкелінген «Petkus GmbH» компаниясының қондырғысы барлық заманауи талаптарға сай келеді. Зауыттағы жабдықтардың «миы» бар ма дерсің? Таза, сапалы өнім беретін тұқымды бір бөлек шығарады. Ал өнім бермейтін, бірақ пайдалануға болатын күріштерді бөлектеп тастайды. Тағы бір жағынан күрмектерді аршып алады. Бір сөзбен айтқанда, сапалы дүние екені көзге бірден түседі. Тазаланған əрбір тұқымдық күріштің келісінде əрі кеткенде бес-ақ күрмек болады. Ескі зауытта тазаланатын күріште 20-30 күрмекке дейін жетеді екен. Айырмасы айтпаса да түсінікті. Зауыт сағатына 5 тонна тұқымдық күрішті өңдей алады. Күніне 100 тонна тұқымды ен тік пей дайын дайды. Сонда бұл – облысқа қажетті күріштің жарты сын дайын дап беруге жарайды де ген сөз. Қысқасы, «Мағжан жəне К» серіктестігі таза тұқымды өздері ғана пайдаланып отырған жоқ, өзге шаруашылықтарға да да йын дап беріп жатыр. Айтпақшы, шаруашылық соңғы 5 жылда «Янтарь», «Лидер», «Фишт», «Анаит» секілді күріш сорттарын жерсіндірген.

Аталған полигондарға жақын орналасқан облыстың Ақжайық, Бөкей ордасы, Жəнібек, Жаңақала, Қазталов жəне Қаратөбе аудандарында 150 мыңнан астам халық тұрады. Сынақ алаңдарындағы жарылыстар мен əскери сынақтардың қоршаған ортаға жəне жергілікті халықтың денсаулығына кері əсер еткені анық. (Соңы 5-бетте).

 Келер жылғы көктемде Астанада «Зияткерлік көлік жүйесі» жобасының бірінші бөлігі іске қосылады. Бұл туралы «Smart Astana-2013» III халықаралық конференциясында сөйлеген қала əкімі Иманғали Тасмағамбетов мəлім етті.  Ірі бизнес құрылымдары мемлекеттік сатып алудан шеттетілмейді. Кеше Парламент Сенатының жалпы отырысында «Қазақстан Қытай» мұнай құбырын дамыту жəне пайдалану кезіндегі ынтымақтастықтың кейбір мəселелері туралы заң жобасын талқылау кезінде сенатор Икрам Адырбеков осылай деді.  Қашағандағы мұнай өндірісі 3-4 күнге тоқтатылды. Қазір осындағы апаттың себептерін анықтайтын арнайы комиссия құрылды. Ал төтенше жағдай зауыттан шамамен 3 шақырым жердегі Д аралынан келетін газдың кемуінен байқалды.  Шымкентте стоматологтардың халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы

Инвестиция тарту їшін ўтымды тўєырнама

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төр ағасы Қайрат Мəми Люксембург Ұлы Герцогтігінің елшісі Пьер Феррингті қабылдады, деп хабарлады палатаның баспасөз қызметі.

Кездесуде екі елдің саясат жəне сауда-экономика салаларындағы өзара іс-қимылының өзекті мəселелері талқыланды. Жоғары деңгейдегі өзара сенімді диалог қалыптасқаны, үкіметтік жəне іскерлер қауымдастықтары деңгейіндегі байланыстар өрістеп келе жатқаны айтылды. Қ.Мəми атап өткендей, екі елдің парламентшілері арасындағы үнқатысу мемлекетаралық өзара іс-қимылдың маңызды бөлігі болып табылады. Қазақстан Парламентінің Сенаты Люксембург Парламентімен тығыз байланыстар орнатуға, сондай-ақ ЕҚЫҰ жəне НАТО Парламенттік ассамблеялары секілді халықаралық

парламентаралық ұйымдар аясында көпжақты байланыстарды дамытуға мүдделі. Осыған қоса, Қазақстан үшін Люксембургпен екіжақты ынтымақтастықты дамыту Еуропалық Одақпен стратегиялық əріптестікті өрістету тұрғысында да маңызды болып табылады. «Қазақстан Люксембургтің аймақтағы негізгі əріптесі болып табылды жəне біз сіздің еліңізбен ынтымақтастықты кеңейтуге мүдделіміз», – деді П.Ферринг өз кезегінде. Оның пікірінше, Люксембург Қазақстанға халықаралық инвестиция тарту үшін жақсы тұғырнама бола алады.

Ірі бизнес заѕ шеѕберінен тыс ќалмайды

Сенат Төрағасы Қайрат Мəмидің жетекшілігімен өткен палатаның кешегі жалпы отырысында депутаттар «Қазақстан – Қытай» мұнай құбырын дамыту мен пайдалану жəне ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің адамдарды іздестіру мəселелеріне қатысты заңдық құжат жобаларын талқыға салды. Асқар ТҰРАПБАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан».

Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасының үкіметтері арасындағы «Қазақстан – Қытай» мұнай құбырын дамыту жəне пайдалану кезіндегі ынтымақтастықтың кейбір мəселелері туралы келісімді қараған Сенат оны ратификациялады. Келісімде мұнай құбыры арқылы қазақстандық шикізатты сыртқа тасымалдау қызметінің тарифі бірыңғай болып табылады жəне мұнай тасымалдау бағытының

ұзақтығы есепке алынбай белгіленеді деп көрсетілген. Осы ретте қазақстандық нарыққа мұнай берудің тарифі экспорттыкінен ас пауы тиіс. Бұдан басқа, мұнай құбыры өтетін жол бойында электр тарату жəне байланыс, жол, қазандықтар мен əлеуметтік нысандардың, сондай-ақ барлық инфрақұрылым негізінде 8 қосымша сорғылық айдау стансаларының құрылысы қамтамасыз етілетіні белгілі болып отыр. (Соңы 2-бетте).

Партия сапындаєылар даму тетігі болулары тиіс

Облыс орталығында «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының ХIII кезектен тыс конференциясы болып өтті. Партия съезі қарсаңында eлiмiздің əр түкпірінде eceптік-сайлау жиындары өтуде. Оларда бүгінге дейін атқарылған жұмыстарға есеп бepіліп, жаңа Доктрина жобасы талқыланып, алдағы съезге делегаттар сайлануда. Фарида БЫҚАЙ,

«Егемен Қазақстан».

Конференция жұмысына Парламент Мəжілісінің Төрағасы, «Нұр Отан» парламенттік фракциясының жетекшісі, Саяси кеңес бюросының мүшесі Нұрлан Нығматулин бастаған төменгі палатаның депутаттары, «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының төрағасы, облыс

басталды. Кеше сөреден шыққан екі күндік бұл форумға 400-ге жуық делегат қатысып, сала проблемаларын талқылауда. Жиынның мақсаты халықаралық озат тəжірибе алмасу болып табылады.  Семейде футболға қатысты сирек жəдігерлер көрмесі ашылды. «Бұл көрменің пайда болуына бізге футбол ардагерлері, олардың туыстары, осы ғажайып ойынның жанкүйерлері көп септігін тигізді», – дейді мұражай қызметкері Тақтаған Сердалина.  Кеше Ақтау қаласының жанындағы Приморский кентіне газ құбыры келіп жетті. Осыған арналған салтанатта Маңғыстау облысының əкімі Алик Айдарбаев енді елді мекен тұрғындарының тұрмыстық ахуалы жақсара түсетінін айтты.  Алматы прокуратурасы 140 мың күдікті алкоголь шөлмегін тапты. Материалдар соттың қарауына берілді, соттың шешімінен кейін алкоголь өнімі жойылады. «ҚазАқпарат», «Қазақстан жаңалықтары», Bnews.kz, TengriNews, EgemenNews хабарлары бойынша дайындалды.

əкімі Ерлан Арын, қалалық жəне аудандық ұйымдар делегаттары, жастар ұйымдары мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Жиында «Партияның Саяси доктринасы» мен «Нұр Отан» ХДП-ның жаңа міндеттері қаралды, партияның XV кезектен тыс съезіне делегаттар сайланды. (Соңы 2-бетте).

 Суыт хабар

Алматыда инкассаторларєа шабуыл жасалды Кеше Алматының қақ ортасындағы Желтоқсан жəне Сəтбаев көшелерінің қиылысында белгісіз біреулер ақша тонау мақсатында инкассаторларға шабуыл жасаған. Соның салдарынан бір адам өліп, бір адам жарақат алған. Бұл туралы қалалық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. Алдын ала болжам бойынша, қазақстандық Travel Express компаниясының инкассаторлары ақша тасымалдап бара жатқан кезінде оларға қарулы қаскүнемдер бас салған. Атыс кезінде инкассаторлардың бірі оқиға орнында мерт болса, екіншісі ауыр халде ауруханаға жатқызылды. Алдын ала мəліметтер бойынша, компанияның кеңсесі оқиға орнынан бірнеше метр жерде орналасқан. Қазіргі таңда осы қылмысты оқиғаға байланысты тергеу амалдары жүріп жатыр.

Құрыш НҰРЫМБЕТ.


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.